1 WINDOWS жҮйесіндегі ACCESS мәліметтер қоймасыныҢ негізгі ұғымдары мен тҮсініктері
Мәліметтер қоймасын басқару жүйелері (МҚБЖ) – мәліметтер қоймасымен жұмыс істеуге арналған, оны басқару мен түрлендіруді жүзеге асыратын программалар тобы.
Мәліметтер қоймасы (МҚ) дегеніміз – ол бір-бірімен байланысқан әртүрлі ақпарат көздерінен алынған мәліметтерді бір жерге жинақтап сақтау. Әдетте МҚ қандай да бір тақырыппен, белгілі бір мәселені шешу үшін қолданылады.
Кесте – мәліметтер қоймасымен жұмыс істеуге арналған негізгі нысан, мәліметтер қоймасы. Ол өрістер (поля) мен жазбалардан (записи) тұрады.
Жазба – кестенің бір қатары, яғни жолы. Ол МҚ мәліметтерін сақтайтын негізгі блок болып табылады.
Өріс – кестедегі бағана немесе тік жол. Access-те мәліметтерді енгізбес брын өрістердің қасиеттерін сипаттап өту қажет.
Сұраныс – қолданушының керекті мәліметтерді бір немесе бірнеше кестеден белгіленген шарттарға байланысты таңдап алу әдісі. Таңдап алуға сұраныс беру арқылы есептелетін өрістерден немесе басқа кестеден алынған өрістерден тұратын виртуалды кестелер құруға болады. Сұраныстардың бірнеше түрі бар.
Форма – мәліметтерді экранда бейнелеу жолы немесе оларды басқару мүмкіндіктері.
Есеп беру (отчет) – мәліметтерді баспаға шығарып қағазда бейнелеу тәсілі.
Кілтті өріс (ключевое поле) – кестедегі жазбаларды таңдап алу мақсатында мәндері қолданылатын негізгі өріс. Ол өріс бірегей немесе жалғыз болуы керек.
Кілт (ключ) – кесте жазбаларын анықтайтын немесе кестелер арасындағы байланыстарды ұйымдастыратын бір немесе бірнеше кілтті өрістер.
Санағыш – кестедегі жазбаларды реттік номермен орналастыратын өріс қасиетінің сипаттамасы.
Жазбаны белгілеу аймағы – кесте жолын белгілеуге мүмкіндік беретін оның сол жақ шетіндегі тіктөртбұрышты аймақ.
Өрісті белгілеу аймағы - өріс тақырыбы аймағы. Оны шерту арқылы сол өрісті түгел ерекшелеуге болады.
Конструктор – мәліметтер қоймасы нысандарының (кестелер, сұраныстар, формалар, басылымдар, макростар, модульдер) қасиеттерін анықтап, құрастыру режимі.
SQL – құрылымды сұраныстар тілі (structured query language). Көптеген программалық жабдықтардың стандартты болып табылады.
Шебер (Мастер) – белгілі бір мақсатта шектеулі әрекеттер жиынын біртіндеп орындайтын программа. Шеберлер оны орындайтын қолданушымен сұхбаттасу (диалог) арқылы қойылған мәселені шешетін керекті мәліметтерді программаға енгізуді қамтамасыз етеді. Жұмыс жасауды жеңілдету үшін шебер жұмысы бірнеше қадамдардан немесе кезендерден тұрады. Жұмыс барысында өткен кезеңге қайта оралуға немесе онша қажетті емес кезенді аттап өтуге болады. Программаға шебер мүмкіндігін енгізу программаларды жетілдірудің бір жолы болып табылады.
Гиперсілтеме – белгілі бір файлға сілтеме көрсеткіш. Гиперсілтемелер Аccess мәліметтер қоймасын Internet файлдарымен немесе басқа файлдармен байланыстыру үшін қолданылады. Жұмыс барысында гиперсілтемелер басқа түспен боялып ерекшеленіп тұрады.
2 Access мәліметтер қоймасын басқару жүйесінде (МҚБЖ) «Сессия» мәліметтер қоймасын құру
Достарыңызбен бөлісу: |