1. Қоғамды зерттеудің методологиялық негізі. Қоғам туралы әр түрлі көзқарастар, тұжырымдар



Дата29.11.2023
өлшемі26.6 Kb.
#484830
Қоғамдық қатынастар


Жоспары:
1. Қоғамды зерттеудің методологиялық негізі.
2. Қоғам туралы әр – түрлі көзқарастар, тұжырымдар.
3. Қоғамның тарихи типтері, қозғаушы күштері.
4. Қоғамның жүйесі туралы түсінік.
5. Қоғам сөзінің мағынасы
Қоғам, адам және қоғамдық қатынастар туралы ой – пікірлер, идеялар мен ұғымдар алғашқы қауымдық қоғам дәуірінде – ақ қалыптаса бастаған. Адамдардың алдында қоғам деген не, ол қалай пайда болады, ол қалай дамиды, дамудың көздері мен қозғаушы күштері неде қоғамды құбылыстар мен процестердің байланысы қандай, өзара әсер, себеб, қарым – қатынастар заңдылықтары бар ма деген және басқа да көптеген сұрақтар, ой – пікірлермен идеялар туады.
Қоғамдық құбылыстарды процестерді, тарихты танып білуге, өзгертуде философия тарихында материализммен идиолизмнің арасында ұдайы қарама – қарсы күрес болып келді.
Қоғамның ілгерлеп дамуы, таптардың пайда болуы, ой еңбегімен дене еңбегінің бөлінуі, еңбекші бұқараны қанаудың күшейюі қоғам туралы ой пікірлерді, идеяларды одан әрі дамыта, тереңдете түсті. Қоғамдық өмірге, оның дамуына байланысты көз қараста бұрын идеолизм үстемдік етіп келді. Оның үш түрлі себебтері бар тарихты ғылыми тұрғыдан түсіндіру белгілі бір нақтылы объективтік жағдайлар талабына байланысты туындаған соның рухани нәтежесі еді. Ол қоғамның, философияның, ғылымның жаңа практикалық талабына сәйкес өмірге ойдың жетістіктеріне сүйену арқылы, соның жалғасы ретінде және ғылым, практика жаңалықтарына сүйене отырып, солардың талабына сай қалыптаса бастады.
Тарихты объективтік тұрғыдан түсіну өзінен бұрынғы алдыңғы қатарлы қоғамдық ойдың жәй жалғасы емес, қоғам тану тарихындағы мүлдем жаңа сапалы кезең. Тарихқа объективтік көз қарастың қалыптасуы табиғатты да, қоғамды да қамтитын біртұтас ғылыми – философиялық дүниетанымдық негіз болды.
Қоғамды ғылыми принциптер негізінде зерттеу нәтижесінде оның даму заңдылықтарын ашу барысында әлеуметтік тану саясаттану ілімдері дүниеге келді. Ол ғылымдар адамзат тарихин түсіндірудің кілтің, көзін қоғамның материалдық – экономикалық қатынастар жүйесінен шығарып, оны жан – жатқы терең талап дәлелдеді.
Қоғам заңдары бадырайып көрініп тұрмайды,оларды тікелей байқау, көру, бақылау арқылы қабылдау өте қиын. Осы себепті қоғам заңдарын терең танып – білу арқылы пайдалану онай емес, ол көп күш жұмсап,зерттеуді керек етеді. Олар абстрактілі ойлау арқылы белгілі болады.
Қоғамды ғылыми тұрғыдан түсінудің басты өзгешелігі – ол алуан түрлі қоғамды қатынастардың байланыстардың ішінен ең бастысын – материалдық - өндірістік қатынастарды бөліп алады.
Қоғамдық болмыс – адам өмірінің, оның іс - әрекетінің қажетті шарты және қайнар көзі. Адам өзінің жасампаздық күш – қуатымен табиғи мүмкіндіктерді шындыққа айналдыру арқылы болмысты өзгертіп отырады. Қоғамдық болмыс – адамзат тарихының даму кезеңдеріндегі әлемметтік практиканың нәтижесі.
