Жол жүрiсi қауiпсiздiгi туралы
Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 15 шiлдедегi N 29 Заңы
Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., N 14
МАЗМҰНЫ
Ескерту. Мәтiнде "тарау" деген сөздiң алдындағы "I - IV" деген цифрлар тиiсiнше "1 - 4" деген цифрлармен ауыстырылды - Қазақстан Республикасының 2004.12.20 N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi) Заңымен.
Осы Заң жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттiк басқару жүйесiн ұйымдастырудың негiзгi принциптерiн белгiлеп, қоғамдық қатынастарды реттейдi.
1 тарау
Жалпы ережелер
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
1) автомагистраль бiр-бiрiнен бөлiп тұратын жолақпен, ал ол болмаған жағдайда, жол қоршауымен бөлiнген, жүрiстiң әрбiр бағыты үшiн жүру бөлiктерi бар, басқа жолдарды, темiржолдарды немесе трамвай жолдарын, жаяу немесе велосипедпен жүретiн жолдарды бiр деңгейде кесiп өтпейтiн жол;
2) жол - мемлекеттiк есепке алуға жататын және көлiк құралдарының жүруiне арналған инженерлiк құрылыс кешенi болып табылатын жалпы пайдаланудағы автомобиль жолы, шаруашылық автомобиль жолы, елдi мекен көшесi. Жол бiр немесе бiрнеше жүрiс бөлiгiн, сондай-ақ трамвай жолдарын, тротуарларды, жол жиектерiн және бөлу жолақтары болған жағдайда - соларды қамтиды;
3) жол жүрiсi - адамдар мен жүктердiң жолдармен көлiк құралдарын пайдаланып не оларсыз (жүргiншiлер) жүрiсi кезiнде, сондай-ақ осы жүрiс ережелерiн реттеу процесiнде туындайтын қоғамдық қатынастар жиынтығы;
4) жол жүрiсi қауiпсiздiгi – жол-көлiк оқиғалары мен олардың зардаптарынан жол жүрiсiне қатысушылар мен мемлекеттiң қорғалу дәрежесiн көрсететiн жол жүрiсiнiң жай-күйi;
5) жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету – жол-көлiк оқиғаларының туындауын болғызбауға, олардың зардаптарының ауырлығын азайтуға бағытталған қызмет;
6) жол жүрiсiне қатысушы – жүргiзушi, жүргiншi, көлiк құралының жолаушысы, мал айдаушы ретiнде жүрiс процесiне тiкелей қатысатын адам;
7) жол жүрiсiн реттеудiң техникалық құралдары – жол белгiлерi, жол таңбалары, бағдаршамдар (олардың жұмыс бағдарламасын айқындайтын жабдықтарды қоса алғанда), темiр жол өткелдерiндегi реттегiш құрылғылар, сондай-ақ жол қоршаулары мен бағыттаушы құрылғылар;
8) жол жүрiсiн ұйымдастыру – жолдардағы жүрiстi басқару жөнiндегi ұйымдық-техникалық iс-шаралар мен өкiммен жүргiзiлетiн iс-қимылдар кешенi;
9) жол-көлiк оқиғасы – көлiк құралының жол бойында жүрiсi процесiнде және оның қатысуымен туындаған, адамдар қаза тапқан немесе жарақаттанған, көлiк құралдары, ғимараттар, жүк бүлiнген не өзге де материалдық залал келтiрген оқиға;
10) көлiк және коммуникация саласындағы уәкiлеттi орган – автомобиль көлiгi саласындағы басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шекте салааралық үйлестiрудi жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
11) көлiк құралы - адамдарды, жүктi немесе үстiне орнатылған жабдықтарды жолдармен тасымалдауға арналған қондырғы;
12) қызмет өңiрi – тiркелген механикалық көлiк құралдарын және олардың тiркемелерiн бөлу принципi бойынша көлiк және коммуникация саласындағы уәкiлеттi орган айқындаған аумақ
13) мемлекеттiк техникалық байқау – тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердiң, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiнiң, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерiнiң, сондай-ақ жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналардың техникалық жай-күйiнiң Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген талаптарға сәйкестiгiн диагностикалаудың мерзiмдi процесi; (2012.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi)
14) механикалық көлiк құралдарын және олардың тiркемелерiн мiндеттi техникалық байқаудың бiрыңғай ақпараттық жүйесi – механикалық көлiк құралдарының және олардың тiркемелерiнiң иелерi, механикалық көлiк құралдары және олардың тiркемелерi, мiндеттi техникалық байқауды өткiзудiң нәтижелерi, берiлген мiндеттi техникалық байқаудан өткенi туралы куәлiктер мен халықаралық техникалық байқау сертификаттары туралы мәлiметтердi қамтитын электрондық деректер базасы;
15) механикалық көлiк құралы - мопедтен басқа, қозғалтқыш арқылы жүретiн көлiк құралы. Бұл ұғым тракторлар мен өздiгiнен жүретiн машиналарға да қолданылады;
16) мiндеттi техникалық байқау – механикалық көлiк құралдары мен олардың тiркемелерiнiң техникалық жай-күйiнiң Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген талаптарға сәйкестiгiн диагностикалаудың мерзiмдi процесi;
17) мiндеттi техникалық байқаудан өткенi туралы куәлiк – қатаң есептiлiк бланкiсi болып табылатын және мiндеттi техникалық байқаудан өту фактiсiн растайтын, оның нәтижелерi бойынша механикалық көлiк құралдарының және олардың тiркемелерiнiң техникалық жай-күйiнiң Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген талаптарға сәйкестiгi белгiленген құжат;
18) техникалық байқаудың диагностикалық картасы – механикалық көлiк құралының және оның тiркемелерiнiң техникалық жай-күйi параметрлерiнiң тiзбесi бар, иесi мен механикалық көлiк құралы және оның тiркемелерi туралы және мiндеттi техникалық байқау нәтижелерi туралы мәлiметтердi қамтитын құжат;
19) техникалық байқаудың стационарлық желiсi – мiндеттi техникалық байқаудан өткiзу үшiн көлiк құралдарын техникалық диагностикалау құралдарымен жарақтандырылған, ғимаратта немесе құрылыста орналасқан кешен;
20) техникалық байқаудың ұтқыр желiсi – көлiк құралдарын мiндеттi техникалық байқаудан өткiзуге арналған техникалық диагностикалау құралдарымен жарақтандырылған, арнайы көлiк құралынан тұратын жылжымалы кешен;
20-1) техникалық байқау операторы – мiндеттi техникалық байқаудан өткiзу жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын және техникалық байқау операторларының тiзiлiмiне енгiзiлген дара кәсiпкер немесе заңды тұлға;
21) техникалық байқау орталығы – механикалық көлiк құралдары мен олардың тiркемелерiнiң техникалық жай-күйiн диагностикалау жұмыстарын орындауға арналған, осы мақсаттар үшiн стационарлық және (немесе) ұтқыр техникалық байқау желiсi бар кешен;
22) техникалық байқау операторларының тiзiлiмi – техникалық байқау операторларының бiрыңғай тiзбесi, оны жүргiзудi көлiк және коммуникация саласындағы уәкiлеттi орган жүзеге асырады;
23) тiркеме қозғалтқышпен жабдықталмаған және механикалық көлiк құралының құрамында жүруге арналған көлiк құралы. Бұл ұғым жартылай тiркемелер мен ұзартылмалы тiркемелерге де қолданылады;
24) халықаралық техникалық байқау сертификаты – қатаң есептiлiктегi бланк болып табылатын және халықаралық автомобиль қатынасында пайдаланылатын, салмағы 3,5 тоннадан асатын механикалық көлiк құралының және оның тiркемелерiнiң мiндеттi техникалық байқаудан өту фактiсiн және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда белгiленген талаптарға сәйкестiгiн растайтын құжат.
Ескерту. 1-бап жаңа редакцияда - ҚР 2011.01.24 N 399-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен, өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2012.04.27 N 15-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
2-бап. Қазақстан Республикасының жол жүрiсi
қауiпсiздiгi туралы заңдары
Қазақстан Республикасының жол жүрiсi қауiпсiздiгi туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi, осы Заңнан, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.
3-бап. Жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң
негiзгi принциптерi
Жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң негiзгi принциптерi мыналар болып табылады:
- жол жүрiсiне қатысушы азаматтардың өмiрi мен денсаулығының шаруашылық қызметтiң экономикалық нәтижелерiнен басымдығы;
- жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуде мемлекет жауапкершiлiгiнiң жол жүрiсiне қатысушы азаматтардың жауапкершiлiгiнен басымдығы;
- жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету кезiнде азаматтар мен мемлекет мүдделерiнiң сақталуы;
- жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге жүйелi көзқарас.
Ескерту. 3-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2004.12.20. N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi) Заңымен.
4-бап. Жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жүйесi
Жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жүйесi мемлекеттiк саясатты iске асыру құралы болып табылады және ол жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету саласындағы қатынастарды айқындайтын құқықтық нормаларды, орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың, меншiк нысанына қарамастан, заңды тұлғалардың, жол жүрiсiне қатысушылардың, жол жүрiсi қауiпсiздiгiн және жол-көлiк оқиғаларының зардаптарын жоюды қамтамасыз ететiн құралдар мен шаралардың жиынтығын қамтиды.
2 тарау
Жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету
саласындағы мемлекеттiк басқару жүйесi
5-бап. Жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң
негiзгi бағыттары
Жол жүрiсi қауiпсiздiгi мыналар арқылы қамтамасыз етiледi:
- Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң, орталық және жергiлiктi атқарушы органдарының жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету саласындағы өкiлеттiгi мен жауапкершiлiгiн белгiлеу;
- жол-көлiк оқиғаларының алдын алу және олардың зардаптарының ауырлығын азайту мақсатымен орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың, заңды және жеке тұлғалардың қызметiн үйлестiру;
- автомобиль, қалалық жер үстi электр көлiгiнде және жол шаруашылығында жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi қызметтi реттеу;
- жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мәселелерi жөнiндегi нормативтiк құқықтық актiлердi белгiленген тәртiппен әзiрлеу және бекiту;
- жол жүрiсiн ұйымдастыру;
- жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi шараларды бағдарламалық-мақсатты жоспарлау;
- жол жүрiсi қауiпсiздiгi жөнiндегi шараларды ғылыми, материалдық-техникалық және қаржы жағынан қамтамасыз ету;
- көлiк құралдарының жүргiзушiлердi даярлауды ұйымдастыру және азаматтарға жүрiс қауiпсiздiгiнiң ережелерi мен талаптарын оқытып-үйрету;
- жол жүрiсi қауiпсiздiгiн медициналық жағынан қамтамасыз ету жөнiнде шаралар кешенiн жүргiзу;
- жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету саласында техникалық реттеу;
- көлiкте сақтандыру саласында әлеуметтiк бағдарланған саясат жүргiзу;
- жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету саласында заңдардың, өзге де нормативтiк актiлердiң, ережелер мен стандарттардың орындалуын мемлекеттiк қадағалау мен бақылау.
Ескерту. 5-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2004.12.20. N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi), 2006.12.29. N 209 , 2007.01.12. N 222 (ресми жарияланған күнiнен бастап алты ай өткеннен кейiн қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
6-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жол жүрiсi
қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету саласындағы құзыретi
Ескерту. Тақырыпқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң құзыретiне мыналар жатады:
- Қазақстан Республикасы аумағында жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету саласында бiрыңғай мемлекеттiк саясат әзiрлеу және жүргiзу;
- техникалық регламенттердi бекiту;
- жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету саласында мемлекеттiк бағдарламалар әзiрлеу және оларды қаржымен қамтамасыз ету;
- орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мәселелерi жөнiндегi қызметiне басшылық ету, олардың Заңдарды, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiн орындауына бақылау жасау;
- жол жүрiсi қауiпсiздiгi жөнiндегi орталық атқарушы органды белгiлеу және ол туралы Ереженi бекiту;
- ережелердiң, стандарттар мен басқа да нормативтiк актiлердiң бiрыңғай жүйесiн белгiлеу; P091672
- жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету саласында халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру;
- механикалық көлiк құралдарын және олардың тiркемелерiн мiндеттi техникалық байқауды ұйымдастыру және жүргiзу қағидаларын бекiту;
- механикалық көлiк құралдарын және олардың тiркемелерiн мiндеттi техникалық байқаудан өткiзудiң кезеңдiлiгiн бекiту;
- техникалық байқаудың диагностикалық картасының нысанын бекiту;
- Қазақстан Республикасының аумағында автомобиль жолдарын, жол ғимараттарын пайдалану ережесiн және оларды қорғау тәртiбiн бекiту;
- көлiк құралдарын жүргiзушiлердi даярлау қағидаларын бекiту;
- өзiне Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентiнiң актiлерiмен жүктелген өзге де функцияларды орындау;
Ескерту. 6-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2004.12.20 N 13 (2005.01.01 бастап күшiне енедi), 2006.12.29 N 209 , 2008.07.04 N 55-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2011.01.10 N 383-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2011.01.24 N 399-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
7-бап. Жол жүрiсi қауiпсiздiгi жөнiндегi орталық
атқарушы органның құзыретi
Ескерту. Тақырыпқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
Жол жүрiсi қауiпсiздiгi жөнiндегi орталық атқарушы органның құзыретiне мыналар жатады:
- жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету саласында мемлекеттiк саясатты iске асыру;
- жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету саласында бағдарламалардың орындалуын ұйымдастыру;
- көлiк құралдарын жүргiзушiлердi даярлау қағидаларын әзiрлеу;
- алдын алу шараларын жүргiзу және халыққа жол жүрiсi қауiпсiздiгiнiң ережелерi мен талаптарын оқытып үйрету тәртiбiн белгiлеу;
- жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету саласында мемлекеттiк маңызы бар ғылыми зерттеулер мен ғылыми-техникалық талдамаларды ұйымдастыру;
- жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге мемлекеттiк бақылауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
- Қазақстан Республикасының жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету саласындағы халықаралық шарттарын жасасуға қатысу;
- жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi қызметтi үйлестiру;
- жолдарды жобалау, салу, жөндеу, күтiп ұстау және басқару кезiнде тапсырыс берушi ұсынған нормативтiк, жобалық және техникалық құжаттаманы келiсу;
- автомобиль жолдарын, жол құрылыстарын, темiр жол өтпелерiн, қалалық электр көлiгi желiлерiн пайдалануға қабылдау жөнiндегi комиссиялардың жұмысына қатысу;
- техникалық регламенттердi әзiрлеу;
- осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентiнiң және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң актiлерiнде көзделген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асыру.
Ескерту. 7-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2004.12.20 N 13 (2005.01.01 бастап күшiне енедi), 2006.01.10 N 116 (2006.01.01 бастап күшiне енедi), 2006.12.29 N 209, 2007.01.12 N 222 (ресми жарияланған күнiнен бастап алты ай өткеннен кейiн қолданысқа енгiзiледi), 2008.07.04 N 55-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2011.07.15 N 461-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
7-1-бап. Көлiк және коммуникация саласындағы
уәкiлеттi органның құзыретi
Көлiк және коммуникация саласындағы уәкiлеттi органның құзыретiне:
1) халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында жол қызметiн басқару;
2) халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында жол жүрiсiн реттеудiң техникалық құралдарын салу, реконструкциялау, жөндеу, енгiзу және күтiп-ұстау жөнiндегi жұмыстардың орындалуын қамтамасыз ету;
3) техникалық байқау операторларының механикалық көлiк құралдары мен олардың тiркемелерiн мiндеттi техникалық байқаудан өткiзу тәртiбiн сақтауына мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру;
4) мiндеттi техникалық байқаудан өткенi туралы куәлiк бланкiлерiнiң нысандарын әзiрлеу және бекiту;
5) техникалық байқау операторларының тiзiлiмiн жүргiзу;
6) халықаралық техникалық байқау сертификаттарын беру;
7) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен бюджет кiрiсiне түсетiн, бланк өнiмiн өткiзу қызметiн көрсету төлемiнiң төленгенiн растайтын құжаттар ұсынылғаннан кейiн жүзеге асырылатын, механикалық көлiк құралдары мен олардың тiркемелерiнiң мiндеттi техникалық байқаудан өткенi туралы куәлiктердiң бланкiлерiн техникалық байқау операторларына беру;
8) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ведомстволық есептiлiктiң, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесiн бағалау өлшемдерiн, жыл сайынғы тексеру жоспарларын әзiрлеу және бекiту;
9) қызмет өңiрi шегiнде механикалық көлiк құралдарын және олардың тiркемелерiн мiндеттi техникалық байқаудан өткiзу кестесiн келiсу;
10) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентiнiң және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң актiлерiнде көзделген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асыру кiредi.
Ескерту. 7-1-баппен толықтырылды - ҚР 2006.01.10 N 116 (2006.01.01 бастап күшiне енедi) Заңымен, жаңа редакцияда - ҚР 2011.01.24 N 399-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен, өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2012.04.27 N 15-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
8-бап. Облыстық (республикалық маңызы бар қала,
астана) және аудандық (облыстық маңызы бар
қалалар) өкiлдi және атқарушы органдардың жол
жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету
саласындағы құзыретi
1. Жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету саласында облыстық (республикалық маңызы бар қала, астана) және аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) өкiлдi органдардың қарауына мыналар жатады:
- жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң жоспарларын, аймақтық бағдарламаларын бекiту;
- облыстық (республикалық маңызы бар қала, астана) және аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) атқарушы органдар басшыларының жол жүрiсi қауiпсiздiгi мәселелерi жөнiндегi есептерiн қарау;
- Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қамтамасыз ету жөнiндегi өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асыру.
2. Жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету саласындағы облыстық (республикалық маңызы бар қала, астана) және аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) атқарушы органдардың қарауына мыналар жатады:
- тиiстi аумақта жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету;
- жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң аймақтық бағдарламаларын әзiрлеу және iске асыру, олардың орындалуын үйлестiру және бақылау;
- жол жүрiсi қауiпсiздiгi жөнiндегi орталық атқарушы орган шешiмдерiнiң орындалуын ұйымдастыру және бақылау;
- жол жүрiсi қауiпсiздiгiн медициналық жағынан қамтамасыз ету жөнiндегi шаралар кешенiн ұйымдастыру және жүргiзу;
- облыстық және аудандық маңызы бар жалпы пайдаланудағы автомобиль жолдарында, елдi мекендердiң көшелерiнде жол жүрiсiн реттеудiң техникалық құралдарын салу, қайта жаңарту, жөндеу, енгiзу және күтiп-ұстау жөнiндегi жұмыстардың орындалуын қамтамасыз ету;
- аудандардың (қалалардың) автомобиль жолдарында, қалалардың, аудандардың (қалалардың) елдi мекендерiнiң жол тораптарында салу, қайта жаңарту, жөндеу, оларда жол жүрiсiн реттеудiң техникалық құралдарын енгiзу және күтiп ұстау, оларды күтiп ұстау, күзету және жолдарда қызмет көрсету объектiлерiн жайғастыру жөнiндегi жұмыстарды орындау кезiнде жұмыстың барлық түрлерiнiң орындалуын қамтамасыз ету және бақылау;
- облыстық және аудандық маңызы бар жалпы пайдаланудағы автомобиль жолдарындағы, елдi мекендердiң көшелерiндегi жол қызметiн басқару;
- жергiлiктi мемлекеттiк басқару мүддесiнде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергiлiктi атқарушы органдарға жүктелетiн өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асыру.
Ескерту. 8-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2004.12.20 N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi), 2006.01.10 N 116 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi), 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
9-бап.
Ескерту. 9-бап алынып тасталды - Қазақстан Республикасының 2007.01.12. N 222 (ресми жарияланған күнiнен бастап алты ай өткеннен кейiн қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
10-бап. Жол жүрiсi қауiпсiздiгiнiң жай-күйi
көрсеткiштерiн есепке алудың мемлекеттiк
жүйесi
1. Қазақстан Республикасының аумағында апаттардың, жол-көлiк жарақаттарының көрсеткiштерiн, көлiк құралдарының, жүргiзушiлер санын, жол жүрiсi саласындағы құқық бұзушылықтардың, жолдардың көлiк-пайдалану көрсеткiштерiн, сондай-ақ жол жүрiсi қауiпсiздiгi мен оны қамтамасыз ету жөнiндегi қызметтiң жай-күйiн көрсететiн басқа да көрсеткiштердi есепке алудың бiрыңғай мемлекеттiк жүйесi жүзеге асырылады.
2. (Алынып тасталды - Қазақстан Республикасының 2008.07.04 N 55-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен).
3. Орталық және жергiлiктi атқарушы органдар есептiлiк жүйесiне кiретiн мәлiметтердi белгiленген тәртiппен сұратып алуға құқылы.
Ескерту. 10-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2004.12.20 N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi), 2008.07.04 N 55-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.
11-бап. Жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету
бағдарламалары
1. Жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыру мақсатында жол-көлiк оқиғаларының, одан зардап шеккен азаматтардың санын қысқартуға және осы оқиғалардан болатын материалдық залалды азайтуға бағытталған жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң салалық және аймақтық бағдарламалары әзiрленедi.
2. Жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң салалық және аймақтық бағдарламалары осындай бағдарламаларға қойылатын талаптарға сәйкес әзiрленедi, белгiленген тәртiппен бекiтiледi және бюджет қаражаты мен бюджеттен тыс көздер есебiнен қаржыландырылады.
Ескерту. 11-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2004.12.20. N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi) Заңымен.
3 тарау
Жол жүрiсiн ұйымдастыру және оның қауiпсiздiгiн қамтамасыз
ету жөнiндегi негiзгi талаптар
12-бап. Қазақстан Республикасы аумағындағы жол
жүрiсiнiң тәртiбi
1. Қазақстан Республикасы аумағындағы жол жүрiсiнiң тәртiбi , жол жүрiсiне қатысушылардың құқықтары мен мiндеттерi, жол жүрiсiн реттеудiң техникалық және басқа да құралдарының мақсаты мен қолданылуы Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтетiн Жол жүрiсi ережелерiмен , Автомобиль жолдарын, жол құрылыстарын пайдалану ережелерiмен және оларды Қазақстан Республикасы аумағында қорғау тәртiбiмен белгiленедi.
2. Қазақстан Республикасы аумағында көлiк құралдарының оң жақпен жүруi белгiленген.
13-бап. Көлiк құралдарын пайдалануға байланысты
Достарыңызбен бөлісу: |