4.2 МҚ іздеу жасау
Енді, бізде жасалған сұраудан студент аты-жөнін табу қиындайды, себебі студент аты-жөні қайталанады. Осы тізім ішінен фамилиясы бойынша іздеу жасайық.
- Құрған сұрауды ашыңыз. Саймандар тақтасынан іздеу батырмасын немесе мәзір бөлімінен «Правка» → «Найти» таңдаңыз. «Образец» өрісіне МҚ бар ізделінетін фамилияны енгізіңіз. «С учетом регистра»-нан жалаушаны алып тастаңыз, себебі енгізген фамилияңыздың әріптері үлкен-кіші болса да айырмашылығы жоқ болады. «Найти далее» батырмасын басыңыз (Сурет 27 қараңыз).
Сурет 27 – МҚ-нан мәлімет іздеу терезесі
4.3 «Изменить Фильтр» командасын қолдану
Іздеу жасау тиімді, бірақ экран бетіне тек қажетті мәліметті шығаруға жарамайды. Осы жағдайды жүзеге асыратын құрал-ол «Фильтр». Сізге экран бетіне Жакенов фамилиясын шығару керек болсын делік.
- Сұрауды ашыңыз (егер сіз оны жауып салсаңыз), саймандар тақтасынан «изменить фильтр» батырмасын немесе мәзір бөлімінен «Запись» → «Фильтр» → «Изменить фильтр» таңдаңыз. Сұрау бланкасы тазаланады және әр өріс бойында фильтр үшін мәнді таңдау мүмкіндігі пайда болады. Фамилия өрісіне шерту арқылы қажетті фамилияны таңдаңыз (Сурет 28 қараңыз).
Сурет 28 – Фильтр командасын қолдану терезесі
- Саймандар тақтасынан «Применить фильтр» батырмасын немесе мәзір бөлімінен «Фильтр» → «Применить фильтр» таңдаңыз. Сұрау тек қана экран бетіне Жекенов фамилиясын шығаруы керек (сурет 29 қараңыз).
Сурет 29 – Фильтрді қабылдау терезесі
- Сіз құрған «фильтр» қабылдаған батырманы қайта басу («Удалить филтьр» яғни фильтрді жою болып табылады) сұрауды басқы қалпына келтіреді. Access «фильтр» орнатуды еске сақтап қалады, сіз қайталап орнатулар жасай аласыз (сурет 30 қараңыз).
Сурет 30 – Фильтрді жою терезесі
Достарыңызбен бөлісу: |