Қоғамда тұрлі қатынастар бар. Олардың негізіне алғанда марериалдық және идеологиялық қатынастар болып екіге бөлінеді. Материалдық қатынастар адам санасынан тыс, ой елегінен өтпей – ақ қалыптаса береді. Оған жататындарды ең алдымен табиғатты адам арқылы өңдеу деп айтады.
Қоғамды қатынастардың екінші бір тобы – идеологиялық қатынастар оларға адамды адам арқылы өндеу жатады. Олар саяси, құқылық, марольдық, діни, эстетикалық философиялық қатынастар болып бөлінеді.
Нағыз демократиялық қоғам адамдар бостандығынан, еркіндігінен көрінеді. Бірақ бостандық ойға келгенді жасау емес, қоғам болған соң белгілі тәртіп болады.
Демократияның бір көрінісі либерализм. Ол адам құқығы деген ұранды желеу етіп адам не істесе де берікті болу керек дейді.
Қоғам дамуындағы ерекше заңдар әр – бір жеке – экономикалық формациялардың өзіне тән ерекшелігін көрсетеді.
Қоғамды бір тұрас, тірі әлеуметтік организм деп қараудың негізгі шарты – барлық дәуірлердің әлеуметтік – экономикалық даму типологиясын құру, яғни қоғамдық – экономикалық фармация туралы қғымды тұжырымдауды қажет етті.
Сондықтан тарихты әлеуметтік философия тұрғысына пайымдау, талдау әдісін – біз қоғамдық құылыстардың жалпы теориясымен методологиясы дейміз. Айта кеу керек, қоғамды басқа да толып жатқан нақтылы ғылымдар (әдебиет, заң, тарих, саяси экономия, саясаттану, әлеуметтану, т.б.) зерттейді.
Материалистік философия ілімдерінде адамзат қоғамы ешқашан өзгермейтік, әрқашан өзіне тән құбылыс ретінде қаралып келді. Қоғамдық құбылыстар кездейсоқ, оларға ешқандай заңдылық жоқ деп санаған, не биологиялық заңдылықтарды қоғам өміріне қолданған реттер де кездесті.
Қоғамның тарихи үлгілері бір – бірінен материалдық игілікті өндіру тәсілі арқылы ажыратылады ал қоғамның формацияның саналық ерекшелігі ондағы өндірістік қатынастарға байланысты болады. Әр бір қоғамдық формацияның негізінде белгілі бір өндіріс тәсілі болады. Өндірс тәсілінің алмасуы қоғамдық формацияның ауысуына бастайды. 
Қоғамның қозғаушы күштері туралы мәселенің принципті маңызы бар, Өйткені бұл проблеманы шеше отырып, біз қоғамның ілгері дауының басты қозғаушысы, оның жүргізушісі кім, адамдардың саналы жасампаздық қызметінің басты ынталандырушысы неде, олардың көріністері қандай деген сұрақтарға жауап іздейміз.
Қоғам дамуының объективті қозғаушы кұштері өздерін терең түсінуді, білуді қажет етеді сондықтан олар өздерінің идеологтарын қалыптастырады.
Қоғамның данму процесі, оның жоғары қарай ілгері басуы қозғаушы күштер, қайшылықтар, қарама қарсы күрестер, әлеуметтік өзгерістердің қарқымды секірістері арқылы жүзеге асырылынатын. Бұл арада қозғаушы күштер болып белгілі бір әлеуметтік топтын жыйынтығы да шығады. Бұлар қоғам дамуының прогресшіл мүдделеріне сәйкес нақтылы – тарихи жағдайларға байланысты толғағы пісіп – жетілген қайшылықтарды шешуге бағытталған.
Марериалдық – экономикалық мүдделерден басқа рухани мүддерлерде бар. Рухани мүдделер қоғамның эстетикалық адамгершілік діни мүдделері – оның білімге мәдениетке, оқуға үмтылуы.
Мүдделердің өзгеру негізіне объективті болмыс және адамның материалдық дүниеде өмір сүруі, адам мен қоғамдағы өзгеру барысының бейнесі жатады. Бір мүдделерді қанағаттандыру қоғам дамуында жаңа мүдделерді туғызады. Сондықтан мүдделердің де жоғарлау, өрлеу заңы тарихтың қозғаушы кұшіне енеді.
Қоғамдық болмыс жағдайлары мен мүдделері арасындағы қайшылықтарды шешуде адамдардың ынта – ықыласы, көз қарастары жүзеге асырылады.
Қоғам - жалпы мағынасында, мәдениеті ортақ, белгілі бір аумақта тұратын және өздерін біртұтас, өзгеше бірлестік деп білетін адамдар тобы; тар мағынасында бұрыннан немесе жақсы танымал ұлттық бірлестік. Бұл ұғым әлеуметтанудағы ең маңызды ұғымдардын бірі болып табылатындығына қарамстан, оны қолдану әсіресе оның екінші өзіндік отбасылық, экономикалық және саяси институттары мен анық шеқаралары бар әйгілі ұлттық мемлекеттерге қолданыла алатын мағынасында пайдалану біркатар қиындықтар мен кикілжіндер туғызып отыр.
Қоғам дегеніміз не? Бұл сұраққа жай ғана жауап беру қиын. Қоғам - өте нәзік әрі күрделі материя. Оны қолмен ұстауға немесе микроскоппен қарап көруге болмайды. Олай болса, қоғамды анықтайтын өлшемді табу қажет.
«Қоғам» деген сөздің мағынасы кең: алғашқы қауымдық қоғам, феодалдық қоғам, капиталистік қоғам, француз қоғамы, демократиялық қоғам т.б. Бұл арада алдымен белгілі бір қауымның немесе жеке бір елдің тарихи даму кезеңдері еске түседі. Ал осы сөзді жалпы мағынада алсақ, онда бүкіл адамзат тарихы және оның болашағы туралы ойлаймыз. Бұл - әлемнің барлық халықтарының жиынтығы жөніндегі ұғым. Басқа сөзбен айтсақ, адамдардың өзара қатынас тәсілі және бірігу формаларынан түратын, табиғаттан ерекшеленген дүниенің бір бөлігі.
Қоғам туралы түсінікті нақтылай түссек, қоғам деп - бірігіп еңбек ететін жеке адамдардың жиынтығын және олардың арасындағы екі жақты қатынасты айтамыз. Біріншісі, қоғам - адамның өмір сүру тәсілі. Қоғамсыз адам жоқ, адамсыз қоғам жоқ. Екіншіден, қоғам жеке адамдардан ғана тұрмайды, ол сол жеке адамдардың өзара қатынасын көрсетеді. Жеке адам қоғамға ұжым арқылы енеді. Ол сонымен қатар бірнеше ұжымдардың мүшесі болады (еңбек, партия, кәсіподак,, т.б.). Демек, қоғам - ұжымдардың ұжымы, бірлігі болып көрінеді.
Адамдар қоғамда белгілі бір әлеуметтік топқа, тапқа, ұлтқа жатады. Әлеуметтік топтардың, таптардың, ұлттардың экономикалық, әлеуметтік, саяси, мәдени өмірдегі көп салалы байланыстары мен іс-әрекеті қоғамдық қатынас деп аталады.
Сонымен, қоғамды адамдардың өмір сүру тәсілі деп түсіну үшін, олардың өмір сүруін қамтамасыз ететін қоғамдық қатынастарды білу қажет. Қоғамдық қатынас мынадай ерекшеліктерімен сипатталады:
1) қоғамға қажетті қатынас түрлері болады;
2) субьект (жеке адам, адамдар) топтық сипатта болады;
3) қоғамның обьективтік сипаты болады, яғни қоғам адамдар сол қатынасқа енгісі келе ме жоқ па, оған қарамастан өмір сүреді.
Қоғамның материалдық өндіріс саласындағы қатынасы мен рухани саласындағы қатынасын ажырата білу керек. Біріншісі қоғамның өмір сүруі мен дамуына материалдық жағдай жасайды, ал екіншісі (идеологиялық, саяси, құқықтық, имандылық т.б.) - адамдардың рухани-мәдени құндылықты жасаудағы өзара байланыстaрының нәтижесі.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет