116
ККЖ
ЭЕӘ нұсқаулығы
«Теңізшевройл»
Топырақты тиімді пайдалану
f
Жұмыс алаңына жақын маңда топырақты кәдеге жарату
жолдарын анықтау үшін
алаңнан шығарылатын топырақ
көлемі жөніндегі болжамдарды ККЖ құрылыс бөліміне ұсыну.
Құстардың ұя салуы
f
Көктемде жергілікті және жыл құстары ұя салады, бұның
құрылыс жұмыстарына ықтимал әсері болуы мүмкін. ҚР
Экологиялық кодексі құстардың ұяларына тиісуге/
оларды
бұзуға тыйым салады.
f
Құстардың іс-қимылын бақылау және оларды үркіту арқылы ұя
салуына жол бермеу.
16.3 Қысқы жұмыстар науқаны
Қыс айларында атқарылатын құрылыс жұмыстарына дайындық
кезінде келесі ЭЕӘ аспектілерін ескерген жөн:
Санитарлық тораптар
f
Жазғы санитарлық тораптарды қыста пайдалануға жарамды
тораптарға алмастырып, кәріз жүйесінің қатпауы үшін оларды
қуат көздеріне қосу қажет.
f
Гликоль мен тұздар сияқты химикаттарды кәріздің қатып
қалмауы үшін қолдануға тыйым салынады.
f
ТШО-ның кәріздік тазарту қондырғысы құрамында гликоль
бар ағынды суларды қабылдамайды, сондықтан мердігердің
баламалы жолдарды іздестіруіне тура келеді.
Суды ресурстарын пайдалану
f
Ыңғайлы кіріп-шығуды қамтамасыз етіп, су басу қаупінің
алдын алу үшін уақытша құрылыс нысандарын дөң жерлерге
орналастырған жөн.
f
Құрылыс алаңдарынан шыққан көзге таза көрінетін суды
(майлы үлдірсіз, белгілі ластаушы заттарсыз/химикатсыз)
алаңнан тысқары жерге әкету.
f
Жауын-шашыннан кейін жер
ойыстарынан суды шығаруға
арналған қосымша шараларды қарастыру.
f
Бетонды шаю үшін пайдаланылатын суды сақтайтын жеткілікті
резервуарларды және жою механизмдерін қамтамасыз ету,
әсіресе булану тиімсіз болатын қыс мезгілінде.
f
Қарды жинауға қолайлы орынды белгілеу. Мұз басуға жол
бермеу үшін стратегиялық маңызы бар жерлерге тұз, ұсақ
қиыршық тас немесе құм салынған жәшіктер қою.
117
ККЖ ЭЕӘ нұсқаулығы
«Теңізшевройл»
f
Қауіпсіз кіріп-шығуды қамтамасыз ету мақсатында қарды
тазалау, мұз басуға жол бермеу және жолдар мен жиек
жолдарды өңдеу шараларын қолдану.
f
Төгіндіні өткізбейтін екінші қорғаныс қабатын судан, қардан
және мұздан тазалап тұру. Төгіндіге
арналған астауларда
ластанған су жиналмауы үшін оларды үнемі тексеріп, таттан
және көмірсутектен тазалап тұру қажет.
Достарыңызбен бөлісу: