10 Тақырып «Тұрғындарды қорғаудың негізгі принциптері және тәсілдері»



Дата30.05.2023
өлшемі30.5 Kb.
#474502
Лекция 10


10 Тақырып «Тұрғындарды қорғаудың негізгі принциптері және тәсілдері»

Азаматтық қорғаныстың басты тапсырмаларының бірі тұрғындарды төтенше жағдайларда (бейбіт және соғыс жағдайында) қорғау. Тұрғындарды қорғау шараларын жүргізу, жекеленген обьектілермен аудандардағы қалыптасқан жағдайларға байланысты .


Тұрғындарды қорғаудың принциптері
Тұрғындарды қорғау принциптері «ҚР табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлар жөніндегі заңында» көрсетілген
Тұрғындарды қорғаудың негізгі тәсілдері
1 Тұрғындарды қорғаныс құрылыстарында паналауы
2 Тұрғындарды көшіру жұмыстарын қалада жалғастыру үшін өнеркәсіптегі , ұйымдардағы жұмысшылар мен қызметкерлерді қала сыртына орналастыру.
3 Жеке қорғау құралдарын қолдану
Бұдан басқа тұрғындарға қорғану тәсілдерін үйрету жұмыстары жүргізіледі. Тұрғындарды сигнал бойынша құлақтандыру, ауыз суларын, тамақтарды, зақымданудан қорғау, барлау жұмыстарын жүргізу. Өндіріс обьектілерінде жұмысшыларды қорғау режимін ұйымдастыру жоспарланады. Сол сияқты өртке қарсы, эпидемиологиялық, санитарлық шаралар, құтқару және шұғыл қалыпқа келтіру жұмыстарын ұйымдастыру да жоспарланады.
Тұрғындарды көшіру және қала сыртына орналастыру.
Адамдарды қала сыртына орналастыру дегеніміз- соғыс жағдайында обьектілерде жұмыс істейтін жұмысшыларды және қызметкерлерді жұмыстан босаған уақыттарда ұйымдасқан түрде қала сыртына тасымалдап жүру және бөліп – бөліп орналастыру.
Адамдарды көшіру дегеніміз – эвакуациялау, қаладан, зақымдалған аймақтардан тұрғындарды белгілі бір уақытқа тұрақты түрде қала сыртына орналастыру.
Адамдарды көшіруді ұйымдастыру.
1 Өнеркәсіптік принцип бойынша жұмысшыларды, қызметкерлерді және олардың отбасыларын.
2 Өнеркәсіппен байланысы жоқ тұрғындарды территориялық принцип бойнша көшіреді.
Тұрған жерлеріне байланысты көшіру жұмыстарымен азаматтық ьқорғаныс штабы ( объектінің) және көшіру комиссиясы жүргізеді.
Тұрғындарды көшіруүшін транспорттың барлық түрлерін пайдаланады:
Темір жол транспорты, су транспорты, теплоходтар, жүк вагондары, жүк кемелері, баржылар, автобустар.
Тұрғындарды көшіру план бойынша жүргізіледі.
Көшіру органдары
*Көшіру комиссиясы – республика, облыс, қала,қалалық ауданда, мекемелерде, ұйымдарда, құрылады. Көшіру комиссиясының төрағасы бірінші басшының орынбасарларының бірін тағайындайды.
*Көшірілгендерді қабылдау комиссиясы ауданда, ауылдық жерлерде көшірілгендерді орналастыратын территорияда құрылады.
*Жиналу пункті. Ірі обьектілерде эвакуациялық жиналу пункттері ұйымдастырылады. Олардың атқаратын қызметтері:
көшірілетіндерді тіркеу және отырғызу пункітіне жөнелту (әртүрлі транспортпен)
*Көшірудің аралық пункттері. Көшірілген тұрғындарды қысқа дем алдыру үшін құрылады.
* Көшірілген адамдарды қабылдау қабылдау пункттері. Көшірілгендерді орналастыру үшін түсіру пункттерінде ұйымдастырылады . Қабылдау комиссиясын ұйымдастыру әкімшілігіне жүктеледі.
Жаяу жүру тәртібімен де көшіріледі. Жаяу жүру тәртібі: колоннада 300-1000 адам болады, немесе 50-100 ге дейін группаларға бөліп тастайды. Жүру жылдамдығы 4-5 км / сағ, жүру уақыты бір күн, әрбір 1-1,5 сағатта 10-15 минут үзіліс жасап отырады.
Медициналық көмек: 1-2 медицина қызметкері (1 поезға, 1 колоннаға)
Тұрғындардың көшіру ретін анықтау үшін оларды үш топұа бөледі.
1 топ соғыс жағдайында жұмыстарын қалада жалғастыратын ұйымдардың жұмысшылары мен қызметкерлері және олардың отбасылары.
2 топ соғыс жағдайында жұмыстарын қауіпсіз аймақта жалғастыратын ұйымдардың жұмысшылары мен қызметкерлері және олардың отбасылары.
3 топ студенттер, мұғалімдер, пенсионерлер, жұмыссыздар, коммерциялық структураның, мемлекеттік емес мекемелердің жұмыскерлері т.б.
Көшіру түрлері
*Жекелеп көшіру.Жалпы көшіру басталғанға дейін тұрғындарды алдын-ала бөліп көшіру
* Уақытша көшіру. Тұрғындарды т.ж. туындау қауіпі болғанда қауіпті аймақтан қауіпсіз аймаққа уақытша көшіру
*Көшірілгендерді жинақтап орналастыру( рассредоточение). Соғыс жағдайында категориялы қалалардан жұмыстарын қалада жалғастыратын ұйымдардың жұмысшылары мен қызметкерлері және олардың отбасылары.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет