Тақырыбы: Топырақ ылғалдылығы. Топырақтың негізгі физикалық қасиеттері. Топырақ классификациясы, номенклатурасы мен диагностикасы



бет1/4
Дата09.12.2022
өлшемі90.61 Kb.
#466930
  1   2   3   4
срс топырактану


Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
География және табиғатты пайдалану факультеті
География,жерге орналастыру және кадастр кафедрасы


СӨЖ


Тақырыбы: Топырақ ылғалдылығы. Топырақтың негізгі физикалық қасиеттері. Топырақ классификациясы, номенклатурасы мен диагностикасы



Орындаған: Мұрат И.Р.
Қабылдаған: Шайқыслан Е. Ш.

Алматы – 2022

Кіріспе
Мазмұны:


  1. Топырақ ылғалдылығы.

  2. Топырақтың негізгі физикалық қасиеттері

  3. Топырақ классификациясы

  4. Топырақ номенклатурасы мен диагностикасы

Қорытынды
Пайданылған әдебиеттер

Кіріспе
Топырақ ылғалдылығы, номенклатурасы мен диагностикасы топырақты сипаттайтын қасиеттері екені белгілі. Топырақ ылғалдылығы оның тығыздылығына су өткізгіштігіне тағы басқаларына байланысты. Сонымен қатар бұл жұмыста топырақ классификациялаудың Қазақстандағы түрлері және зерттеуші ғалымдар туралы айттым.



