Н.Ә.Назарбаевтың «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесінің негізгі қағидалары.
Барша адамзат ХХІ ғасырға жаһандық ынтымақтастықтың жаңа дәуірі ретінде үміт артты. Бірақ бүгінде бұл елесті сағымға айналуы ықтимал. Әлемге тағы да қатер төніп тұр және оның ауқымын ескермеуге болмайды. Және бұл қатер - жаһандық соғыс! Жер өркениеті, ғалымдардың есебі бойынша, 15 мыңнан астам соғысты, яғни әр жыл сайын 3 соғысты басынан өткерген. Оларда жүздеген миллион адам қаза тауып, Жер бетінен қалалар мен елдер жоғалған, мәдениеттер мен өркениеттер жойылған.
Бұл жаһандық стратегия ұлттың соғыстар мен жанжалдардың вирусын жою жөніндегі үйлесімді және жауапты іс-әрекеттерін айқындауға тиіс. Бұл құжатта үш басты қағидатты нақты мазмұндау керек. Біріншіден, қазіргі кездегі бірде-бір соғыста жеңімпаз болмайды және бола да алмайды, онда бәрі де жеңіледі. Екіншіден, жаңа соғыста жаппай қырып-жоятын қарулар - ядролық, химиялық, биологиялық және ғылым жетістігі негізінде ойлап табылатын басқа да кез келген қару түрлерін қолданудан қашып құтылу мүмкін болмайды. Бұл бүкіл адамзаттың қырылуына алып келеді. Және осыған кімнің жауап беретінін анықтаудың өзі де кеш болады және жауап беретін адам да табылмайды. Осы ықтимал қауіп-қатерді қазіргі ұлттық лидерлер мен саясаткерлер және олардың кейінгі буын өкілдерінің барлығы аксиома ретінде түсінуге тиіс. Үшіншіден, мемлекеттер арасындағы барлық талас-тартыстарды реттеу үшін бейбітшілік пен қауіпсіздікке тең жауапкершілік, өзара құрмет және ішкі іске араласпау қағидаттарына бейімделген бейбіт үнқатысулар мен сындарлы келіссөздер негіз болуы керек. Әлемдік қоғамдастық іс-қимылының тұтастық алгоритмдерін мына бағыттар бойынша осы кешенді негізде түзу керек.
Н.Ә.Назарбаев – тарихтағы тұлға. Оның «Қазақстанның егемен мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясы», «Сындарлы он жыл», т.б. еңбектері.
Нұрсұлтан Әбiшұлы Назарбаев (6 шілде 1940 жыл, Шамалған ауылы, Алматы облысы) – Қазақстанның мемлекет қайраткері, ғалым, Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті. 1990 жылғы 24 сәуірден бастап, 2019 жылдың 20 наурызы аралығында Қазақстан президенті. Бұрын ол Қазақ КСР-ның президенті болды. 2015 жылдың сәуір айында мерзімінен бұрын президент сайлауында бесінші президенттік мерзімге қайта сайланды, ресми деректерге сәйкес, 97,75% дауыс жинады. Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің Төрағасы (1984-1989). 1962 жылдан бастап КОКП мүшесі. КОКП ОК (1986-1991) мүшесі; КОКП Орталық бақылау комиссиясының мүшесі (1981-1986). Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің хатшысы (1979-1984 жж.), Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы (1989-1991). Солтүстік Қазақстан облысының КСРО Жоғарғы Кеңесінің10-11-шақырылымының (1979-1989) мүшесі. КСРО халық депутаты (1989-1991).Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің төрағасы (1990). Посткеңестік кеңістіктегі билік өкілдеріне ұзақтығы бойынша рекордшы: 1989 жылдың 22 маусымынан бастап Қазақстан Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы лауазымына тағайындалған күн - 28 жыл, 8 ай, 16 күн. «Ұлт көшбасшысы» ресми атауының иесі.
Н.Ә.Назарбаев «Сындарлы он жыл» атты еңбегінде өзін ғана емес, бүкіл әлем жұртшылығын мазалап отырған оқығаларды –жер шарында, аймақта, қз елінде қауіпсіздікті сақтау, жаһандану жағдайындағы мемлекеттердің, адамдардың тіршілігі, дүние жүзін дүрліктірген терроризмнің кесірі, руханияттың қоғамдағы ролі, имандылыққа тәрбиелеудегі қызметі, ланкестік пен экономикалық бүліктің алғышарты болып отырған нашақорлық пен есірткі бизнесінің адам ұрпағына залалы, Каспий қайраңындағы мұнайдың мол байлығын игеру, бұл аймақтың жанжал көзіне емес, жасампаз істер аймағына айналуын өз кітабыны арқау еткен. Н.Назарбаев көтерген әр мәселе – жеке елдің, жеке топтың мүддесінен жоғары тұрады. Бұларда жеке адам мен бүкіл әлем тағдыры өзектес, іштей астасып жатады. Кез-келген ұлттық мүдделерді сөз еткенде, оларды әлемдік құбылыстармен тығыз байланыста, жалпы адамзаттық өркениет деңгейінде қарастырады. Снымен қатар Н.Назарбаевты бүкіл қоғаммен бірге жеке адамның өсіп-жетілуі, толысуы көп қызықтырады. Бұл құбылысты заманмен, бүкіл ғаламмен тұтас алып қарастырады. «Біздің тәуелсіздігіміздің, керек десеңіз, кез-келген мемлекеттік тәуелсіздіктің қалыптасу тарихы дегеніміз, – делінген кітапта, – бұл тек қана қоғамдық-саяси қайта құрудың тарихы емес. Бұл елеулі деңгейде, біздің әрқайсысымыздың толысу тарихымыз. Бұл – өмірлік құндылықтарды, тіпті өмірдің өз мәнін психологиялық қайта парақтаудың тарихы. Бұл – әлемдік өркениеттің құшағына халықтардың және біздің әрқайсысымыздың қайта оралуымыздың тарихы»
Достарыңызбен бөлісу: |