2. Қызмет көрсететін персонал мен техникалық құжаттамаға қойылатын талаптар
422. Электр қондырғыларына қызмет көрсететін персонал:
1) қауіпсіз жұмыс істеу әдістерін оқуды, комиссияда білімін тексеруді өтеді және тиісті біліктілік тобын алады;
2) өзімен бірге жұмыс орнында білімін тексеру куәлігі болады.
423. Электр технологиялық тұлға үшін электр қондырғыларындағы бұрынғы топта ең аз жұмыс өтілі 4 ай.
424. Тау-кен жұмыстарын басқаруды жүзеге асыратын бақылау тұлғаларының электр қауіпсіздігі бойынша IV төмен емес біліктілік тобы болады.
425. Электр қондырғыларына қызмет көрсететін және электрлендірілген тау-кен машиналарын пайдалана отырып, тау-кен жұмыстарын жүргізуді жүзеге асыратын тұлғаны оқыту техникалық басшы бекіткен бағдарлама бойынша жүзеге асырылады.
426. Электр қондырғыларында жұмыс істеуге электр қауіпсіздігі бойынша тиісті біліктілік тобын беру туралы куәлігі бар тұлғалар жіберіледі. Куәлік кәсіпке немесе атқаратын лауазымға қатысты өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына білім тексергеннен кейін беріледі. Карьерлердің байланыс желілерінде жұмыс істейтін тұлғалар электрлендірілген теміржолдардың байланыс желілері мен авто бұғаттағыштың электрмен жабдықтау құрылғыларын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік талаптары бойынша емтихан тапсырады.
427. Жұмыс істеуге (кернеумен жұмыс істеген кезде жоғарыға шығу, жоғары кернеулі жабдықты сынау және басқалары) жіберілген тұлғалардың ол жөнінде куәлікте жазылған жазбасы болады.
428. Жедел ауыстырып қосуды, карьердің электр қондырғыларына техникалық қызмет көрсету мен жөндеуді жедел, жедел жөндеу, жөндеу және электр технологиялық тұлға жүргізеді.
429. Жедел персоналға шағын станциялар мен бөлгіш құрылғыларының кезекшілері жатады. Жедел кезекші тікелей ауысымда карьерді электрмен жабдықтауды жүзеге асыратын бақылау тұлғасына бағынады.
430. Жедел-жөндеу персоналына мыналар жатады:
1) учаскедегі электр қондырғылары мен желілерін пайдалануды және жөндеуді жүзеге асыратын, қызмет көрсету шегінде жедел ауыстырып қосуды жүргізуге жіберілген тау-кен учаскелерінің жұмысшылары;
2) кезекші электриктер мен ауысымның энергетиктері (энерго диспетчерлері);
3) карьерді электрмен жабдықтау үшін жауапты лауазымды тұлғаға тікелей бағынатын тұлға.
431. Электр технологиялық персоналға электрлендірілген тау-кен көлік машиналары мен кешендері экипаждарының құрамына кіретін машинистер (тиісті біліктілік топтары бар машинистер, машинист көмекшілері, тау-кен шеберлері мен тау-кен учаскелерінің ауысым бастықтары) жатады. Тау-кен машиналары (кешендері) машинистерінің, машинист көмекшілерінің электр шаруашылығы үшін жауапты тұлға бекіткен тізбе бойынша ағымдық пайдалану тәртібінде жұмыс істеуге құқығы болады, мынадай біліктілік тобы болады:
кернеу 1000 В дейін болғанда:
машинистер – ІІІ топтан төмен емес;
машинистердің көмекшілері – ІІ топтан төмен емес;
1000 Вольттан жоғары болған кезде:
машинистер – ІV топтан төмен емес;
машинистердің көмекшілері – ІII топтан төмен емеc.
Көрсетілген біліктілік топтарының болуы машинистер мен олардың көмекшілеріне тек оларға бекітілген тау-кен және көлік машинасы мен оның ауыстырып қосу бекеті шегінде жедел ауыстырып қосу және техникалық қызмет көрсету құқығын береді.
Машинистер мен олардың көмекшілеріне ауыстырып қосу бекетіндегі кабелдерді наряд немесе өкім бойынша ауыстырып қосуларына болады.
Машинистер мен оларды көмекшілері басқа экскаваторларға (бұрғылау станоктарына) уақытша ауысқан кезде көрсетілген жұмыстарды, оларды осы тау-кен машиналарын электрмен жабдықтау жүйесімен таныстырғаннан кейін орындауға болады.
432. Жөндеу персоналына тау-кен машиналарының электр жабдығын, тетіктер мен электр желілерін жөндеуді (монтаждауды, баптауды және сынауды) орындайтын учаске карьерінің (кенішінің) электр техникалық тұлғасы, баптау ұйымдары мен қызмет көрсету топтарының тұлғалары жатады.
433. Авариялардың алдын алу және олардың салдарын жою жөніндегі жұмыс жүргізушінің біліктілік тобы IV төмен емес, ал көрсетілген жұмыстарға қатысатын қалған электр монтерлерінде ІІІ төмен емес болып белгіленеді. Жұмысты өздігінен орындау құқығы жоқ бригадаға саны бір адамнан аспайтын ІІ біліктілік тобы бар тұлға кіреді.
434. Электрлендірілген теміржолдарды немесе оларға жақын орналасқан жолдарды жөндеу жұмыстарын электр қауіпсіздігі ІІ біліктілік тобы бар тұлға жүргізеді.
435. Электровоз машинистерінің IV, көмекшілерінде ІІІ төмен емес біліктілік тобы болады.
436. Тепловоз машинистері мен олардың көмекшілерінің ІІІ біліктілік тобы болады.
437. Карьерде мынадай техникалық құжаттама жүргізілді:
1) карьердің тұтастай электрмен жабдықтауы мен байланысының бір сызықты сызбасы. Сызбаға атаулы кернеулерді, маркаларды, ұзындықтар мен кабелдерді көрсете отырып, карьердің электр желісі, бөлу және қорғау аппаратурасы, барлық ток қабылдағыштар жазылады. Сызбада желінің қорғалатын учаскесіндегі едәуір қашық нүктесінде тұйықталған жағдайда екі фазалы қысқа тұйықталу тогының мәндері көрсетіледі;
2) карьердің ЭБЖ көрсетілген тау-кен жұмыстарының жоспары;
3) тартылыс күші желісінің сызбасы;
4) тау-кен жұмыстарының жоспарына немесе тау-кен жұмыстары мен қазбалардың сызбалық жоспарына енгізілген жерасты кабель желілерінің сызбалары;
5) электр жабдығының, қондырғылар мен құрылыстардың, қосалқы бөлшектердің сызбалары;
6) экскаваторлармен, бұрғылау станоктарымен және басқа жабдықпен басқарудың атқару сызбаларының жинағы;
7) электр қондырғыларын жөндеу және пайдалану бойынша технологиялық регламенттердің толық жинағы;
8) электр жабдығы мен қорғағыш құралдары тізімделген, техникалық сипаттамалары мен берілген түгендеу нөмірлерін көрсете отырып, паспорттық карталар немесе журналдар (паспорттық карталарға немесе журналдарға жабдықты сынау, жөндеу, баптау хаттамалары мен актілері қоса беріледі);
9) ЭБЖ, карьердің орталық (көсем) жерге қосу контурлары мен тұрақты объектілерінің үлгі паспорттары;
10) мынадай:
экскаваторларды, бұрғылау станоктары мен басқа да жабдықты жөндеу және техникалық қызмет көрсету;
карьерлік бөлу бекетін (бұдан әрі - КББ), АҚБ, ЖТШС мен секцияға бөлінетін бекеттерді жөндеу және техникалық қызмет көрсету;
электр машиналарын күрделі жөндеу;
реле қорғағышын, қорғағыш ажыратқыштар мен электр жетектерін маусымдық баптауды жоспарлы тексеру кестелері;
11) жұмыс орындарын, карьердің аумағы мен үйінділерді жарықтандыру өлшемдерінің хаттамалары;
12) электр шаруашылығын қауіпсіз пайдалану жөніндегі білімдерді тексеру журналы;
13) электр қондырғыларында жұмыс істеуге нарядтар (өкімдер) беру құқығы бар тұлғалардың тізімі;
14) электр қондырғыларын бір жақты қарау құқығы бар тұлғалардың тізімдері;
15) электр шаруашылығы үшін жауапты тұлғалардың электр қондырғыларына қызмет көрсету және пайдалану шектерін шектеу актілері (учаске, цех, карьер бойынша және басқалары);
16) электр қауіпсіздігі бойынша карьердегі электр технологиялық тұлға кәсібінің тізбесі;
17) электр қауіпсіздігі бойынша карьердегі ауа қауіпті және қауіпті орындар мен жұмыстардың тізбесі;
18) персоналды оқыту бағдарламасы.
438. талдау үшін қажетті деректерді беруді көздейтін бағдарламалар болған жағдайда техникалық құжаттаманы компьютерде жүргізуге болады.
439. Карьер ауысымының энергетигінің (энерго диспетчер, ауысым электригі) мынадай техникалық құжаттамасы болады:
1) тартылыс және электрлік ауырлық күші желілері, электр қондырғыларының (ЖТШС, РҚ, АҚБ және басқалары) орналасу орны көрсетілетін тау-кен жұмыстарының бірлескен жоспарына жазылатын карьер мен үйінділерді электрмен жабдықтау сызбасы. Ауыспалы және тұрақты токты бөлек түсіруге болады.
2) электрмен жабдықтаудың негізді бір сызықты сызбасы. Кестедегі өзгерістер келесі күннен кешіктірілмей енгізіледі. Электрмен жабдықтау кестесіне енгізілген барлық өзгерістер туралы тұлғаны енгізілген өзгерістермен таныстыру журналына жазба жазылады;
3) карьердің өнеркәсіптік алаңдары объектілерін электрмен жабдықтау мен басқа да тұрақты объектілердің бір сызықты сызбасы;
4) ұйымның техникалық басшысы бекіткен ауысым энергетигінің (энерго диспетчер) тікелей және жедел басшылығындағы тұлғаға арналған нормативтік-техникалық құжаттардың (бұдан әрі - НТҚ) толық жинағы;
5) электр қондырғыларында жұмыс істеуге нарядтар (өкімдер) беру үшін электр шаруашылығы, электр қондырғыларын бір жақты тексеру үшін жауапты тұлға, жауапты басшылар, электр қондырғыларында жұмыс жүргізушілер, бақылаушылар мен рұқсат берушілер тағайындайтын тұлғалардың тізімдері;
6) жедел журнал;
7) телефонограммалардың, өтінімдер мен сызбалардың өзгерістерінің журналы;
8) басшы персоналдың өкімдерінің журналы;
9) ауысым энергетигіне тікелей бағынатын тұлғаға арналған қорғағыш құралдарын есепке алу және ұстау журналы;
10) реле қорғағыштарды орнату карталары;
11) ауысым энергетигіне (энерго диспетчерге) тікелей бағынатын тұлғаның қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулық журналы;
12) электр қондырғыларында жұмыс істеуге рұқсат нарядтары;
13) рұқсат нарядтар мен өкімдерді тіркеу журналдары.
Тұлғаны электрмен жабдықтау сызбаларына енгізілген өзгерістермен таныстыру журналы.
440. Карьердің тау-кен электр жабдығын жөндеу учаскесінде мынадай техникалық құжаттама болады:
1) учаскеге бекітілген электр жабдығы тізімделген журнал;
2) экскаваторлардың, бұрғылау станоктары мен өзге де жабдықты жетектермен басқару сызбаларының жинағы;
3) осы Талаптың 439 тармағының 5), 6), 10), 11), 12), 13) тармақшалары мен 437 тармағының 1) тармақшасына сәйкес құжаттама;
4) трансформатор майын есепке алу журналы мен оны сынау хаттамалары;
5) тұрақты және жартылай тұрақты электр қондырғыларының жерге қосқыштарын тексеру журналы (электр шаруашылығы үшін жауапты тұлға бекіткен тізбе бойынша);
6) иілгіш резина кабелдерді жөндеу және сынау журналы;
7) электр жабдығы мен аппаратураларын жөндеуден кейін сынау нәтижелерінің журналы;
8) осы Талаптың 437 тармағының 10) тармақшасында қарастырылған кестелер;
9) қауіпсіздік техникасы жөніндегі персоналдың нұсқаулықтан өту журналы.
441. Тау-кен, бұрғылау және басқа да учаскелер энергетигінің (электр механигінің) мынадай техникалық құжаттамасы болады:
1) осы Талаптың 437 тармағының 14) тармақшасына, 439 тармағының 6) 13) 14) тармақшаларына, 440 тармағының 1), 2), 4), 6), 9) тармақшаларына сәйкес құжаттамас;
2) осы Талаптың 437 тармағының 10 тармақшасында көзделген кестелер;
3) электр жабдығы мен кабелдерін жөндеу және техникалық қызмет журналы;
4) учаске тұтынушыларды электрмен жабдықтау сызбасы;
5) атқарушылық, негізгі, монтаждау сызбалары мен қорғағышты басқаруды сырттан қосу және учаскеде пайдаланылатын тау-кен машиналары мен кешендерінің дабыл сызбалары;
6) экскаваторлардың, бұрғылау станоктары мен басқа машиналардың экипаждарына, электр қондырғыларына қызмет көрсететін тұлғаға бекітілген қорғағыш құралдарын есепке алу және ұстау журналы;
7) электр қауіпсіздігі (І-ІV) бойынша біліктілік тобына учаске тұлғаның білімін тексеру журналы;
8) осы Талаптың 2-қосымшасына сәйкес қорғайтын жерге қосқыштың ауыспалы кедергісін тексеру және өлшеу журналы.
3. Бөлгіш құрылғылар мен трансформаторлық
шағын станциялар
442. Осы тараудың талаптары ЖТШС мен РҚ (АҚБ, КББ, ЭБЖ арналған секцияға бөлу құрылғылары) қолданылады.
443. Ашық тау-кен жұмыстары жағдайларында пайдалануға арналған ЖТШС мен РҚ үшін мынадай талаптар орындалады:
1) қысыммен қалыпты жұмысты істейтін ток өткізу бөліктерін берік қоршау;
2) ажыратқыштары мен сөндіргіштері бар оқыс операцияларға, ажыратқыш қосылып тұрған кезде персоналдың ток өткізу бөліктеріне өтуіне жол бермейтін механикалық бұғаттау құрылғыларының болуы, жартылай ашық есіктердің ажыратқыштарын қосу;
3) ажыратқыштар мен сөндіргіштердің жетектерін қосылып және ажыратылып тұрған кезде сенімді етіп бекіту (өздігінен іс қосылу және сөну мүмкіндігінің болмауы);
4) кернеуі 1000 В астам ажыратқыштар («Қосылған», «Ажыратылған») жетегінің орнын көрсететін жазбалардың тұлғаға жақсы көрінетін механикалық көрсеткіштердің болуы;
5) тұрақты жерге қосу табандары жоқ РҚ үшін тасымал жерге қосқыштардың орнын көрсететін ток өткізетін бөліктерінде белгілердің болуы;
6) кез келген түрдегі дара АҚБ және ЖТШС қозғалтқыш орын ауыстыруға арналған жылжыма бөлшектермен және электр беру желілерінің жетектеріне қосу үшін құрылымдармен жабдықталады;
Оқшаулағыштың жоғарғы жиегінен бастап жердің бетіне дейін 2,9 метрден кем қашықтықтағы АҚБ әуе кірмелері торлы қоршаулармен жабдықталады. АҚБ және ЖТШС 6-10 кВ кернеуіндегі қоршалмаған желінің сыртқа шығарылған өткізгіштерінен бастап жерге дейінгі қашықтық көлік үшін сыртқа шығатын өткізгіштермен өту жолы болмаған жағдайда кемінде 4,5 м, кернеуі 0,4 кВ әуе кірмесінен (сыртқы өткізгішінен) кемінде 3,5 м қамтамасыз етіледі;
7) РҚ мен ЖТШС барлық есіктері берік жабылатын құрылғыларымен жабдықталады.
АҚБ бекіту құрылғыларының кілттері ЖТШС мен секцияға бөлу құрылғыларының бекіту құрылғыларына келмейді.
Бекіту құрылғыларының кілттері жоғары кернеулі ЖТШС жағынан төменгі кернеулі бекіту құрылғыларына келмейді.
АҚБ бекіту құрылғыларының кілттері электр шаруашылығы үшін жауапты тұлға белгілеген орында сақталады;
8) жоғары кернеулі ЖТШС трансформаторларды қорғауға арналған сақтандырғыштармен жабдықталады, ал төменгі кернеу жағында автоматты ажыратқыштармен токтың ағып кетуінен қорғау аппараттарымен жабдықталады. Токтың ағып кетуінен қорғау аппараты іске қосылған кезде, егер жалпы ажырату уақыты 0,2 секундтан аспайтын болса, аралық реле арқылы автоматты ажыратқышты өшіруге болады;
9) кернеуі 1000 В астам ЖТШС тұйықталудан қорғағышы мен қысқа тұйықталу тогына термиялық және динамикалық төзімділікті қамтамасыз ететін ең жоғарғы токтан қорғағышы бар сыртқы қондырғы ұяшықтарынан жинақталады.
444. Корпустардың сыртқы жағында, РҚ мен ЖТШС есіктерінде электр қосқыштың атауы мен электр қосқыштардың сызбалары көрсетілген электр тогымен зақымдану қаупі туралы ескертетін нақты жазбалар жазылады. Барлық коммутациялық аппараттар іске қосылған объектіні көрсететін жазбалармен жабдықталады.
445. Карьерлердің жылжымалы электр қондырғыларының корпустары әуе желісінің жерге қосу жетегімен, қапталмаған жетектен (шина, жолақ, шыбық) тұратын өткізгішпен қосылады. Ұяшық корпустарын әуе желісінің жерге қосу сымына, жергілікті жерге қосқышқа қосу орындары «Жерге қосу» деген белгімен белгіленеді.
446. ЖТШС мен РҚ жарықтандыру аппаратурасы оған қызмет көрсету қауіпсіздігі қамтамасыз етілетін етіп орнатылады (лампаларды ауыстыру).
ЖТШС мен РҚ жарықтандыруды орнату қажет емес. Ол болмаған жағдайда түнгі тәулік мезгілінде тексеру (жөндеу) кезінде жарықтандыру тәсілдері қарастырылады.
447. ЖТШС мен РҚ әуе кірмесі орнатылған тіректен 10 м аспайтын қашықтықтағы тау-кен машиналары бар бір деңгейде орнатылады.
Кейбір жағдайларда тиеу бекеттерінде құламалар салу және жұмыс істеу кезінде кабелдерді тексеру үшін қауіпсіз жағдай жасалған кезде экскаваторлармен жұмыс істейтіндермен әр түрлі деңгейлерде (кемерлерде) АҚБ орналастыруға болады.
Бір аралық немесе бұрыш тірегіне екі ЖТШС немесе екі АҚБ қосуға болмайды. Бір соңғы тірекке бекітілген паспорт бойынша нөмірлері айқын көрінетін екеуден аспайтын АҚБ немесе үшеуден аспайтын ЖТШС қосуға болады.
Бір жеке АҚБ екі экскаваторды қосуға болмайды.
Әуе желісіне АҚБ кабельдерді тікелей қосуға болмайды.
Әуе желілерінде жылжымалы ЖТШС (кабель үстемесісіз) орнату кезінде АҚБ қолдануға болмайды.
448. ЖТШС мен РҚ пайдалану карьердің (кеніштің) техникалық басшысы бекіткен техникалық қызмет көрсету және жөндеу кестесінің негізінде жүзеге асырылады. АҚБ техникалық қызмет көрсету және жөндеу:
1) экскаватор машинисі жүзеге асыратын АҚБ ауысым сайын сыртынан тексеруді (оларды желіден ажыратпай);
2) электр шаруашылығы үшін жауапты учаске тұлғасының басшылығымен электр техникалық персоналының өкімі бойынша жүзеге асырылатын АҚБ ай сайын тексеруді;
3) үш айда бір рет жүзеге асырылатын АҚБ ағымдық жөндеуді;
4) май ажыратқышы бар АҚБ үшін үш жылда бір рет жүзеге асырылатын АҚБ күрделі жөндеу; үш жылда бір рет – май ажыратқышы жоқ АҚБ үшін және бес жылда бір рет – вакуум ажыратқышы бар АҚБ үшін күрделі жөндеуді қамтиды.
449. Дара АҚБ ауысым сайын сыртынан бақылау кезінде:
1) корпус құрылымының тұтастығы мен оны жылжыма бөлшектерге берік бекітілуі;
2) әуе ендірмесі құрылымы қоршауының ақаусыздығы мен беріктігі;
3) есіктің бекіту құрылғыларының ақаусыздығы;
4) ендірме құрылғысына кабелді нығыздау және бекіту беріктігі;
5) корпусты орнату беріктігі мен тік қалпынан ауытқушылығы;
6) корпусты жерге қосу түйістіргіштерінің беріктігі мен жерге қосатын сымдарда ақаулардың жоқтығы тексеріледі.
Дәл сондай көлемде АҚБ әр жылжытқаннан және жару жұмыстарын жүргізгеннен кейін экскаватор машинисі тексеріс жүргізеді. Бұл жағдайда электр техникалық объектілеріне қызмет көрсететін учаске персоналы жерге қосқыш кедергісін өлшеуді жүргізеді.
Ақаулықтар анықталған жағдайда экскаваторды жұмысқа қосуға болмайды.
Барлық анықталған ақаулықтар туралы экскаватор машинисі ауысымдағы тау-кен жұмыстарын техникалық басқаруды жүзеге асыратын лауазымды тұлғаға хабарлайды.
Тексеріс нәтижелері экскаватор ауысымын қабылдау-тапсыру журналына (жедел журнал) жазылады.
Экскаваторлар машинистері ауысым энергетигіне (энерго диспетчерге) АҚБ май ажыратқыштарының авариялық өшірілгені туралы хабарлайды.
450. Электр техникалық объектілеріне қызмет көрсететін учаске персоналы жүзеге асыратын АҚБ ай сайын тексеру көлеміне мыналар жатады:
1) ай сайынғы тексеріспен қарастырылатын жұмыстар;
2) электр шынжырларының байланыс қосқыштарын тексеру;
3) аппаратураның, ток трансформаторларының және кернеудің бекіткішін тексеру;
4) тірек және өтетін оқшаулағыштардың жай-күйін сыртынан бақылау және бекіту;
5) ажыратқыш пен кернеу трансформаторын тексеру;
6) тексеру журналына жазып, жерге қосқыш кедергісінің шамасын тексеру және аспаптың түрін, зауыт нөмірін көрсете отырып, қорғайтын жерге қосқыштың ауыспалы кедергісін өлшеу.
451. Ағымдық жөндеу көлеміне мыналар жатады:
1) ай сайынғы тексеріспен қарастырылатын жұмыстар;
2) ажыратқыштардың, сөндіргіштердің, ток трансформаторларының және барлық кенеу тораптарын, АҚБ оқшаулағыш элементтерін сыртынан тексеру және тозаң мен қоқыстан тазарту;
3) ажыратқыштардың табандарын қосқыштарды реттеу және оларды күйік пен тотығудан тазарту;
4) ток өткізетін бөліктерде, түйістіргіштерде және трансформатор темірінде қызу белгілерінің болмауын тексеру, ток трансформаторларында оқшаулағыш массасының шығуы;
5) сөндіргіш пен ажыратқыштың жетек тетіктерінің жай-күйін тексеру және реттеу, ажыратқыш жетегінің ысылған бөліктері мен ажыратқыш жетегінің топса қосқыштарын майлау;
6) ажыратқыштың қосылуын және өшірілуін тексеру;
7) жарық дабылын тексеру;
8) механикалық бұғаттағышты тексеру және реттеу;
9) АҚБ барлық құрылымдық тораптарының механикалық беріктілігін тексеру;
10) кабелдің қапталуын сыртынан тексеру, кабель сымдары арасындағы оқшаулағыш кедергілерін өлшеу;
11) кернеу трансформаторы мен трансформатор тогын орау оқшаулағышын сынау;
12) ажыратқыштың жылжымалы бөлігінің жүрісін өзгерту және реттеу;
13) ең жоғарғы токтан қорғағыш және бір фазалы тұйықтаудан қорғағыштың жұмыс қабілетін тексеру.
452. Күрделі жөндеу көлеміне мыналар жатады:
1) ағымдық жөндеумен қарастырылатын жұмыстар;
2) тозған бөлшектерді ауыстырып, ажыратқыштың техникалық жай-күйін тексеру;
3) түйістіргіштерді тазалап, дөңгелектерді тексеру;
4) сигнал аппаратурасын, қосалқы коммутация шынжырларын, аспаптарды, ток трансформаторларын және кернеуді жөндеу және ауыстыру;
5) қорғағыштың жұмысын, бұғаттау құрылғылары дабылын баптау;
6) АҚБ корпусын, қоршау мен әуе кірмесі тірегін жөндеу;
7) ток өткізетін жерге қосатын дөңгелектерді, жоғарғы вольтты ажыратқыш құрылымдар мен АҚБ корпусын сырлау.
454. АҚБ реле қорғағышы мен автоматиканың (бұдан әрі – РҚжәнеА) жұмысын тексеру 3 айда бір рет, шағын станциялардың бөлетін фидерлерінің, РҚ 6 айда бір рет жүргізіледі. Шағын станциялардың бөлетін фидерлерінің РқжәнеА, РҚ, АҚБ баптау 3 айда бір рет жүргізіледі.
455. Электр беретін әуе желілерінің секцияға бөлу құрылғыларын учаскенің электр шаруашлығы үшін жауапты тұлға әрбір қозғалыстан кейін екі айда бір рет тексереді. Әрбір қозғалыстан кейін жерге қосқыштың ауыспалы кернеуі өлшенеді.
Секцияға бөлу құрылғыларды жоспарлы жөндеу жылына бір рет жүргізіледі.
Карьердің электр шаруашылығы үшін жауапты тұлға бекітілген кесте бойынша секцияға бөлу құрылғыларын алты айда бір рет таңдаулы түрде тексереді.
456. ЖТШС кернеуі 1000 В астам желіден ажыратпай ауысым сайын тексеруді қосылған тұтынушылардың машинистері немесе арнайы оқытылған тұлға жүргізеді. ЖТШС бірнеше тұтынушыларды қоректендірген кезде ЖТШС бақылайтын лауазымды тұлға тағайындаған жұмысшылар, ал ЖТШС қоректендіруші тұтынушылар мен жұмысшылар қызмет көрсету персоналысыз (автоматты режимде) аптасына бір рет тексеру жүргізеді. Мұндай ЖТШС тізбесін электр шаруашылығы үшін жауапты тұлға бекітеді.
Бұл ретте:
1) байқау кезінде мыналар:
корпус құрылымының тұтастығы мен оны жылжыма бөлшектерге берік бекітілуі;
ендірме құрылымдары қоршауының ақаусыздығы мен тірек және өту оқшаулағыштарының (көзбен) тұтастығы;
механикалық бұғаттағыш және жабу құрылғыларының ақаусыздығы;
реле қорғағышында ағып кетуді болдырмас үшін пломбаның болуы;
ағып кетуді болдырмайтын қорғағышты тексеру кезінде төмен кернеу жағындағы ендірме автоматтың іске қосылуы. (Қорғағышты тексеру журналы осы ЖТШС қызмет көрсететін энергетикте болады);
төмен кернеу жағындағы автоматты ажыратқыштарды қосу тетіктерінің беріктігі;
жерге қосатын түйістіргіштердің беріктігі және жерге қосатын сымдардың үзілуінің болмауы;
шығып кеткен кабелдердің бекіткішінің беріктігі.
ЖТШС ақаулықтар болған жағдайда осы ЖТШС қоректендірілетін бұрғылау станоктары мен басқа да тетіктерді қосуға болмайды. Барлық анықталған ақаулықтар туралы машинист ауысымдағы тау-кен жұмыстарын жүзеге асыратын лауазымды тұлғаға, энерго диспетчерге баяндайды;
2) сондай көлемде ЖТШС әр кезде орнын ауыстырған сайын тексеру жүргізіледі;
3) ЖТШС айына бір кешіктірмей тексеруді учаскенің электр шаруашылығы үшін жауапты лауазымды тұлғаның басшылығымен персонал жүзеге асырады. Жұмыстар жедел журналда жазылып, өкім бойынша жүргізіледі. ЖТШС желіден толықтай ажыратып ай сайын тексеру көлеміне мыналар жатады:
ай сайынғы тексеріспен қарастырылатын жұмыстар;
майдың ағып кетуің қалпына келтіру, трансформатор майын құю және ауыстыру, сынақ үшін сынама алу;
оқшаулағыштар мен трансформатор корпусын тозаңнан немесе қоқыстар тазарту;
ажыратқыш пен механикалық бұғаттау құрылғыларын реттеу;
жерге қосатын магистралдың электр қосқыштарын тарту;
әуе ендірмесінің тірек және өту оқшаулағыштарын егжей-тегжейлі тексеру және қажет болған жағдайда оларды ауыстыру;
4) ЖТШС, жылжымалы ЖТШС (бұдан әрі – ЖЖТШС) ағымдық жөндеу жылына бір реттен кешіктірілмей жүргізіледі. ЖТШС күрделі жөндеу алты жылда бір реттен кешіктірілмей, ал ЖЖТШС күрделі жөндеу үш жылда бір реттен кешіктірілмей жүргізіледі;
5) токтың ағуынан қорғағыш аппаратурасын паспорт деректері мен жылжымалы желіні автоматты ажырататын жалпы жұмыс істеу уақытына (0,2 секундтан аспайтын) сәйкестігіне тексеруді аттестатталған ұйым алты айда бір рет жүргізеді;
6) карьердің электр шаруашылығы үшін жауапты тұлға ЖТШС жарты жылда бір реттен кешіктірмей таңдаулы түрде тексереді;
7) тұрақты кезекшіліксіз КББ тексеруді электр техникалық қондырғыларына қызмет көрсететін персонал (кемінде екі адам, олардың біреуінің IV төмен емес, ал қалғандарында ІІІ төмен емес біліктілік тобы болады) айына бір реттен кешіктірмей жедел журналда жазып, өкім бойынша жүргізеді. Бұл ретте:
1) КББ тексеру кезінде:тірек және өту оқшаулағыштарының жай-күйі;
май ажыратқыштардағы майдың деңгейі мен оның ағып кетуінің болмауы;
механикалық бұғаттау құрылғыларының ақаулығы (көзбен көру арқылы);
ұяшық жинағына кіретін өлшеу аспаптары мен аппаратурасының болуы;
судың ұяшық ішіне өтуінің болмауы;
жерге қосатын өткізгіштерді қосу орнындағы байланыстың беріктігі тексеріледі;
2) КББ ағымдық жөндеу жылына бір реттен кешіктірілмей жүргізіледі және мыналарды:
ай сайынғы тексеріспен қарастырылатын жұмыстарды;
майды сөндіргіштер мен ажыратқыштардың жетектерін реттеуді;
майды сөндіргіштердің техникалық жай-күйін тексеруді;
электр шынжырларының байланыс қосқыштарын тексеруді;
реле қорғағышын тексеруді;
оқшаулағыштарды тозаңнан және қоқыстан тазартуды қамтиды;
3) КББ жабдығын күрделі жөндеу екі жылда бір реттен кешіктірілмей жүргізіледі;
4) КББ дер кезінде тексеруді, жөндеуді және жөндеу сапасын карьердің электр шаруашылығы үшін жауапты тұлға қамтамасыз етеді;
5) КББ техникалық қызмет көрсету кестесі бойынша жөндеуге дер кезінде шығуын карьердегі тау-кен жұмыстарын техникалық басқаруды жүзеге асыратын лауазымды тұлға немесе карьердің электр шаруашылығы үшін жауапты тұлға жүргізеді;
6) АҚБ, электр беру желілерінің секцияға бөлу құрылғыларын және ЖТШС дер кезінде тексеру мен жөндеуді учаскелердің, карьердің (цехтардың) басшылары жүзеге асырады;
7) техникалық қызмет көрсету және жөндеу нәтижелерінің материалдары паспорт карталарында немесе журналдарда тіркеу үшін карьердің электр шаруашылығы үшін жауапты лауазымды тұлғаға беріледі. Осы құжаттарда карьердің электр шаруашылығы үшін жауапты тұлғалар өткізген тексерістердің деректері тіркеледі.
Достарыңызбен бөлісу: |