1. Топырақ ылғалдылығы
Топырақ қопсытылған су сыйымдылығы бар дене болғандықтан, оның құрамында әр уақытта азды-көпті ылғал болады. Топырақ ылғалы – оның құнарлығының бір шарты. Ылғал топыраққа ауадан түскен жауын-шашын мен жер бетіндегі судан және жер астының ыза суынан келеді. Топырақ ылғалы әр жерде әр қилы. Бір жерлерде топырақтың ылғалдылығы мол болса, екінші жерлерде тапшылау. Топырақта кездесетін ылғалдың өзі де өсімдіктерге сіңімділігі әр түрлі болып келеді. Ылғалдың кейбір түрлері өсімдіктерге тіпті сіңбейді. Жалпы топырақтағы ылғал төмендегідей бірнеше түрге бөлінеді.
Химиялық байланысқан су топырақ минералдарының құрамына еніп, өте тығыз байланысқа түседі. Сондықтан топырақтағы биологиялық процестерге қатыспайды.
Бу күйіндегі су топырақ кеуектерінде кездесетін, судың жоғары температурада булануынан пайда болады. Бу күйінде ол өсімдіктерге сіңбейді, тек тамшыға айналғанда ғана оны өсімдіктер жақсы сіңіре алады.
Топырақтың ылғалдылық қасиеттеріне оның су өткізгіштігі, ылғал көтергіштігі, ылғал сыйымдылығы, ылғал жоғалтқыштығы жатады.
Су өткізгіштік – топырақтың өз бойынан жоғарыдан төмен қарай су өткізу, сіңіру қабілеті. Ол топырақтың гранулометриялық құрамына, құрылымына, құрылысына, минерологиялық, катиондық құрамына байланысты. Борпылдақ, құмды және құмдауыт топырақтардың су өткізгіштігі жоғары болады.
Бұл қасиеттің дұрыс және бұрыс жақтары да бар. Егер топырақтың су өткізгіштік қасиеті төмен болса, онда ылғал оның жоғарғы бетінде жиналып қалады да, микроағзалар тіршілігін баяулатуға, органикалық қалдықтардың шіруіне және тағы басқа жағымсыз жағдайларға әкеп соғады. Ал топырақтың су өткізгіштігі шамадан тыс жоғары болса, қолдан берілген сулар, жауын-шашын сулары тамыр жүйесінен ары қарай тез өтіп кетеді де, суды өсімдік сіңіріп үлгермейді. Топырақтың гранулометриялық құрамы ауыр типтерінде оның су өткізгіштігін арттыратын негізгі әдіс-топырақты қопсыту, оның құрылымын, құрылысын жақсарту болып табылады.
Ылғал сыйымдылық-топырақтың белгілі бір мөлшерде суды сіңіріп, өз бойында ұстап тұру қабілетті. Ылғал мөлшері бойынша оны танаптық , капиллярлық және толық ылғал сыйымдылық деп бөледі.
Топырақтың гранулометриялық құрамына, құрылымына, құрылысына және тағы басқа жағдайларға байланысты оның ылғал сыйымдылығы әр түрлі болады. Мысалы, ол құмды топырақта 4-9%, құмдауыт топырақта 10-17% саздақ жерде 18-30%,ауыр топырақта 23-40% болады.
Топырақтың физикалық қасиеттері. Топырақ табиғи дене болғандықтан, ол белгілі физикалық қасиеттермен ерекшеленеді. Топырақтың физикалық қасиеттеріне оның тығыздылығы, көлемдік массасы және қуыстылығы жатады.
Топырақтың тығыздылығы деп оның қатты фазасы массасының 4 С-тағы судың сондай көлемдегі массасына қатынасын айтады.
Негізінен топырақтың тығыздылығы оның қатты фазасы құрамындағы минералдық және органикалық бөлшектер мөлшерінің арақатынасына тікелей байланысты. Егер топырақта қарашірік көп болса, онда қатты фазаның тығыздылығы төмен болады. Құмды топырақтың қатты фазасының тығыздылығы -2,70 г/см, қара топырақтікі-2,37 г/см, ауыр сазды топырақтікі-2,67 г/см болады.
Топырақ тығыздылығының жоғары болуы тамырдың төмен бойлап өсуіне, тұқымның көктеп өсуіп шығуына кедергі жасайды. Топырақ тығыздылығының ең қолайлы мөлшері өсімдіктің биологиялық ерекшелігіне байланысты өзгеріп отырады. Топырақ тығыздығының шамадан тыс жоғары болуынан ауылшаруашылық дақылдарының өнімі төмендейді.
Сонымен бірге топырақ тығыздылығы ондағы органикалық заттардың мөлшеріне байланысты, себебі олардың тығыздылығы 1,25 г/см,-ден 1,80 г/см –ге дейін болса, ал минералдарда бұл көрсеткіштер 2,3 г/см –ден 3,0 г/см-ге дейін ауытқиды. Яғни, топырақта органикалық зат көп боған сайын , оның тығыздылығы төмендейді. Мысалы, қара шірігі мол қара топырақтың тығыздылығы 2,37 г/см. Топырақ тығыздылығына оның гранулометриялық құрамы, құрылымы үлкен әсер етеді.
Топырақтардың көлемдік массасы. Табиғи күйдегі 1 см абсолютті құрғақ топырақтың массасын оның көлемдік массасы дейміз. Топырақтың көлемдік массасы оның тығыздылығынан әрқашан кем болады, әйткені топырақ түйіршіктерінің арасындағы ауаның тығыздылығы өте төмен. Көптеген дақылдар (дәнді, отамалы) үшін топырақтың қолайлы көлемдік массасы 0,9-1,2 г/см аралығында болады.
Топырақтың қуыстылығы немесе кеуектілігі-деп топырақтың жалпы көлеміне пайыз есебімен алынған қуыстылықтар көлемінің жиынтығын айтады. Жалпы қуыстылықтар топырақтың гранулометриялық құрамына, қарашіріктің мөлшеріне, топырақ қабаты мен құрылым күйіне байланысты.
Топырақтың үстіңгі қабатында қуыстылық 50-60 %-ға дейін, ал төменгі сазды және балшықты қабатында 35-49%, құмды қабатында 30-35%-ға тең.
Топырақтың құрамында әрқашанда белгілі бір мөлшерде ылғал болады. Топырақта ылғал жауын-шашыннан түскенде, ыза суларының көтерілуі арқылы, атмосфера ауасындағы су буларының конденсациялануы кезінде және топырақты суландыру шараларын жүргізгенде жиналады. Суармалы емес аймақтарда топырақтағы ылғалдың негізгі көзі жауын-шашын. Топырақтағы ылғал оның бойында өтіп жататын биологиялық, химиялық, физикалық-химиялық құбылыстардың белсенділігіне, заттардың жылжуына, ауа, қоректік заттар, жылу режимдеріне және топырақтың физикалық–механикалық қасиеттеріне үлкен ықпалын тигізеді. Сөйтіп топырақтың құнарлылығын анықтайтын көптеген қасиеттерінің дамуына әсер етеді.
Топырақ классификациясы, номенклатурасы мен диагностикасы
Номенклатура деп, топырақтар қасиеттерiнiң жiктеудегi алатын танылу орын айтады. В.Докучаев пен Н.Сибирцев ғылыми жоғары жиек ерекшiлiктерiн, атап айтқанда оның негiзiне жоғары жиек ерекшiлiктерiн, атап айтқанда оның түсiн немесе топырақты дамытатын экологиялық жағдайларды ескерiп, рорыс õалқы аттарын қолданған. Мысалы қара топырақ, күлгiн топырақ, кейн құба, қара-қоңыр, күрең топырақтар ж.т.б. тектiк типтер аталады.
Типтердiң бiр бөлiгi топырақ кескенi жағының кейбiр ерекшiлiктерiне қарай аталады сортаң, кебiр, кермек, шымтезектi-глейлi (сазды), қарашiрiндiлi-карбонатты ж.т.б. топырақтар. Бұл атаулар ғылыми практикада кеңiнең қолданылып келедi, ал кейбiр топырақтардың орыс есiмi шетелдерде де аударусыз аталады. Түрлi тектiк типтер жоғары жиiктерiнiң реңi бiр-бiрiне ұқсас болғандықтан, кей кездерi оған типтi қалыптастыратын экологиялық жағдай сипаттпамасы қосу қажет болды, айталық шөлейттiк қоңыр топырақтан босқа қоңыр ормандық топырақ аттарын дәлiрек айыру ұшiн құба топырақтан бөлек сұр ормандық топырақ сияқты терминдер пайда болады. Кейбiр топырақтар аттары үшiн экологиялық жағдай негiз болды — арктикалық, тундралык, батпақты, шабындық. Бұл терминдер топыраққуралу процесiнiң биотектiк мәнiн сипаттайды.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет