Гаж негізгі компоненттеріне келесілер жатады



Дата04.07.2016
өлшемі33.88 Kb.
#177279
2 дәріс ГАЖ НЕГІЗГІ КОМПОНЕНТТЕРІ
ГАЖ негізгі компоненттеріне келесілер жатады: техникалық (аппараттық) және бағдарламалық құралдар, ақпараттық қамсыздандыру.

ГАЖ компоненттеріне қойылатын талаптар бірінші кезекте, тұтынушы тарапынан анықталады, себебі оның алдына нақты тапсырма қойылады (табиғи ресурстарды есепке алу немесе қаланың инфрақұрылымын басқару), бұл тапсырма табиғи шарттарымен және оны игеру дәрежесімен ерекшеленетін белгілі бір аумақ үшін шешілуі тиіс.



2.1 Аппараттық (техникалық) құралдар
Техникалық құралдар – бұл ГАЖ қызмет атқарған кезде қолданылатын аппараттық құралдар кешені: жұмыс станциясы немесе дербес компьютер (ДК), ақпаратты енгізу-шығару құралдары, мәліметтерді өңдеу және сақтау құралдары, телекоммуникация құралдары.

Жұмыс станциясы немесе ДК кез келген ақпараттық жүйенің ядросы болып табылады және ГАЖ жұмысын басқару және есептеу немесе логикалық операцияларға негізделген мәліметтерді өңдеу процестерін орындау үшін арналған. Заманауи ГАЖ ақпараттың мол ауқымын шұғыл өңдеуге және нәтижелерді көзбен шолуға қабілетті.

Мәліметтерді енгізу әртүрлі техникалық құралдар мен тәсілдердің көмегімен іске асырылады: тікелей пернетақтадан, дигитайзер немесе сканердің көмегімен, сыртқы компьютерлік жүйелер арқылы. Кеңістіктік мәліметтер дигитайзер немесе сканердің көмегімен тікелей электрондық геодезиялық құралдар арқылы, топырақ және басқа да табиғи ортаның талдамаларын алу үшін электрондық геодезиялық құралдар арқылы алынуы мүмкін немесе сараптамалық фотограмметриялық аспаптардағы немесе сандық фотограмметриялық станциялардағы түсірілімдерді өңдеу нәтижелері бойынша алынуы мүмкін.

Мәліметтерді өңдеу және сақтау үшін арналған құралдар жүйелік блокта шоғырланған, бұған орталық процессор, шұғыл жады, сыртқы еске сақтағыш құралдар және тұтынушылық интерфейс кіреді.

Сыртқы еске сақтағыш құралдар компьютерге қосылады, мұндай құралдар ретінде дискеттер (1.44 Мбайт), ZIP-дискілер (100 Мбайт), магниттік қатты дискілер (30 Гбайт жоғары) қолданылады. Мәліметтерді архивациялау үшін сыйымдылығы 650 Мбайттан бастап 9.0 Гбайтқа дейінгі оптикалық және магниттік дискілер CD-ROM және DVD-ROM жатады.

Мәліметтерді шығару құралдары нәтижелерді көрнекілеп ұсынуды қамтамасыз етуі тиіс, ең алдымен мониторда, сонымен қатар принтерде немесе плоттерде (графопостроитель) алынған сызбалық түпнұсқалар түрінде алынуы тиіс, сонымен қатар мәліметтерді сыртқы жүйелерге міндетті түрде шығару қажет.


2.2 Бағдарламалық қамсыздандыру
Бағдарламалық құралдар – ГАЖ функционалдық мүмкіншіліктерін іске асыратын бағдарламалық құралдардың және оларды пайдалануға қажетті бағдарламалық құжаттардың жиынтығы.

ГАЖ құрылымдық бағдарламалық қамсыздандыруға базалық және қолданбалы бағдарламалық құралдар кіреді.

Базалық бағдарламалық құралдарға кіретіндер: операциялық жүйелер (ОЖ), бағдарламалық орталар, желілік бағдарламалық қамсыздандыру және мәліметтер базасын басқару жүйелері. Операциялық жүйелер ЭВМ ресурстарын және осы ресурстарды қолданатын процестерді басқару үшін арналған. Қазіргі уақытта негізгі ОЖ: Windows және Unix.

Кез келген ГАЖ екі типтік мәліметтермен жұмыс істейді – кеңістіктік және атрибутивтік, демек, бағдарламалық қамсыздандыруға белгілі бір мәліметтердің базаларын басқару жүйелері (МББЖ), сонымен қатар мәліметтерді енгізу және шығару құралдарын басқару модульдері, мәліметтерді көрнекілеу жүйелері және кеңістікті талдама жасау модульдері кіреді.



Қолданбалы бағдарламалық құралдар нақты пәндік саладағы мамандандырылған тапсырмаларды шешу үшін арналған және жеке модульдер (қосымшалар) және утилит (көмекші құралдар) түрінде қалыптасады.
2.3 Ақпараттық қамсыздандыру
Ақпараттық қамсыздандыру – ақпараттар массивінің, кодтау жүйелерінің және ақпараттар жіктемесінің жиынтығы. Ақпараттық қамсыздандыру ақпаратты ұйымдастыру түрлері, көлемдері, орналасуы және нысандары бойынша іске асырылған шешімдерді құрайды, бұған мәлімет көздерін іздестіру және бағалау, мәліметтерді енгізу тәсілдерінің жинағы, мәліметтер базасын жобалау, оларды жүргізу және метасүйемелдеу кіреді. ГАЖ-да кеңістікті мәліметтерді сақтау ерекшелігі – оларды қабаттарға бөлу. Қабаттарды басқарудың ыңғайлы механизмі болған жағдайда электрондық картаны көп қабаттық ұйымдастыру әдеттегі картаға қарағанда өте көп ақпаратты біріктіруге және көрсетуге мүмкіндік береді. Кеңістіктік қалып туралы мәліметтер (географиялық мәліметтер) және онымен байланысты кестелік мәліметтер тұтынушы тарапынан даярлануы мүмкін немесе сатып алынуы мүмкін. Мұндай мәліметтермен алмасу үшін кеңістік мәліметтердің инфрақұрылымы маңызды.

Кеңістік мәліметтердің инфрақұрылымы нормативтік-құқықтық құжаттармен, кеңістіктік мәліметтерді ұйымдастыру және интеграциялау механизмдерімен, сонымен қатар олардың әртүрлі тұтынушыларға қол жетімділігімен анықталады. Кеңістік мәліметтердің инфрақұрылымына үш қажетті компонент кіреді: базалық кеңістіктік ақпарат, кеңістіктік мәліметтерді стандартизациялау, метамәліметтер базасы және мәліметтерді алмасу механизмі.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет