№1118 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қаулы етемін: «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы»



Дата23.02.2016
өлшемі345.28 Kb.
#4083



«Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 7 желтоқсандағы № 1118 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 7 желтоқсандағы № 1118 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 5, 49-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында:

«4. Бағдарламаның мақсаттары, міндеттері, нысаналы индикаторлары және іске асырылу нәтижелерінің көрсеткіштері» деген бөлімде:

«Нысаналы индикаторлар» деген кіші бөлімнің кестесінде:

мына:


«

2015 жылдан бастап ШЖМ-нан басқа, барлық білім беру ұйымдарында жан басына шаққандағы қаржыландыру тетіктері енгізіледі

0%

60 %

60 %

»

деген бірінші жол мынадай редакцияда жазылсын:

«

2020 жылға қарай ШЖМ-нан және қосымша және арнайы білім ұйымдарынан басқа барлық білім беру ұйымдарында жан басына шаққандағы қаржыландыру тетіктері енгізіледі

0%

73,8%

100%

»;

мына:


«

білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестер құрылған

40%

45%

60%

білім беру ұйымдарының басшылары менеджмент саласында біліктілігін арттырған және қайта даярлаудан өткен

29%

50%

100 %

орта білім беру ұйымдарында электрондық оқу жүйесі пайдаланылады

0

50%

90%

»

деген үшінші, төртінші, бесінші жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

«

білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестер құрылған

40 %

47,3 %

60,7 %

білім беру ұйымдарының басшылары менеджмент саласында біліктілігін арттырған

29%

50%

100%

орта білім беру ұйымдарында электрондық оқу жүйесі пайдаланылады

0

14,2%

90%

»;

мына:


«

Қазақстанның барлық өңірлеріндегі «Назарбаев Зияткерлік мектептері» жобасының шеңберіндегі мектептердің саны

6

20

20

»

деген сегізінші жол мынадай редакцияда жазылсын:

«

Қазақстанның барлық өңірлеріндегі Назарбаев Зияткерлік мектептерінің саны: 2015 жылы – 20 б., 2020 жылы – 20 б.

6

20

20

»;

мына:


«

PISA, TIMSS, PIRLS халықаралық салыстырмалы зерттеулердегі қазақстандық жалпы білім беретін мектептер оқушыларының нәтижелері

TIMSS:

7-11 орын



PISA:

50–55 орын,

TIMSS:

10–15 орын



PISA:

40–45 орын,

TIMSS:

10–12 орын,



PIRLS:

10–15 орын



»

деген оныншы жол мынадай редакцияда жазылсын:

«

PISA, TIMSS, PIRLS халықаралық салыстырмалы зерттеулеріндегі қазақстандық жалпы білім беретін мектептер оқушыларының нәтижелері

TIMSS: 7-11 орын

TIMSS: 4 және 8 сыныптар үшін кемінде 500 балл

PISA: кемінде 450 балл




TIMSS-2019: 4 және 8 сыныптар үшін кемінде 520 балл,

PISA-2018: кемінде 480 балл, PIRLS-2016:

кемінде 450 балл, ICILS- 2018: кемінде 450 балл


»;

мына:


«

қатысушылардың жалпы санына шаққанда кәсіби даярлық деңгейін бағалаудан және біліктілікті беруден алғашқы реттен өткен ТжКБ бітірушілерінің үлесі

40%

75%

80%

»

деген он екінші жол мынадай редакцияда жазылсын:

«

қатысушылардың жалпы санына шаққанда кәсіби даярлық деңгейін бағалаудан және біліктілікті беруден алғашқы реттен өткен ТжКБ бітірушілерінің үлесі

40%

85%

95%

»;

мына:


«

жоғары оқу орындарында мемлекеттік тапсырыс бойынша білім алған түлектердің ЖОО бітіргеннен кейін бір жыл ішінде мамандығы бойынша жұмысқа орналасқандардың үлесі

50%

78%

80 %

әлемнің үздік университеттері рейтингінде көрсетілген Қазақстанның жоғары оқу орындарының саны

0

1

2

»

деген он алтыншы, он жетінші жолдар мынадай редакцияда жазылсын:


«

жоғары оқу орындарында мемлекеттік тапсырыс бойынша білім алған түлектердің ЖОО бітіргеннен кейін бір жыл ішінде мамандығы бойынша жұмысқа орналасқандардың үлесі

50%

80%

80,1 %

әлемнің үздік университеттері рейтингінде көрсетілген Қазақстанның жоғары оқу орындарының саны

0

QS рейтинг

«ТОП-600+»: 2 жоо



QS рейтинг
«ТОП-600+»:

4 жоо


»;

«Міндеттерге қол жеткізу мынадай көрсеткіштермен өлшенетін болады» деген кіші бөлімнің кестесінде:

мына:

«


педагогтердің жалпы санынан ағымдағы жылы білім беру ұйымдарына жұмысқа келген жас мамандардың үлесі

2,6%

4,5 %

6%

ЖАО, БҒМ

жаратылыстану-математика циклі пәндерін ағылшын тілінде оқытатын педагогтердің үлесі

0,6 %

10%

15%

БҒМ

академиялық және ғылыми дәрежесі бар біліктілікті арттыру жүйесі мамандарының үлесі

3,4%

5%

15%

ЖАО, БҒМ

»

деген үшінші, төртінші, бесінші жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

«


педагогтердің жалпы санынан ағымдағы жылы білім беру ұйымдарына жұмысқа келген жас мамандардың үлесі

2,6%

4,5 %

6%

ЖАО, БҒМ

жаратылыстану-математика циклі пәндерін ағылшын тілінде оқытатын педагогтердің үлесі

0,6 %

2,5%

7%

БҒМ

академиялық және ғылыми дәрежесі бар біліктілікті арттыру жүйесі ПОҚ үлесі

3,4%

45%

50%

ЖАО, БҒМ

»;

мына:


«

азаматтық жоғары оқу орындарына корпоративті басқару принциптерін енгізу

44%

65%

90%

БҒМ

оқытуда АКТ-ны пайдалану бойынша біліктілігін арттырудан өткен педагогтердің үлесі

0%

90%

90%

БҒМ, ЖАО

»

деген сегізінші, тоғызыншы жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

«


азаматтық жоғары оқу орындарына корпоративті басқару принциптерін енгізу

44%

70%

90%

БҒМ

оқытуда АКТ-ны пайдалану бойынша біліктілігін арттырудан өткен педагогтердің үлесі

0%

3,9%

7,8%

БҒМ, ЖАО

электрондық оқыту бойынша біліктілігін арттырудан өткен педагогтердің үлесі




13,7 %

90 %

ЖАО, БҒМ

»;

мына:


«

мектептердің жалпы санынан сервистік қызмет көрсететін жаңа модификациялы кабинеттері (химия, биология, физика, лингафондық және мультимедиалық кабинеттер) бар мектептердің үлесі

31,7%

40%

80%

ЖАО, БҒМ

»

деген он бесінші жол мынадай редакцияда жазылсын:

«


мектептердің жалпы санынан жаңа модификациялы пәндік және мультимедиалық кабинеттермен жабдықталған негізгі және орта мектептердің үлесі

31,7%

49%

80%

ЖАО, БҒМ

»;

мына:


«

оқушы орнының тапшылығы

74,3 мың

45 мың

30 мың

ЖАО, БҒМ

үш ауысымда сабақ жүргізетін мектептер үлесі

0,9%

0,2%

0

ЖАО, БҒМ

»

деген он жетінші, он сегізінші жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

«


оқушы орнының тапшылығы

74,3 мың

60 мың

30 мың

ЖАО, БҒМ

үш ауысымда сабақ жүргізетін мектептер үлесі

0,9%

0,8%

0

ЖАО, БҒМ

»;

мына:


«

оқушылардың жалпы санынан балалар-жасөспірімдер спорт мектебімен қамтылған оқушылар үлесі

8 %

12 %

14,5 %

ТСМ

көркем, музыкалық, техникалық, ғылыми шығармашылықпен қамтылған мектеп жасындағы балалардың үлесі

21,5%

23%

38%

ЖАО, БҒМ

»

деген жиырма екінші, жиырма үшінші жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

«


оқушылардың жалпы санынан балалар-жасөспірімдер спорт мектебімен қамтылған оқушылар үлесі

8 %

12 %

14,5 %

МСМ

жалпы орта және қосымша білім беру ұйымдарындағы оқушылардың жалпы санынан қосымша білім берумен қамтылған мектеп оқушыларының үлесі

21,5%

60%

75%

ЖАО, БҒМ

1-10 сыныптар білім алушыларының жалпы санынан қала сыртындағы және мектеп жанындағы сауықтырумен және бос уақытпен қамтылған мектеп оқушыларының үлесі




70%

75%

ЖАО, БҒМ

»;

мына:


«

даму мүмкіндігі шектеулі балалардың жалпы санынан инклюзивті біліммен қамтылған балалардың үлесі

9%



25%

50%

ЖАО, ЕХӘҚМ, БҒМ

»

деген жиырма бесінші жол мынадай редакцияда жазылсын:

«


даму мүмкіндігі шектеулі балалардың жалпы санынан инклюзивті біліммен қамтылған балалардың үлесі

9%



25%

50%

ЖАО, ДӘДМ, БҒМ

»;

мына:


«

мамандықтардың жалпы санынан кәсіптік стандарттармен қамтамасыз етілген ТжКБ мамандықтарының үлесі

0%

30%

90%

ЕХӘҚМ, ИЖТМ, жұмыс берушілер қауымдастығы

»

деген жиырма жетінші жол мынадай редакцияда жазылсын:

«


мамандықтардың жалпы санынан кәсіптік стандарттармен қамтамасыз етілген ТжКБ мамандықтарының үлесі

0%

35%

90%

ДӘДМ, ИДМ, салалық министрліктер, БҒМ, жұмыс берушілер қауымдастығы

»;

мына:


«

жұмыс берушілердің және халықаралық сарапшылардың қатысуымен әзірленген техникалық және кәсіптік білімнің біріктірілген білім беру-оқыту бағдарламаларының үлесі

20%

40%

70%

БҒМ, ЖАО, жұмыс берушілер қауымдастығы

ТжКБ оқу орындарында мемлекеттік тапсырыс есебінен оқитындардың жалпы санынан кәсіпорындар базасында практикадан өтуге арналған орындармен қамтамасыз етілген білім алушылар үлесі

80%

85%

90%

ЖАО, БҒМ, салалық министрліктер, жұмыс берушілер қауымдастығы, «Атамекен» Одағы

»

деген жиырма тоғызыншы, отызыншы жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

«


жұмыс берушілердің және халықаралық сарапшылардың қатысуымен әзірленген техникалық және кәсіптік білімнің біріктірілген білім беру-оқыту бағдарламаларының үлесі

20%

40%

70%

БҒМ, ЖАО, жұмыс берушілер қауымдастығы

ТжКБ оқу орындарында мемлекеттік тапсырыс есебінен оқитындардың жалпы санынан кәсіпорындар базасында практикадан өтуге арналған орындармен қамтамасыз етілген білім алушылар үлесі

80%

87%

90%

ЖАО, БҒМ, салалық министрліктер, жұмыс берушілер қауымдастығы, Ұлттық кәсәпкерлер палатасы

»;

мына:


«

техникалық және кәсіптік біліммен қамтылған типтік жастағы жастардың үлесі

17,6%

20%

23%

ЖАО, БҒМ

»

деген отыз екінші жол мынадай редакцияда жазылсын:

«


техникалық және кәсіптік біліммен қамтылған типтік жастағы жастардың үлесі

17,6%

16,8%

17,8%

ЖАО, БҒМ

»;

мына:


«

жатақханалардағы ТжКБ оқушылары үшін жаңадан енгізілген орын саны

0

1300

орын


1500 орын

ЖАО

ТжКБ оқу орындарының жалпы санынан қазіргі заманғы оқу жабдықтарымен жарақтандырылған оқу орындарының үлесі

36%

75%

90%

ЖАО, БҒМ

»

деген отыз төртінші, отыз бесінші жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

«


жатақханалардағы ТжКБ оқушылары үшін жаңадан енгізілген орын саны

0

2650

орын


2408

орын


ЖАО

ТжКБ оқу орындарының жалпы санынан қазіргі заманғы оқу жабдықтарымен жарақтандырылған оқу-өндірістік шеберханалар мен зертханалардың үлесі

36%

42%

55,7%

ЖАО, БҒМ

кооперативтік (дуальді) оқытудың негізгі қағиғаттарын енгізген ТжКБ оқу орындарының үлесі




48%

70%

ЖАО, БҒМ

»;

мына:


«

2015 жылдан бастап «Болашақ» бағдарламасының стипендиаттары магистратурада, докторантурада, бакалавриатта – бір семестрден бір академиялық жылға дейін оқиды, ғылыми тағылымдамадан өтеді

69%

100 %

100 %

БҒМ

Республикалық ЖОО-аралық электрондық кітапханаға қолжетімділігі бар жоғары оқу орындарының үлесі

26 %

55%

100%

БҒМ

»

деген қырықыншы, қырық бірінші жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

«


2011 жылдан бастап «Болашақ» бағдарламасының стипендиаттары магистратурада, докторантурада, резидентурада оқиды, ғылыми тағылымдамадан өтеді, 2015 жылы-100%, 2020 жылы - 100%

69%

100 %

100 %

БҒМ

Республикалық ЖОО-аралық электрондық кітапханаға қолжетімділігі бар жоғары оқу орындарының үлесі

26 %

80%

100%

БҒМ

»;

мына:


«

жоғары оқу орындарының жалпы санынан ғылыми және жобалау-конструкторлық ұйымдардың құрылымдық бөлімшелерін құрған жоғары оқу орындарының үлес

*

10%

25%

БҒМ

магистратура мен докторантураны аяқтаған және жоғары оқу орындарын бітірген жылы жоғары оқу орындары мен ғылыми ұйымдарға жұмысқа орналасқан жоғары оқу орындары түлектерінің үлесі

*

10%

30%

БҒМ

»;

деген қырық алтыншы, қырық жетінші жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

«


азаматтық жоғары оқу орындарының жалпы санынан ғылыми және жобалау-конструкторлық ұйымдардың құрылымдық бөлімшелерін құрған жоғары оқу орындарының үлесі

*

10%

25%

БҒМ

магистратура мен докторантураны аяқтаған және жоғары оқу орындарын бітірген жылы жоғары оқу орындары мен ғылыми ұйымдарға жұмысқа орналасқан жоғары оқу орындары түлектерінің үлесі

*

15%

30%

БҒМ

»;

мына:


«

жұмыс берушілермен бірлесіп, техникалық және қызмет көрсету еңбегінің қызметкерлерін қайта даярлау және біліктілігін арттырудың қысқа мерзімді курстары үшін модульдік оқу бағдарламаларының саны

0

20 бірлік

25 бірлік

БҒМ, жұмыс берушілер, ЕХӘҚМ

»

деген елуінші жол мынадай редакцияда жазылсын:

«


жұмыс берушілермен бірлесіп, техникалық және қызмет көрсету еңбегінің қызметкерлерін қайта даярлау және біліктілігін арттырудың қысқа мерзімді курстары үшін модульдік оқу бағдарламаларының саны

0

20 бірлік

25 бірлік

БҒМ, жұмыс берушілер, ДӘДМ

»;

мына:


«

мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асыруға тартылған республикалық жастар ұйымдарының үлесі

12%

20%

24%

БҒМ, ЖАО, үкіметтік емес ұйымдар

»

деген елу үшінші жол мынадай редакцияда жазылсын:

«


мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асыруға тартылған жастар ұйымдарының үлесі

12%

20%

24%

БҒМ, ЖАО, үкіметтік емес ұйымдар

»;

«5. Бағдарламаның негізгі бағыттары, алға қойылған мақсаттарға жету жолдары және тиісті шаралар» деген бөлімде:

«Білім беру жүйесін қаржыландыру» деген кіші бөлімде:

«Нысаналы индикатор» деген тарау мынадай редакцияда жазылсын:

«Нысаналы индикатор:

2020 жылға қарай ШЖМ-нан басқа, барлық білім беру, қосымша және арнайы оқыту ұйымдарында жан басына шаққандағы қаржыландыру тетіктері енгізілген.»



«Жан басына қаржыландыру» деген тарауда:

екінші, үшінші, төртінші, бесінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:

«2013-2014 жылдары орта, техникалық және кәсіптік білім беруді қаржыландырудың жан басына шаққандағы қаржыландырудың әдістемелері әзірленетін болады. Оларда азаматтардың мемлекеттік оқу орындарында міндетті тегін орта білім және конкурстық негізде тегін техникалық және кәсіптік білім алуға мемлекеттік кепілдіктерін қамтамасыз ету нормативтерін есептеу жолдары айқындалатын болады.

Сондай-ақ жан басына шаққандағы қаржыландыру тетіктерін іске асыру бойынша басқа да нормативтік құқықтық құжаттар әзірленетін болады.

2013 жылы орта білім беруді жан басына шаққандағы қаржыландыру жүйесі Ақтөбе, Алматы, Шығыс Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан облыстарында орналасқан 50 пилоттық мектепте апробациядан өтеді. 2014 жылы апробацияға қосымша Ақмола облысының 13 мектебі енгізіледі.

Пилоттық мектептерде жан басына шаққандағы қаржыландыру тетігін апробациядан өткізу шеңберінде қаржылық дербестілік және мектептерді ұжымдық басқару тетіктері пысықталатын болады. Ол үшін пилоттық мектептерде қамқоршылық кеңестер құрылатын болады.

ШЖМ-нан басқа қалған мектептерге жан басына қаржыландыру пилоттық мектепте алынған тәжірибенің негізінде енгізілетін болады.»;



жетінші, сегізінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:

«2014 жылы ТжКБ жүйесінде бір маманды даярлауға жұмсалатын шығындардың нормаларын бекіте отырып, жан басына қаржыландыру әдістемесі мен қағидалары бекітілетін болады.

2015 жылдан бастап әдістеменің апробациясы Шығыс Қазақстан, Қостанай және Павлодар облыстарының барлық техникалық және кәсіптік білім беретін мемлекеттік ұйымдардарында жүзеге асырылады.

2020 жылға қарай ШЖМ-нан басқа барлық білім беру, қосымша және арнайы оқыту ұйымдарында жан басына шаққандағы қаржыландыру тетіктері енгізілген.»;

«Педагог мәртебесі» деген кіші бөлімде:

«Білім беру жүйесін жоғары білікті кадрлармен қамтамасыз ету» деген тарауда:



үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«2011 жылдан бастап:

«Болашақ» халықаралық стипендиясының шеңберінде орта, техникалық және кәсіптік, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру салалары үшін ағылшын тілді педагог кадрларды даярлау қамтамасыз етіледі;»;

жетінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

Мектепке дейінгі, негізгі орта, техникалық және кәсіптік білім жүйесінің педагогиялық кадрлары қысқа мерзімді біліктілікті арттыру курстарынан, оның ішінде мазмұнды жаңарту, сондай-ақ деңгейлік бағдарламалар бойынша өтеді.»;



он бірінші, он екінші, он үшінші, он төртінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:

«Жыл сайын мектепке дейінгі және орта білім жүйесінің педагог кадрларының біліктілігін арттыруға мемлекеттік тапсырыс бөлінеді. Оның ішінде мына мамандар үшін:

мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балаларды біріктірілген түрде оқыту (инклюзивті білім);

даму мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс;

жалпы білім беру бағдарламаларын іске асыру.»;

«Педагог қызметкерлердің еңбегін мемлекеттік қолдау мен ынталандыруды күшейту» деген тарауда:

он төртінші абзац алынып тасталсын;

«Білім беру менеджменті» деген кіші бөлімде:

«Нысаналы индикаторлар» деген тарау мынадай редакцияда жазылсын:

«Нысаналы индикаторлар:

Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестер құрылған (2015 жылы – 47,3%, 2020 жылы – 60,7%).

Білім беру ұйымдарының басшылары менеджмент саласында біліктілігін арттырған (2015 жылы – 50 %, 2020 жылы – 100 %).»;

«Білім беруді басқару жүйесі» деген тарауда:

он үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«Қазіргі заманғы менеджмент технологияларын енгізу үшін білім беру ұйымдарының басшылары «НЗМ» ДБҰ Кембридж университетімен бірлесіп әзірлеген менеджмент саласында және деңгейлік бағдарламалар бойынша біліктілігін арттырады.»;

он бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«2016 жылы мемлекеттік ЖОО ректорларын тағайындау тетігі, олардың сайлануы бөлігінде қайта қаралатын болады.»;



он жетінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«Білім беру ұйымдары қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету және ЖОО-ларда сыбайлас жемқорлық пайызын азайту үшін әлеуметтік зерттеулер мен акциялар өткізілетін болады.»;

«E-learning» электрондық оқыту» деген кіші бөлімде:

«Нысаналы индикатор» деген тарау мынадай редакцияда жасылсын:

«Нысаналы индикатор:

Білім беру ұйымдарында электрондық оқыту жүйесі қолданылады (2015 жылы – 14,2 %, 2020 жылы – 90 %).»;

«Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту» деген кіші бөлімде:

«Мақсаты» деген тарау мынадай редакцияда жазылсын:

«Мақсаты:

Халықтың мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының сапалы қызметтеріне деген қажеттілігін қанағаттандыру»;

«Міндеттері» деген тарау мынадай редакцияда жазылсын:

«1. 2015 жылға дейін мектепалды даярлықпен 5-6 жасар балаларды толық қамтуды қамтамасыз ету;

2. балаларды мектепке даярлау үшін олардың мектепке дейінгі тәрбие беру мен оқытудың түрлі бағдарламаларына тең қол жеткізуін қамтамасыз ету;

3. республикадағы демографиялық жағдайды және халықтың білім алудағы қажеттілігін ескере отырып, мектепке дейінгі ұйымдардың вариативті желісін ұлғайту;

4. мектепке дейінгі ұйымдардың тапшылығы проблемасын шешу үшін қажетті қаржылық - экономикалық жағдайлар жасау;

5. мектепке дейінгі ұйымдарды білікті кадрлармен толық қамтамасыз етуді және олардың біліктілігін үнемі арттырып отыруды жүзеге асыру;

6. инклюзивті білім беруді дамыту (мектепке дейінгі ұйымдарды пандустармен, кіреберістермен, көтергіш құралдармен, лифтілермен және басқа да құрылғылармен жабдықтау).

7. Тәрбиелеу мен оқытудың мазмұнын оқытудың жаңа әдістемелері мен технологияларын енгізу есебінен жаңарту.»;

«Нысаналы индикатор» деген тарау мынадай редакцияда жазылсын:

«Нысаналы индикатор:

3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту (2015 жылы – 77,7%, 2020 жылы - 100%).»;

«Мектепке дейінгі ұйымдардың желісін ұлғайту» деген тарауда:

екінші абзац алынып тасталсын;

үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«Ерте жастағы балаларға түзеу-педагогикалық қолдау көрсету үшін психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеттері желісі кеңейтілетін болады. 2015 жылға дейін психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеттері (ППТК) желісі барлық балабақша санынан 8% - дан 30% - ға дейін өседі.»;

«Мазмұнды жаңарту, кадрлармен қамтамасыз ету» деген тарауда:



тоғызыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«3 жастан 6 жасқа дейігі балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеумен және оқытумен қамтуды 100 %-ға дейін ұлғайту;»;

«Орта білім» деген кіші бөлімде:

«Міндеттері:» деген тарауда:

екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Шағын жинақты мектептер проблемаларын шешу.»;

«Нысаналы индикаторлар:» деген тарауда:

екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«Қазақстанның барлық өңірлеріндегі Назарбаев Зияткерлік мектептерінің саны: 2015 жылы – 20 бірлік, 2020 жылы – 20 бірлік»;



төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«PISA, TIMSS, PIRLS халықаралық салыстырмалы зерттеулеріндегі қазақстандық жалпы білім беретін мектептер оқушыларының нәтижелері (2015 ж.: PISA: кемінде 450 балл, TIMSS: 4 және 8 сыныптар үшін кемінде 500 балл, 2020 ж.: PISA-2018: кемінде 480 балл, TIMSS-2019: 4 және 8 сыныптар үшін кемінде 520 балл, PIRLS-2016: кемінде 450 балл, ICILS- 2018: кемінде 450 балл)»;

«Білім берудің 12 жылдық моделіне көшу» деген тарауда:

жиырма бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«Жинақталған тәжірибе мен халықаралық тәжірибені ескере отырып, 2015 жылдан бастап Қазақстанның білім жүйесінің құрылымы ХББСК-ға сәйкестендіріледі. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің мамандықтар жіктеуіші қайта қарастырылатын болады. Техникалық және кәсіптік орта білімнің жекелеген білім беру бағдарламалары үшінші білім жүйесіне (қолданбалы бакалавриат) ауыстырылады, колледждердің мәртебесі артады. Қолданбалы бакалавриаттың бағдарламаларына түсу үшін толық орта білімді аяқтау қажет.»;

«Инклюзивті білім жүйесін дамыту» деген тарауда:



екінші, үшінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:

«бастауыш және негізгі орта білім беру деңгейінде білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың икемді жүйесі;

инклюзивті білім беру идеяларын іске асыру ескерілген, жоғары педагогикалық білім беру стандарты;

мүмкіндігі шектеулі балаларды жалпы білім беретін мектептерге, мектепке дейінгі ұйымдарға қабылдау қағидалары;

мүмкіндігі шектеулі балаларға білім беру қызметтерін ұсынатын білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру қағидалары;»;

он екінші, он үшінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:

«2015 жылға қарай қосымша білім беру ұйымдарының желісі ұлғайып, 700-ге жетеді.

Бұл балаларды қосымша біліммен қамтуды 60 %-ға дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді.»;

«Техникалық және кәсіптік білім» деген кіші бөлімде:

«Нысаналы индикатор:» деген тарауда:

бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«Қатысушылардың жалпы санынан кәсіби даярлық деңгейін бағалаудан және біліктілікті беруден алғашқы реттен өткен ТжКБ бітірушілерінің үлесі (2015 ж. - 85%, 2020 ж. - 95%).»;

«Техникалық және кәсіптік білімнің құрылымы мен мазмұнын экономиканың индустриялық-инновациялық дамуының сұраныстарын ескере отырып жаңарту» деген тарау:

мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

«Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ оқу орындарының базасында техникалық және кәсіптік білімнің жаңа инфрақұрылымы (әлемдік деңгейдегі колледждер, өңіраларық кәсіптік орталықтар) құрылады. Жаңа құрылым еңбек нарығы мен ел экономикасының ағымдағы және келешектегі қажеттіліктерін ескере отырып, ТжКБ саласындағы озық әлемдік практиканың негізінде құрылатын болады.»;

бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«Ұлттық және салалық біліктілік шеңбері негізінде кадрлар даярлау құрылымы ретке келтірілетін болады.»;



жетінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«Білім алушылардың практикалық дағдыларын дамыту үшін оқу жоспарларындағы кәсіптік практиканың үлесі 60 %-ға дейін ұлғаятын болады. Бұл үшін жұмыс берушілермен әріптестік есебінен, оның ішінде кооперативті (дуальді) білімнің негізгі қағидаттарын енгізу арқылы практика базасы кеңейтіледі.

«Экономика салалары үшін кадрлар даярлаудың инфрақұрылымын дамыту» деген тарауда:

төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«Жоғары білікті жұмысшы кадрларды даярлау сапасын реттеу, оның ішінде экономика салаларында мамандардың біліктілігін тәуелсіз сертификаттау жүйесін енгізе отырып, жергілікті жерлерде дуальді оқыту шеңберінде қамтамасыз етілетін болады.»;

«Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім» деген кіші бөлімде:

«Нысаналы индикаторлар:» деген тарауда:

екінші, үшінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:

«Жоғары оқу орнын бітірген жылы мамандығы бойынша жұмысқа орналасқан мемлекеттік тапсырыс бойынша оқыған жоғары оқу орындары түлектерінің үлесі (2015 жылы – 80%, 2020 жылы – 80 %).

Әлемнің үздік университеттері рейтингінде көрсетілген Қазақстанның жоғары оқу орындарының саны ((2015 жылы – QS рейтинг «ТОП-600+»: 2 жоо; 2020 жылы – QS рейтинг «ТОП-600+»: 4 жоо);»;

«Еліміздің индустриялық-инновациялық дамуының жобаларына сәйкес келетін жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрлармен қамтамасыз ету» деген тарау:

мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

«Кадрлар даярлау елдің индустриялық-инновациялық дамуына сәйкес келтірілетін болады.

Жоғары оқу орындарын қайта бейіндеу және өңірлік мамандандыру жүзеге асырылатын болады.»;

бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«Болашақ» бағдарламасы бойынша стипендиаттардың 100% магистратурада, докторантурада, резидентурада оқиды, ғылыми тағылымдамадан өтеді.»;

оныншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«Кәсіпорындарда, соның ішінде ИИДМБ жобаларын іске асыратын кәсіпорындарда өндірістік практика базалары құрылады.

Екінші курстан бастап студенттер үшін кәсіпорындарда өндірістік практика енгізіледі.

Мемлекеттік органдар мен еңбек және жұмыспен қамтудың уәкілетті органына жоо бітірушіні жұмысқа орналастыру үшін ортақ жауапкершілік жүктелетін болады.»;

«Жоғары білімнің мазмұны мен құрылымын Болон процесінің параметрлеріне сәйкес келтіру арқылы жоғары білімнің еуропалық аймаққа кірігуін қамтамасыз ету» деген тарауда:

үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«Болон декларациясы қағидаттарының бірі ретінде академиялық ұтқырлықты дамыту мақсатында студенттер оқудың барлық кезеңінде кемінде бір академиялық кезеңде шетелде оқытылатын болады;»;



он екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«уәкілетті мемлекеттік органдар экономиканың барлық салаларында жұмыс берушілер бірлестіктерімен бірге кәсіптік стандарттар әзірлейтін болады.»;

он сегізінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«Еліміздің жоғары оқу орындарына кезең-кезеңмен дербестік беру үшін жағдай жасалады. 2016 жылдан бастап еліміздегі жоғары оқу орындарына заңнамалық деңгейде кезең-кезеңмен басқарушылық, қаржылық және академиялық дербестік беру үшін жағдайлар жасалады.»;

«Білімнің, ғылымның және өндірістің кірігуін қамтамасыз ету, зияткерлік меншік пен технологиялардың өнімдерін коммерцияландыру үшін жағдай жасау. Жоғары білікті ғылыми және ғылыми-педагог кадрларды даярлау» деген тарау:

мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

«Жоғары оқу орындары базасында ғылыми-зерттеу институттары мен кәсіпорындардың қатысуымен ғылыми-білім беру кластерлері құрылатын болады. Жекелеген жоғары оқу орындары шетелдік инвесторлардың және отандық компаниялардың консорциумдарына сенімгерлік басқаруға берілетін болады.»;

үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«Елдің индустриялық-инновациялық даму бағыттарын іске асыру үшін жоғары оқу орындары жанынан инновациялық құрылымдар құрылады:»;

«Өмір бойы оқу» деген кіші бөлімде:

«Нысаналы индикатор:» деген тарауда:

бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«Білім беру ұйымдарында 2016 жылдан бастап мүмкіндіктері шектеулі адамдарды кәсіби даярлау үшін жағдайлар жасалатын болады, арнайы білім беру бағдарламалары жасалады.»;

«Тәрбие жұмысы және жастар саясаты» деген кіші бөлімде:

«Жастар саясатын іске асыру» деген тарауда:

екінші, үшінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:

«2011 жылдан бастап: жастарға тұратын, оқитын және жұмыс істейтін жері бойынша атаулы көмек көрсету үшін барлық өңірлерде психологиялық, білім беру, профилактикалық, консультациялық, әдіснамалық, құқықтық қызметтер көрсету бойынша жастар ресурстық орталықтары құрылған.

2016 жылға қарай олардың саны 200-ге жетеді;

жыл сайын мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде жастар арасында әскери-патриоттық тәрбие беруді дамыту бойынша әлеуметтік маңызы бар жобалар іске асырылатын болады.»;

алтыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«жыл сайын мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде жастар арасында еріктілер (волонтерлік) қызметін дамыту бойынша әлеуметтік маңызы бар жобалар іске асырылатын болады.»;

мемлекеттік жастар саясаты саласында нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру бойынша жұмыс жалғастырылатын болады;

ТжКБ ұйымдарында, ЖОО-да, кәсіпорындарда Жастар ісі жөніндегі комитеттерді және жастармен жұмыс жөніндегі өзге де құрылымдарды құру бойынша жұмыс жалғастырылатын болады.»;

«Жастардың әлеуетін ашу тетіктерін іске асыру» деген тарау:

мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

«Жетекші республикалық жастар ұйымдарының өкілдерін орталық және жергілікті атқарушы органдардың жанындағы азаматтық қоғам институттарымен өзара іс-қимыл жөніндегі консультативтік-кеңес беру органдарының құрамына енгізу бойынша жұмыс жалғастырылатын болады.».

2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.



Қазақстан Республикасының

Президенті Н.Назарбаев


Астана, Ақорда, 2014 жылғы







Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет