1178 шығарылым Бейсенбі, 24 желтоқсан, 2010 Номер мақаласы



Дата08.07.2016
өлшемі188.8 Kb.
#185852



1178 шығарылым - Бейсенбі, 24 желтоқсан, 2010






  • Номер мақаласы

    • Қазақстан – кішкене пілдер мекені





    • Мемлекет басшысы ҚР бас Прокурорын қабылдады

    • Қазақстан жұртшылығы президент Назарбаевтың өкілеттілігін 2020 жылға дейін созуды ұсынды



  • Мұнай-газ секторы



    • Қазақстан мұнайы БТЖ-ға Каспийдегі транспорттық торап арқылы қосылады



  • Энергетика



    • Қазақстан мен Корея Президенттері Балқаш ЖЭС құрылысы жобасын жүзеге асыру мәселелерін талқылады



  • Қаржы және инвестициялар



    • S&P қазақстандық Халық банкінің несиелік рейтингі бойынша «В»/»В+» болжамды «кемшілікті»-ден «тұрақты»-ға өзгертті

    • Fitch АТФ Банкі рейтингісі бойынша болжамды «Позитивті» өзгертіп, ҚДБ мен ҚазАгроҚаржы рейтингтерін бекітті

    • Халық банк Азиада – 2011 Эстафета Алауы дерекциясымен серіктестік келісімін жасады

    • ҚБА Қазақстанда банктік омбудсмен институтын енгізуге ұсыныс жасады



  • Аймақтық іскерлік жаңалықтар



    • Өзбекстанда алғаш рет риэлторлық қызмет туралы заң пайда болады

    • ЭЫҰ мүше-елдер сауда көлемін 20% ұлғайтуды жоспарлап отыр



  • Бағалар мен статистика

    • Visor Capital компаниясы ұсынған Volume and Share Index

    • Visor Capital компаниясы ұсынған Market Movers от компании

    • Мұнай мен газ құны

    • Commodities

    • Металл құны

    • Валюта бағамдары

Please contact us for subscription or to send your press releases at: newsline@checkpoint.kz

Номер мақаласы



Қазақстан – кішкене пілдер мекені


Америка геологтары Орталық Қазақстан микро құрлықтарына зерттеу жасау нәтижесінде, таң қалаларлық қорытындыға келген: көп тінді жануарлар ағзасы болжамдағы мерзімнен 100 миллион жыл бұрын пайда болған. Флорида Университеті (University of Florida) геологтарының жаңалығы эволюцияның негізін қалайтын кейбір сәттерге күмән туғызып отыр. Таяу күндері Gondwana Researchхалықаралық ғылыми журналда осы ақпарат жарияланған. Орталық Қазақстан географиясын құрайтын микроқұрлықтарды (жер қабатының ерекше көтерілген түрі) зерттей келе, геология ғылымдарының профессоры Джо Меерт пен оның әріптестері көп тінді жануарлар ағзасы бұрынғы есептелген мерзімнен ары қарай 100 миллион жыл бұрын, ол дегеніміз кембрий кезеңінен де әрі, пайда болуы туралы дәлелрдер тапты.

Дәл осы, кембрий кезеңінде (шамамен 542 миллион жыл бұрын), ғалымдар болжауы бойынша көптінді өмір «жарылысы» туындаған болатын. Заманауи биологиялық түрлердің шығуын, осы бір эколюциялық «рекорд»жасаған ғажайып жағдайға дейін қадағалауға болатын. Көптінді өмір қазіргі кездегі тұжырым бойынша, бірден мұз дәуірінен кейін (750 мың жыл бұрын) дамыған делінген.

Меерт эдиакар дәуірі (635миллион жыл бұрын) фаунасының тасқа айналған екі қалдықтарын бұдан да ерте қабатта тапқан. Nimbia occlusa және Aspidella terranovica организмдерінің іздері ерте мұз дәуіріне дейінгі 50 миллион жыл бұрын болған кезеңге жататын тас пішінінде болған.

Мен осы тас қалдықтардың құпия табиғатын ескере отырып, оның бұрынғы ұқсас қазбалардан 100 миллион жылға үлкен екені туралы фактілердің әлі пікірталас тудыратынына сенімдімін, - дейді Меерт.

Америка геологтарының табысы қазіргі кездегі оқулықтарда жазылған көптінді ағзанығ дамуы кезеңін одан да ары қарай итеретін болады. Бір жағынан, ежелгі Nimbia оcclusa организмінің табиғаты таластарды күшейте түсетін тақырыпқа айналатынын айдан анық. Ғалымдардың пікірі әрқилы, әлде бұл көптінді жануар, не болмаса бактериялар колониясы, немесе тағы да бірдеңе... Жаңа қазбалар осыған дейін ежелгі деп саналып келгендермен бірдей, алайда, олардың арасында 150 миллион жыл қабаты жатыр. Олай болса, Nimbia оcclusa тектогникалық, климаттық, мұхиттық және атмосфералық құбылыстарды басынан кешіруі қажет болатын, бірақ еш өзгеріссіз сақталған. Ойланатын тақырып бар..., деп жазады Экспресс-К.

Қазақстанда



Мемлекет басшысы ҚР бас Прокурорын қабылдады


23 желтоқсанда Мемлекет Басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының бас прокуроры Қайрат Мамиді қабылдады.

Кездесу барысында Қ.Мами мемлекет Басшысына биылғы жылдың қорытындылары мен алдағы жылда атқарылатын міндеттер, елдегі заң сақтау мен құқық тәртібі туралы ақпарат берді.

2010 жылы прокуратура органдары Президенттің құқық қорғау органдары қызметі тиімділігін арттыру мен жеетілдіру, қылмыстық заңдарды ізгілендіру, азаматтардың заң құқықтары мен мүдделері кепілдерін күшейтуге бағытталған тапсырмаларын жүзеге асыруда бірқатар жұмыстар атқарды.

Прокуратура органдарының негізгі назары қаржылық дағдарысты еңсеру, соның ішінде банк жүйесін қалпына келтіру, үлестік құрылысқа қатысушыларды құқықтық қамтамасыз ету, бизнесті қорғау бойынша іс-шараларға бейімделген.

Прокуратура органдары қабылдаған шаралар нәтижесінде 552 мың заң бұзушылық жойылып, 685 мың азаматтың конституциялық құқтары қорғалды. 50 мың заңсыз құқық актілері жойылды.

Үстіміздегі жылы 2809 заңсыз тексерулер жолы кесілді. Ол 2009 жылға қарағанда 3 есеге артық. Прокуратураның барлық аймақтық органдарында шағын және орта бизнес субъектілері құқын қорғау бойынша арнайы жұмыс топтары құрылған. Жұмыс істеп отырған субъектілерге тексеру тағайындау туралы 2000 астам актілерді тіркеуден бас тартқан.


Қазақстан жұртшылығы президент Назарбаевтың өкілеттілігін 2020 жылға дейін созуды ұсынды


Людмила Малько, ҚазАқпарат

23 желтоқсанда Өскемен қаласында Қазақстанның Алғаш президенті өкілеттігін 2020 жылдың 6 желтоқсанына дейін ұзарту жөніндегі республикалық референдум өткізу бойынша бастама тобының жиналысында, генерал-лейтенант, Халық ҚаҺарманы Бақытжан Ертаев шығысқазақстандықтардың бастамасын қолдады.

Б.Ертаев атап өткендей, «Нұрсұлтан Назабаевтың – әлемдік тұрғыдағы адам екеніне ешкім күмән білдірмейді. Оның Семей полигонын жабу туралы нық қадам жасаулары мен ядролық қарусыз қазақстан жасау бастамасы, одан кейінгі Орталық Азияны ядролық қарусыздандыру, жоғары халықаралық беделі, ядролық қарусыз бейбіт өмір сүру күресінде жасаған біріктіру іс-шаралары бейбіт өмір мен тыныштық мәселелеріндегі көшбасшылығын және өз Отаны мен Атамекенінің гүлденуі үшін жасампаздығын көрсетеді».

Қазақстанның Алғаш Президенті өкілеттігін ұзарту жөніндегі республикалық референдум өткізуді қолдаушы Қазақстан халықтары Ассамблеясы мүшелері, ұлттық-мәдени орталықтардың жетекшілері, ҚР ппарламент сенаторы Анатолий Башмаков, облыстық мәслихат депутаттары Михаил панин, Тауұзақ таумұратов, Наталья Гиллер, Роман Ким, Амангелді Қажыбаев, Сергей Погодин, Мадина Ақмолдина, Озғамбай Өмірзақ, Владимир Акулов, Темірбек Алмолдин және баасқалар сөз сөйлеген. Сөз сөйлегендер, бүгінгі таңда

елімізде «тұлғаға» ұқсас келетін альтернатива жоқ, ол туралы ашық айту қажет, жан-жаққа жалтақтамай, «демократ тәрізділерге» алаңдамай турасын айтқан жөн, деп бірауыздан құптады.

Брифингте журналистердің сұрақтарына, орыс орталығының жетекшісі михаил панин мен бастама тобының төрағасы Ерлан Сыдықов, мұндай бастаманың неліктен «шығыстан» басталып отырғандығы турасында, «күн шығыстан атады» деп жауап берді. «Біз және біздің балаларымыз, Шығыс қазақстан тұрғындары жарты ғасырлық ядролық сынақтардың ауыртпалығын жақсы білеміз және бейбір өмір мен тыныштық дегенді де жақсы білеміз. Біздің Президентіміз қол қойған реабилитациялық бағдарламаларды ары қарай жалғастыру қажет. Ал, Президент – біздің кепіліміз».


Мұнай-газ секторы



Қазақстан мұнайы БТЖ-ға Каспийдегі транспорттық торап арқылы қосылады


Қазақстан жақын арада Каспийдің солтүстігінен бакуге дейінгі транспорттық жүйе құрылысын аяқтап, Баку-Тбилиси-Жейхан (БТЖ) мұнай құбырына қосылатын болады, деп мәлімдеді республиканың премьер-министрі Кәрім Мәсімов.

Ол орталық азия мемлекеттері ұшін «бұл ортақ, маңызды жоба, себебі, ол Түркияға қол жеткізетін болады. Осы жобаны қолымыздан келгенше, қолдап келеміз», деп атап өтті Мәсімов Ыстамбұлда өткен экономикалық ынтымақтастық Ұйымы (ЭЫҰ) саммитінде.

Мәсімовтың пікірінше, ЭЫҰ елдерінде «ғаламдық нарық тұтынушылары үшін энергетикалық қорларды жеткізуде ортақ мүдделері бар». «Қазақстан ең алдымен, көршілес елдерге зиян келмейтіндей, энергия өорларын әлемдік нарыққа қауіпсіз жеткізуді барынша қолдайды», - деді ол.

Үкімет басшысы 2009 жылдың қазанында «Каспий, Қазақстан және Қытайды байланыстыратын, Қазақстан-Қытай мұнай құбырының іске қосылғаны туралы еске сала кетті, деп хабарлайды Қазақстан жаңалықтары АА.


Энергетика



Қазақстан мен Корея Президенттері Балқаш ЖЭС құрылысы жобасын жүзеге асыру мәселелерін талқылады


23 желтоқсанда Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Корея Республикасының Президенті Ли Мён Бакпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды ҚР Президентінің баспасөз қызметі сілтемесінде Kazakhstan Today.  

Әңгімелесу барысында қазақстан-корей қарым-қатынастарының жай-күйі мен перспективалары талқыланды. Атап айтқанда, мемлекет басшылары Балқаш ЖЭС құрылысы жобасын іске асыру туралы пікір алмасты.

Президент Ли Мён Бак Нұрсұлтан Назарбаевты Астанада ЕҚЫҰ саммитінің табысты өтуімен құттықтады және форумның өткізілуіне жоғары баға берді.

Мемлекет басшысы Корея Республикасының Президентін 2011 жылы Қазақстанға сапармен келуге шақырды.

Балхаш ЖЭС құрылысы 2010 жылдың маусымында басталғанын еске салайық.

«Самұрық-энерго» АҚ, «Қазақмыс» тобы, КЕРСО и Samsung C&T ортақ пресс-релизінде көрсетілгендей осы ЖЭС құрылысы халықтың 40 пайызы тұрмыс құрып жатқан Қазақстанның оңтүстік аймақтарында электр қуатының жетіспеушілігін жою мақсатында іске асырылған.Екі энергия блогынан тұратын станцияның қуаттылығы – 2640 МВт дейін. Құрылысқа 7000 жұмысшы тартылатын болады, оның 80% қазақстандық мамандар, деп хабарлайды Kazakhstan Today.


Қаржы және инвестициялар



S&P қазақстандық Халық банкінің несиелік рейтингі бойынша «В»/»В+» болжамды «кемшілікті»-ден «тұрақты»-ға өзгертті


Standard & Poor’s халықаралық рейтинг агенттігі қазақстандық «Қазақстан Халық банкі» рейтингі бойынша болжамды «кемшілікті»-ден «тұрақтыға» өзгертті. Контрагенттің несиелік рейтингі – ұзақ мерзімді «В+» мен қысқа мерзімді «В» белгіленген.

Банктің рейтингі Қазақстан республикасындағы экономикалық және банктік сфералардағы қауіп деңгейін көрсетеді (шетел валютасындағы міндетті рейтинг: «ВВВ»/ «тұрақты»/ «А-3»; міндетті ұлттық валютада - «ВВВ+»/«тұрақты»/«А-3»; ұлттық шкала бойынша рейтинг: «kzAAA»), активтердің төмен сапасы мен осыған байланысты несие бойынша жинақтық жоғалтуды жоғары деңгейі, кірістік көрсеткішке едәуір қысым жасайтын, сондай-ақ корпоративтік несиелер мен депозиттер құрылымында жеке клиенттердің үлесінің жоғарылығы дәлелдейді.

Standard & Poor’s несиелік рейтинг Қызметтерінің пікірі бойынша Қазақстан Халық банкі Қазақстандағы банктік жүйені қалыптастырушы болып табылады дегенге қарамастан, рейтитг оның жеке несиелік қабілеттілігін көрсетеді және негізгі тои немесе үкімет тарапынан жедел қолдау алу мүмкіндігінің қосымша сатыларына ие бола алмады.

Алайда, агенттік банктің дағдарыстан шығуына көмек ретінде «Самұрық-Қазына» ұлттық қоры арқылы оның есепшотына 1 млрд.доллар аударып, оның 400 млн. қарапайым және айрықша қосымша эмиссия үшін жұмсалған қаражатты есепке алады. 2009 жылдың науырызында «Самұрық-Қазына» 20,91% қарапайым акция сатып алды, ал жылдың ортасында банктің айрықша акциясын 220 млн инвестициялап, оның капитализациясын өсіруге әсер етті. Халық банктің (54,4%) акциясының бақылау пакетін иеленетін JSC Holding Group Almex (HGA; рейтинг жоқ) тобы, 2011 жылдың басында банк капи талында «Самұрық-Қазына» опциялық үлесін сатып алуды пайдаланатынын туралы жариялады. «Тұрақты» болжамы Қазақстанның экономикасының біртіндеп нарықтық «турбуленттік»-тен шығуының арқасында банк активтеріне қысым жасауды азаюын көрсетеді. Егер нарықта жаңа тұрақсыздық белгілері пайда болса, қазіргі рейтинг болжамы, бұрынғы «кемшілікті» қалпына түсуі ғажап емес. Десек те, S&P мұндай жағдайлардың дамуын болжап отырған жоқ.

Ішкі экономикалық факторлар қысымы толығымен аяқталмайынша, таяу арада қысқа мерзімді рейтингтің көтерілу мүмкіндігі үлкен емес. Ондай жағдайда рейтингтер қауіп-менеджментін жетілдіру, актив сапасын жоғарылату, жеке клиенттерге тоқталу мәнін азайту, сонымен қатар, жоғары және тұрақты қыржылық көрсеткіштер болған жағдайда ғана өсуі ықтимал, хабарлайды ПРАЙМ-ТАСС.

Fitch АТФ Банкі рейтингісі бойынша болжамды «Позитивті» өзгертіп, ҚДБ мен ҚазАгроҚаржы рейтингтерін бекітті


Fitch Ratings халықаралық рейтинг агенттігі АТФ банкінің рейтинг болжамдарын «тұрақты»-дан «позитивті»-ге өзгертті және рейтингті бекітті (шетел валютасындағы ұзақ мерзімді РДЭ «ВВВ» деңгейінде, ұлттық валютада – «ВВВ», шетел валютасының қысқа мерзімді РДЭ «F3» деңгейінде және ұлттық валютада – «ВВВ» деңгейінде бекітті. Қамсызданған басым рейтинг – «ВВВ»). Ол туралы Прайм-ТАСС хабарлайды. Агенттік осы мезгілде басқа да қазақстандық банктер – Қазақстан даму банкі мен «ҚазАгроҚаржы» рейтингтерін белгіледі.

Аталған рейтингтік әрекеттер агенттіктің Қазақстанның тәуелсіз рейтингтері бойынша «тқрақты»-дан «позитивті»-ге өтуіне байланысты анықталды.

Қазақстан даму банкінің ұзақ мерзімді шетел валютасындағы РДЭ «F3» деңгейінде белгіленіп, болжам – «тұрақты» болса, қысқар мерзімді РДЭ шетел валютасында – «F3» деңгейінде тұрақтандылырса, қысқа мерзімді шетел валютасында РДЭ «F3» деңгейінде болып, «тұрақты» болжамда белгінеді. Ұлттық валютадағы қысқа мерзімді рейтинг «F3» деңгейінде, қолдау рейтинге «2» деңгейінде, ұзақ мерзімді РДЭ «ВВВ-» лайық болып, қамсызданған басым рейтинг – «ВВВ-» деігейінде белгіленген.

Ұзақ мерзімді «ҚазАгроҚаржы» шетел валютасындағы РДЭ «ВВ» деңгейінде, болжам – «тұрақты»; қысқа мерзімді шетел валютасындағы РДЭ – «В» деңгейінде; ұлттық валютадағы ұзақ мерзімді РДЭ – «ВВ» деңгейінде, болжам – «тұрақты»; ұлттық ұзақ мерзімді рейтинг – «А/kaz/»; қолдау рейтингі – «3»; қзақ мерзімді РДЭ «ВВ» деңгейінде; қамсызданбаған басым рейтинг – «ВВ» деңгейінде , деп хабарлайды Прайм-ТАСС


Халық банк Азиада – 2011 Эстафета Алауы дерекциясымен серіктестік келісімін жасады


Алматыда 7-Қысқы Азиада ойындары алауы эстафетасы дирекциясы мен Халық банкі арасындағы серіктестік туралы келісімге қол қою рәсімі туралы «Қазақстанның Халық банкі» АҚ-ның баспа қызметтерінде айтылды.

Құжатқа қол қоюға Азиада дирекциясынан тарапынан Сәрсен Құранбек, Халық банкі жағынан – Басқарма Төрағасы Үміт Шаяхметова қатысты.

Азиада алауын сақтау - үлкен жауапкершілік. Мұндай  абыройлы да жауапты міндеттті біз ойдағыдай орындай  аламыз.

Халық банкінің басқарма төрайымы Үміт Шаяхметованың айтуынша,  Азиада алауының тасымалданбалы оттығы банктің Алматыдағы бас кеңсесінде арнайы бөлінген залда сақталатын болады. Оны қала тұрғындары мен қонақтары  көріп-тамашалай алады. 7-Қысқы Азиада ойындары алауы эстафетасының дирекциясы өкілдерінің сөзіне қарағанда, эстафетаның  серіктесі әрі Азиада алауының сақтаушысы ретінде Халық Банкінің таңдалуы кездейсоқ емес. Эстафета Қазақстанның барлық өңірін қамтитын болған соң,  жобаның  талаптарына сәйкес серіктес  банктің республиканың  әрбір өңірінде филиалы болуы қажет. Өйткені Азиада-2011 алауы эстафетасының кезеңдері арасында Алау оты осы филиалдарда сақталатын болады. Жобада сондай-ақ,  банктің халық арасындағы танымалдығы, ал ең бастысы - сенімділігі де ескерілді. Алау эстафетасы дирекциясының мұндай талаптарына Халық банкі толығымен жауап бере алады. 

Қол қою рәсімінен кейін Халық банкінің пресс-залында Эстафета алауының атрибуттары көрсетіліп, эстафетаға қатысушылардың киім үлгілері тамашаланды. БАҚ өкілдері алғаш рет Роза Рымбаева мен Әлібек Дінішев орындайтын, музыка авторы – Ерулан Қанапиянов, Шөмішбай Сариевтың сөзіне жазылған Эстафета Гимні орындалуын алғашқылардың бірі болып көрді.

Банк баспа қызметтері хабарлағандай, Азиада Алауы 2011 жылдың 11 қаңтарында Азия Олимпиада Кеңесінің штаб-пәтері орналасқан Эль-Кувейт қаласында жағылатын болады. Келесі жылы бортында алауы бар ұшақ Алматының аэропортына келіп қонады. Қалалар арасында арнайы тасымалдау колбасында сақталатын болады. Алауды салтанатты түрде қарсы алу рәсімінен кейін Алматы көшелерін аралап, басқа аймақтарға жөнелтіледі. 20 күн аралығында Алау республиканың облыс орталықтарын аралап, 30қаңтарда Астанадағы «Астана-Арена» алаңына, Азия ойындарының ашылу салтанатының басталуы сәтінде жеткізіледі, деп хабарлайды Егемен Қазақстан.


ҚБА Қазақстанда банктік омбудсмен институтын енгізуге ұсыныс жасады


Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын бақылау мен реттеу жөніндегі Агенттік Қазақстанда ипотекалық қарыздар бойынша банк пен қарызгерлердің арасындағы дау-дамайды шешетін тәуелсіз тұлға - банктік омбудсмен интитутын туралы, оны енгізу жайында ұсынысын айтты ҚБА басшысы Елена Бахмутова.

Оған сәйкес норам «ипотекалық несиелеу мен қаржылық қызмет пен инвесторлардың тұтынушылық құқығын қорғау мәселелері бойынша кейбір заң актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасында қарастырылған. Бейсенбіде сенаттың пленарлық отырысында екі рет талқылау жасағаннан кейін сенарторлардың түзетулерімен Мәжіліске мақұлдау үшін жіберілді.

«Бұл заң жобасында банктер мен ипотекалық қарыз несие алған қарызгерлер арасында туындайтын қарсылықтарды реттейтін банк омбудсмені институтын енгізу де қарастырылған», - деді Бахмутова.

Банктік омбудсмен қызметін қаржыландыру банктер қоғамдастығына артылуы, сенаторлардың осы институттың банктерге тәуелді болуы ойлантып отыр.

ҚБА басшысы Бахмутова, сонымен қатар, сенаторлардың ұсынысы бойынша банктік омбудсменд таңдау жөніндегі кеңеске, тұтынушылар құқығын қорғаумен айналысатын ұйымдардың да кіргенін еске сала кетті.

Дегенмен де, ол халықаралық тәжірибеге сәйкес, банктік омбудсменді, банк қаржыларынан басқа қаржыландыру тәсілі жоқ деп бой бермеді. «Дегенмен де, бұл дауларды шешуде жұмыс істейтін тәулсіз делдалды қаржыландыру - қаржы ұйымдарының ерікті шешімі болып табылады. Менің ойымша, біраз уақыттан кейін омбудсмен жұмысына кейбір түзетулер жасауға тура келетін болар. Бірақ, бүгінгі таңда, халықаралық тәжірибеге сүйенсек, қаржыландырудың бұл түрі – пайдалырақ болып түр», деп қорытты Бахмутова, Қазақстан жаңалықтары АА.


Аймақтық іскерлік жаңалықтар



Өзбекстанда алғаш рет риэлторлық қызмет туралы заң пайда болады


Өзбекстанда жылжымайтын мүлік саласында делдалдық қатынастарды реттейтін, алғаш рет риэлторлық қызмет туралы заң қабылданды. 22 желтоқсанда республика президенті Ислам Кәрімов «Риэлторлық қызмет туралы» заңға қол қойды. Бірақ бұл заң алты айдан кейін өз күшіне енетін болады, деп хабарлады жүйелік Газета.Уз.

Заңға сәйкес, риэлторлық қызметке «жылжымайтын нысандар мен оларға құқықтық иелік жөнінде келісімдер жасаумен байланысты келісім-шарт негізінде заңды және жеке тұлғалардың қызмет көрсетуі бойынша кәсіпкерлік қызмет» деген түсінік беріледі.

Заң күшіне енген соң, Өзбекстандағы риэлторлық қызмет, тек құзырлы мемлекеттік органдар беретін лицензия негізінде жүзеге асатын болады. Заң бойынша риэлторлық ұйымдар мемлекеттік билік органдары мен басқармаларда құрылмайды. Сонымен қатар риэлторлық ұйымдардың басқа да қызметтермен айналысуына рұхсат етілмеген.

Осы кезге дейін Өзбекстанда риэлторлық қызметпен, ешбір арнайы кәсіби дайындықсыз, кез-келген жеке тұлға айналыса алатын. Риэлторлық қызмет кәсіпкерлік ретінде лицензиясыз болғандықтан, бақылаушы және құқық қорғаушы органдар жауапсыз риэлторлар қызметін шектеуге жеткілікті құзырға ие болмай келген болатын.

Өзбекстанның Жоғарғы шаруашылық сотының 2007-2009 жылғы шығарған ресми мәліметтерінге қарағанда, жылжымайтын мүлік нарығында делдалдардың тұтынушы құқығын бұзумен байланысты 1500 іс тіркелген.. деп хабарлайды Газета.Уз.

ЭЫҰ мүше-елдер сауда көлемін 20% ұлғайтуды жоспарлап отыр


Экономикалық ынтымақтастық Ұйымына (ЭЫҰ) мүше-елдер 2015 жылғы қарай сауда көлемін 20% арттыратын болады, деп хабарлады Туркия Президенті Абдулла Гүл Ыстамбұлда өткен ЭЫҰ саммитінде.

Шетелдік БАҚ сілтемесіне жүгініп AZE.az газеті хабарлағандай, кездесуге 16 мемлекет пен үкімет басшылары қатысұан, оның ішінде негізгі халықаралық ұйымдардың өкілдері, он аймақтық ұйымдар қатысушы – мемлекеттер бар. Кездесу барысында ынтымақтастықтық басым бағыттары мен ЭЫҰ 2015 жылға дейінгі жаңа мақсаттары және де ЭЫҰ елдері арасында еркін сауда аймағын құру туралы мәселелер талқыланды.

Түркия президенті Абдулла Гүл Экономикалық ынтымақтастық ұйымы бойынша әріптестеріне қаржы саласындағы ынтымақтастықты кеңейте түсіп, ЭЫҰ сауда және даму банкінің капиталына кіруге ұсыныс жасады.

ЭЫҰ елдерінің негізгі ынтымақтастық бағыттары Энергетика, байланыс, сауда, өндіріс, транспорт, қоршаған ортаны қорғау, кедей және қылмыспен күрес деп, атап өтті Түркия президенті.

Сонымен қатар ол саммит барысында қатысушы-елдерге ұлы Жібек жолы қайта жаңғырту туралы ұсыныс жасады.

«Ол энергетика, сауда, коммуникация, транспорт жолына айналуы қажет», -деп жалғастырды.

«ЭЫҰ Сауда және даму банкі, Ислам және Азияның даму  банктері әріптестік ауқымында біздің аймақтағы маңызды жобаларды бірлесе жүзеге асыра алады», - деп мәлімдеді А.Гүл Ыстамбұлда өтіп жатқан ЭЫҰ 11-саммитінде сөйлеген сөзінде.

«Біз банктің ЭЫҰ жобаларын қаржыландыруға маңызды үлесін қосатынына сенімдіміз. Банкті құрушы елдер болып табылатын Түркия, Иран мен Пәкістаннан басқа біз өзге де ЭЫҰ елдерін аталмыш банк жұмысына қосылуға шақырымыз», - деп мәлімдеді Түркия президенті. 

ЭЫҰ 1985 жылы Түркия, Иран және Пәкістан арасында экономикалық ынтымақтастықты жамыту мақсатында құрылған болатын. Қазіргі кезде оның қатарына Түркия, Иран, пәкістан, Әзірбайжан, Ауғанстан, Түркменстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Қазақстан кіреді. Қазақстаннан ЭЫҰ 11-саммитіне Премьер-Министр Кәрім Мәсімов қатысуда.саммит аясында қылмыспен бірлесе күресу мен шекаралық мәселелері талқыланатын ЭЫҰ елдерінің ІІМ басшыларының кездесу, және де ел басшыларының екі жақты кездесулері өтуде.

Түркия ЭЫҰ саммитін 1993 және 2002 жылдары өткізген болатын.

Форум Түркия Президенті «ЭЫҰ жаңа леп береді» деп үміттенетін «Ыстамбұл» декларациясын» қабылдаумен аяқталады, деп хабарлайды CA-News.

Бағалар мен статистика






Visor Capital компаниясы ұсынған Volume and Share Index
Дата: 24 желтоқсан, 2010; дерек көзі: Visor Capital

Наверх




Visor Capital компаниясы ұсынған Market Movers
Дата: 24 желтоқсан, 2010; дерек көзі: Visor Capital

Наверх


Мұнай мен газ құны
Дата: 24 желтоқсан, 2010; дерек көзі: Bloomberg.com

Petroleum ($/bbl)




Price*

Change

%Change

Time

Nymex Crude Future

91.51

1.03

1.14

12/23

Dated Brent Spot

94.31

.37

.40

02:53

WTI Cushing Spot

90.91

1.08

1.20

12/23

Petroleum (cent/gal)




Price*

Change

%Change

Time

Nymex Heating Oil Future

254.08

1.23

.49

12/23

Nymex RBOB Gasoline Future

244.26

1.81

.75

12/23

Natural gas ($/MMBtu)




Price*

Change

%Change

Time

Nymex Henry Hub Future

4.08

-.07

-1.66

12/23

Henry Hub Spot

4.08

.09

2.26

12/23

New York City Gate Spot

7.20

1.40

24.14

12/23



Commodities
Дата: 24 желтоқсан, 2010; дерек көзі: Bloomberg.com

Commodity

Price

Change

%Change

Time

COPPER FUTURE (USd/lb.)

425.850

-1.650

-0.39

12/23

GOLD 100 OZ FUTR (USD/t oz.)

1380.500

-6.900

-0.50

12/23

SILVER FUTURE (USD/t oz.)

29.328

-0.057

-0.19

12/23

Металл құны
Дата: 24 желтоқсан, 2010; дерек көзі: Kitco.com

Silver

29.31

+0.03

Platinum

1729.00

+17.00

Palladium

754.00

+1.00

Rhodium

2,360.00

0.00

Валюталар бағамы
Дата: 24 желтоқсан, 2010; дерек көзі: ҚР Ұлттық Банкі

1 USD

KZT 147.13

1 CHF

KZT 154.53

1 CNY

KZT 22.15

1 TRY

KZT 94.73

10 JPY

KZT 1.77

1 EUR

KZT 192.76

1 AUD

KZT 147.63

1 KGS

KZT 3.13

1 UZS

KZT 0.09







1 GBP

KZT 226.23

1 CAD

KZT 145.43

1 RUB

KZT 4.8

100 KRW

KZT 12.79







Отписаться от рассылки





Жазылу және сіздің пресс-релиздеріңізді жариялау үшін мына адреске хабарласыңыз:

newsline@checkpoint.kz
www.newsline.kz

Copyright © Check Point Central Asia 2006-2010



й


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет