Кран-манипуляторлар құрылғысы мен пайдалануға қойылатын өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптар 1 тарау. Жалпы талаптар



бет1/4
Дата15.06.2016
өлшемі366.5 Kb.
#137737
  1   2   3   4




Қазақстан Республикасы

Төтенше жағдайлар министрінің

2010 жылғы «20» қарашадағы

№ 401 бұйрығымен

бекітілген

Кран-манипуляторлар құрылғысы мен пайдалануға қойылатын өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптар

1 - тарау. Жалпы талаптар
1. Осы Талап:

1) автомобильді, пневмодөңгелекті, қысқа базалы, шынжыр табанды, арнайы шассиде, дөңгелекті және шынжыр табанды тракторлар шассиінде, рельсті, теміржолды, ауыстырымды, тіркемелі, өзі орнатылатын, іргетаста орнатылатын кран-манипуляторларға (1 - қосымша);

2) жүк көтергіш кран-манипуляторларда пайдаланылатын жүк қарпығыш органдарға (ілмектер, грейферлер, электр магниттер және сол сияқтылар);

3) алынбалы жүк қарпығыш жабдықтарға (бекіткіштер, қарпығыштар, траверстер және сол секілділер) қолданылады.

2. Осы Талап:

1) кен өндіру шахталарында, теңіз және өзен сулары мен басқа да жүзу құрылыстарында орнатылған манипуляторларға;

2) роботты техникалық жүйеде пайдаланылатын манипуляторларға (ЭТМ типті электр тиеу манипуляторлары, БПМ типті балансталған пневматикалық манипулятор және сол секілділер);

3) осы Талаптың 1 - қосымшасынды көрсетілген ағаш көмірді өңдеу бойынша манипуляторға;

4) тек арнайы аспалы жабдықпен жұмыс істеуге арналған кран-манипуляторларға (дірілді артқыштар, шпунтты қозғағыштармен, люлькалармен, бұрғылау жабдықтарымен және сол секілділер);

5) әскери ведомстваның арнайы кран-манипуляторларына қолданылмайды.

3. Осы Талапта қолданылатын негізгі терминдер мен анықтамалар 1 - қосымшада көрсетілген.

2 - тарау. Жобалау

1 - параграф. Жалпы талаптар
4. Жарылыс өрт қауіпті ортада (орта санатын көрсетумен) кран-манипулятор жұмысының мүмкіндігі оның паспортында, сондай-ақ пайдалану бойынша басшылықта көрсетіледі.

5. 15150 МЕМСТ бойынша У орындауда пайдалануға арналған кран-манипуляторларды жобалау кезінде жұмыс жағдайының температурасы -40 °С дейін, жұмыссыз қалып пен сақтауда -50 °С төмен болмай қарастырылады.

-40 °С төмен температура кезінде пайдалануға арналған кран-манипуляторларды жобалау кезінде 15150 МЕМСТ бойынша ХЛ орындау қарастырылады.

6. Жүккөтерімділік, жүктік сәт және басқа өлшемдер, сондай-ақ кран-манипуляторлардың габариттері нормативтік құжаттарға сәйкес болады.

7. Кран-манипуляторлар жұмыс жағдайында төзімді. Кран-манипуляторлар нормативтік құжаттарға сәйкестік есебімен тексеріледі.

8. Механикалық жабдықтармен жабдықталған жүктік жүк шығырлар оларды іске қосу мен жұмыс қозғалысы жылдамдықтарын қайта қосу үшін олардың өздігінен іске қосылуы немесе босатылуы мүмкін болмайтындай; жетекті тежеу салмай ажырату мүмкіндігі болмайтындай орнатылады. Жүк шығырларда фрикциялық және жұдырықты жалғастырғыштарды пайдалануға рұқсат берілмейді.

9. Айналатын сәттерді беретін кран-манипулятор механизмдерінің тораптарында ойма кілтекті, кілтекті және ернемектік бұрандалы айыру қосылыстары пайдаланылады.

10. Кран-манипулятор механизмдерінің бұрандалы, кілтекті қосыластары өздігінен бұралудан және ажыратылудан қорғалады.

11. Нұсқарлы жабдықтың қолмен ұзартуларының кран-манипуляторларды тасымалдау және жұмысы кезінде оларды өздігінен қозғалуынан бекітуге арналған сенімді құрылғылары болады.

12. Көтеру және телекөшіру механизмдерінің қабатталған полипастарында теңестіруші блок немесе иінтірек орнатылады.

Теңестіруші құрылғы ретінде арқанды блок ернеуін қайталайтын, сектор бұрышы мен оның орналасуы одан арқаның иілусіз түсуін қамтамасыз ететін профилді қозғалмайтын секторды пайдалануға рұқсат беріледі.

13. Металл құрылымдар мен кран-манипулятордың бөлшектері таттанудан қорғалады. Ашық ауада жұмыс істейтін кран-манипуляторлардың қорапты және құбырлы металл құрылымдарында ылғалдың жинақталуын болдырмайтын құрылғы қарастырылады.

14. Техникалық қызмет көрсетуді қажет ететін механизмдерге, қауіпсіздік аспаптарына, аппараттар мен басқару органдарына, гидро жабдықтарға, электр жабдықтарға және кран-манипуляторлардың металл құрылымдарының элементтеріне қауіпсіз қолжетімділік қамтамасыз етіледі.

15. Жиынтықталатын гидрожабдықтардың (сорғылар мен гидромоторлар, гидротаратқыштар, сақтандырғыш клапандар, гидроцилиндрлер, жеңдер) олардың сапасын растайтын паспорты немесе басқа құжаты болады.

16. Гидрожүйе құрылымы:

1) гидро жабдықтың бұзылуы;

2) құбыр өткізгіштердің, жеңдердың, олардың қосылыстарының жарылуын, олардың элементтерінің металл құрылымдармен жанасуынан бұзылу мүмкіндігін болдырмайды.

17. Құбыр өткізгіштерді, сонымен қатар жеңдерді жалғау және аспаптарды қосу орындары герметикалы.

18. Гидрожүйе жұмыс сұйығын жерге төкпей ыңғайлы және қауіпсіз толтыру мүмкіндігі мен гидро жүйеден ауаның жойылу мүмкіндігін қарастырады.

19. Гидрожетек гидрожүйеге қысым түскен кезде, иілгіш құбыр өткізгіштердің, жеңдердің жарылғанында немесе олардың қосылыстарының зақымдалғанында жүктің немесе нұсқардың өзі түсу мүмкіндігін болдырмайды.

20. Гидрожүйе құбыр өткізгіштері қауіпті ауытқулар мен ақаулардан қорғалады, бекітіледі. Иілгіш жеңдер металл құрылымдар элементтерімен жанасу нәтижесінде механикалық бұзылу мүмкіндігін болдырмайтын орындарда орналастырылады. Кабинадағы иілгіш жеңдердің сақтандырғыш қабығы немесе қалқаны болады.

21. Гидрожабдықты, құбыр өткізгішті және кран-манипулятордағы сүзгілерді ауыстыру гидробактан жұмыс сұйығын құюсыз жүргізіледі.

22. Жұмыс сұйығын сүзу үзіліссіз. Сүзу дәрежесі гидро жабдыққа техникалық құжаттамада жазылған талаптарды есепке алумен орнатылады. Негізгі сүзгілердің ластану дәрежесі олардың бөлшектелуінсіз бақыланады.

23. Әрбір гидравликалық контур рұқсат берілмейтін қысымнан талап етілетін қысымға реттелген сақтандырғыш клапанмен алдын ала сақталады. Реттелген гидро клапандар пломбыланады. Қысымның артуынан сақталған гидравликалық контурлардың ортақ бір сақтандырғыш клапаны болады.

Сорғы мен сақтандырғыш клапан арасында бекіту арматурасын орнатуға рұқсат берілмейді.

24. Гидро жүйе құрылымы жұмыс сұйығының ластануын бақылауға мүмкіндік беретін құрылғымен қамтамасыз етіледі. Құю желісінде орнатылған сүзгінің қайта қосу клапаны болады.

25. Гидробакта жұмыс сұйығының барынша көп және барынша аз деңгейі көрсетіледі. Бұл ретте жұмыс сұйығының деңгейі май өлшегіш шыны көмегімен қауіпсіз бақылануы қамтамасыз етіледі. Қуыс бұрғыларды пайдалануға рұқсат берілмейді. Кран-манипуляторда бірнеше гидробакты пайдаланған кезде олардың әр түрлі таңбасы болады.

26. Кран-манипуляторлардың электр жабдығы, оның монтажы мен жерге тоғытылуы электр қондырғылар құрылғыларына қойылатын талаптарға жауап береді.

27. Кран-манипуляторға ішкі желіден кернеу беруді енгізу кернеуді түсіруге арналған қол жетегі бар құрылғы арқылы жүзеге асырылады. Енгізу құрылғысы жеке кілтпен жабдықталады.

28. Электр жетекті кран-манипуляторларда ішкі желіден қоректендіру кезінде олардың электр тізбекке кірмейтін, бірақ оқшаулағыш қасиетінен айырылу салдарынан кернеу астына жататын металл бөліктері (металл құрылымдар, механизмдер, электр қозғалтқыштар корпустары, аппараттар сырттары, сымдар мен кабельдердің металл қабықтары, қорғау құбырлары және сол сияқтылар) жерге тоғытылады.



2 - параграф. Жүк қарпығыш органдар
29. Жүк ілмектері 2105 МЕМСТ сәйкес болады. Ілмектердің мөлшерлері мен негізгі өлшемдері 6627 МЕМСТ бойынша қабылданады. Жобалық құжаттама негізділігі кезінде басқа ілмектерді пайдалануға рұқсат беріледі.

30. Ілмекті траверске бекіту бұранданы өз бетімен бұрауды болдырмайды. Егер бұранданы бекіту жұқа тақтаймен жүргізілетін болса, ол ілмек пен бұранданың аяқ жағының жоғарғы бөлігіне фрезамен өңделген саңылауларға салынады және саңылауларда өз бетімен бұралу мүмкіндігінсіз болтпен бекітіледі. Жүк көтерімділігі 5 т төмен ілмектердің бұрандаларын штифтамен бекітуге рұқсат беріледі.

31. Жүк ілмектерінің алынатын жүк қарпығыш жабдықтардың өздігінен құлауын болдырмайтын сақтандырғыш құлыптары болады. Ілмектерге арналған құлыптар 12840 МЕМСТ бойынша дайындалады.

Жүк көтерімділігі 3 т жоғары жүк ілмектері шайқау мойынтіректерінде орнатылады.

32. Арнайы орындаудағы жүк ілмектері дайындаушы, ілмек нөмірі, жүккөтерімділік, ол дайындалған материал, ұйым стандарты көрсетілген паспортпен жарақталады.

33. Гидрожетекті ауысымды жүк қарпығыш органдардың оларды кран-манипулятор гидромагистралына қосуға (ажыратуға) арналған құрылғысы болады.

34. Грейфер құрылымы оның өздігінен ашылуын болдырмайды.

3 - параграф. Арқандар
35. Кран-манипуляторларда жүктік және нұсқарлық ретінде пайдаланылатын болат арқандардың 3241 МЕМСТ сәйкес сыналуы туралы арқанды дайындаушы сертификаты немесе сертификат көшірмесі болады. Сертификатпен жарақталмаған арқандарды алған кезде олар 3241 МЕМСТ сәйкес сыналуға тартылады. Сертификатпен жарақталмаған немесе сынау туралы куәландырылмаған арқандарды пайдалануға рұқсат берілмейді.

36. Кран-манипуляторларда арқандарды бекіту мен орналастыру олардың барабаннан немесе блоктардан басылу және металл құрылым элементтерімен немесе басқа да арқандармен жанасу салдарынан үйкелу мүмкіндігін болдырмайды.

37. Арқанның соңында ілмек оны кран-манипуляторға бекіту кезінде арқанның бос соңын байлаумен қысқышты пайдаланумен немесе қысқышты, болат таға, сына бекітумен штампталған құйылған төлке орнатумен, сондай-ақ арқанның соңын жылдам балқитын құймамен құю жолымен немесе нормативтік құжаттарға сәйкес басқа тәсілдермен орындалады. Дәнекерлеу төлкелерін пайдалануға рұқсат берілмейді. Корпустар, төлке мен ұштардың арқан үйкелетін үшкір жиектері болмайды.

38. Өрген кезде арқан тесіктерінің әр бұрымының саны арқан диаметрі 15 мм дейін 4-ке және арқан диаметрі 15 мм ден 28 мм дейін болғанда 5-ке тең.

Әр бұрымның соңғы тесігі оның сымдарының жартысымен жүргізіледі.

Соңғы тесікті арқан өрімдерінің жартысымен жүргізуге рұқсат беріледі.

Қысқыштар саны жобалау кезінде анықталады, бірақ 3-ден кем емес. Қысқыштардың орналасу қадамдары және соңғы қысқыш артында арқанның бос соңының ұзындығы арқанның алты диаметрінен кем емес. Қысқыш қапсырмалары арқан соңына орнатылады. Қысқыш қапсырмаларын бекіту сомындары өзінен өзі бұралудан қорғалған. Қысқыштарды ыстық (ұсталық) тәсілмен орнатуға жол берілмейді.

39. Арқанды барабанға бекіту арқанды ауыстыруға мүмкіндік беретін тәсілмен жүргізіледі. Қысқыш планкаларын қолданған жағдайда ол 2-ден кем болмайды.

Арқанның соңғы қысқыштан бос соңының ұзындығы арқанның екі диаметрінен кем болмайды. Қысқыш планка астында немесе арқаның үш диаметрінен аз қашықтықтағы планкада арқанның бос соңын бүгуге рұқсат берілмейді.

40. Болат арқандарды таңдау нормативтік құжаттар бойынша жүргізіледі. Кранға орнату алдында жобалау кезінде арқандар мына формула бойынша есеппен тексеріледі:


F0  Zp  S,


мұнда f0

Арқан сертификаты бойынша қабылданатын арқанның толықтай жарылу күші, Н;

Zp

1-кесте бойынша анықталған арқанды пайдаланудың барынша аз коэффициенті;

S —

Динамикалық жүктемені есепке алусыз, бірақ арқанды-блоктық жүйенің КПД мен кран-манипулятор паспортында көрсетілгенді есепке алумен анықталған арқан тармақтарын барынша тарту, Н.

1 - кесте


Арқандарды пайдаланудың барынша аз коэффициенттері


Механизмнің біліктілік (тәртіп) тобы

Жұмыс жағдайы

Монтаж




арқандар




жылжымалы

жылжымайтын

жылжымалы

жылжымайтын

ИСО бойынша 4301/1

МЕМСТ бойынша 25835

Zp

М3



3,55

3,0







М4



4,00

3,5

3,05

2,73

М5



4,50

4,0







Мб



5,60

4,5






Егер арқанды сынау сертификатында тек арқан сымдарының қосынды жарылу күші берілген болса, f0 үлкендігі қосынды жарылу күшін 0,83 көбейту жолымен анықталады.



4 - параграф. Шынжырлар
41. Пластинка тәрізді шынжырлар 191 МЕМСТ сәйкес болады. Жүктік ретінде пайдаланылатын дәнекерленген және штампталған шынжырлар 228 МЕМСТ, басқа нормативтік құжаттарға сәйкес болады. Зікірлік шынжырлар кергішпен және кергішсіз пайдаланылады.

42. Шынжырлардың оны сынау және бұл шынжырлар дайындалған мемлекеттік стандартқа немесе басқа нормативтік құжаттарға сәйкестігі туралы дайындаушы сертификаты болады.

Аталған сертификат болмаған кезде шынжыр үлгісіне, оның геометриялық параметрлерінің өлшемдеріне сынау және шынжырдың мемлекеттік стандартқа сәйкестігіне тексеру жүргізіледі. Сынау нәтижелері бойынша сынау хаттамасы ресімделеді.

43. Кран-манипуляторларда шынжырлардың орналасуы мен бекітілуі олардың жұлдызшадан құлау және металл құрылым элементтерімен жанасу салдарынан зақымдалу мүмкіндігін болдырмайды.

44. Бұзылу жүктемесінің барынша көп тартылуға қатынасымен анықталатын, кран паспортында келтірілген дәнекерлеу шынжырының беріктік қоры коэффициентінің барынша аз мәні 2 - кестеде көрсетілген.
2 - кесте
Дәнекерлеу шынжырларының беріктік қорының барынша аз коэффициенті


Шынжыр тағайындауы

ИСО 4301/1 М3-М6 бойынша механизмнің біліктілік (тәртіп) тобы

Тегіс барабанда жұмыс істейтін жүктік

6

Жұлдызшада жұмыс істейтін жүктік (калибрлі)

8

45. Шынжырларды тұтастыруға жаңа орнатылған түйіндер немесе арнайы жалғастырғыш түйіндер көмегімен электр дәнекерлеуге рұқсат беріледі.

Тұтастырылғаннан кейін шынжыр 10 минуттай кран-манипулятор паспортында көрсетілген барынша көп созудан 25 % асатын жүктемемен сыналады.

5 - параграф. Барабандар, блоктар мен жұлдызшалар
46. Болат арқандармен айналдырылатын барабанның, блоктың және теңдеуші блоктың барынша аз диаметрі мына формула бойынша анықталады
D1  h1  d; D2  h2 d; D3  h3  d,


мұнда D1, D2, D3

оралған арқанның осьтік сызығы бойынша барабанның, блоктың және теңдеуші блоктың тиісті диаметрі, мм;

h1, h2, h3

оралған арқанның осьтік сызығы бойынша барабанның, блоктың және теңдеуші блоктың диаметрин анықтауға арналған коэффициенттер, мм (3 - кесте);







d —

арқан диаметрі, мм.

47. Жұлдызшада жұмыс істеген кезде дәнекерленген калибрленген және пластина тәрізді шынжырлар жұлдызшаның кемінде екі тісімен бір уақытта толық ілінген болады.

48. Барабанның арқан сыйымдылығы барабандағы жүк қарпығыш органның төменгі мүмкін жағдайында арқанның немесе шынжырдың қысқыш құрылғы астындағы орамдарын есептемегенде, бір жарым орамынан кем болмай оралған болып қалатындай болады.

49. Арқанның бір қабатты оралуы астындағы барабанның ернеу сызығы бойынша кесілген ернеулері болады. Жұмыс кезінде арқанның жұлқынуы мен босауы болуы мүмкін арқанды грейферлі кран-манипуляторларда барабандар арқан диаметрінің жартысынан кем емес тереңдікте ернеуі болады немесе арқанның барабанда дұрыс орналасуын қамтамасыз ететін құрылғысы болады.

Тегіс барабанды пайдалануға егер құрылымдық себептер бойынша арқанды барабанға көп қабатты орау қажет болған жағдайда, сондай-ақ барабанға шынжырды ораған кезде рұқсат беріледі.

50. Тегіс барабандар мен көп қабатты оралған арқандарға арналған ернеулі барабандар барабанның екі жағынан да ребордасы болады.

Арқанның екі тарамын бір қабатты орауға арналған ернеулі барабандардың, егер тарамдар барабан шеттерінен ортасына оралса ребордасы болмайды. Ораулары бар барабанға арқанның бір тармағын ораған кезде бұндай барабанның арқанды бекіту жағында ребордасы болмайды.
3 - кесте
Барабан (h1), блок (h2) және теңдеуші блок (h3) диаметрлерін таңдау үшін барынша аз коэффициенттер


Механизмнің біліктілік (тәртіп) тобы

Коэффициент

ИСО 4301/1 бойынша

МЕМСТ 25835 бойынша

h1

h2

h3

М3



14,0

16,0

12,5

М4



16,0

18,0

14,0

М5



18,0

20,0

14,0

М6



20,0

22,4

16,0

Арқанға арналған барабан ребордасы оралған арқанның жоғарғы қабаты үстіне оның екі диаметрінен кем болмай, ал шынжырлар үшін шынжыр түйіні енінен кем болмай көтеріледі.

51. Арқанды барабанға көп қабатты орау кезінде әр қабатты дұрыс төсеу қамтамасыз етіледі.

52. Арқанды блоктардың блоктан шығуын болдырмайтын құрылғысы болады. Аталған құрылғы мен реборда арасындағы саңылау арқан диаметрінің 20 % артық болмайды.



6 - параграф. Тежегіштер
53. Машиналық жетекті жүктік және нұсқарлы жүкшығырлар қалыпты жабық типті, жетекті іске қосқан кезде автоматты ажыратылатын тежегіштермен жарақталады. Қол жетекті жүктік жүкшығырлар автоматты әрекет ететін жүктірегішті тежегішпен жарақталады.

54. Жүктік және нұсқарлы жүк шығырлар тежегіштерінің барабанмен ажыратылмайтын кинематикалық байланысы болады. Жүктік жүкшығырдың тежегіші 1,5 кем емес тежеу қорын есепке алумен тежеу сәтін қамтамасыз етеді.

55. Рельсті кран-манипуляторларды жылжыту механизмдерінде қалыпты жабық типті тежегіштер орнатылады.

Жылжыту механизмдері басқарылатын қалыпты ашық типті тежегіштермен жабдықталған өзінен өзі жүретін кран-манипуляторларда тұратын тежегіш орнатылады.

56. Ашық ауада жұмыс істейтін кран-манипуляторлардың бұрылу механизмдерінде немесе үй-жайда жұмыс істейтін біліктілік (тәртіп) тобы М3 және артық кран-манипуляторларда қалыпты жабық типті тежегіштер орнатылады.

Тежегіштерді бұрудың төрткілдеш механизмдеріне орнатпауға рұқсат беріледі. Бұрамдық берулер тежегіш ретінде пайдаланылмайды. Негізді жағдайларда баяу тежелу үшін қосымша құрылғы орнатуға жол беріледі.

Егер тежегіштің айқас тұйықталуы серіппе көмегімен жүзеге асырылатын болса, онда ол қысылған серіппе күшімен жүргізіледі.

57. Ашық ауада жұмыс істейтін кран-манипулятордың жылжу және бұру механизмдерінің тежегіштері 1451 МЕМСТ бойынша кран-манипулятордың рұқсат берілген иілуін есепке алумен оның жұмыс жағдайы үшін барынша көп рұқсат берілген желдің жылдамдығында әрекет ететін кран-манипуляторды ұстау мен тоқтатуды қамтамасыз етеді.

58. Тежегіштер ылғал мен майдың тікелей түсуінен қорғалады.

7 - параграф. Жүрісті дөңгелектер
59. Рельсті кран-манипуляторлардың қозғалу механизмдерінің жүрісті дөңгелектері болаттан соғылған, созылған, штампталған немесе құйылған болады. Созылған дөңгелектер 28648 МЕМСТ сәйкес болады.

60. Дөңгелектер екі қабырғалы. Қабырғасыз немесе бір қабырғалы дөңгелектерді пайдалануға дөңгелектің рельстен шығып кетуін болдырмайтын құрылғылар болған кезде рұқсат беріледі.



8 - параграф. Тіреу құрылғылары, бөлшектер, тіреулер және буферлер
61. Кран-манипуляторлардың шығару тіреулері өкшеліктермен және қажеттілігі болған кезде қосымша астарлармен жарақталады. Шығару тіреулерінің бөренелерінің оларды көліктік жағдайда сенімді тіркеуге арналған құрылғысы болады. Қолмен жылжыту кезінде бөренелердің тұтқалары болады.

62. Кран-манипуляторлардың немесе олардың бөліктерінің шығару тіреулерін көтеру, қолмен жылжыту үшін күштеу 200 Н аспайды. Үлкен күштеу кезінде шығару тіреулерінің машиналық жетегі болады.

63. Рельсті кран-манипуляторлар дөңгелектер мен осьтердің сыну жағдайына тіреу бөлшектерімен жарақталады. Тіреу бөлшектері рельстен 20 мм артық емес қашықтықта орнатылады.

64. Кранды рельс жолының соңында оларды кран-манипулятордың түсуінің алдын алу үшін тіреулер орнатылады.

Рельсті кран-манипуляторлар тіреуден немесе өзінен алынған соққыны жұмсарту үшін серпінді буферлі құрылғымен жарақталады.

9 - параграф. Қауіпсіздік аспаптары мен құрылғылар
65. Машиналы жетекті кран-манипуляторлар автоматты тоқтатылу үшін соңғы ажыратқыштармен жарақталады:

1) ең жоғарғы және төменгі жағдайда арқанды ілмекті кран-манипулятордың жүк қарпығыш органы; төменгі жағдайда егер кран-манипуляторды пайдалану шарты бойынша жүкті кранды орнату алаңы деңгейінен төмен түсіру қажеттілігі болмаса, автоматты тоқтау үшін соңғы ажыратқыш орнату талап етілмейді;

2) рельсті кран-манипулятордың қозғалу механизмімен;

3) төрткілдеш механизмдерден басқа айналуды шектеуге арналған бұру механизмімен.

66. Механизмді ажыратқаннан кейін соңғы ажыратқыштар қозғалысты кері бағытта қамтамасыз етеді.

67. Арқанды ілмекпен жүкті көтеру механизмінің соңғы ажыратқышы жүкқарпығыш орган тоқтағаннан кейін (оны көтергеннен кейін) жүкқарпығыш органмен құрылым арасындағы саңылау (тіреумен, нұсқармен, блокпен және сол сияқты) 200 мм кем болмайтындай орнатылады.

68. Көтергіш кабиналы кран-манипуляторларда жұмыс қозғалысы мен кабинаның есігі бекітуге жабылмаған кезде көтеруді (түсіруді) болдырмайтын құрылғы орнатылады.

69. Техникалық шарттарға сәйкес кран-манипуляторлар олардың бұзылуын немесе лақтырылуының алдын алу үшін, жүкті көтеру механизмін және салмағы осы лақтырылу жүккөтерімділігінен 10 % асатын жүкті көтерген жағдайда автоматты ажырататын жүк көтерімділікті шектегішпен (жүктік сәтті шектегішпен) жабдықталады.

Жүк көтерімділікті шектегіш әрекетінен кейін жүктік сәтті азайту үшін жүк түсіріледі немесе басқа механизмдер іске қосылады. Кран-манипуляторларды жүккөтерімділікті шектегішпен жарақтау қажеттілігі жобамен анықталады.

70. Жүккөтерімділігі ұшудың өзгеруімен өзгеретін кран-манипуляторларда белгіленген ұшуға сәйкес, жүккөтерімділікті көрсеткіш қарастырылады. Жүккөтергіштің көрсеткіш межелігі (көрсеткіш тақта) оператордың (машинистің) жұмыс орнынан анық көрінеді. Көрсеткіш орнына табличка орнатуға рұқсат беріледі.

71. Кран-манипуляторларда иілу бұрышының көрсеткіштері орнатылады (креномерлер, крен дабылдамасы).

72. Кран-манипуляторлар дыбысы жұмыс аумағында естілетін дыбыстық дабылдама аспабымен жарақталады.

73. Гидравликалық жетекті кран-манипуляторларда әр сорғының ағын жолында сақтандырғыш клапандар орнатылады.

74. Кран-манипуляторларда нұсқарды қолмен созғыштардың олар жылжытылған қалпында бүйір беттерінде кран-манипулятордың бұл созғыштардың жылжытылған қалпында барынша шекті жүккөтерімділігін көрсететін жазулар көрінеді. Жазу оператордың (машинистің) жұмыс орнынан ажыратылады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет