0
Бекітемін
№10 «Қайнар» мектеп-гимназия»
коммуналдық
мемлекеттік
мекемесінің директоры
________ Г. Т. Убайдина
2022 жылғы «29» тамыз
№10 «Қайнар» мектеп-гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі К. Асылбекованың «Тіл дамыту мен сөйлеу мәдениеті» курсы бойынша 5 «Ә» сынып үшін түзген бағдарламасы
2022-2023 оқу жыл
Пікір
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
К. Асылбекова үлкен іздену арқылы 5 «Ә» сынып оқушылары үшін «Тіл дамыту мен сөйлеу мәдениеті» курсына авторлық бағдарламасын түзген.
Бағдарламада:
- мақсаты мен міндеті;
- оқу әдістемелік жоспар;
- әдістемелік нұсқаулар;
- әдебиеттер тізімі.
Автор бағдарлама түзу кезінде курстың теориялық мазмұнына, оқушылармен жүргізілетін жұмыстың инновациялық формаларына көңіл бөлген. Курс бағдарламасының оқушылар үшін ізденуге, пәнге деген құштарлығын арттыруға, мамандық таңдауға пайдасы үлкен.
Бұл бағдарлама мұғалімдер үшін құнды материал
болып табылады.
Пікір жазған:
Директордың бейіндік
оқыту бойынша
орынбасары: А.
Тургунбаев
Құрастырған: К. Асылбекова
Әдебиеттер тізімі
1 .Қазақ әдебиеті оқулықтары (5 сыныпқа арналған)
2. Қазақ тілі мен әдебиеті журналдары – (әр жылғы сандарынан)
3. «Ұлағат» - журналдары 2005 ж. №3
4. Этнопедагогика 2005 жыл № 2
6. Бағыты білім беру - М. Айтбекова қазақ тілі мен әдебиеті журналы № 3, 2005ж.
7. Тіл мәдениеті - Г.Сүлейменова
8. «Нәтижеге бағдарланған білім беру мазмүның дамытудың түжырымдамалық негізі».
9. «Атамекен» Қарағанды обл. Энциклопедиясы
10. Бес ғасыр жырлайды. Алматы 1975ж.
Келісемін
Директордың
бейіндік
оқыту бойынша
орынбасары: А. Тургунбаев
2022 жылғы 25 тамыз
Қаралды
Әдістемелік бірлестік
отырысында қаралды.
Әдістемелік бірлестік жетекшісі: А. Қамбарова
2022 жылғы 25 тамыз
Әдістемелік нұсқаулар
Ұсынылған бағдарламада арнайы курс бойынша меңгерілетін тақырыптар
сағаттарының жоспары, үлгі сабақ мазмұндары көрініс тапқан. Оқушыларға білім беруді арнайы лекция және талдау, іздену сабақ түрінде ұйымдастырылу ұсынылады.
Лекция сабақтары
алған білімдерін тереңдетуді, жүйелеуді жүзеге асырып, өз бетінше шығармашылық ізденіс жұмыстарына іскерлік дағдысын қалыптастыруды мақсат етеді.
Ал ізденуге арналған сабақтар оқушылардың алған білімдерін тереңдетуді, жүйелі жүргізуді жүзеге асырып өз бетінше шығармашылық ізденіс жұмыстарына іскерлік дағдысын қалыптастыруды мақсат етеді. «Тіл дамыту мен сөйлеу мәдениеті» курсы жан-жақты терең жүйелі білім беру мақсатында жоспарланған. Сонымен бірге оқушының болашақ мамандығын таңдауға да септігі зор болмақ.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында және Білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарттарын құруда «Қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша білім беру стандарты оқушылардың қазақ тілі мен әдебиеті біліміне деген мемлекеттік стандарттан тыс сұраныстарын қанағаттандыратындай болуы шарт» делінген. Қоғамның дамуы оның ғылыми саласы мен оқу жүйесіне тікелей ықпал ететіні белгілі. Оқушыларға білім беру жолында қазақ тілінің рөлі ерекше.