Дәріс - 1
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНДА ҚОЛДАНЫЛАТЫН
ТРАКТОРЛАР МЕН АВТОМОБИЛДЕР
1. Тракторлар туралы жалпы түсінік
2. Тракторлардың жіктелуі
3. Автомобильдер туралы жалпы түсінік
4. Автомобильдердің жіктелуі
Дәріс мақсаты – тракторлар мен автомобилдердің жалпы түсіндемесін және жіктелуін оқып үйрену
1. Тракторлар туралы жалпы түсінік
Трактор дегеніміз - арнайы жұмыс мүшелерімен жабдықталған ауыл шаруашылық, жол және басқа машиналарды қозғалтатын энергетикалық құрал ретінде, сондай-ақ тіркемелерді буксирлеу мақсатында пайдаланылатын доңғалақты немесе шынжыр табанды машиналарды айтады.
Ауыл шаруашылығында қолданылатын тракторлар түрлі көрсеткіштері бойынша бірнеше түрге бөлінеді. Осы принциппен бөлініп, бір топқа жататын тракторлар түрлерінің қасиеттері де бірдей болады.
Трактордың типажы – бұл біздің еліміздегі ауылшаруашылығы өндірісінде қолданылатын барлық тракторлар моделінің техникалық және экономикалық тұрғыда негізделген жиынтығы.
2. Тракторлардың жіктелуі
Пайдалануы бойынша
Тракторлар ең алдымен атқаратын жұмыс түріне қарай үшке бөлінеді:
Жалпы пайдаланылатын тракторлар ауыл шаруашылығындағы негізгі жұмыстарды атқаруға, өсімдіктердің көпшілігін егіп-өсіруге, күтіп- баптауға: жер жыртуға, дискілеуге, жаппай культивациялауға, тырмалауға, егуге, жинауға пайдаланылады.
Жалпы пайдаланылатын тракторлар
Әмбебап-отамалы тракторлар отамалы дақылдар мен басқа да көптеген ауыл шаруашылығы дақылдарының қатар аралықтарын өңдеуге пайдаланылады. Кейбір универсалды-отамалы тракторларды жалпы мақсатта пайдалану үшін ауыстырып салатын жалпақ шиналы жетекші доңғалақ және қатар аралықтарды өңдейтін жіңішке шиналы доңғалақ болуы ескерілген.
Әмбебап-отамалы тракторлар
Арнаулы тракторлар жалпы мақсатта пайдаланылатын кез келген трактордың немесе универсалды – отамалы трактордың өзгертілген түрі. Олар жұмыстың белгілі бір түрін немесе әр түрлі жұмыстарды (жүзімдікте, мақталықта), тек белгілі бір жағдайда ғана (батпақты топырақта, таулы жерлерде) атқаруға арналған. Мақта егуге арналған тракторлардың алдында бір доңғалағы, ал батбақты жерде жұмыс істейтіндердің жалпақ шынжыр табаны болады.
Т арту күші тракторлардың ауыл шаруашылығы машиналарымен агрегатталу мүмкіндігін айқындайтын, олардың тарту кедергісі тракторлардың белгілі бір класына сәйкес келетін егізгі шама.
Класс - трактордың габариттік өлшемін білдіреді. Трактор массасы шамамен оның тарту класынан екі еседей артық.
Қозғағыш типі бойынша
Жүріс бөлігінің конструкциясы бойынша тракторлар шынжыр табанды және доңғалақты болып бөлінеді.
Шынжыр табанды тракторлар тіреу бетінің үлкендігімен ерекшеленеді, сондықтан да ол топырақпен жақсы ілініседі, әр оны шамалы ғана езіп, нығыздайды. Мұндай тракторлардың жол кедергілерінен өту қабілеті де , тарту күші де өте жоғары.
Доңғалақты тракторлар шынжыр табандыға қарағанда едәуір универсалды, сондықтан да оны егіске де, транспорт жұмыстарына да пайдаланады.
Тұлғасының құрылысына қарай рамалы, жартылай рамалы және рамасыз деп бөлінеді
а,в -отамалы трактордікі; б- жалпы пайдаланылатын трактордікі.
3. Автомобильдер туралы жалпы түсінік
Автомобиль – жүк, адам тасуға немесе арнаулы тапсырмаларды орындауға арналған өздігінен жүретін транспорт құралы.
4. Автомобильдер жіктелуі
Қолдануына қарай олар транспорттық, арнайы және спорттық автомобильдер болып бөлінеді.
Транспорттық автомобильдер бірнеше типке бөлінеді.
а) жеңіл автомобильдер – жолаушыларды (8 адамға дейін) тасымалдауға арналған.
ә) автобустар - көптеген жолаушыларды тасымалдауға арналған.
б) жүк автомобильдері әр түрлі жүктерді тасымалдауға арналған.
Жүк автомобильдері өз кезегінде жүк көтеремділігіне қарай мынадай кластар бөледі. өте шағын (0,5 тоннаға дейін), шағын (1,0- 2,0 т); орташа (2,0- 5,0 т); үлкен (5, -15,0); өте үлкен (15 тоннадан астам).
Арнайы автомобильдер белгілі бір жұмыстарды атқаруға арналған, сол себепті олар тиісті құралдармен жабдықталған. Бұл топтағы автомобильдерге автокрандар автоцистерналар, тұқым толтырғыш т.б. жатады. Олар транспорт автомобильдерінің өзгертілген моделі болып саналады.
Спорт автомобильдері автомобиль спортымен шұғылдануға арналған.
Рамалы автомобильдерге негізгі қаңқа рама болады, оған автомобильдің құрамды бөлшектері мен механизмдері кіреді.
Рамасыз автомобильдердің рамасы болмайды, ал автомобильдің құрамды бөлшектері мен механизмдері кузовқа бекітіледі. Мұндай жағдайда автомобиль кузовын алып жүруші деп атайды.
Әдебиеттер:
1. Алиев А., Жүнісбеков П.Ж. Тракторлар мен автомобильдер құрылысы (кұрылысы). Алматы: “Наз-9” ЖШС, 2008 ж.
2 . Родичев В.А., Родичева Г.И. Тракторлар мен автомобильдер. Алматы: Мектеп, 1986.
Достарыңызбен бөлісу: |