5.2. Өндірістік бөлмелерді желдету.
Өндіріс орындарында қажетті температура, ылғал режимдерін сақтау желдеткіштің көмегімен жүзеге асырылады. 50-60ºС-тан жоғары температурада бөлінген сулы бу жергілікті сору құбырлары арқылы жойылады. Жеке жабдықтарға қызмет көрсету кезінде пайда болатын шаңды жою үшін де осы сору құбырлары қолданылады.
Температурасы жоғары жұмыс орындарындағы шарттарды жақсарту үшін персоналдарға жергілікті ауа душтары жасалады.
Ауаны ауыстыруды ұйымдастыру әдісі бойынша желдету жалпы ауысатын, жергілікті және комбинацияланған болып бөлінеді. Ғимараттың барлық көлеиінде ауа ауысуы болатын, жалпы ауысатын желдету, зиянды заттар көп емес мөлшерде және барлық ғимарат бойынша біртекті таралған жағдайларда жиі қолданады. Жергілікті желдету зиянды заттардың (газдар, булар, шаң, жылу) құрылған жерінен сору және оларды ғимараттан жою үшін тағайындаоған. Комбинацияланған жүйе бір уақытта жергілікті және жалпы ауысатын желдету құрылғысына және пайдалануға әлдеқайда аз шығын кетеді.
Ауаның ауысу әдісіне байланысты желдету табиғи және механикалық болады. Табиғи желдету кезінде табиғи факторларлың әсерінен орын ауыстырады: жылы күш және желдету әсерінен. Механикалық желдету кезінде ауа желдеткіштердің, эжекторлардың және тағы басқа көмегімен орын ауыстырады. Табиғи және жасанды желдетудің қосылуы желдетудің аралас жүйесін құрайды.
Өндірістік ғимараттарда, ойламаған жерде жұмысшы зонаның ауасына көп мөлшерде зиянды немесе жарылысқауіпті заттар тасталынуы мүмкін болған жағдайда авариялық желдету қарастырылған.
ГОСТ талаптарына сәйкес барлық ғимараттарда табиғи желдету қарастырылған. Ғимаратта ауаның табиғи жылжуы ғимараттың сыртында және ішінде оның тығыздығының түрлілігіне байланысты болады, сонымен қатар сыртқы ауа қысымы түрлілігі ғимармттың желге қарсы және желден қарсы жақтарымен әсерінен ауаның табиғи жылжуы болады.
5.3. Метрологиялық жағдайлар.
Өндірістік ортаның микроклиматы түрлі температуралар жиынтығы бойынша анықталады: ауаның ылғалдылығы, ауа қозғалуы, ортаның температурасы және жылудың таралуы. Микро климат өлшемдері адам организмінің жылу алмасуы, жұмысқа қабілеттілігі, денсаулығы бойынша анықталады.
Өндірістік жұмыс орындағы температура өндірістік ортадағы метеорологиялық жағдайды анықтайтын негізгі факторлардың бірі болып табылады.
Жұмыс ғимаратының ауа ортасының «метеорологиялық жағдайлар» түсінігіне температура, қатысты ылғалдық, оттегімен толық болуы және ауа қозғалысының жылдамдығы.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлардың адаи денсаулығына ұзақ әсері адамның денсаулық жағдайын төмендетеді, еңбек өндіргіштігін төмендетеді және түрлі ауруларға алып келеді.
Адам организмі мен сыртқы орта арасында жылу алмасудың үздіксіз процессі болып отырады.
Жоғары температурада жұмыс істеу адам организміне кері әсер етеді. Жоғары температурада жұмыс істеген кезде адам денесінен көп мөлшерде тер бөліп шығарады, бұл организмді құрғатып жібереді, жүрек көк тамырларының жұмысын нашарлатады, тыныс алуды жиілетеді, басқа органдар мен системаларға да кері әсер етеді.
Жоғары температураның адам организміне ұзақ уақыт бойы әсері, әсіресе жоғары ылғалдылықтағы әсері адам организмінде жылулық көп мөлшерде 8жиналуына әкеліп соғады. Ал қатты суып кеткен жағдайда адам суықтап немесе басқа да ауруларға шалдығып қалуы мүмкін.
Адамның жұмысы, дем алу және өмірі санитарлық – гигиеналық талап
СН-245-71 бойынша белгілі бір сана мен күйге сәйкес келетін ауаның ортасында болуы тиіс. Бөлмедегі ауаның сапасы мен күйі адамның тіршілігі мен еңбекке қабілетін қамтамасыз етуден басқа өндірісті де қауіпсіздендіреді.
Метралогиялық жағдай мына факторлармен сипатталады:
Қоршаған ортаның температурасы;
Ауаның ылғалдылығы;
Ауаның қозғалу жылдамдығы;
Жылулық сәулелену;
Барометрлік қысым.
Адам организмінің сыртқы ортамен ара қатынасы (метрологиялық жағдайлармен) термо реттеу арқылы жүзеге асады.
ГОСТ 12.1.005 – 88 «Воздух рабочей зоны. Общие санитарно – гигиенические требования» стандарты өндірістік ғимараттың микроклиматына келесі талаптарды орнатады. (1.3.1-кесте)
Кесте №13
Параметр
|
Параметр шамасы
|
Оптималды
|
Мүмкін шекті
|
Ауа температурасы,ºС
Ауаның қатысты ылғалдылығы,%
Ауаның қозғалу жылдамдығы, м/с
|
16-18
40-60
көп емес
|
13-19
75 көп емес
0,5 көп емес
|
Өндірістік жұмыс орнындағы микроклимат өлшемдері технологиялық процестің жылу физикалық ерекшеліктеріне, жылу жағдайына, желдеткішке сонымен қатар жыл мезгілдеріне, климатқа байланысты.
Өндірістегі микроклиматтың жағымсыз әсерімен күрес технологиялық, санитарлы-техникалық, дәрігерлі-профилактикалық шаралар бойынша жүргізіледі.
Жоғары температурадағы инфрақызыл сәулелердің әсерінен мынадай технологиялық шарлар қолданылады: ескі технологиялық процесті жаңасымен ауыстыру, басқару ара қашықтықтарын сақтау.
Жылу таралуын төмендетудің мынадай түрлері бар:
жылу тасмалдайтын бу – газ құбырлары, жылу сақтайтын материалдармен қаптау;
құрал – жабдықтардың герметизациясы;
жылу жұтатын жылу, айдайтын экрандар пайдалану;
желдеткіш системаларын пайдалану;
қорғаудың жекеленген заттарын пайдалану.
Медико – профилактикалық шараларға мыналар жатады:
еңбек пен демалысты дұрыс ұйымдастыру;
формакологиялық заттарды пайдалана тұрып жоғары температураға шыдау, терең тыныс алу;
ал төменгі температурадағы шаралар жылуды сақтау, еңбек пен демалысты дұрыс ұйымдастыру, жекеленген қорғаныс заттарын пайдалану, организмдегі қорғаныс күшін арттыру.
Өндіріс бөлмелеріндегі метрологиялық жағдайларды қамтамасыз ету өнеркәсіпті жобалаудың санитарлық нормаларында СН – 245-71 берілген. Норма жылдың мезгілін, өндіріс бөлмесінің сипатын және орындалатын жұмыстың ауырлық дәрежесін есепке алады.
Бөлме ішіндегі абсалютті ылғалдылықты г/м³ мына формуладан табады:
D = Ғ – ά (Т - Т)*В \ 760 [г\м³] (1)
Бұл жерде, Ғ – ылғалдылық температурасындағы (Т) максимал ылғалдылық;
ά – психрометр каэффиценті ауаның қозғалу жылдамдығына байланысты алынады;
D = D * 100 % / F
Абсалютті және салыстырмалы ылғалдылықты анықтайтын протокол.
Кесте №14
Термометрдің көрсетуі
|
құрғақ Т, ºС
|
21,8
|
Ылғал Т, ºС
|
14,8
|
Барометр қысымы
|
В, мм сынап бағанасымен
|
720
|
Ауа жағдайының СН – 245 – 71 бойынша алынған мәндері
|
Т, ºС
|
20 – 22
|
D , %
|
60 - 30
|
Ауа ылғалдылығының есептелген мәндері
|
Абс. D . г/м
|
16,94
|
Салыстр. D , %
|
86,70
|
Кесте №15
Ауаның жылдамдығы V ,м/сек
|
Ά
|
V , м/сек
|
ά
|
V , м/сек
|
ά
|
0,13
|
0,0013
|
0,3
|
0,001
|
2,3
|
0,00037
|
0,16
|
0,0072
|
0,40
|
0,0009
|
3,0
|
0,00069
|
0,20
|
0,0011
|
0,80
|
0,0008
|
4,0
|
0,00067
|
Достарыңызбен бөлісу: |