Әдістемелік бірлестік туралыереж е І. Жалпы ережелер



Дата24.02.2024
өлшемі39.5 Kb.
#493092
түріҚұрамы
ӘБ ережесі


Әдістемелік бірлестік туралы Е Р Е Ж Е
І. Жалпы ережелер
Әдістемелік бірлестік білім мекемесіндегі (БМ) әдістемелік қызметтің негізгі құрылымдық бөлігі болып табылады. Әдістемелік бірлестік бір немесе бірнеше бағыттас пәндер бойынша оқу-тәрбие, әдістемелік, эксперименттік және сыныптан тыс жұмыстарды жүргізеді.
Әдістемелік бірлестік бір пән немесе бірнеше бағыттас пәндер бойынша құрамында кемінде 5 мұғалім болған жағдайда құрылады. Әдістемелік бірлестіктерді құру, олардың санына, құрамына өзгерістер енгізу мектеп директорының бұйрығымен жүзеге асырылады.
Әдістемелік бірлестіктер тікелей директордың әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасарына бағы-нады.


ІІ. Әдістемелік бірлестіктің міндеттері мен қызмет бағыттары
Әдістемелік бірлестік төмендегідей міндеттерді шешу үшін құрылады:
- пән бойынша оқу-тәрбие, әдістемелік, эксперименттік жұмыстарды жоғары кәсіби деңгейде ұйымдастыру және жүргізу;
- сабақ беру әдістемесін жетілдіру;
- мұғалімдердің педагогикалық біліктілігін көтеру;
- педагогикалық эксперименттерді жүргізу.


Әдістемелік бірлестіктің негізгі жұмыс түрлері:
- оқушыларды оқыту және тәрбиелеу әдістемесінің проблемалары бойынша педагогикалық эксперименттерді өткізу және олардың нәтижесін білім процесіне енгізу;
- оқу-әдістемелік мәселелер бойынша мұғалімдердің шығармашылық есептері, дөңгелек үстел, кеңестер, семинарлар т.б;
- оқушыларды оқыту және тәрбиелеу әдістемесінің мәселелері бойынша әдістемелік бірлестіктердің отырыстары;
- пән бойынша ашық сабақтар және сыныптан тыс іс-шаралар;
- оқыту және тәрбиелеу әдістемесі, жалпы педагогика және психология мәселелері бойынша лекциялар, баяндамалар және дискуссиялар;
- озат педагогикалық тәжірибені және басқару құжаттарының талаптарын зерттеп, оқу-тәрбие процесіне енгізу;
- пән және әдістемелік апталықтарды өткізу;
- өзара сабаққа ену;
- оқу сабақтарының өткізу сапасын бақылау.


Әдістемелік бірлестік қызметінің негізгі бағыттары:
- пәндер бойынша білім деңгейінің қорытындыларын талдау;
- оқу жоспарының вариативтік бөлімдерін жасауға қатысу;
- оқу бағдарламаларындағы минимал көлем мен мазмұнға қойылатын талаптарға өзгерістер енгізу;
- оқу әдістемелік және дидактикалық материалдарды талдау;
- пәндер бойынша ашық сабақтар және ашық сыныптан тыс іс-шаралар өткізу;
- пәндерді оқыту әдістемесі бойынша баяндамалар дайындау және талқылау:
- оқушылардың зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру, жетекшілік жасау және бақылау мәселелерін қарастыру;
- оқытудың жаңа технологияларын іздеу және енгізу бойынша педагогикалық эксперименттерді ұйымдастыру және жүргізу;
- оқу пәндерін өту әдістемесін жетілдіру және тәжірибе алмасу мақсатында әдістемелік бірлестік ішінде және әдістемелік бірлестіктер арасында өзара сабаққа енуді ұйымдастыру;
- пәндер бойынша сайыстар, олимпиадалар, жарыстар өткізу туралы ережелер жасау.


ІІІ. Әдістемелік бірлестіктің жұмысы
Әдістемелік бірлестікті бірлестік мүшелерінің келісімімен тәжірибелі ұстаздар тарапынан таңдалған төраға басқарады. Төрағаны БМ директоры тағайындайды.
Әдістемелік бірлестіктің жұмысы жылдық жоспар негізінде іске асырылады. Жоспар әдістемелік бірлестіктің төрағасы тарапынан құрылады, әдістемелік бірлестіктің отырысында қарастырылады, директордың әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасарымен келісіліп, мектеп директорымен бекітіледі.
Әдістемелік бірлестіктің отырысы тоқсанда кемінде бір рет өткізіледі. Отырыстың мерзімі, өтілу орны туралы төраға дер кезінде директордың әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасарына хабарлау керек. Қаралып отырған әр мәселе бойынша ұсыныс қабылданып, ол хаттама журналына жазылады. Ұсыныстар әдістемелік бірлестік төрағасының қолымен бекітіледі.


ІV. Әдістемелік бірлестіктің құжаттары
1. ӘБ төрағасын тағайындау туралы бұйрық.
2. Әдістемелік бірлестік туралы ереже .
3. Өткен оқу жылының жұмысын талдау.
4. Әдістемелік жұмыстың тақырыбы, оның мақсаты, негізгі бағыттары және жаңа оқу жылының міндеттері.
5. ӘБ жаңа оқу жылына арналған жұмыс жоспары.
6. ӘБ мұғалімдері туралы мәліметтер.
7. ӘБ мұғалімдерінің өз білімін жетілдіру тақырыптары туралы мәліметтер.
8. ӘБ мұғалімдерінің біліктілін көтеру кестесі.
9. ӘБ мұғалімдерін аттестациялаудың перспективті жоспары
10. Пән бойынша ашық сабақтар және сыныптан тыс іс-шаралар өткізу кестесі
11. Оқу бағдараламалары .
12. Пән апталықтарының жоспары.
13. Жас маманмен жұмыс жоспары.
14. Пән бойынша алынған бақылау жұмыстарының қорытындылары.
15. Мектепішілік бақылау (анықтамалар, диагностика).
16. ӘБ отырыстарының хаттамалары.
V. Әдістемелік бірлестіктің құқықтары


Әдістемелік бірлестіктің құқығы бар:

- мұғалімдердің біліктілік разрядтарын көтеру туралы ұсыныс дайындауға;


- мектепте оқу процесін жақсарту бойынша ұсыныс беруге;
- ӘБ-те жиналған озат педагогикалық тәжірибе материалдарын жариялау туралы мәселені қоюға;
- оқушыларды оқыту және тәрбиелеу мәселелері бойынша директор орынбасарларынан кеңес алуға;

- мұғалімдердің аттестациясын ұйымдастыру және мазмұны бойынша ұсыныстар беруге;


- ӘБ тарапынан «Жыл мұғалімі» сайысына мұғалімдерді ұсынуға.


VІ. Әдістемелік бірлестік қызметін бақылау
Әдістемелік бірлестіктің қызметі мектеп директоры және оның орынбасарлары тарапынан бақыланады. Бақылау мектептің әдістемелік жұмысы және мектепішілік бақылау жоспарларына сәйкес жүргізіледі.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет