Атаулы күндер



бет1/3
Дата23.02.2016
өлшемі0.54 Mb.
#9693
  1   2   3
Алғы сөз

Семей қаласы орталықтандырылған кітапхана жүйесінің ақпараттық-библиографиялық бөлімі «2011 жылы аталып өтілетін және еске алынатын күндер» атты әдебиеттер көрсеткішін ұсынып отыр.

2011 жылға арналған библиографиялық әдебиеттер көрсеткіші Қазақстан бойынша және Шығыс Қазақстан облысының тарихы мен мәдениетіндегі көрнекті атаулы күндер, орыс және шетелдің белгілі қоғам қайраткерлері мен ғалымдарының, жазушылары мен өнер қайраткерлерінің мерейтойларына орай құрастырылып, олардың өмірі мен шығармашылығы жайлы қысқаша анықтама жазылып, әдебиеттердің ұсыныстық тізімі берілген.

Әдебиеттерді іздестіруде анықтама көзі болып, қалалық орталық кітапхананың дәстүрлі және электронды катологы, мерзімді басылымдар, Интернет желісі пайдаланылды.



Атаулы күндер
1-2 қаңтар Жаңа жыл

25 қаңтар Студенттер күні

28 қаңтар Қазақстан Республикасының тұңғыш Конституциясы қабылданды

8 наурыз Халықаралық әйелдер күні

15 наурыз Дүниежүзілік тұтынушылар құқығы күні

22 наурыз Дүниежүзілік жер күні

22 наурыз Нәсілдік кемсітушілікті жою жолындағы күрес күні

22 наурыз Ұлыстың ұлы күні, жыл басы мейрамы

27 наурыз Халықаралық театр күні

1 сәуір Халықаралық құстар күні және күлкі күні

2 сәуір Халықаралық балаларға арналған кітап күні

7 сәуір Бүкілдүниежүзілік денсаулық күні

7 сәуір Геолог күні

11 сәуір Халықаралық фашистік концлагерлер тұтқындарын босату күні

12 сәуір Бүкілдүниежүзілік авиация және космонавтика күні

18 сәуір Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындар күні

23 сәуір Бүкілдүниежүзілік кітап және автор құқығын қорғау күні

24 сәуір Халықаралық жастар ынтымақтастығы күні

29 сәуір Халықаралық би күні

1 мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күні

3 мамыр Бүкіл дүниежүзілік баспасөз бостандығы күні

7 мамыр Қазақстан Отан қорғаушыларының күні

8 мамыр Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің құрылған күні

9 мамыр Жеңіс күні

15 мамыр Халықаралық отбасы күні

18 мамыр Халықаралық мұражай күні

31 мамыр Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні

31 мамыр Халықаралық мәдениет күні

1 маусым Балаларды қорғаудың халықаралық күні

4 маусым Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздерінің бекітілген күні

4 маусым Басқыншылық құрбаны - жазықсыз балалардың халықаралық күні

5 маусым Бүкілдүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні

17 маусым Бүкілдүниежүзілік қуаңшылық пен шөлейттенуге қарсы күрес күні

23 маусым Халықаралық Олимпия күні

26 маусым Нашақорлық пен заңсыз есірткі айналымына қарсы күрестің халықаралық күні

27 маусым Дүниежүзілік балықшылар күні

28 маусым Қазақстанның Баспасөз күні

Маусымнын үшінші жексенбісі денсаулық сақтау қызметкерлері күні

I шілде Дүниежүзілік сәулет күні

II шілде Дүниежүзілік халықтар күні

18 шілде Металлургтер күні

6 тамыз Ядролық қаруға тыйым салу жолындағы Дүниежүзілік күрес күні

15 тамыз Спорт күні

Тамыздың бірінші жексенбісі Көлік және байланыс қызметкерлері күні

Тамыздың екінші жексенбісі Құрлысшылар күні

Тамыздың соңғы жексенбісі Шахтер күні

18 тамыз Қазақстан Республикасы шекара әскерінің құрылған күні

21 тамыз Мұсылман мейрамы Реғайыб түні. Мұхаммед пайғамбардың ата- анасының отау құрған күні

30 тамыз Конституция күні

1 қыркүйек Білім күні

Бүкілдүниежүзілік бейбітшілік күні

Қыркүйектің бірінші жексенбісі Мұнай-газ кешені қызметкерлері күні

8 қыркүйек Дүниежүзілік бейбітшілік күні

8 қыркүйек Халықаралық журналистер ынтымағы Күні

8 қыркүйек Халықаралық сауаттандыру күні

9 қыркүйек Дүниежүзілік әсемдік күні

16 қыркүйек Озон қабатын қорғаудың халықаралық күні

22 қыркүйек Қазақстан халықтарының тілдер күні

27 қыркүйек Бүкілдүниежүзілік туризм күні

28 қыркүйек Дүниежүзілік теңіз күні

1 қазан Халықаралық музыка күні

1 қазан Егде адамдардың халықаралық күні

3 қазан Халықаралық баспана күні

4 қазан Дүниежүзілік сәулет күні

4 қазан Дүниежүзілік жануарларды қорғау күні

5 қазан Халықаралық мұғалімдер күні

9 қазан Дүниежүзілік пошта күні

10 қазан Мүгедектер күні

14 қазан Халықаралық стандарттау күні

16 қазан Дүниежүзілік азық-түлік күні

17 қазан Кедейшілікті жою жолындағы күрестің халықаралық күні

24 қазан Біріккен Ұлттар Ұйымының Халықаралық күні

24 қазан Даму мақсатындағы дүниежүзілік ақпарат күні

25 қазан Республика күні

25 қазан Әйелдердің бейбітшілік үшін күресінің халықаралық күні

3-10 қазан Ғылым мен бейбітшіліктің дүниежүзілік апталығы

9 қараша Дүниежүзілік сапа күні

10 қараша Дүниежүзілік жастар күні

13 қараша Зағиптардың халықаралық күні

15 қараша Ұлттық валюта - теңге күні

16 қараша Дүниежүзілік шыдамдылық пен төзімділік күні

17 қараша Студенттердің халықаралық күні

17 қараша Дүниежүзілік философия күні

19 қараша Шылымқорлықтан бас тартудың Халықаралық күні

21 қараша Дүниежүзілік құттықтау күні

21 қараша Дүниежүзілік телевидение күні

30 қараша Дүниежүзілік ақпарат күні

Қарашаның үшінші жексенбісі ауыл шаруашылық қызметкерлері күні

1 желтоқсан СПИД-ке қарсы дүниежүзілік күрес күні

10 желтоқсан Адам құқығының дүниежүзілік күні

12 желтоқсан Қазақстан Республикасы кеден органдарының құрылған күні

16 желтоқсан Қазақстан Республикасының тәуелсіздік Күні

17 желтоқсан Қазақстан Республикасының демократиялық жаңару күні

Желтоқсанның үшінші жексенбісі - Энергетиктер күні



Шығыс Қазақстан облысы бойынша 2011 жылы аталып өтетін және еске алынатын күндер тізбегі
1 қаңтар Ақын Жанат Әскербекқызының туғанына 45 жыл (1966)
1966 жылы 1 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы, Қарасу ауылында дүниеге келген. 1987 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің, филология факультетін бітірген. 1987-1995 жж. өзі оқыған Қазақстанның 40 жылдығы атындағы орта мектепте қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен сабақ береді. 1995-2000 жж. Шығыс Қазақстан Мемлекеттік университетінің қазақ әдебиеті кафедрасында аға оқытушылық қызметте болады. 2000 жылдан бастап Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің қазақ және шетел әдебиеті кафедрасында кызмет істейді. "Оралхан Бөкей прозасындағы мифологизм мәселесі" тақырыбына кандидаттық диссертация қорғаған. 1995 жылы "Қарлығаш"' жас ақындар жинағына өлеңдері енген. "Ғарыш билер ғұмырымды" (1999), "Қаракөз бұлақ" (2001), "Қаңтардағы қызыл гүл" (2001 жылы "Отырар кітапханасы" сериясымен жарық көрген) жыр жинақтарының авторы.

1993 жылы ұйымдастырылған республикалық "Аққұс" ақындар мүшәйрасының жүлдегері. Республикалық "Шабыт" шығармашылық жастар фестивалінің бас жүлдегері. 2001 жылы Қасым Аманжоловтың 90 жылдығына арналған республикалық ақындар мүшәйрасының үшінші жүлдесін иемденді.

Қазақстан Тәуелсіздігінің 10 жылдығына ұйымдастырылған бәйгеде "Көктүріктер әуені" өлеңдер топтамасы үшін үшінші жүлдені жеңіп алды.
Әдебиеттер

Әскербекқызы, Ж. Қаңтардағы қызыл гүл: Өлеңдер / Ж. Әскербекқызы.-Астана: Елорда, 2001.-76 б.- (Отырар кітапханасы)

Әскербекқызы, Жанат. Қаракөз - бұлақ.- Астана: Елорда, 2001.-184 б.

Әскербекқызы, Ж. Ж. Көктүріктер әуені: Өлеңдер // Жұлдыз.- 2002.- N8.-Б. 113-115.

Әскербекқызы, Ж. Қаз қанатындағы ғұмыр // Жалын.- 2004. - N11.- Б.47-48.

Әскербекқызы, Ж. Сары ала қаз-сағыныш...: Өлеңдер // Қазақстан әйелдері.- Алматы, 2001. - N8.- Б.18-19.

Бұйра-бұйра бөктерлерде боз қайың...: Өлеңдер // Қазақ әдебиеті. - 2004. - 5 наурыз. -

Б. 8-9.


Қазақстан жазушылары: XX ғасыр. Анықтамалық. - Алматы: Ана тілі. - 2004. -392 б.
1 қаңтар Жазушы Ефим Пермитиннің туғанына 115 жыл (1896-1971 жж.)
Жазушы Өскемен қаласындағы ағаш шебері Николай Николаевич Пермитиннің отбасында дүниеге келді. Қалалық училищені бітірген. 1913 жылы бастауыш мектеп мұғалімдерін даярлайтын курсқа түсіп, оны ойдағыдай бітірген соң Алтай өлкесінде мұғалім болып қызмет атқарады.

Бірінші дүниежүзілік және Азамат соғысына қатысқан. 1921 жылдан бастап әдеби шығармашылықпен айналысады. Кеңес үкіметі орнағаннан кейін ол аңшылардың «Звено Алтая» кәсіби одағына мүше болып кіреді.

Пермитиннің редакторлығымен «Охотник Алтая» журналының бірінші саны шықты. Журнал беттерінде Максим Зверевтің, Александр Волковтың шығармалары жарияланды. Жазушының «Когти» атты романын А.М. Горький жоғары бағалады.

1947 жылы «Достар» повесін жазады. Пермитиннің «Көктем бұлақтары» романы, «Алексей Рокотовтың өмірі» трилогиясы оқырманның сүйіп оқитын туындылары.

1975 жылдан бастап Садовая көшесі Пермитиннің есімімен аталады.
Әдебиеттер

Жаны мен жады халықтың: Душа и память народа // Шығыс Қазақстан мәдениеті .-Өскемен, 2003ж.

Қазақстан жазушылары: XX ғасыр. Анықтамалық. - Алматы: Ана тілі.- 2004.-392 б.
2 қаңтар Жазушы Медеу Сәрсекеевтің туғанына 75 жыл ( 1936)
1936 жылы 2 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданының Қайнар ауылында туған. 1958 жылы Қазақстан кен металлургия институтын тәмамдап, инженер-металлург мамандығын алып шыққан соң, "Лениншіл жас" газетінің редакциясында жұмыс істеп, біраз уақыт жұмысшы жастар бөлімін басқарған. 1959 жылы Семей цемент заводына ауысып, біраз жыл қатардағы инженерден техникалық бөлім бастығына дейінгі қызметтерді атқарды. 1963 жылы Өскеменде "Социалистік Қазақстан" газетінің меншікті тілшісі болып істеді.

Ал 1965 жылдан бері әдеби жұмысқа біржола ауысып, Қазақстан Жазушылар одағының Семей облысаралық бөлімшесінің жауапты хатшысы міндетін атқарды.

Ең алғашқы ғылыми фантастикалық повесі "Ғажайып сәуле" 1959 жылы жарық көрген. Содан бергі уакыттарда "Жетінші толқын" (1964-1977), "От және атом" (1965), "Айшықты мезет" (1968) повестері мен әңгімелері, "Туған жердің асылы" (1974) новеллалары, "Жаңғырық" (1979), "Көмбе" (1983) романдары, орыс тілінде "Взрыв" ("Советский писатель", 1983) және "ЖЗЛ" сериясымен "Қаныш Сәтбаев" атты деректі ғұмырнамалық кітабы ("Молодая гвардия", 1980) т.б. жинақтары шыққан.

А.Беляевтің "Қос мекенді адам" романын қазақ тіліне аударған. Драматургия жанрында да еңбек етті. "Құрмет" орденімен (2001), "Еңбектегі ерлігі үшін" медалімен, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет Грамотасымен марапатталған.


Әдебиеттер

Сәрсеке, М. Тамыры тереңге жеткен: (Ғұлама ғалым, әйгілі әдебиетші, ақын, аудармашы, сыншы Ебіней Букетов туралы) // Семей таңы.- 2005.-18 наурыз.

Сәрсеке, М. Абай тойы.- Алматы: Атамұра, 1996.-288 б.

Сәрсеке, М. Ақылды адам арманмен егеспейді: («Бес тұғыр» жинағы туралы) // Семей таңы.-2000.- 1 қыркүйек.

Сәрсеке, М. Қазақтың Қанышы: Роман эссе.- Алматы: Атамұра, 1999.-592 б.

Сәрсеке, М. Қуғындалған Сәтбаев: Естелік-эссе. - Алматы: Шабыт, 1994. - 244 б.

Сәрсеке, М. Тарақты және Қаракесек шежіресі. - Алматы: Атамұра, 1995.-272 б.

Мұхамедова, Р. Еңбегім бағаланады деп білемін // Семей таңы.- 2002.-18 қаңтар.- Б.1-2.

Еспенбетов, А. Жеті қырдың өрінде: Жазушының 70 жасқа толуына орай // Семей таңы. - 2006.- 2- 16 ақпан.

Бәшей, К. Ұлыны ұлықтаудың үлгісі // Ертіс өңірі. - 2004. - 22 қаңтар.

Жақсыбаев, А. Қазақтың Қанышын танытқан // Дидар. - 1999.-11 желтоқсан.

Жақсыбаев, А. Қазақтың Қанышын танытқан // Егемен Қазақстан.- 1999. - 3 желтоқсан.

Иманғали, М. Қырық жыл өмірімді Сәтбаевқа арнағаныма титтей де өкінбеймін // Дидар. - 2010.-27 наурыз.

Қазақ әдебиеті: Энциклопедия: Алматы: Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі, Қазақстан даму институты.- 1999.-750 бет.

Қазақстан жазушылары: XX ғасыр. Анықтамалық.- Алматы: Ана тілі.-2004.- 392 б.

Қырық жылдан кейін // Семей таңы.- 2008.- 28 тамыз.

Салықов, К. Ауыр жолда сыр білдірмес азамат // Қазақ әдебиеті.-1996.- 4 қаңтар.

Сапаев, Ғ. Сәтбаев планетасы: немесе жазушының «Қазақтың Қанышы» атты жаңа романы хақында // Семей таңы.- 1999.-5 тамыз.

Смайылов, К. Алпыс асқар: М. Сәрсеке 60 жаста // Егемен Қазақстан. - 1996. - 15 ақпан.

М. Сәрсекенің «Сәтбаев» ғұмырнамасы Мәскеуден шықты // Дидар.-2003.-27 желтоқсан.

Сәрсеке, М. Сәтбаев әлемінің сыры // Семей таңы.- 2002.-6 қыркүйек.
5 қаңтар Жазушы, драматург, абайтанушы Қайым Мұхамедханұлының туғанына 95 жыл (1916)

Қайым, Ғабдұлқайым (5.01.1916, Семей қаласы) - әдебиет зерттеуші-ғалым, абайтанушы, жазушы, драматург. Филология ғылымының кандидаты (1958), профессор (1987). ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1996). 1935-1937 ж. республикалық екі жылдық мұғалімдер курсында оқыған. Семей пед. институтының филология факультетін бітірген (1941). 1940-1941ж. Абай әдеби мұражайының аға ғылыми қызметкері, 1942-1947 ж. Қазақстан Жазушылар Одағының Семей облыстық өкілі, 1947-1951 жылдары Семейдегі Абайдың мемлекеттік әдеби мұражайының директоры. 1955-1990 ж. Семей пед. институтының аға оқытушысы, доценті, қазақ әдебиеті кафедрасының меңгерушісі, профессоры, 1991-1995ж. ҚР ҰҒАМ, Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының Абайтану бөлімінің жетекші ғылыми қызметкері. 1939 жылдан бастап Мұхтар Әуезовтің ақыл-кеңесімен Абай мұрасын, оның ақын шәкірттерінің өмірі мен шығармашылығын зерттеумен айналысып, "Абайдың әдеби мектебі" деген атпен Ақылбай мен Мағауия Абай ұлдары, Әубәкір Ақылбайұлы, Әріп, Әсет жайлы мақалалар сериясын жариялайды, Абайдың бұрын белгісіз болып келген

7 өлеңін тауып, ұлы ақынның 1945 жылы шыққан жинағына енгізеді.

1951 жылы "Абайдың әдеби мектебі" деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғап, оған ресми оппонент болып қатысқан М.Әуезов жас ғалым еңбегіне жоғары баға береді. Алғы сөзін М.Әуезов жазып, шығармаларын Мұхамедханұлы жинап құрастырған '"Абайдың шәкірттері" кітабы 1951 жылы баспаханада теріліп жатқан жерінде жойылады да, жас ғалымға Абайдың әдеби мектебіне "Ұлтшыл ақындарды" енгізгені үшін "панисламшіл, пантүрікшіл" деген айып тағылып, сталиндік қуғын-сүргінге ұшырайды, 25 жылға бас бостандығынан айырылып, артынан 4 жылдан кейін толық ақталып шығады.

1958 жылы "Абай төңірегіндегі ақындар" деген тақырыпта екінші рет кандидаттық диссертация қорғайды. Қ. Мұхамедханұлы Абай мектебінің ақындары мәселесін зерттеуді шығармашылық ізденістермен дамыта білді. 1959 жылы "Мағауия Абайұлы Құнанбаев", "Абай шығармаларының текстологиясы" монографиялық зерттеулері жеке-жеке кітап болып шықты. "Абайдың ақын шәкірттері" атты төрт кітаптан тұратын жинақ Мұхамедханұлының құрастыруымен 1993-97 жылдары жарық көріп, оған Абайдың ақын шәкірттері Ақылбай, Мағауия, Тұрағұл, Кәкітай, Көкбай, Уәйіс, Әріп, Әсет, Мұқа, Әубәкір, Иман-базар шығармалары, олар туралы Мұхамедханұлының зерттеулері енді.

Мұхамедханұлының Абайдың екі томдық академиялық шығармалар жинағының жаңа басылымын шығаруға (1995) үлкен үлес қосып, алғашқы абайтанушылар жайлы "Абай мұрагерлері" зерттеулер жинағын (1995) жарыққа шығарды, Ж.Аймауытов пен М.Әуезов негізін қалаған "Абай"журналының жетпіс жылдан кейін қайтадан жарық көруіне көп еңбек сіңірді. Абайтану саласындағы қажырлы еңбегі үшін 1996 жылы

ҚР Мемлекет сыйлығы берілді.

Қазақ ауыз әдебиеті, көрнекті ақындар мен жазушылар мен әдебиеттер байланысы жайлы 300-ден астам ғылыми мақалалар авторы. Мұхамедханұлы ҚР-ның тұңғыш әнұраны авторларының бірі. Драматург ретінде есімі белгілі болып, көптеген пьесалары Абай атындағы Семейдің қазақ музыкалы-драма театрында қойылды. Әзірбайжан драматургі У.Гаджибековтың "Аршин мал алан" (1941), татар жазушысы Ш. Камалдың "Қажы әпенді үйленеді" (1967) пьесаларын қазақ тіліне аударды.


Әдебиеттер

Қазақ әдебиеті: Энциклопедия: Алматы: Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, Қазақстан даму институты. 1999.-750 б.



Еспенбетов, А. Қайран, Кәкең! // Қазақ әдебиеті. - 2009. - 9 қазан.

Жоламанова, П. Өшпес із қалдырған // Семей таңы. - 2009. - 25 маусым.

Қайырбекұлы, А. Кемеңгердің үш көкжиегі //Абай. - 2008. - №1. - Б. 14-23.

Қасымжанұлы, С. Қазақтың қайсар ғалымы // Ертіс өңірі. - 2009. - 24 маусым.

Маманова, Ж. Абайдай арт жағына сөз қалдырып // Абай. - 2009. - №4. - Б. 50-56.

Нұрбаев, С. Ғалым мұраларын сақтап қалу – басты мақсат // Семей таңы. - 2010. -

14 қаңтар.

Сейсенұлы, Д. Алаш арыстарының соңғы тұяғы // Егемен Қазақстан. - 2009. - 7 қараша.

Смағұлова, А. Мұхамедханов және Абай мұражайы // Семей таңы.-2009.-18 маусым.
24 қаңтар Жазушы Әлібек Асқаровтың туғанына 60 жыл (1951)
1951 жылы 24 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданындағы Екіаша қыстағында туған.

Алматы көркемсурет училищесін, ҚазМУ-дің журналистика факультетін бітірген. 1975-1986 жж. "Білім және еңбек" (қазіргі "Зерде") журналының көркемдеуші редакторы, әдеби қызметкері, бөлім меңгерушісі, жауапты хатшысы болды. 1986-1991 жж, "Өнер" баспасының Бас редакторы, 1991-1993 жж. ҚР Президенті мен Министрлер Кабинеті аппараты Ішкі саясат бөлімінің аға референті, 1993 ж. ҚР Баспасөз және бұқаралық ақпарат министрінің орынбасары, кейін бірінші орынбасары болып істеді. 1998 жылдан ҚР Аппарат министрлігінің Баспа және полиграфия департаментінің директоры болып қызмет істеп келеді. "Құтмекен" (1979), "Тайга толғауы" (1981), "Жасыл әлемге саяхат" (1985), "Ерте түскен бозқырау" (1989), "Өр Алтай, мен қайтейін биігіңді" (1999), "Мұнар тауды, мұзарт шыңды аңсаймын" (2003) кітаптарының авторы. Әңгіме, повестері "Родники рождаются в горах" деген атпен орыс тілінде жарық көрді. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты.


Әдебиеттер

Қазақстан жазушылары: ХХ ғасыр. Анықтамалық.- Алматы: Ана тілі баспасы, 2004.- 392 б.

Қазақ әдебиеті: Энциклопедия. - Алматы: Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі, Қазақстан даму институты, 1999.-750 б.

Асқаров, Ә. Социализм әңгімесі // Егемен Қазақстан. - 2004. - 20 қараша.- Б.7.

Әшімханұлы, Д. Әлібектен-Әлекеңе дейін: дос туралы сыр //Ана тілі. - 2001. - 25 қаңтар.- Б.6.

Мұртаза, Ш. Романға бергісіз повесть // Қазақ әдебиеті. - 2001. - 26 қаңтар.- Б.7.


Наурыз

А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапхананың құрылғанына - 110 жыл.



1 наурыз Ақын Шәкір Әбеновтің туғанына 110 жыл (1901)
Шәкір Әбенов 1901 жылы 1 наурызда Абай ауданының Құндызды ауылында туған.

Әкесі Әбен қажы баласын 5-6 жасынан ауыл молдасына оқытып, онан соң Семейде Приходская мектебін тәмәмдатқан. Кейіннен Уфа қаласына жіберіп, Ғалия медресесінде оқытқан. 13-14 жасында Семейге оралып, мешітте істейді, өз бетімен мұсылманша кітаптар оқиды.

1916 жылы Семейдегі ер балалар гимназиясына оқуға қабылданады. Нақ осы жылы ол қазақтың белгілі ақыны С.Торайғыровпен танысып, оның өлеңдерін жатқа айтатын болған. Орыс ақындары А.Пушкин, М. Лермонтов жырларымен алғаш сусындауы да осы кез. Осы кезде революция басталып, жас бозбала сол дүбірге ден қойып кетеді.

1921-1926 жылдары атқамінер белсенділер қатарына қосылып, Мақаншы жақта кеңсе қызметін атқарады. 1929-30 жылдары ауылдарды кеңестендіру кезінде өз пікірін білдіру кезінде қудалана бастаған соң Алматыға кетеді. Мұнда С.Сейфуллин, І.Жансүгіров, Б.Майлин сияқты әдебиеттің майталман ақындармен бірге жырлаған ақын рухани азық алып еліне Мақаншыға оралады.

1937 жылы Алматыда "Әдебиет және искусство" журналында "Қозы Көрпеш Баян сұлу" дастанының Ш.Әбенов жырлаған нұсқасы жарық көреді. Сабырбай, Дулат, Жанақ, Түбек ақындардың мұраларын жаздырып, қолжазба қорына тапсырады. Жамбылдың әдеби хатшысы болып қызмет жасайды. Тағы да қуғынға ұшыраған соң, сұранып 1941 жылы соғысқа кетеді. Соғыста бір аяғынан жараланып, еліне қайтады. Отан соғысының 1-дәрежелі орденімен марапатталады.

Ғасырға жуық жасап, заманның қилы-қилы қыр-сырына қаныққан сұңғыла ақын өз жырларына көбіне махаббат пен әділдік, ерлік пен ездік, адалдық пен арамдық, адамгершілікті өзек етуден еш айнымайды.

"Қозы Көрпеш - Баян сұлу", "Кейпін батыр", "Ана махаббаты", "Алданған қыз","Патша мен байғыз", "Қорқыт қобызы" аңыз толғауларын, мысал-өлеңдерін жазады.

"Шәкір ақынның "Қозы Көрпеш - Баян сұлу" дастаны жай жыр ғана емес, жеке адамдар қарым-қатынасы, тағдыры арқылы қазақ елін, яғни тұтас бір халықтың тұрмыс-тіршілігін, салт-санасы мен ғұрып-дәстүрін, жан-дүниесін, арманын қамтып суреттейтін, өлеңмен жазылған роман, шынайы эпикалық шығарма. Мұнда қазақ өлкесінің ұлан-ғайыр қиырлары, ең бастысы революцияға дейінгі көшпенді қазақ қауымының өзара қарым-қатынасы мен әлеуметтік жағдайы нақты адамдар аясында жан-жақты бейнеленген",- деп жазады С. Байжан-ата ақын жырлары туралы.

Шәкір ақынның тағы бір ерекшелігі - домбыра, қобыз, гармон сынды аспаптарын құбылта ойнаумен қатар, өлең мәтінін де өзі жазып, әнін де өзі шығарған сазгердің "Алтай аруы" Құндызды ауылының той-думанының көркі. Туған жерінде ақын мұражайы ашылды, ақын атынан бата берді.

Шәкір ақынның шығармашылығын зерттеу мүмкіндігі енді туды, бұған дейін Сапар Байжан ата XX ғасырдағы қазақ поззиясының еркін тұлғасы Шәкір Әбенұлының қос томдық шығармалар жинағын өз қолымен даярлап, ақын шығармашылығы туралы монография жазған еді.

2001 жылы "Жер кіндігі - Жидебай" атты кітабы Елорда баспасынан шықты. Онда ақынның өмірбаяны мен өлең-дастандары берілген.

Ш.Әбенов Республика Жоғарғы Кеңесінің грамотасымен марапатталған. "Халықтар достығы" орденінің иегері. Тұңғыш Президентіміз Н.Назарбаевтың ант беру рәсімінде бірінші бата берген ақсақал.

Артына мол шығармашылық мұралар қалдырған, арқалы ақын, сазгер, көнеден қалған мұраны қастерлеп еткен Ш.Әбенов 1994 жылы қазан айында дүниеден етті.

Әдебиеттер

Әбенов, Ш. Дастандар.-Алматы: Жазушы, 1991.-334 б.

Әбенов, Ш.Жер кіндігі.-Жидебай.-Астана: Елорда, 2001.- 494 б.

Әбенов, Ш. Қозы Көрпеш - Баян сұлу.- Алматы: Жазушы, 1965.-114 б.

Әбенов, Ш. Ортақ арал.-Алматы: Жазушы, 1968.-84 б.

Әбенов, Ш. Шыңғыстау сазы.- Алматы: Жазушы, 1985.-109 б.

Әбенов, Ш. Шыңғыстау: Дастандар.-Алматы: Жазушы, 1980.-288 б.

Әбенов, Ш. Халықтың бірікпесе ынтымағы : Өлеңдер // Абай ауылы.-1990.-27 желтоқсан.

Әбенов, Ш. Тәжірибем. Жағдайым. Әңгімеші: Өлеңдер // Совхоз туы.-1986.–11 март.

Әбенов, Ш. Есімдегі. Ақын. Сырым. Кездесу: Өлеңдер // Семей таңы.-1982.-7 август.

Әбенов, Ш. Сексеннің серпін жырлары // Семей таңы.-1980.-27 июль.

Айтұлы, Н. Ғасырдың көзі тірі куәгері // Қазақ әдебиеті.-1992.–17 қаңтар.

Әбенов, Ш. Қазанама // Қазақ әдебиеті.-1994.-4 қараша.
Байжан-ата С. "Өлсең де өнер емес, өмір өлер... немесе ақын жайлы сыр // Абай.-1999.- №1.-Б.52-55.

Ғалымов, Е. Шәкір ата ауылы - өнердің қайнар көзі // Ертіс өңірі.- 2004. - 8 қаңтар.

"Деген екен" деп қойған...": Шәкір ақынмен кездескенде //Дидар. - 1998. - 28 наурыз.

Біржанқызы, М. Қайсар ақынға мұражай ашылды // Семей таңы. - 2003. - 31 қазан.

Имантаев, А. Ақын рухымен сырласу: ақынға арналған өлең // Ұлан. - 2002. - 27 тамыз.

Кемелбаева, А. Шәкір Әбеновтің «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» дастаны // Абай. - 2001.-№4.-Б.18-31.


Сәуір

10 сәуір Жазушы Александр Иванович Егоровтың туғанына 85 жыл (1926)
А.И.Егоров 1926 жылы 10 сәуірде Шығыс Қазақстан облысы Зырян ауданының Кутиха селосында дүниеге келген. 1943 жылдың желтоқсан айында 17 жастағы жігіт майданға аттанады. Жеке шабуылдау батальонынын 43-ші әскерінің I Прибалтикалық майданының құрамында болып «Багратион» тарихи қозғалысына қатысты. 1945 жылдың тамызынан бастап қазанға дейінгі уақытта Кеңес әскерінің құрамында Маньчжурияда (Япония) болды. 1950 жылдың аяғында капитан дәрежесінде запасқа босатылды. Жарақаттары, әскери ордендері мен медальдары бар. Соғыстан кейін Александр Иванович туған жеріне қайтып оралады. «Рабочий Алтай» (Чеснаковка қаласы) газетінде суретші, әдеби қызметкер, аудандық газеттерде редактор болып жұмыс атқарды. 1962 жылы А.И.Егоров Жоғары партия мектебінің журналистика факультетін тәмамдады. Төрт аудан бойынша «Рудный Алтай» газетінің меншікті тілшісі болып жұмыс атқарды, Өскемен телестудиясының әдеби-драмалық хабарлар редакциясын төрт жыл басқарды.

«Знамя коммунизма» облыстық газетінің жауапты хатшысы болды, «Жазушы» баспасының бас редакторының орынбасары, республикадан шығатын жалғыз сатиралық «Ара-Шмель» газетінің бас редакторының орынбасары болып жұмыс атқарды.

2000 жылдан бастап А.И.Егоровтың көмегімен Шығыс Қазақстан жазушыларының шығармалары жарияланатын әдеби-көркем «Восток» журналы шыға бастады.

Александр Иванович роман, төрт повесть, жүздеген әңгімелер, очерктер мен фельетондар, Кенді Алтай батырлары туралы бес телепьеса жазған. Және Шығыс Қазақстан облысы түсті металлургиясының өркендеу тарихын мазмұндайтын «Восточный Казахстан-неизвестный в миру континент» атты кітаптың косымша авторы.

Оның әдебиетке деген құштарлығы мектеп қабырғасынан басталды. Соғыста жүріп-ақ ол жазбаларын жүргізіп, бай материал жинақтады. 1952 жылы «Лесной человек» әңгімесі әдеби жүлдеге ие болды. Осы уақыттан бастап А.И.Егоров әдеби шығармашылықпен толық айналысады.

1974 жылы ең үздік «На красных токырах» әңгімесі үшін І-ші жүлде алды, 1975 жылы табиғатты қорғауға арналған фельетоны аталды. «Орлы слетаются» және «Айгуль» телеспектакльдерінің сценарийлері жоғары бағаланды.

1977 жылы Қазақстан туралы ең үздік повесть, поэма және очерк сайысына қатысып, «Свинцовые ливки» деген металлургтар туралы очеркі үшін бірінші жүлдені иеленді.

Соңгы жылдары А.И.Егоровтың үш кітабы жарық көрді - «Алтайская одиссея» (1984), «Дол березовых туманов» (1987), «Таежный затворник» (1997).



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет