1. Ясауидің әкесі Ибраһим шайық пен анасы Қарашаш туралы айтыңыз



бет1/47
Дата12.04.2023
өлшемі181.56 Kb.
#472102
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   47
Suraktar-2023 2


1. Ясауидің әкесі Ибраһим шайық пен анасы Қарашаш туралы айтыңыз
Қожа Ахмет Ясауи – 1093 жылы туылған түркістандық ғұлама, әулие. Қожа Ахмет Ясауидің арғы тегі қожалар әулеті. Әкесі – Исфиджабта даңққа бөленген әулие, Әзірет Әлінің ұрпағы Шейх Ибраһим. Анасы – Мұса шейхтың қызы Айша (Қарашаш ана). Мұса шейх те Исфиджабта әулиелігімен танылған. Кейбір деректерде Қожа Ахмет Ясауидың Ибраһим атты ұлы мен Гауhар Хошназ (Жауhар Шахназ) атты қызының болғандығы айтылады. Қожа Ахмет Ясауидың ұрпағы негізінен осы қызынан тарайды.


2. Арыстан бабтың Ясауиге құрманы беру туралы аңызын баяндаңыз
Арыстан баб Мұхаммед (с.ғ.с) пайғамбардың елшісі болған. Бір күні Мұхаммед пайғамбар өзінің шәкірттерімен құрма жеп отырған еді. Бір құрма қайта-қайта ыдыстан құлай беріп, пайғамбар ішкі дауысты естіді: «Бұл құрма Сізден кейін 400 жыл алдағы уақытта туылатын мұсылман бала Ахметке арналған». Сонда пайғамбар шәкірттері ішінен бұл құрманы кім иесіне жеткізетінін сұрайды. Ешкім үн қатпады. Пайғамбар сұрақты қайта қойғаннан кейін, Арыстан баб былай деді: «Егер Сіз Алла Тағаладан 400 жыл сұрап берсеңіз мен бұл құрманы иесіне жеткіземін». Қожа Ахмет Яссауи ұлы әулие мен діни көріпкел 1103 жылы туылып 1166 жылы қайтыс болған.
Жергілікті тұрғындардың айтуынша Арыстан баб кесенесінің үстінде ешқашан бұлт тұрмайды екен. Әрдайым ашық аспан астында тұрады. Бұл да болса жоғарыда айтылған аңыздардың ішінде шындығы бар секілді.


3. Аңыз бойынша Қожа Ахмет Ясауидің 6-7 жасқа толғанда Сайрамда білім алған ұстазы жайлы айтыңыз. (Әфсана 36 бет)
Көзі қарақты, зиялы да тәрбиелі ортадан шыққан Ибраһим ата, осы «Шежіреде» айтылғандай, зейінді де зерек 6-7 жасар баласы жас Қожа Ахмет Яссауидің сондағы Шаһабиддин Исфиджаби деген ғұламаға алып келіп, «Сүйегі біздікі, еті Сіздікі, иншалла, артымызда лайықты мұсылман қалсын деген ниетіміз» деп қолынан жетектеп әкеліп өзі тапсырған делінеді. Ол кісі шашы да, сақалы да, тіпті, қасы да қудай аппақ болғаны себепті «Ақ Ата» деп аталып кетсе керек




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   47




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет