1 windows ж‡йесіндегі access мєліметтер ќоймасыныњ негізгі ¦Ѓымдары мен т‡сініктері



бет9/12
Дата21.09.2022
өлшемі1.27 Mb.
#461090
түріПрограмма
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Аксес бағдарламалары

4.4 Фильтрді сұрау ретінде сақтау

Фильтрлеу ол өте күшті құралдардың бірі, бірақ оның да кемшіліктері бар: сұрау терезесін жауып тастағанда орындаған фильтр сақталмай қалады. Егер сіз экран бетінен барлық студенттердің ішінен фамилиясы тек Ж әрпінен басталатын студенттерді ғана көргіңіз келсе, онда екі түрлі мүмкіндік бар. Бірінші, сұрауды әр ашқан сайын «Фильтр по выделенному» орындап отыруыңыз керек. Екінші, осы фильтрлеу түрін жеке сұрау ретінде сақтауыңыз керек.


- Алдында құрған сұрауды ашыңыз да, ашылған сұраудан студенттер фамилиясының Ж әрпін белгілеп, «Фильтр по выделенному» фильтрін орындаңыз (сурет 31 қараңыз).



Сурет 31 – Фильтрді сұрау ретінде сақтау терезесі


- Мәзір бөлімінен «Запись» → «Фильтр» → «Расширенный фильтр» таңдаңыз. Экран бетіне құратын сұрау құрылымы шығуы керек. Жоғарғы бөлігінде мәлімет көзі көрсетіліп тұрады (біздің жағдайда мәлімет көзі ол сұрау). Төменгі бөлігінде өрістерді іріктеу көрсетіліп тұрады (бізде ол өріс Фамилия). Төменгі бөлігіндегі «Условие отбора» назар аударыңыздар, ондағы көрсетілген Like “Ж*”. Like сөзін аударсақ ол «ұқсас» деген сөз, Ж-әрпі біз таңдаған әріп, ал қасындағы жұлдызша өзімен кез-келген мөлшердегі белгіні ауысатынын көрсетеді (сурет 32 қараңыз).





Сурет 32 – Фильтрді сұрау ретінде сақтаудағы өрістерді іріктеу терезесі


- Саймандар тақтасынан батырмасын басыңыз немесе мәзір бөлімінен «Файл» → «Сохранить как запрос» командасын таңдаңыз. Оған ат беріп «Ok» батырмасын басыңыз (сурет 33 қараңыз).





Сурет 33 – Фильтрлеуді сұрау түрінде сақтауда ат беру терезесі


- «Расширенный фильтр» терезесін және Сұрау терезесін жабыңыз. «Запрос» кірмесінде тағы бір сұрау пайда болды. Осы сұрауды ашып көріңіз, онда тек Ж-әрпінен басталған студенттердің фамилиясы ғана болуы керек.




4.5 Қиылыс сұрауын құру (создание перекрестного запроса)
Сізге экран бетінен әрбір студенттің тапсырған емтихандары бойынша алған бағаларын және барлық тапсырған емтихандарының орташа бағасын көргіңіз келді делік. Осы сіздің сұрауыңызды қиылыс сұрауы жүзеге асырады. Сұрау кестесінің жолы бойынша студент фамилиясы болсын, ал бағана бойынша тапсырған емтихан аттары болсын, жолы мен бағана қиылында студенттің алған бағаларының мәндері көрсетілсін. Екі кестеден осы сұрауды Access құра алмайды, сол себепті алдындағы құрған сұрау бойынша қиылыс сұрауды құрамыз.
- Мәліметтер қоймасы терезесінен «Запрос» белгілеп, «Создать» батырмасын басыңыз. Пайда болған хабар алмасушы терезесінен «Перекрестный запрос» таңдап, «Ok» батырмасын басыңыз (сурет 34 қараңыз).



Сурет 34 – Қиылыс сұрауын құру терезесі


- «Показать» бөлімінен «Запрос» жалаушаны орнатыңыз. Яғни алдында құрған сұрауладан киылыс сұрауын құрамымыз. Сұраулар ішінен фильтрлі сұрауды емес қарапайым сұрауын таңдаңыз. «Далее» батырмасн басыңыз (сурет 35 қараңыз).

Сурет 35 - Қиылыс сұрауын құрудағы сұрау таңдау терезесі


- Бұл жерде жол тақырыбын таңдаңыз: Фамилиясы; Аты; содан кейін «Далее» батырмасын басыңыз (сурет 36).





Сурет 36 – Жол тақырыбын таңдау терезесі


- Бұл жерде бағана тақырыбын таңдаңыз: Емтихан аты; содан кейін «Далее» батырмасын басыңыз (сурет 37).





Сурет 37 - Бағана тақырыбын таңдау терезесі


- Келесі терезеден жол мен баға қиылысуында болатын мән өрісін таңдауымыз керек; яғни Баға өрісі және біз осы бағалардың орташа мәнін «Функции» бөлімінен «Среднее» таңдаңыз (сурет 38 қараңыз).





Сурет 38 – Қиылысуда болатын мән өрісін таңдау терезесі


- Сұрауға ат беріп, «Готово» батырмасын басыңыз (сурет 39 қараңыз).



Сурет 39 – Қиылыс сұрауына ат беру терезесі


- Қиылыс сұрауының қорытындысы келесі суреттегідей болуы керек (сурет 40 қараңыз).

Сурет 40 – Қиылыс сұрауының қорытынды терезесі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет