ДӘРІС Микроорганизмдердің экологиясы. Фитопатогенді микроорганизмдер. Экологиялық микробиология немесе микроэкология – тиісті биотопта бірге тіршілік ететін макро- және микроорганизмдердің өзара қатынасын зерттейтін жалпы микробиологияның бір тарауы. - Экологиялық микробиология немесе микроэкология – тиісті биотопта бірге тіршілік ететін макро- және микроорганизмдердің өзара қатынасын зерттейтін жалпы микробиологияның бір тарауы.
- Мұндай түсінікті 1945 ж. академик С.Н Вернадский енгізген.
Экологиялық терминдер: - Биотоп – тері (биотикалық) және өлі (абиотикалық) табиғи компоненттерден тұратын, аумағы шектелген микоорганизмдер мекендейтін орта.
- Популяция – тиісті бір биотопты шеіберінде тіршілік ететін әр түрлі микробтардың бірлестігі.
- Микробиоценоз – бір биотопта тіршілік ететін әр түрлі микробтардың бірлестігі.
- Экожүйе (экосистема) - өзара әрекеттесетін биотоп пен микробиценоздан тұратын жүйе.
- Экосаңылау (экониша) – микробтар орналасатын (мекендейтін меншікті қуысы (орны).
- Экологиялық факторлар – микробиоценозға әсер ететін тіршілік ортасының элементтері (жағдайлар).
Симбиоз- биоценозда әр түрлі микробтардың бірге тіршілік етуі (грек: symbiosis – бірге тіршілік ету). Симбиоз- биоценозда әр түрлі микробтардың бірге тіршілік етуі (грек: symbiosis – бірге тіршілік ету). Симбиоздың түрлері: - Метабиоз – уақытына қарай ретімен болатын симбиоз. Бір микроб басқа микробтар тіршілік етуіне жағдай жасайды (аэробтар мен анаэробтардың метобиозы)
- Мутуализм - өзара пайда келтіретін симбиоз (саңырауқұлақтар балдырларға органикалық заттар береді)
- Комменсализм – микробтың бір түрі екіншісіне зиян келтірмей тіршілік етуі (адам ағзасының қалыпты микрофлорасы).
- Сателлизм – бір микробтың әсерінен екінші микробтық өсіп -өнуі немесе басқа әрекетінің күшеюі (гемолитикалық стафилококтың әсерінен В тобындағы стрептококктардың гемолиздік факторы күшейеді).
- Нейтрализм – бір биотоптағы симбионттар бір-біріне ешқандай әсер етпейді.
- Антогонизм - өзара қатынастың бәсекелестік типі, бұл кезде есесінен тіршілік етеді, оған зиян келтіруі.
- Паразитизм – антогонизмнің бір түрі, бұл кезде микроб иесінің есесінен тіршілік етеді, оған зиян келтіруі.
Достарыңызбен бөлісу: |