10. Қандай оқиғадан кейін Қожа Ахметтің есіміне Ясауи деген тіркес жалғанып айтылатын болды?
Яссы-дан шыққан деген мағынада
11. Салауат сөзінің мағынасы қандай?
Салауат — Мұхаммед пайғамбардың (ғ.с.) есімі аталған кезде арнайы айтылатын дұға атауы. Салауат Құран Кәрімдегі бұйрық бойынша пайғамбарға жарылқау, құрмет, құттықтау, дұға тілеу мағынасында арнайы жасалатын құлшылық түрі. Ислам ғұламалары салауат айтуды шариаттың шарты ретінде бекіткен. Әбу Ханифа мазхабында әр намаз оқылғанда пайғамбарға салауат айтуды сүннет үкіміне жатқызады. Жазба әдебиетте “с.ғ.с.”, “ғ.с.”, “с.а.у.” түрінде салауаттың қысқарған сөз түріндегі қалпын пайдалану дәстүрі бар.
12. Қожа Ахмет Ясауи хикметтерде пайғамбардың қасиеттерін қалай сипаттайды?
«Диуани хикмет» әрбір адамды имандылыққа, ізгілікке, жоғары адамгершілік қасиеттерге жетелейтін құдіретті күш, айқын бағдарлама деуге болады. Қожа Ахмет Ясауи әрбір адамның қадір-қасиетін, өмірде алатын орнын оның ішкі жан дүниесінің тазалығымен өлшейді. Адамның өз бойындағы ізгі адамгершілік қасиеттерді ұдайы жетілдіріп отыруы немесе бүкіл адамгершілік қасиетінен жұрдай болуы сол кісінің имандылығына байланысты деген түйін жасайды. Ал имандылық дегеніміздің өзі Алланың құлына ғана тән, адамгершілік қасиеттерді тәрбиелеп, оны құдай жолына салып отыратын киелі күш деп түсіндіреді. Ақынның айтуы бойынша, имандылықтың ең басты көрінісі – мейірімді, кешірімді, өзгелерге жанашырлықпен қарау болып табылады. «Диуани хикметте» әрбір адамға қажетті қанағат-ынсап сезіміне ерекше мән беріліп, нәпсіні тыя білу мұсылмандықтың басты шарттарының бірі екенін ақын оқырманға қайта-қайта ескертіп отырады. «Ақыл кітабы» адамның ішкі жан-дүниесінің түрлі теріс ой-пиғылдардан, жаман ниеттерден таза болуын талдап, Алла алдында пәк, кіршіксіз болуға шақырады
13. Хикметтерде адамның рухани кемшіліктері туралы не айтылады?
Төрт тармақты өлеңмен жазылған бұл шығармасында ақын өзінің бала күнінен пайғамбар жасына келгенге дейін өмір жолын баяндайды, тіршілікте тартқан азабын, көрген қайғысын айтады, бұқара халыққа үстемдік жүргізуші хандардың, бектердің, қазылардың жіберген кемшіліктерін, жасаған қиянаттарын сынайды, бұл фәнидің жалғандығын білдіреді.
Достарыңызбен бөлісу: |