1-тарау. Жалпы ережелер 1-тармақ «Қазақстанның Даму Банкі»



Дата09.06.2016
өлшемі204.56 Kb.
#124760
«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ Директорлар кеңесінің 2014 жылдың 14 шілдесіндегі шешіміне сәйкес өзгертулер және толықтырулармен (№156 хаттама) «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ Іскерлік әдеп кодексі

Астана қ., 2012

1-тарау. Жалпы ережелер
1-тармақ «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ Директорлар кеңесінің 2014 жылдың 14 шілдесіндегі шешіміне сәйкес өзгертілген және баяндалған (№156 хаттама)

1. «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ осы Іскерлік әдеп кодексі (бұдан әрі – сәйкесінше Кодекс және Банк) іскерлік әдептің және корпоративтік басқарудың танылған әлемдік стандарттарын ескере отырып, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының ережелеріне, Жарғыға және Банктің басқа да ішкі құжаттарына сәйкес әзірленген және іскерлік әдептің, іскерлік өзара қатынастардың әдеп нормаларының негізге алынатын құндылықтары мен қағидаттарын орнатады.



2-тармақ «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ Директорлар кеңесінің 2014 жылдың 14 шілдесіндегі шешіміне сәйкес өзгертілген және баяндалған (№156 хаттама)

2. Осы Кодексте келесі ұғымдар мен терминдер пайдаланылады:

1) жалғыз акционер «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ;

2) іскерлік әдеп Банктің барлық лауазымды тұлғалары мен қызметкерлері өзінің қызметінде басшылыққа алатын іскерлік әдептің этикалық және іскерлік әрекет нормаларының жиынтығы;

3) лауазымды тұлға – Директорлар кеңесінің мүшесі, Банк Басқармасының мүшесі;

4) қызметкер – Банкпен еңбек қарым-қатынасында тұрған және еңбек шарты бойынша жұмысты тікелей атқаратын тұлға;

5) мүдделер қақтығысы, Банктің қызметкері мен лауазымды тұлғасының кәсіби/еңбек міндеттерін орындауына әсер ететін немесе әсері тигізуі мүмкін жағдайы және Банктің мүдделеріне қарама-қарсы келеді;

6) корпоративтік мәдениет – іскерлік қарым-қатынастың құндылықтары, этикалық нормалары, Банкке тән әрекет нормалары;

7) мүдделі тұлға – Банкпен құқықтық қатынасқа түсетін жеке және заңды тұлғалар;

8) Омбудсмен – іскерлік әдептің қағидаттарын Банкте енгізуге және оның сақталуына көмектесетін «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ Директорлар кеңесімен тағайындалған тұлға.


2-тарау. Кодекстің мақсаты мен Банктің құндылықтары

3. Іскерлік әдеп кодексі барлық мүдделі тұлғалармен Банктің өзара қатынасының этикалық жағын реттейтін құжат, корпоративтік қатынастардың этикалық нормалары, сонымен қатар, Банктің және оның қызметкерлерінің күнделікті қызметіне этикалық нормалардың әсер ету тетіктері болып табылады.

Іскерлік әдеп кодексі корпоративтік басқарудың ажырамас бөлігі болып табылады және Банктің корпоративтік басқарылуының тиімділік тетігінің артуына көмектесуге тартылған.

4. Осы Кодекстің мақсаты мыналар болып табылады:

- корпоративтік мәдениетті және құндылықтардың жүйелерін құру;

- лауазымына тәуелсіз Банктің барлық қызметкерлерімен қабылданған іскерлік әдеп нормаларын біркелкі түсіну және орындау;

- жоғары этикалық стандарттарға негізделген бірыңғай корпоративтік мәдениетті дамыту, сенімділік, өзара құрмет пен адалдықтың атмосферасын ұжымда қолдау. Кодекстің ережесі лауазымына тәуелсіз Банктің лауазымды тұлғалары мен барлық қызметкерлеріне таралады.

5. Банктің негізге алған құндылықтары мыналар болып табылады:

- кәсіпқойлық

- мөлдірлік

- жауапкершілік

- әдептілік

- әділеттілік

- адалдық

- отансүйгіштік

6. Банк қызметкерлердің алдында өзінің жауапкершілігін мойындай отырып, келесі міндеттемелерді қабылдайды:

- еңбек төлемі мен әлеуметтік кепілдіктің бәсекеге қабілетті деңгейімен жұмыс орындарын ұсынуға талпынады;

- қызметкерлерге өзінің әлеуетін іске асыруға мүмкіндік береді, сонымен қатар, олардың кәсіби өсуін қолдайды;

- қолданыстағы заңнамаға сәйкес қызметкерлер еңбегінің қауіпсіздігі мен қорғалуын қамтамасыз ету үшін барлық шараларды қабылдайды, сонымен қатар қызметкерлерге қаупсіз еңбек жағдайын жасайды;

- қақтығыстар пайда болған жағдайда, Банктің лауазымды тұлғалары мен қызметкерлерінің арасында ашық және сенімді диалог үшін жағдай жасайды;

- әлеуметтік – еңбек қатынастарының саласында нормалардың сақталуына барынша жағдай жасайды;

- корпоративтік мәдениет пен корпоративтік құндылықтардың дамуына көмектеседі;

- адам құқығының сақталуы мен оның құрметін қамтамасыз етеді;

- Банк үшін оның іске асырылуы тиімді нәтиже беретін қызметкерлердің идеялары мен ұсыныстарының бастамаларын бағалайды және қолдайды;

- жұмысқа қабылдаған уақытта және лауазымға тағайындалған кезде діни, ұлттық, нәсілдік, жыныстық, саяси және басқа да белгілері бойынша кемсітушіліктің кез келген түрлерінен тартынады;

- Банктің белгіленген қолданыстағы заңнамалық және ішкі нормативтік құжаттарының шегінде, қызметкерлерге қатысты құпия ақпараттың жарияланбауын қамтамасыз етеді.


3-тарау. Үшінші тұлғалармен іскерлік қарым-қатынастың әдеп нормалары
7. Жалғыз акционермен қарым-қатынас әдебі

Жалғыз акционермен қарым-қатынас Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына, Жарғыға, Корпоративтік басқару кодексіне және Банктің басқа да ішкі нормативтік құжаттарына сәйкес қағидаттарға, есеп беруіне және жауапкершілігіне негізделген.

Банк пен Жалғыз акционердің арасындағы ақпарат алмасу тәртібі Қазақстан Республикасының Заңнамасымен, Жарғымен, Корпоративтік басқару кодексімен және Банктің басқа да ішкі нормативтік құжаттарымен реттеледі.

8. Мемлекеттік органдар

Банк мемлекеттік билік органдарымен тұрықты, құрылымдық қарым-қатынасты құруға және оны қолдауға ұмтылады. Банк өзінің қызметін мемлекеттік органдардың тараптарынан болсын, Банктің лауазымды тұлғалары мен қызметкерлерінің тарапынан болсын, сыбайлас жемқорлық пен басқа да құқыққа қарсы әрекеттерді болдырмаудың қағидатын сақтай отырып, тараптар тәуелсіздігінің негізінде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына, Жарғыға және Банктің басқа да ішкі құжаттарына сәйкес құрады. Бизнесті адал жүргізу қағидатын ұстанады. Банк Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын, сонымен қатар, Банктің қызметі жүргізілетін елдердегі ұлттық заңнаманы мүлтіксіз сақтайды және оған құрметпен қарайды. Банк пен оның қызметкерлері сыбайлас жемқорлыққа, заңсыз жолмен алынған табыстарды ресмилендіруге және Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзатын қандай да бір әрекеттерге қарсы күресте ынтымақтастықты білдіреді.

9. Қоғам, мемлекеттік емес ұйымдар.

10. Банк, қоғамның алдында өзінің әлеуметтік жауапкершілігін мойындай отырып:

- жалпы қоғамның мүдделерін ескере отырып, өзінің даму стратегиясын құрады;

- инвестициялық жобаларды іске асырудың өңірлерінде жаңа жұмыс орындарының, Банкпен қаржыландырылатын экспорттық лизингтік операциялардың құрылуына көмектеседі;

- қоршаған ортаға барынша ұқыпты қараудың қағидаттарын сақтауға және табиғи ресурстарды тиімді пайдалануға ұмтылады;

- жалпымен қабылданған моральдық – этикалық нормалардың сақталуына ұмтылады;

- Банк Банктің ішкі актілеріне және Жалғыз акционердің актілеріне сәйкес демеушілік пен қайырымдылық саласындағы, әлеуметтік және мәдени жобаларға қаржылай және ұйымдастыру жағынан қолдау көрсету саласындағы бағдарламаларды қолдайды;

- Банк ерікті негізде қайырымдылық және демеушілік қызметке қатысқан қызметкерлерді ынталандырады.

11. Банк Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтін жағдайда, қоғамдық ұйымдарда және кәсіподақтарда өзінің қызметкерлерінің қатысуына рұқсат береді.

Қоғамдық ұйымдарға қызметкердің қатысуына тек жұмыстан тыс уақытта және Банктің ресурстарын пайдаланусыз жол беріледі, бұл осы қатысу Банктің саяси немесе қоғамдық позициясы ретінде бағаланбауы үшін қажет.

12. Іскерлік серіктестер

1) Банктің іскерлік серіктестермен өзара қарым-қатынасы өзара пайданың және заңдылықтың, адалдықтың және тиімділіктің қағидаттарындағы шарттардың талаптарына сәйкес өзіне қабылданған міндеттемелердің мөлдірлігі мен соған сәйкес толық жауапкершіліктің негізінде жүзеге асырылады.

2) Банк іскерлік серіктестермен шарттың негіздерін сақтайды және оларға қатысты өзінің міндеттемелерін орындайды.

3) Банк өзінің қызметінде іскерлік серіктестеріне негізі жоқ жеңілдіктер мен ерекшеліктерді беруге рұқсат бермейді.

4) Тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді жеткізушілерді таңдау Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының, Жалғыз акционердің және ішкі құжаттардың талаптарына сәйкес негізде Банкпен жүзеге асырылады, тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді жеткізудің сапасы мен шарттарының ең тиімді бағаларының артықшылығына, сонымен қатар контрагенттің жақсы іскерлік беделіне негізделеді.

13. Бұқаралық ақпарат құралдары

1) Өз қызметі нәтижелерінің қоғамдық маңыздылығын ескере отырып, Банк өзінің жұмысы туралы ашық ақпарат беру қағидатын ұстанады.

2) Банк қоғам мен бұқаралық ақпарат құралдарына қатысты жоғары этикалық стандарттардың сақталуын қадағалайды. Банк жалған ақпараттың таралуына, басшылық ететін қызметкерлердің жұрт алдында сөйлеген сөздерінде, өздерінің ақпараттық – жарнамалық материалдарында және қоғаммен байланысқа қатысты басқа да іс-шараларда ақпараттың бұрмалануына жол бермейді.

3) Бұқаралық ақпарат құралдарында Банктің атынан қандай да бір мәлімдеме жасауға немесе Банктің жағдайына түсініктеме беруге, жұрт алдында сөз сөйлеуге осы лауазымдық міндеттерді атқаруға құқығы бар тұлғалар және Банктің қызметкерлері ғана құқылы.

4) Банктің атынан сөз сөйлеген кезде, уәкілетті тұлғалар кәсіби әрекеттің көпшілікке ортақ нормаларын және іскерлік әдепті сақтауға, тек нақты ақпаратты таратуға, сонымен қатар, заңмен қорғалатын құпия ақпараттар мен мәліметтерді жарияламауға міндетті.
4-тарау. Банктің лауазымды тұлғалары мен қызметкерлерінің іскерлік қарым-қатынас ережелері
14. Банктің лауазымды тұлғалары мен қызметкерлерінің міндеттері:

- мемлекеттік нышандар – Мемлекеттік Ту, Мемлекеттік Елтаңба, Мемлекеттік Әнұранға құрметпен қарау;

- жалпыға бірдей моральді-этика нормаларын сақтау, мемлекеттік тіл мен өзге тілдерге, халықтардың салт-дәстүрлеріне құрметпен қарау;

- әдепті әрі сыпайы болу;

- енжарлық пен қатыгездікке шыдамау;

- қызметкердің құзыретіне кірген жағдайда, әріптестеріне қолдау және көмек көрсету;

- өзгенің пікірін тыңдай білу;

- ісі мен сөзіне адал болу, берген уәдені ұстау;

- өзінің қателіктерін жасырмау/мойындау.

15. Банктің лауазымды тұлғалары мен қызметкерлері Кодекске қатысты өзіне келесі міндеттемелерді алады:

- мұқият танысу, түсіну және осы Кодекспен белгіленген іскерлік әдеп талаптары мен өзін өзі ұстау ережелерін ұстану. Келісімін берген жағдайда, Банктің лауазымды тұлғалары мен қызметкерлері тиісті үлігіні (№1 қосымша) толтыруы тиіс;

- өзінің еңбек қызметтері мен міндеттерін адал, кәсіби, тиімді әрі риясыз орындау;

- мәртебесі мен лауазымына байланыссыз, өзіне алған міндеттемелер үшін жауап беру;

- іскерлік әдеп қағидаттары мен өзін өзі ұстау ережелерін бұзу мәселері бойынша тергеу жүргізу кезінде жәрдемдесу;

- 19-тармақта көрсетілген ақпараттық қауіпсіздік талаптары мен рәсімдерін сақтау;

- Кодекс талаптарына жауап беретін басқару шешімдерін қабылдау;

- Кодекс талаптарын ұстанатынын өз мысалында көрсету;

- бағынушы қызметкерлер арасында корпоративтік рухты құруға, ұжымды ортақ миссиямен, Банктің құндылықтары мен қағидаттарымен бірігтірілген топқа айналдыру;

- бағынушы қызметкерлерге кеңес беру және ақыл айту.

16. Лауазымды тұлғалардың міндеттері:

- ашықтық және риясыздызтық талаптарына негізделе отырып шешімдерді қабылдау;

- кәсіби (біліктілігі, мамандық бойынша жұмыс өтілі және т.б.) және жеке қасиеттерін ескере отырып, қызметкерлерді таңдау және тағайындау, барлық қызметкерлерге риясыз және әділ қарау;

- бір біріне шынайы ақпаратты уақтылы, құпиялық нормаларын бұзбай және Жалғыз акционер мен Банктің ішкі құжаттарының шешімдерін ескере отырып, ұсыну;

- Банктің қызметкерлері іскерлік әдеп пен өзін өзі ұстау ережелерінің талаптарын сақтамауға алаңдаушылық білдіретін, өзін өзі ұстау мәдениетін қалыптастыру. Іскерлік әдеп пен өзін өзі ұстау ережелерінің талаптарын сақтауда үлгі көрсету.

17. Лауазымды тұлғаларға басқа қызметкерлерге қатысты келесілерді істеуге тыйым салынады:

- кемсітушіліктің кез келген түрлеріне: нәсілдік, діни, ұлтына қарай, жыныстық, жастық, саяси және өзге қатыстылығына байланысты;

- Банкпен көрсетілген артықшылықтар мен жеңілдіктерді алуға тең мүмкіндікті міндетті түрде қамтамасыз ете отырып, Банкте қабылданған еңбекке ақы төлеу және әлеуметтік сипаттағы шаралар негізінен басқа жағдайда, жеке қызметкерлерге кез келген артықшылықтар мен жеңілдіктердің түрлеріне;

18. Банк қызметкерлерінің міндеттері:

- белсенділік таныту және жоғары еңбек нәтижелеріне жету;

- өз әрекеттерінің нәтижелеріне жауап беру;

- әріптестеріне көмек және қолдау көрсету, әріптестермен ынтымақтастық қарым-қатынас стилін ұстану;

- Банктің ішкі құжаттарына сәйкес біліктілікіті арттыру арқылы өзін өзі дамыту мен өзін өзі жетілдіру;

- өзгенің пікірін тыңдай білу;

- жүйелі болу және берген уәдені орындау;

- Банктің ішкі еңбек ережесіне сәйкес еңбек тәртібін сақтау;

- Банк мүлігіне ұқыпты қарау.

19. Құпия ақпарат

1) Коммерциялық, банк құпиясын, құпия ақпаратты құрайтын ақпарат тізімі, мұндай ақпаратқа қолжетімділік талаптары, сондай-ақ оны пайдалану мүмкіндігі Банктің ашықтығы мен оның мүддесіне залал келтірмеу арасында парасатты тепе-теңдікті сақтау қажеттілігін ескере отырып, Банкпен анықталады.

2) Жұмысқа қабылдау алдында Банк қызметкерлері міндетті түрде Құпия ақпаратты сақтау және дарияламау келісіміне қол қояды. Лауазымды тұлғалар мен қызметкерлер міндеттерін орындау кезінде осы ережелер мен рәсімдерді сақтауға міндетті.

3) Банктің лауазымды тұлғалары мен қызметкерлері иеленетін кез келген құпия сипаттағы мәліметтер құпия түрде сақталып, Қазақстан Республикасы заңнамасымен тікелей басқалай көзделмеген жағдайда, айрықша жауапкершілікпен өңделуі тиіс.

4) Банктің қызметкерлері коммерциялық, банк құпиясына, құпия ақпаратқа заңсыз қолжетімділіктің және олардың мұндай ақпаратқа рұқсаты жоқ басқа қызметкерлерге, сондай-ақ Банктен тыс үшінші тұлғаларға жариялануын алдын алу қамтамасыз етіп, мәліметтердің жоғалуы немесе жойылуына жол бермеуі тиіс.

5) Ақпарат құпиялығын сақтау ережелерін бұзу немесе жүйелер немесе құрылғылардың қауіпсіздігі бұзылған жағдайда, қызметкер бірден бұл жайлы басшысына хабарлауы тиіс.

20. Мүдделер қақтығысы

1) Банк Банктің лауазымды тұлғалары мен қызметкерлерінде өзінің Банктегі кәсіби (лауазымдық) міндеттерін орындаудан тыс заңды жеке мүдделері болуы мүмкін екенін мойындайды, алайда мұндай жеке мүдделер мен Банктегі кәсіби міндеттер арасындағы кез келген мүдделер қақтығысы ашылып, реттелуі тиіс.

2) Мүдделер қақтығысын реттеу және алдын алу мақсатында Банкте Директорлар кеңесімен Банктің лауазымды тұлғалары мен қызметкерлерінің мүдделер қақтығысын реттеу саясаты (бұдан әрі – Саясат), сондай-ақ Банктің лауазымды тұлғалары мен қызметкерлерінің мүдделер қақтығысын алдын алу рәсімдері (бұдан әрі – Рәсімдер) әзірленіп, бекітілген. Саясат пен Рәсімдерде мүдделер қақтығысы жағдайлары анықталған және мүдделер қақтығысын реттеу үдерісі шеңберінде Банктің лауазымды тұлғалары мен қызметкерлерінің міндеттері, сондай-ақ Банкпен өз қызметін, оның ішінде несие және инвестициялық қызметін іске асыру барысында мүдделер қақтығысын анықтау және алдын алудың Банкпен іске асырылатын қажетті және мүмкін шаралары белгіленген. Банктің барлық лауазымды тұлғалары мен қызметкерлері Саясат пен Рәсімдердің талаптарын сақтап, Комплаенс қызметіне Саясат және Рәсімдермен танысу және олардың талаптарын сақтау туралы растауды ұсынуы тиіс.

21. Сыбайлас жемқорлық және өзге заңсыз әрекеттер

1) Банк жөнсіз пайда мен басымдылықтарды алу немесе сақтау мақсатында сыбайлас жемқорлық пен өзге заңсыз әрекеттерге мүдделі тұлғалар тарапынан да, Банктің лауазымды тұлғалары мен қызметкерлерінің тарапынан да жол бермеу үшін бар күшін жұмсайды.

2) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету бойынша тікелей жауапкершілік Банкте басқарушы лауазымдарды иеленетін лауазымды тұлғаларға жүктеледі.

3) Банктің қызметкерлері оларға белгілі болған сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылықтар туралы басшылықты ескертуі тиіс. Мұндай хабарламалары үшін Банк қызметкерлеріне қатысты жаза (оның ішінде, жұмыстан босатылу, лауазымын төмендету, сыйақыдан айыру және т.б.) қолданылмайды. Келесілерді қабыл алуға тыйым салынады:

- өзінің қызметтік міндеттерін орндағаны үшін ақша, қызмет немесе өзге түрде жеке тұлғалардан және олар тиісті қызмет атқармайтын ұйымнан сыйақы алу;

- өзінің қызметтерін пайдаланғаны үшін немесе ықылас білдіру белгісі, жалпыға ортақ әдеп және қонақжайлық белгілеріне сәйкес немесе хаттамаланатын және ресми іс-шаралар кезіндегі символикалық кәдесыйлардан басқа, жұмысына байланысты оларға тәуелді тұлғалардан сыйлықтар мен қызметтер.

Ақша, қызмет және өзге түрдегі сыйақыны кез келген қабылдау актісі сыбайлас жемқорлық сипатындағы әрекет ретінде қарастырылады.

І) Директорлар кеңесі мен Банк Басқармасы Банк қызметкерлеріне үлгі көрсете отырып, барлық деңгейлерде сыйбайлас жемқорлықтың кез келген түрлеріне ымырасыз қарым-қатынастың әдеп стандартын қалыптастырады және өз құзыреттілігінің шегінде Банктің сыбайлас жемқорлыққа және Банктің ішкі актілерімен көзделген өзге заңсыз әрекеттерге қарсы әрекет саласында негізгі қызмет бағыттарын анықтайды.

22. Корпоративтік мәдениет

1) Банктің лауазымды тұлғалары мен қызметкерлері Іскерлік әдеп кодексінің талаптарын сақтап, түсіне отырып, Банк корпоравтивтік мәдениетінің дамуына өз үлесін қосып, Кодекстің бұзылуына жол бермеуі тиіс.

2)Банктің лауазымды тұлғалары мен қызметкерлері төмендегі әдістермен корпоративтік рухты қалыптастырып, Кодекс талаптарын сақтауды қолдауы тиіс:

- бағынушы қызметкерлермен жеке түсіндірме кездесулер;

- өзін өзі ұстау мәнерін қызметкерлер үшін үлгі ретінде көрсету.

3) Банктің барлық қызметкерлері корпоративтік сауықтыру және спорт шараларына қатыса алады. Сонымен қатар өздері де мақсаты қызметкерлер арасында корпоративтік рухты арттыру болатын іс-шараларды өткізу ұсыныстарын жасай алады.

4) Банктің лауазымды тұлғалары мен қызметкерлері Банктің құжат айналымы ережелерін сақтап, барлық қажетті құжаттаманы тәртіпте ұқыпты ұстауы тиіс. Банктің барлық қызметкерлері өз жұмыс орындарын таза әрі жинақы күйде ұстауы тиіс.

5) Банктің лауазымды тұлғалары мен қызметкерлері өзінің қызметтік міндеттері орындау уақытында іскерлік киім кию үлгісін сақтауы тиіс.

23. Сыртқы бет-келбет.

1) Банктің лауазымды тұлғалары мен қызметкерлері өзінің қызметтік міндеттерін орындау уақыиында киім, аяқ киім, шаш үлгісін таңдауда қатаң түрде іскерлік стиль нормаларын сақтауы тиіс.

2) Іскерлік киім кию үлгісінің негізгі сипаттамалары:

- ұстамдылық, кербез, тым жарқыраған, көзге түсетін әшекей бұйымдардың болмауы;

- іскерлік стилдің басты элементі – іскерлік костюм.

24. Іскерлік келіссөздер жүргізу әдебі.

1) Лауазымды тұлғалар мен қызметкерлердің басқа қызметкерлермен және іскерлік серіктестермен, оның ішінде телефон арқылы келіссөздер жүргізе алуы Банк туралы жалпы жағымды пікір қалдыруға әсер етеді.

2) Сенімділік, сөйлеу мәнері, айдың жинақылығы, қызметкер дәлелдерінің нақтылығы клиенттердің алдында өз ісін білетін маманның тұрғанына сендіреді.

3) Банктің лауазымды тұлғалары мен қызметкерлері іскерлік келіссөздерді жүргізу уақытында сыпайы әрі инабатты сөлейлесуі тиіс.

4) Мәжіліске қатысу уақытында телефонды сөндіру немесе оны дыбыссыз режимге қою қажет.

25. Телефон келіссөздерін жүргізу әдебі.

1) Телефон арқылы сөйлесу кезінде бір үй-жайда әріптестер болатынын және олардың жұмысына құрметпен қарау керектігін ұмытпай, қатты сөйлеп мазаларын алмау керек.

2) Табысты іскерлік телефон келіссөздерін жүргізудің негізі – біліктілік, әдептілік, адал ниеттік, әңгімелесе білу өнері, қиындықты жедел әрі тиімді шешуге ұмтылыс. Іскерлік телефон келіссөздері байсалды, әдепті ырғақпен жүргізіліп, жағымды әсер қалдыруы тиіс.

3) Ішкі қоңырауларға жауап беру уақытында Банк қызметкерлері амандасып, өзін таныстыруы, ал сыртқы қоңыраулар кезінде амандасып, ұйымды атауы тиіс.

26. Амандасу әдебі.

Банкте, әдетте, халықаралық амандасу әдебі қолданылады: әртүрлі әдістермен бір біріне қайырлы таң, күн немесе кеш, амандық, еңбекте табыстар, жақсылық пен саулық тілеу. Кез келген түрдегі амандасу адал ниет пен ілтипаттылықты білдіруі тиіс.
5 тарау. Жеке қауіпсіздік, еңбекті қорғау, қоршаған орта

27. Банк осы саладағы заңнаманың талаптарына сәйкес еңбектің қауіпсіз шарттарын қызметкерлер үшін қамтамасыз етуге талпынуда. Еңбектің қорғалуын қамтамасыз ету және өндірістік қауіпсіздік мақсаттарында Банк келесі шараларды қабылдайды:

- өндірістік қызметтің нәтижелеріне қатысты қызметкердің өмірі мен денсаулығын сақтаудың басымдылығының қағидатын сақтау;

- қолданыстағы заңнамамен қарастырылған еңбектің қауіпсіздігі мен қорғалуын кепілдендіретін барлық шараларды қамтамасыз ету;

- өндірістік қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі алдын алу сипаттындағы іс-шараларды жүргізу.

Банктің лауазымды тұлғалары мен қызметкерлерінің міндеттері:

- жұмыс орнында қауіпсіздік техникасы мен еңбектің қорғалу саласындағы стандарттар мен ережелерді мүлтіксіз сақтау;

- адамдардың өмірі мен денсаулығына, жұмыс беруші мен қызметкерлердің мүліктерінің сақталуына зиянын тигізетін жағдайлардың пайда болуы туралы жұмыс берушіге хабар беру.

28. Банк қоршаған ортаны қорғаудың қағидаттарын ұстанады және қуатты үнемдейтін технологияларды, қалдықсыз өндірісті, қалдықтарды қайтадан пайдалануды енгізуге басқа компанияларды ынталандырады. Осы мақсатта Банк инвестициялық шешімдерді қабылдаған кезде және жеткізушілермен келісімдерді жасаған кезде осы факторларды ескеруі мүмкін.

29. Банктің лауазымды тұлғалары мен қызметкерлері қоршаған ортаға әсерін тигізу көз қарасы арқылы өздерінің әрекеттерін бағалау қажет және барлық нәрсеге әсерін тигізуін азайтуы қажет, мысалы, қуатты үнемдеу, қағаз тасымалдаушыларының пайдаланылуын ықшамдау.


6 тарау. Бақылау шаралары

30. Банктің лауазымды тұлғалары мен қызметкерлері осы Кодекспен белгіленген іскерлік әдеп пен өзін өзі ұстау ережелерін сақтауға, Банк пен Жалғыз акционердің мүдделерін адал және тиім кәсіби қызметпен орындауға, мүдделер қақтығысын болдырмауға міндеттемелерді жүктейді, және кодекстің № 1 қосымшасына қол қояды.

31. Банк қандай да бір әрекеттерді, оның ішінде Кодекстің нормаларын бұзуға әдейі әсерін тигізетін басшылардың тапсырмаларын, сонымен қатар бұзушылықтардың жасыруарын жағымсыз бағалайды.

32. Банктің лауазымды тұлғалары Банктің стратегиялық мақсаттарына қол жеткізу үшін іскерлік әдептің негізге алынған құндылықтары мен қағидаттарын ескере отырып іскерлік шешімдерді қабылдайды және алдарына қойылған мақсаттарды іске асыру үшін толық жауапкершілік артады.

33. Банктің тиісті қызметкерлері құзыреттеріне сай келесілер арқылы іскерлік әдептің талаптарының бұзылуына байланысты мәселеге назар аударуға міндетті:

- жағдайды түзету мен кемшіліктерді жою бойынша дер кезінде шараларды қабылдау;

- белгіленген заңнамалық тәртіппен тәртіптік сипаттағы қолданыстағы шараларды қабылдау / ұсыну;

- оларға қажетті мәліметтерді ұсына отырып Банктің тиісті құрылымдық бөлімшелерімен / органдарымен кеңес беру ісін жүргізу.

34. Кодексті ашық талқылауға дайын қызметкерлерді Банк көтермелейді және оны жетілдіру бойынша кез келген құрылымдық ұсыныстарға жақсы қарайды.

35. Кодекс талаптарына қатысты және/немесе жұмыс барысында туындаған әдеп мәселелері, сондай-ақ Кодекс талаптарын бұзу, сыбайлас жемқорлық және басқа заңсыз әрекеттер бойынша Банктің лауазымды тұлғалары мен қызметкерлері, сондай-ақ іскерлік серіктестері мен мүдделі тұлғалар келесілерге жүгінуге құқылы:

- тікелей басшысына, Омбудсменге немесе Комплаенс қызметіне (ішкі аудит, Комплаенс-бақылау қызметінің лауазымды тұлғаларымен, сондай-ақ басшылары және қызметкерлерімен, корпоративтік хатшымен іскерлік әдеп қағидаттары және өзін өзі ұстау ережелерін бұзу Банктің Директорлар кеңесімен қарастырылады);

- Банк қызметкерлерімен бекітілген іскерлік әдеп талаптарын бұзу жағдайлары анықталғанда, шешім қабылдауға арналған материалдар міндетті түрде Омбудсмен қатысатын Банктің Тәртіптік комиссиясының қарауына жолданады. Қарастыру нәтижелері және қабылданған шешім жүгінген тұлғаға шешім қабылдау сәтінен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде хабарланады. Банктің Тәртіптік комиссиясынің мүшелері талаптарды бұзу жайлы мәлеметтерді қарастырудың құпиялығына кепілдік береді. Тәртіптік комиссия Директорлар кеңесінің құзыретіне жататын бұзушылықтарды қарастырмайды, сондай-ақ қызметкер бұзу айғағын растағанда және материалды қосымша зерттеу қажет болмаған жағдайларды қарастырмайды.


7-тарау. Омбудсмен институты

36. Омбудсменнің құқықтары мен міндеттері:

- Омбудсмен Банктің Директорлар кеңесімен жылына 1 рет тағайындалады.

- Омбудсменнің негізгі қызметтері Кодекс ережелерін сақтамау жайлы мәліметтер жинау, Кодекс ережелері жайлы қызметкерлерге, лауазымды тұлғаларға кеңес беру, Кодекс ережелерін бұзуға қатысты дауалырды қарастыруға бастамашылық ету және оған қатысу.

37. Омбудсменнің құқықтары:

-келіп түскен шағымдар негізінде де, өзінің бастамасымен де Кодекс ережелерін бұзуды анықтау рәсімдерін өткізуге бастамашылық ету;

- Кодексті сақтамау мәселелері бойынша қызметкерлерге, лауазымды тұлғаларға жеке жүгіну;

- қызметкерлерге, лауазымды тұлғаларға Кодекс ережелерін түсіндіру.

38. Омбудсменнің міндеттері:

- Кодексті бұзу мәселелері бойынша дауларды қарастыру рәсімдерін жүргізу уақытында қызметкерлердің мәжбүрлі түрде жұмыстан қуылуынан оларды қорғау (ішкі актілермен белгіленген шектерде);

- Кодексті сақтамауға қатысты мәселелерді қарастыруға қатысу;

- Қызметкерлердің, лауазымды тұлғалардың, сондай-ақ іскерлік серіктестер мен мүдделі тұлғалардың Кодекс ережелерін сақтамау мәселелері бойынша шағымдануының есебін жүргізу;

- Банк қызметкерлері жүгінген жағдайда, 5 (бес) күн ішінде Кодекс ережелерін түсіндіру;

- Кодексті сақтамау мәселелері бойынша дауалырды қарастыру кезінде тәуелсіздік пен бейтараптылықты сақтау;

- Кодекс ережесін бұзу айғағы бойынша жүгінген қызметкер, лауазымды тұлғаның жасырын қалуын (жасырын қалуды қалаған жағдайда) қамтамасыз ету.
8-тарау. Қорытынды

39. Банктің Директорлар кеңесі 2 жылда бір рет өзектендіру және жетілдіру мақсатында осы Кодекстің талаптарын қайта қарайды және жетілдіреді, олар іс жүзінде қаншалықты қолданылатынын талдайды, сондай-ақ, қажеттілігіне қарай, Комитеттің ұсыныстарын ескере отырып, оған өзгертулер мен толықтырулар енгізеді.

40. Кодексті іс жүзінде іске асыру мақсатында қабылдау қажетті ұсыныстар белгіленген тәртіпте Банк Басқармасының қарауына ұсынылады және онымен бекітіледі.

«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ

Іскерлік әдеп кодексіне

№1 қосымша



Осы нысан Сідіңз «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ Іскерлік әдеп кодексімен белгіленген іскерлік әдеп және өзін өзі ұстау ережелерімен танысқаныңызды, түсінгеніңізді және оны адал ұстануға міндеттенетініңізді растау үшін қолданылады. Банкте еңбек және/немесе лауазымдық міндеттерді орындай бастаған сәттен толтырылған және қол қойылған нысан-растау, Банкте еңбек міндеттерін орындау мерзімі ішіндегі нысан-растау Банктің әрбір қызметкерінің жеке ісінде сақталады.
Банкте еңбек және/немесе лауазымдық міндеттерді орындай бастаған сәттен Сіз Қазақстанның Даму Банкі» АҚ Іскерлік әдеп кодексімен (бұдан әрі – Банктің Іскерлік әдеп кодексі) танысып, түсініп және онымен белгіленген іскерлік әдеп және өзін өзі ұстау ережелерін сақтауға міндеттісіз.
Сіздің растауыңыз

Мен Банктің Іскерлік әдеп кодексімен танысып, түсінгенімді растаймын.


Мен Банктің Іскерлік әдеп кодексімен белгіленген іскерлік әдеп қағидаттары мен өзін өзі ұстау ережелерін адал сақтауға міндеттенемін.
Мен, Банкте еңбек және/немесе лауазымдық міндеттерді орындау уақытында, кем дегенде, жылына бір рет Банктің Іскерлік әдеп кодексімен танысқанымды, түсінгенімді және онымен белгіленген іскерлік әдеп қағидаттары мен өзін өзі ұстау ережелерін сақтауға міндеттенетінімді растауға келісемін.

Аты-жөні___________________________



Қолы___________________________

Күні___________________________

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет