-
Номер мақаласы
-
Алматыда жаңа мұз айдыны ашылды
-
Қазақстанда
-
ОСК референдумның бастама тобын, сонымен қатар, оның республикалық референдумға шығару үшін ұсынатын сұрағын тіркеден өткізді
-
Мұнай-газ секторы
-
Қазақстан таяу мерзім ішінде ҚКМТЖ жобасын жүзеге асырады
-
АЗММК президенті Ровнаг Абдуллаев: «Баку-Жейхан бойынша қазақстан мұнайын тартуға еш кедергі жоқ»
-
Евро-3 енгізу мерзімі 2010 жылдың 1 шілдесіне ауыстырылған
-
«ҚазМұнайгаз» Ұлттық компаниясы мен "KAZENERGY"Ассоциациясы мұнай мен газ Жастар мектебі ашылғаны туралы хабарлады
-
Энергетика
-
KEGOC Әлемдік банктен 78 млн доллар қарыз алды
-
Қаржы және инвестициялар
-
Бизнесмендерге Халықаралық қаржылық есеп стандарттары туралы ацтылатын болады
-
«БТА банк» «еншілесі» айыптауы бойынша «АТТА Ипотека» 956 млн рубль шығынды қайтарды
-
Ұлттық банк – ҚР ақшалай масса қаңтар-қарашада 13,9 пайызға артты
-
Сауда және тұтыну тауарлары
-
Кеден одағында біртұтас виза енгізіледі
-
Жылжымайтын мүлік
-
Түркия Қазақстан құрылысшыларын оқытатын болады
-
Көлік және коммуникациялар
-
БҚА Қазақстанның ірі ұялы байланыс операторларынан 30 млрд теңге өндіріп алуды жоспарлап отыр
-
Сақтандыру және қауіпсіздікті басқару
-
2011 жылы аннуитетті сақтандыру бойынша жарнаның төмендеуі күтілуде
-
Аймақтық іскерлік жаңалықтар
-
«Газпром» Өзбекстаннан газ сатып алу келісім-шартына қол қойды
-
Путин қырғыз әріптесі Атамбаевпен кездесу өткізді
-
IWPR: Еуропа түркмен энергия тапсымалдаушылары диверсификациясын қолдайды
-
Бағалар мен статистика
-
Visor Capital компаниясы ұсынған Volume and Share Index
-
Visor Capital компаниясы ұсынған Market Movers от компании
-
Мұнай мен газ құны
-
Commodities
-
Металл құны
-
Валюта бағамдары
Please contact us for subscription or to send your press releases at: newsline@checkpoint.kz
Номер мақаласы
Алматыда жаңа мұз айдыны ашылды
Ербол Азанбек, ҚазАқпарат
Алматыда заманауи талаптарға сай жаңа мұз айдыны ашылды. Жаңа демалыс әрі спорт кешенінің ашылуына қала әкімі Ахметжан Есімов қатысты.
«Жаңа мұз айдыны алматылықтардың тағы бір сүйікті демалыс орнына айналады деп сенемін. Бұл салауатты өмір салтын ұстанушылар мен болашақ спортшыларға Азия ойындары қарсаңында берілген сыйлық»,-деген қала әкімі инвесторлар мен тез арада осындай нысанды салып бітірген құрылысшыларға алғыс айтты. Қала әкімі Азия ойындарының қарсаңында пайдалануға берілген осындай спорт ғимараттары ойындардан соң тұрғындардың игілігіне қызмет ететінін атап өтті.
Мұз айдынының ашылуына АҚШ-тағы жаттығуын тастап арнайы келген Ванкувер олимпиадасының қатысушысы Дениса Теннің айтуынша, LUXOR кешенінің ашылуы мәнерлеп сырғанаушылар үшін үлкен сый болды. «Елімізде осындай кешеннің ашылуына қуаныштымын»,- деді жас спортшы.
Барлық жағынан заманауи талапқа сай кешеннің құрылысын Мега айс компаниясы жүргізген. Ол еліміздегі мұз айдындары құрылысын салумен және сервистік қызмет көрсетумен айналысатын жалғыз компания. LUXOR кешені Алматыдағы 7- жабық мұз айдыны болып отыр.
Қазақстанда
ОСК референдумның бастама тобын, сонымен қатар, оның республикалық референдумға шығару үшін ұсынатын сұрағын тіркеден өткізді
2010 жылдың 27 желтоқсанында Орталық сайлау комиссиясының отырысында референдумның бастама тобы мен оның республикалық референдумға шығару үшін ұсынатын сұрағын тіркеу туралы қаулы жасалды. Орталық сайлау комиссиясы бастама тобы өкілдеріне қажетті куәлік пен азаматтардың қолын жинау үшін қол қойылатын қағаздарды берді.
Бастама тобын тіркеу үшін қажетті құжаттар орталық сайлау комиссиясына 2010 жылдың 23 желтоқсанында тапсырылған болатын.
Ұсынылған құжаттарға сәйкес 320 адамнан тұратын бастама тобы, референдумға қатысуға құқы бар, әр облыстан келген және Қазақстан Республикасының астанасы мен Алматы қалаларына тең келетін 850 азамат қатысқан жиналыста құрылған болатын.
Бас прокуратура ақпараттары бойынша, жиналыс пен бастама тобын құру «республикалық референдум туралы» Конституциялық заң талаптарына толығымен сәйкес өткізілген.
Заңнама сәйкес, референдум тағайындау туралы бастама мәселесі үшін референдум инициаторлары барлық облыстарға, Астана және Алматы қалаларына бірдей көлемде 200 мыңнан кем емес азаматтар қолын жинауы қажет, яғни әр аймақтан 12,5 мың қолдан кем емес.
Қол жинауды ұйымдастыруға бастама тобы Орталық сайлау комиссиясында тіркелген күннен бастап кірісе алады.
Тікелей қол жинау үшін бастама тобы аймақтарда, белсенді сайлау құқы бар азаматтардан тұратын арнайы топтар құруға құқылы. Осы топтардың саны мен жұмысқа тартылатын азаматтардың саны шектелмеген.
Қол жинайтын адам азаматтарға бастама тобы мен оның ұсынған сұрағын тіркеу туралы куәлік көшірмесі көрсетуге міндетті. Әр азамат қол қою парағына бір рет қол қоя алады.
Референдум туралы заңнамаға сәйкес қол жинау аяқталғаннан кейін, үш күн мерзімі ішінде қол қойылған қағаздар тиісті аймақтық комиссияларға тапсырылуы қажет. Юстиция территориялық орган қызметкерлері қол қойған азаматтарды растауы үшін жұмысқа тартылатын болады.
Болып өткен брифинг отырысы аясында Орталық сайлау комиссиясының Басшысы, «конституциялық заңда қол жинау мерзімі көрсетілмеген. Сондықтан да бұл үрдістің ұзақтығы, ең алдымен, республика азаматтарының бастама тобын қолдауы мен бастама тобының ұйымдастыру мүмкіндіктерін байланысты», деп мәлімдеді.
Сонымен, республикалық референдум жұмысы бойынша, «Сіз республикалық референдумда Қазақстан Республикасының Алғаш Президенті – Елбасы (Ұлт Көшбасшысы) Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2020 жылдың 6 желтоқсанына дейін өкілеттігін ұзартасыз ба?» сұрағы басталды.
«Сайлау органдарының ары қарай жасайтын әрекеттері, қол жинау процесі қалай аяқталғанына байланысты болады», - деді Қуандық Тұрғанқұлов, ҚР ОСК Баспа орталығы хабарлайды.
Мұнай-газ секторы
Қазақстан таяу мерзім ішінде ҚКМТЖ жобасын жүзеге асырады
Қазақстан таяу арада Қазақстан-каспий мұнай тасымалдау торабын құру бойынша жобаны жүзеге асыратын болдаы, - деп мәлімдеді премьер-министр Кәрім Мәсімов.
«Сонымен қатар, мұнайды БТЖ-ға («Баку-Тбилиси-Жейхан» құбыры) жеткізетін тасымалдау жүйесін құру бойынша нақты жетістіктерге қол жеткіздік. Ол жақын арада аяқталады», - деп айтты ол Ыстамбұлда өткен экономикалық ынтымақтастық Ұйымы саммитінің пленарлық отырысында.
Премьер, орталық-азия мемлекеттері үшін «бұл ортақ, маңызды жоба, себебі, сол арқылы Түркияға жету мүмкіндігін береді». «Біз қолымыздан келгенше осы жобаға қолдау көрсетіп келеміз», деді.
Мәсімов сондай-ақ , ЭЫҰ елдерінде «ғаламдық нарық тұтынушылары үшін энергетикалық қорларды жеткізуде ортақ мүдделері бар». «Қазақстан ең алдымен, көршілес елдерге зиян келмейтіндей, энергия өорларын әлемдік нарыққа қауіпсіз жеткізуді барынша қолдайды», - деді.
Үкімет басшысы 2009 жылдың қазанында «Каспий, Қазақстан және Қытайды байланыстыратын, Қазақстан-Қытай мұнай құбырының іске қосылғаны туралы еске сала кетті.
Маусым айының орта шенінде қабарланғандай, «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының басшысы Қайыргелді Қабылдин, ҚКМТЖ-нің құрылысы 2013 жылға дейін шегерілді деп мәлімдеген болатын. Осы ретте компания басшысы аталған мерзімге қарай ҚКМТЖ толтыру үшін республикада жеткілікті мұнай көлемі болады дегенге күмән білдірген.
«Біз 2014-2016 жылдары ҚКМТЖ құрылысын ақтау үшін қажетті мұнайдың нақты көлемі болмайды деп божаймыз. Осы транспорттық жобаны жүзеге асыру мерзімі кейінгі қалдырылып отыр», - деген болатын Қ.Қайыргелді
2007 жылдың қаңтарында «ҚазМұнайГаз», консорциум қатысушылары Agip KCO және «Теггизшевройл» БК ҚКМТЖ құру жобасы бойынша ынтымақтастың негізгі принциптерін өзара тұсінісу туралы меморандумға қол қойды.
Жоба аясында Каспий теңізінің қазақстандық жағалауында жаңа мұнай тасымалдау инфрақұрылымы, сондай-ақ Ескене-Құрық мұнай құбыры құрылысы, Құрық теңіз порты арқылы танкерлердегі мұнайды каспий теңізі арқылы Әзірбайжан территориясына Баку-Тбилиси-Жейхан торабына жеткізілетін жаңа мүмкіндіктері мен кеңейтуқарастырылған.
ҚКМТЖ үшін қор базасы Каспий қайраңыздағы Қашаған кен орны болады.
ҚКМТЖ алғашқы сатыда Баку-Тбилиси-Жейхан арқылы әлімдік нарыққа жылына 25 млн тонна, кейіннен 38 млн тоннаға дейін ұлғайтылған көлемде тасымалдауды қамтамасыз етеді деген болжам жасалған.
«ҚазМұнайГаз» бағалауы бойынша, ҚКМТЖжалпы құны 4 млрд долларды құрауы мүмкін.
Жобаны қаржыландыру сыртқы инвестициялар есебінен жоспарлануда, деп хабарлады RusEnergy.
АЗММК президенті Ровнаг Абдуллаев: «Баку-Жейхан бойынша қазақстан мұнайын тартуға еш кедергі жоқ»
«Баку-Тбилиси-Жейхан» (БТЖ) құбыры қазақстан мұнайын тасымалдауға дайын». Ол туралы Әзірбайжан мемлекеттік мұнай компаниясының (АЗММК) президенті Ровнаг Абдуллаев мәлімдеді, деп хабарлайды АПА-Экономикс.
Оның айтуы бойынша, қазіргі кезде қазақстан жағы негізінен темір жолды пайдаланады және алдымен мұнайды Батумиге, сол жерден Қара теңіз аймағына жеткізуді қалайды: «Негізгі мақсаты – қазақстан мұнайы Румынияның мұнай өңдеу зауыттарына жеткізу».
Осы ретте, АЗММК басшысы, қазақстан мұнайын осы бағытпен тасымалдау Әзірбайжанға шығын келтірмейді: «Қалай болғанда да, әзірбайжан инфрақұрылымы қолданылады және қосымша кіріс мұнай құбырымен қатар, темір жолдан да түседі», деп хабарлайды АПА-Экономикс.
Евро-3 енгізу мерзімі 2010 жылдың 1 шілдесіне ауыстырылған
27 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Үкіметі «2007 жылғы 29 желтоқсандағы №1372 және 2010 жылдың 24 қыркүйегіндегі №977 Қазақстан Республиксы Үкіметінің қаулысына, экологиялық еуро-3 стандартын енгәзудің жаңа мерзімі мен автотранспорт құралдарын өндіруші мемлекет кестесіне өзгерістер енгізу анықталатын өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қаулысына қол қойылды.
2007 жылы 29 желтоқсанда 2011 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасы аймағында айналымға шығарылатын, автотанспорт құралдары үшін экологиялық саты, автотранспорт құралдарының зиянды (ластайтын) қалдықтары талаптары туралы №1372 Техникалық регламент бекітілген болатын.
Алайда, 2011 жылдың 1 шілдесіне дейін Кеден одағы аясында республика территориясында жеке тұлғалар үшін сырттан әкелінетін атомобильдерге кденедік баж салығына жеңілдіктер болуына байланысты ҚР транспорт және коммуникация министрлігі осы іс-шараларды жүзеге асыруды өамтамасыз ету мақсатында «Қазақстан республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы №1372 және 2010 жылғы 24 қыркүйектегі №977 қаулыларына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» ҚР Үкіметі қаулысының жобасы жасалып, енгізілген болатын. Осы қаулыға сәйкес экологиялық саты -3 енгізу мерзімі 2011 жылдың 1 шілдесіне дейін ауыстырылды.
Осыған өоса, қаулыға бойынша Техникалық реглементтің 5 Қосымшасында, ір ел үшін автомобильдің шығарылу жылы анықталатын өзгерістер енгізілген.
Ресей үшін шығару мерзімі 2008 жылдан кейінгі жылдар ретінде анықталса, Украинаға – 2010 жылдың 1 шілдесінен бастап, беларуссия үшін – 2008 жылдан кейін, Өзбекстан үшін – 2010 жылдан бастап анықталды.
Осы қаулыға қол қойылғаннан бастап, яғни 2010 жылдың 27 желтоқсанынан бастап ену мерзімі басталады, деп хабарлайды ҚР ТКМ.
«ҚазМұнайгаз» Ұлттық компаниясы мен "KAZENERGY"Ассоциациясы мұнай мен газ Жастар мектебі ашылғаны туралы хабарлады
«ҚазМұнайГаз»Ұлттық компаниясы (бұдан кейін – ҚМГ) мен KAZENERGY" Ассоциациясы «ҚазМұнайГаз» баспа орталығы Корпоративті базасында мұнай мен газ Жастар мектебінің ашылуы туралы хабарлады. Бір ай бойы ҚМГ, ҚР мұнай және газ министрлігі, ҚР қоршаған ортаны қорғау министрлігі, салалыө компаниялар мен ұйымдардың мамандары алдыңғы қатарлы жоғарғы оқу орындарының (ЕҰУ, ЕАМИ, ҚазАТУ, ҚазМЮУ және басқа) студенттеріне мұнай газ тақырыбында дәрістер беретін болады.
Бұл мектептің ашылу мақсаты мұнай газ мамандықтары бойынша білі алатын студенттерге еліміз бен әлемдегі мұнай және газ өнеркәсібі даму ерекшеліктерін үйрету мен қыр-сырын ашу болы табылады.
Мұнай мен газ Жастар мектебіне қабылдау конкурс негізінде болды. Курс жұмысы шеңберінде студенттерге негізгі мұнай газ жобалары мен саланың даму тенденциялары, Еуразия территориясында энергетикалық қауіпсіздікпен қамтамасыз етудегі Қазақстанның ролі, елдегі альтернативті энергетика көздерінің дамуы туралы және басқа да ақпараттар берілетін болады.
Қазіргі кезде мектепте 40 астам студент оқып жатыр. Екі айлық курс аяқталғаннан кейін тыңдаушыларға сертификаттар табысталатын болады, KAZENERGY хабарлайды.
Энергетика
KEGOC Әлемдік банктен 78 млн доллар қарыз алды
Халықаралық қайта құру және даму банкі (Бүкіләлемдік банк) Қазақстан үкіметінің кепілдемесімен «KEGOC» Қазақстан электр желілерін басқару жөніндегі компания» АҚ-на Қуаты 500,200кВи Қазақстан НЭС-на қосылатын ӨҚ 500/200 кВ Алма құрылысы» жобасын жүзеге асыру үшін 78 миллион доллар қарыз берді, деп дүйсенбіде компания баспа қызметтері хабарлады.
Қазақстан Республикасының қаржы министрлігі мен халықаралық қайта құру және даму банкі және «KEGOC» АҚ араларында 25 желтоқсанда Астана қаласында қажетті келісімдерге қол қойылды.
Несиелік келісім-шарт жасау Қазақстанның электрэнергетикалық инфрақұрылымын дамыту бойынша серіктестік қатынастар мен бірлескен қызметтің табысты тәжірибесін жалғастырмақ.
Қарыз қайтару компанияның өз қаражаты есебінен қарастырылады, сол себепті мемлекеттік бюджетке қосымша салмақ салынбайды. Ұзақ мерзімді төмен мөлшерлемедегі несие тарту KEGOC қызметін пайдаланатын тұтынушылар үшін тарифке әсер етуін төмендетеді.
«200,500 кВ қуатты Қазақстан НЭС желілеріне қосылатын Алма станциясының құрылысы» жобасы жеделжетілген индустриалдық-инновациялық даму бойынша мемлекеттік бағдарламаның құрамдас бөлігі болып табылады.
«KEGOC» АҚ осы жобаны 2011-2014 жылдар аралығында жүзеге асыруды жоспарлап отыр, ол Алматы энергия торабында энергетикалық шеңбер құру есебінен, алдымен Балқаш ЖЭС (1320 МВт) қуатын тарату, Алматы және Алматы облысына электр таратумен қамтамасыз ететін болады.
«KEGOC» АҚ бүкіләлемдік банктің қатысумен 1999 жылдан 2009 жылға дейін «Ұлттық энергия жүйелерін жетілдіру», Қазақстанның Солтүстік – Оңтүстік транзитінде 500 кВ электр таратудың екінші желісінің құрылысы» сияқты электрэнергетикалық салаларда кең ауқымды жобаларды жүзеге асырған болатын. 2009 жылдың қарашасында ХҚқБД мен компания арасында «Мойнақ ГЭС қуатын беру кестесі» жобасын жүзеге асыру үшін 48 миллион доллар көлемінде қарыз алу туралы келісім жасалған», - деп хабарлайды Қазақстан жаңалықтары АА.
Қаржы және инвестициялар
Бизнесмендерге Халықаралық қаржылық есеп стандарттары туралы ацтылатын болады
Талдаушылар шағын және орта бизнес үшін Халықаралық қаржылық есеп стандарттары (ШОБ үшін ХҚЕС) туралы айтатын болады. Осы тақырыптағы семинарды Қазақстанның қаржы минимтрлігі мен Бүкіләлемдік банк 2011 жылдың 11-13 қаңтар аралығында өткізуді жоспарлап отыр. Осыған сәйкенс ақпарат ҚР қаржы министрлігінің сайтында жарияланған.
«Бұл семинардың мақсаты – ШОБ үшін ХҚЕС қолданудың жан-жақты талду мен бағалай мүмкіндіктері жолдарымен бухгалтерлік есеп пен қаржылық есеп жүйесін ары қарай жетілдіру болып табылады. Сондай-ақ қатысушыларға осы стандарттардың мазмұны мен Қор өңдеп шығарған оқыту материалдары туралы толығырақ ақпараттар беру және ШОБ үшін ХҚЕС Қазақстанда тиімді қолдану мүмкіндіктері мен қаржылық есептілік пен аудит үшін кәсіпорындар мен ұйымдарды топтастыруды қайта қарау тәсілдерін талқылау болып табылады», - делінген хабарламада.
Семинар Халықаралық Қаржылық есептілік Стандарттары бойынша Комитеті Қорының білім беру бастамасы жөніндегі директор (Лондон-Ұлыбритания) – Майкл Веллс және еуропа мен Орталық Азия аймағы бойынша Әлемдік банктің өкілі – Андрей Бусуйко, сондай-ақ мемлекеттік орган өкілдері, кәсіби аудиторлық ұйымдар мен бухгалтерлер ұйымдары, қоғамдық бірлестіктер, коммерциялық емес ұйымдар және де бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік және аудит бойынша кәсіби басылымдардың қатысуымен өткізіледі, деп хабарлайды Business Resource.
«БТА банк» «еншілесі» айыптауы бойынша «АТТА Ипотека» 956 млн рубль шығынды қайтарды
«АТТА Ипотека» әрә ипотекалық компания Мәскеудің арбитраждық сотының одан 956,049 миллион рубльді қазақстандық БТА банктің ресейлік еншілес компаниясы «Туранәлем Финанс» ООО арызы бойынша шығынды қайтару туралы шешіміне қарсы аппеляциялық арыз жасады, деп хабарлайды сот қызметкері Ресейдің құқық пен сот ақпараттары (РАПСИ) агенттігіне.
Сот «АТТА Ипотека» ООО қарыз несиелік келісім бойынша негізгі қарыздың 819,747 миллион рубльді, 86 миллион рубль пайызын, сонымен қатар, 50 миллион рубль тұрақсыздық төлемін өндіріп алды.
Осыған қоса, сот компания қарызын жабу үшін «АТТА ипотека» ООО кепілдік қағазды 750,022 миллион рубль көлемінде белгілеген.
Шағым 2006 жылдың 18 сәуіріндегі келісімге байланысты, қайтару мерзімі 2009 жылдың қазанынада басталған, бәрақ қарыз қайтарылмаған.
Сот өндірісі құжаттары арасында «АТТА ипотека»-ніы банкроттығы туралы өтініші бар, оны 28 қантарда қарайтын болады.
«Тұранәлем» ООО – БТА Банктің 100 пайыздық еншілес мекемесі. Ол 2004 жылы Мәскеуде банк үшін рубль облигациялары мен векселдер шығару арқылы қаржы тарту мақсатында құрылған болатын. БТА Банк – 2009 жылдың қарашасында банк жүйесінде активтері көлемі жағынан екінші орында тұрған қазақстандық банк болып табылады. Банктің 75 пайызы «Самұрық-Қазына» Ұлттық қорына тиесілі, банк корпоративті және бөлшектік бизнесте, саудалық қаржыландыру, қор нарығы, лизинг, ипотека, зейнетақы қоры салаларында қызмет көрсетеді. Банктің 193 есеп айырысу-кассалық бөлімшелері бар.
«АТТА Ипотека» ООО (бұрынғы атауы – «БТА Ипотека») – 2005 жылы құрылған ресейлік ібанктік емес ірі компания. Қызмет көрсету бағыты жылжымайтын мүлік объектілерін сатып алу немесе жақсарту үшін несиелер мен қарыздар беру, деп хабарлайды Қазақстан жаңалықтары АА.
Ұлттық банк – ҚР ақшалай масса қаңтар-қарашада 13,9 пайызға артты
Қазақстанда ақша массасы 2010 жылдың қаңтар-қарашасында 13,9% - 8,526 триллион теңгеге артты, деп хабарлайды Ұлттық банк.
Қараша айында осы көрсеткіш 1,5 пайызға төмендеген.
Ұлттық банк ақпараты көрсеткендей, ақшалай база (қор қаражаты) осы мерзім ішінде 3,2 пайызға – 2,373 триллион теңгеге қысқарған. Қараша айында ақшалай база көлемі 13,5 пайызға кеміді, деп хабарлайды қазақстан жаңалықтары АА.
Сауда және тұтыну тауарлары
Ресей, Беларуссия және Қазақстан кіретін Кеден одағында бір басшы сайланып, Шенген мемлекеттері сияқты барлық үш мемлекет арасында бір визамен жүруге рұхсат етілуі мүмкін, "Российская газета" хабарлайды.
Бұл шешімдерді келесі жылы дайындау жоспарланып отыр, деп мәлімдеді журналистерге экономикалық даму министрінің орынбасары Андрей Слепнев. Ортақ визалық кеңістік, «кедендік үштік» базасында Бірыңғай экономикалық кеңістік (БЭК) қалыптастыру үшін қажетті шарттардың бірі болып табылады, деді ол. Ол толыққанды 2012 жылы жұмыс істей бастайды, делінген басылымда.
Үлгі ретінде Шкенген аймағының принциптерін алу жоспарланып отыр – шетелдіктер Ресей территориясына белоруссия немесе қазақстан визасымен кіре алады немесе керісінше. А.Слепнев жаңа ережелер қай кезден бастап енгізілетіні туралы нақты айтпады, алайда, «үштік» елдері қарқынын төмендетпесе, ол барынша жедел іске асырылатын болады, деп хабарлайды басылым.
Осыған байланысты, жаңа өкілеттік ұлттық орган үстінен қарайтын – Кеден одағының комиссиясына берілетін болады. Ол кедендік реттеумен қоса, техникалық реттеуден, монополияға қарсы іс-ірекетте ортақ ережелер орнатумен айналысатын болады. Осы жерде А.Слепнев, бұл құрылымды өз алдына дербес ететін кез келді, деп тоқталды. Қазіргі елдер комиссияға өз өкілдерін вице-минстр немесе үкімет мүшелері дәрежесінде құқық беріп отыр, ал төрағалық кезекпен жүзеге асырылатын болады. Алайда төрағаның өкілеттігі шектеулі: шешім үш дауыспен қабылданатын болады, деп хабарлады "Российская газета".
Қазіргі кезде, БЭК өту жағдайында мұндай формат әрине жеткіліксіз болады. Сөз барысында төраға құзырын едәуір кеңейту туралы, тіпті шешім қабылдаудың қазіргі ережесінен бас тарту туралы болатын сияқты. Төрағаның қалай сайлайтыны әлі белгісіз. А.Соепнев комитетті беделді адам басқаратын болады, деп ата өтті. Іс жүзінде ол көптеген шешім қабылдау мәселесінде ұлттық үкіметке бағыгышты болатын сияқты, деп хабарлайды Kazakhstan Today.
Жылжымайтын мүлік
Түркия Қазақстан құрылысшыларын оқытатын болады
Өткен жұмада Қазақстан және Түркия Қазақстанның құрылыс саласы жұмысшылары үшін оқу орталықтарын құру туралы келісімге қол қойды, деп хабарлайды агенттік түрік басылымыWorldbulletin сілтемесінде.
Басылым мәліметтері бойынша, «түріктің еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Өмер Динсер мен оның қазақстандық әріптесі гүлшара Әбдіқалықова өз елдерінің атынан келісімге қол қойысты».
Журналистер алдында сөз сөйлеген Ө.Динсер, келісімде тікелей Қазақстан құрылысшылар үшін оқу орталықтарын ұйымдастыру жолдары қарастырылған деп мәлімдеді.
Г.Әбдіқалықова қол қойылған келісім Түркия мен Қазақстан арасында ынтымақтастықты дамытуға шақырады. «Біз Түркияның тәжірибесінде оқуға даярмыз», - деді ол.
Осыған қоса, Түркияның сыртқы сауда министрі Зефар Чаглаян қазақстандық вице-премьер мен индустрия және жаңа технологиялар минмистрі Әсет Исекешовпен Анкара кездесу өткізді. З.Чаглаян, Қазақстан және Түркия екі жақты байланыстар, әсіресе, құрылыс, құрылыс қызметтері мен кеме жасау салаларында белсенділік танытып отыр, деп мәлімдеді.
Worldbulletin мәліметтері бойынша, Түркия мен Қазақстан арасындағы сауда 2,5 мрлд долларды құраған және «екі ел де бұл көлемді 10 млрд.долларға дейін арттыруды көздеп отыр», - деп айтқан түрік министрі.
З.Чаглаян Баку-Тбилиси-Карс темір жол жобасы аяқталғаннан кейін Түркия арқылы Қазақстан бидайы әлемдік нарыққа түсетін болады деп нақтылады.
Ә.Исекешов Қазақстан Түркиямен арадағы нәтижелі қатынастарға дән риза екенін білдірді.
«Сауда саласындағы мәселелрді шешу мақсатында екі ел қосылып құрған комитет жақын күндері жұмысын бастайтын болады», - деді.
Worldbulletin, Түркияның премьер-министрі Режеп Тайып Эрдоган Қазақстанның премьер-министрі Кәрім Мәсімовпен өзінің Анкарадағы резиденциясында кездесті, деп хабарлады. Кездесу жабық түрде өткізілді, делінген Kazakhstan Today ақпаратында.
Көлік және коммуникациялар
БҚА Қазақстанның ірі ұялы байланыс операторларынан 30 млрд теңге өндіріп алуды жоспарлап отыр.
Қанат Күлшманов, ҚазАқпарат
ҚР бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі GSM Қазақстан және Кар-Тел ұялы байланыс операторларымен ресейлік операторлармен бәтуаласуы айғақтары бойынша соттасуда.
«Әкімшілік іс қозғау туралы шешім қабылданды, қажетті хаттамалар дайын, материалдар сотқа жіберілді.Бұгінгі таңда сот өндірісі басталды», - деп мәлімдеде БҚА төрағасының орынбасары Борис Парсегов.
«Біз тексеру барысында жинаған материалдарды еліміздің жоғарғы сот органдары мұқият тексереді деп ойлаймыз», - деп қосты Парсегов мырза.
Оның айтуы бойынша, 30 млрд теңге туралы іс қозғалмақ. Ресей мен қазақстанның монополияға қарсы ведомстволары бірлесе отырып, екі елдің ұялы байланыс саласында ірі компаниялары - "GSM Қазақстан" ЖШС мен «Кар-Тел" ЖШС және "Мобайл-телеком" ЖШС, "Вымпелком" ААҚ, "МТС"ААҚ мен "Мегафон" ААҚ қатысты тексреу жұмыстарын жүргізген болатын. Тексеру қорытындылары халықаралық роуминг қызметтерінің тарифі жоғарылатылып, ТМД ішіндегі осыған ұқсас тарифтер Еуропалық одақ елдерімен салыстырғанда үштен он есеге дейін асып тұрған. Ұялы байланыс операторларының бұл әрекетін басым жағдайын өз пайдасына асыра қолдану деп сарапталған.
Сақтандыру және қауіпсіздікті басқару
2011 жылы аннуитетті сақтандыру бойынша жарнаның төмендеуі күтілуде
2010 жылдың 9 айында өмірді сақтандыру саласындағы жарна динамикасы едәуір өскен, деп айтылған «Эксперт Қазақстанның РА» рейтинг агенттігі дайындаған «Қазақстанда өмірді сақтандыру: басымдықтар өзгерісі» зерттеуінде. Life-сақтандырушылар жинаған жарна көлемінің жиынтығы 2010 жылдың тоғыз айында 14,8 млрд. теңге немесе отандық сақтандыру нарығының жалпы көлемінің 12,7 пайызын құраған. Өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда өсім 112,2% құраған.
Өмірді сақтандыру өсуінің жағымды динамикасы көбінесе аннуитеттік сақтандырудың жедел дамуы есебінен қалыптастырылған. 2010жылдың 9 айында life-сақтандырушылар құрылымында аннуитет үлесі 90% артқан, ол 2006 жылғы үлесі 30 пайыздан аспаған еді.
«Осыған қарамастан, аннуитеттік сақтандыру келісімін жасау кезінде бір жолғы төлем көлемін шектеу, сонымен қатар, зейнеттік аннуитеттің ең төменгі құнын ең төменгң зейнетақының жоғарылау жоспары бойынша көбейту туралы ҚБА енгізген заңнамалық өзгертулер 2011 жылы зейнеттік аннуитеттердің сатылу көлемінің қысқаруына әсер етуі мүмкін»,- деп нақтылады «Эксперт РА Қазақстан» рейтинг агенттігінің талдаушысы Ерболат Даданбаев.
2011 жылы зейнеттік аннуитет сақтандыруы өсуі қарқынының төмендеуі болжамына байланысты отандық өмірді сақтандырушылар өздеріне жаңа нарық болып табылатын, қызметкерді еңбек (қызмет) ету мәндеттерін атқару кезінде болуы мүмкін қауіптерден қызметкерді міндетті түрде сақтандыру жағына қарай ығысуы мүмкін. Сақтандырудың бұл түрі 2012 жылдан бастап өмірді сақтандырушы компаниялардың негізгі ісіне айналмақ, Эксперт РА Қазақстан хабарлайды.
Аймақтық іскерлік жаңалықтар
«Газпром» Өзбекстаннан газ сатып алу келісім-шартына қол қойды
«Газпром» ААҚ 2011-2015 жылдары Өзбекстаннан газ сатып алу келісім-шартына қол қойды, жеткізу көлемі туралы айтылмаған, деп айтылған ресей газ холдингінің хабарламасында.
Басқарма төрағасының орынбасары Александр медведев бастаған «Газпром» делегаттарының жұмыс барысында Өзбекстанға келуі аясында мемлекеттің бірінші вице-премьері Рустам Азимов пен вице-премьері Гуломжон Ибрагимов және «Өзбекмұнай» ҰХК басқарма төрағасы Шокир Файзуллаевпен кездесу болып өтті.
«Келіссөздер нәтижесінде, 2011-2012 жылдары газ сату келісім-шартына қол қойылып, табиғи газды Өзбекстан республикасының территориясы арқылы тасымалдау туралы келісім жасалды», - делінген хабарламада.
Осыған қоса, бірлескен кәсіпорындардың қызмет тиімділігін арттыру туралы, соның ішінде, қаржы саласында келісімдер жасалған.
Қол жеткізген келісімдерді есепке алғанда, «газпром» портфелі 2010 жылы 15,5 миллиард шарщы куб өзбек газын сатып алған болатын.
Газ саласындағы стратегиялық ынтымақтастық туралы келісім «Өзбекмұнай» ҰХК мен «Газпром» арасында 2002 жылы 17 желтоқсанда жасалған еді. Келісімде, 2003-2012 жылға дейінгі ұзақ мерзімді өзбек газын сату алу, «Газпром»-ның Өзбекстанда СРП шарттарымен табиғи газ өндіру саласында, сонымен қатар, газ тасымалдау инфрақұрылымы мен республика аумағы арқылы орталық азиялық газ тасымалдау саласындағы жобаларға қатысуы қарастырылған.
2005 жылдың ақпанында «Газпром» мен «Узтрансгаз» («Өзбекмұнай» ҰХК субхолдинг) 2006-2010 жылдары Өзбекстан аумағы арқылы табиғи газ тасымалдауға орта мерзімді келісім жасаған, деп хабарлайды РИА Новости.
Путин қырғыз әріптесі Атамбаевпен кездесу өткізді Бішкек Кеден одағы мен Біртұтас экономикалық кеңістік қатарына кіруге дайын
Кира Латухина, Российская газета
Қырғызстанның премьер-министрі Алмазбек Атамбаев өзінің алғашқы ресми сапарын Ресейден бастады. Кеше Ақ үйде ол РФ үкіметінің басшысы Владимир Путинмен кездесті. Кездесуге ресей мен қырғыз шенеуіктері де қатысты.
«Билік құрылымдарының қалыптасу кезеңі аяқталғанына өте қуаныштымыз», - деген сөздермен әріптестерін қарсы алды Путин. Сөйтіп, ол бірден Бішкекке мәскеу қандай көмек көрсеткені туралы санамалап шықты. Ол тек жиырма миллион доллар гранты мен 10 млн.доллар тегін қаражат қана емес. Оған қосымша, біз көрсеткен гуманитарлық көмегіміздің құны 25 млн.доллар шамасында болды», - деп нақтылады премьер.
Қалай болғанда да, мұның барлығы оперативті түрде болса, енді өмірді қалыпты жағдайға келтіретін кез келді, деп толықтырды Петин. Әзірге қырғыз нарығында ресейлік капиталмен 11 компания жұмыс істеп жатыр. «Біз жергілікті үкіметтің оларға Қырғызстан игілігі үшін жұмыс істеуге қажетті жағдай жасайды деп үміттенеміз», - деді ол әріптесі Атамбаевқа.
«Сіздің жеке өзіңіз жасаған жақсылықтар есімде. Ең қиын кездерде алғашқы көмекті Ресей көрсеткен еді. Мен үкімет басшысы ретінде: Ресей – біздің басты альтернативті серіктесіміз және одан басқа жоқ, - деп үнемі айтын келген болатынмын. Бізді тарихи бірлік, ортақ өткеніміз біріктірсе, алдағы уақытты біртұтас болашақ күтіп тұрған болар. Біз Қырғызстанның Кеден одағында, бірыңғай экономикалық кеңістікте Ресеймен үзілмес байланыста көреміз, дей келе, «Мен жеке жағдайды айтқым келеді, деді кенет, - Біздің әкелеріміз Ұлы Отан соғысында бірге соғысқан болатын, ол байланысты үзудің өзі күнә», - деп толықтырды. Қызрғыз премьерінің жаңа қызметіне бар болғаны бір апта уақыт болды. Осы мерзім ішінде ол РФ барлық келісімдерді қайта қарап шыққан: Қаншама жақсы жоспарлар болған еді... бірақ сол жоспарлар бұрынғы билік салдарына жүзе аспай қалып отыр». Мысал ретінде ол нашақорлықпен күресті келтіріп: Мәскеудің қаржылай, техникалық көмек беремін дегеніне қарамай арнайы қызмет органдарының жойылғанын айтты. Не болмаса, «Газпром» мен «Қырғызгаз» бойынша жоспарлардың жүзеге аспай қалғанына қынжыла отырып, «Ештен кеш жақсы», - деп тоқталды.
Келіссөздер жылдам өтті, әзірге қол қоятын еш құжаттар жоқ. Керісінше, Қырғызстанмен байланысы жоқ басқа келісім жасалды. Салтанатқа Путин қатысты. General Electric, "ИНТЕР РАО ЕЭС" и "Ростехнология" аясындағы құжат технология, өндіріс пен Ресей денсаулық сақтау жүйесі мен энергетикалық инфрақұрылымды жетілдіру жөніндегі жаңалықтарға қатысты болды. Екі бірдей БК құрылатын болды: біреуі тиімділігі жоғары газ қондырғылары өндіру мен сатумен айналысады, келесі бірі арнайы жоғары технологиялық медицина жабдықтарына байланысты жұмыс істейтін болады.
IWPR: Еуропа түркмен энергия тапсымалдаушылары диверсификациясын қолдайды
Еуропада түркмен газын сатып алумен айналысуды жоспарлап отырған Каспийді дамыту бойынша корпорация құрылады.
News Briefing Central Asia – Орталық Азия Жаңалықтар Ақпары (NBCA) 2010 жылғы 24 желтоқсан
14 желтоқсанда ресейлік Росбалт агенттігі Энергетика саласындағы зерттеулердің Оксфорд институтының аға ғылыми қыхзметкері Саймон Пирани берген интервью сілтемесінде, Брюссельдегі арнайы комиссиясы осындай корпорацияны тиімді құрылым етуге болады, оны бәсекелестік туралы еуропалық құқықты бұзбай қалай қаржыландыру қажет және қандай негізде деген зерттеу жүргізуде, деп хабарлады.
Мұнай мен газға бай Түркменстан жылына 80 млрд шаршы метр газ өндіреді екен және осы көрсеткішті арттырып, өз энергия көздерін Батысқа диверсификациялау жолдарын қарастыруда. Осы мәселені Транскаспий газ құбыры құрылысы шеше алады, себебі, ол арқылы Түркменстан мен Әзірбайжаннан Түркияаумағы арқылы, одан ары қарай оңтүстік және орталық Еуропаға газ жеткізілетін болады.
Ресей Газпромы түркмен газының монополиялық сатып алушысы болып табылады. Ол кеіес заманынан бері қарай жұмыс істеп келе жатқан Орталық Азия-Орталық құбыры арқылы, ары қарай қалған бөлігі Еуропаға экспортталады.
Nabucco құрылысын жеделдетуге кедергі фактор – каспийдің шешілмеген статусы мен каспий маңы елдерінің арасындағы дау болып отыр. 2010 жылы қарашада Бакуде өткен 3-ші самитте түркмен башы, Транскаспий құбыры оның елі мен Әзірбайжанның келісімімен, басқа жағалай елдері – Ресей, иран мен Қазақстанның газ қызығушылықтарын ескермей-ақ соғылуы мүмкін деген.
NBCA комментаторлары, Ашхабатта түркмен газын Батысқа шығаратын батыстық комиссия құруға құлшыныс танытып, Транскаспий құбыры құрылысын жеделдетеді деп отыр, деп хабарлайды.
Ровшан Ибрагимов, Бакудегі энергетикалық зерттеулер Орталығынан, корпорация құру болып жатқан оқиғаларға дер кезінде әрекет ету мен дұрыс саясат жүргізу үшін қажет, деп есептейді.
«Болашақтағы құрылым Транскаспий құбырын салуда келешектегі жүзеге асыру жолдарын іздестіру екенін ескеру қажет, - деп түсіндірді Ибрагимов. – Ол үшін Мәскеу мен Ашхабат арасында болуы мүмкін түрлі түсініспеушіліктерді, корпорацияның шешуі қажет болады, әрине, оған дайын болуы керек».
Сондықтан, егер корпорация құрылатын болса, Ресей, Иранмен Каспий үшін тайталас болу мүмкіндіктерінің түрлі варианттарын мен Ашхабат пен Баку арасындағы Каспийдегі кен орындары турасындағы өз дауларын шешуі дәрежесін есепке алуға міндетті.
Құбыр саясаты мәселелерін талдаушы Ашхабаттағы шолушы «үшінші арбитр»-ға сенімсіздікпен қарайды, оның айтуынша, Каспийді дамыту бойынша болашақтағы ЕО құрылымына «үлкен үміт артудың қажеті», - корпорация тек басқосулық қызметтермен ғана шектелетін болды», дегенді айтып отыр.
Бұл мақала National Endowment for Democracy қоры қаржыландыратын «Орталық Азия Жаңалықтар ақпары» жобасы шеңберінде дайындалған, деп хабарлайды CA-News.
Бағалар мен статистика
Visor Capital компаниясы ұсынған Volume and Share Index
Дата: 28 желтоқсан, 2010; дерек көзі: Visor Capital
Visor Capital компаниясы ұсынған Market Movers
Дата: 28 желтоқсан, 2010; дерек көзі: Visor Capital
Мұнай мен газ құны
Дата: 28 желтоқсан, 2010; дерек көзі: Bloomberg.com
Petroleum ($/bbl)
|
|
Price*
|
Change
|
%Change
|
Time
|
Nymex Crude Future
|
91.13
|
.13
|
.14
|
03:13
|
Dated Brent Spot
|
93.49
|
.20
|
.22
|
03:23
|
WTI Cushing Spot
|
91.00
|
.09
|
.10
|
12/27
|
Petroleum (cent/gal)
|
|
Price*
|
Change
|
%Change
|
Time
|
Nymex Heating Oil Future
|
251.71
|
.05
|
.02
|
02:13
|
Nymex RBOB Gasoline Future
|
241.89
|
-.20
|
-.08
|
22:38
|
Natural gas ($/MMBtu)
|
|
Price*
|
Change
|
%Change
|
Time
|
Nymex Henry Hub Future
|
4.08
|
-.03
|
-.80
|
03:09
|
Henry Hub Spot
|
4.06
|
-.02
|
-.49
|
12/27
|
New York City Gate Spot
|
10.20
|
3.00
|
41.67
|
12/27
|
Commodities
Дата: 28 желтоқсан, 2010; дерек көзі: Bloomberg.com
Commodity
|
Price
|
Change
|
%Change
|
Time
|
COPPER FUTURE (USd/lb.)
|
428.900
|
0.900
|
0.21
|
03:27
|
GOLD 100 OZ FUTR (USD/t oz.)
|
1390.200
|
7.300
|
0.53
|
03:29
|
SILVER FUTURE (USD/t oz.)
|
29.420
|
0.165
|
0.56
|
03:28
|
Металл құны
Дата: 28 желтоқсан, 2010; дерек көзі: Kitco.com
Silver
|
29.39
|
+0.11
|
Platinum
|
1742.00
|
+7.00
|
Palladium
|
772.00
|
+5.00
|
Rhodium
|
2,360.00
|
0.00
|
Валюталар бағамы
Дата: 28 желтоқсан, 2010; дерек көзі: ҚР Ұлттық Банкі
1 USD
|
KZT 147.4
|
1 CHF
|
KZT 153.38
|
1 CNY
|
KZT 22.23
|
1 TRY
|
KZT 95.16
|
10 JPY
|
KZT 1.78
|
1 EUR
|
KZT 193.8
|
1 AUD
|
KZT 147.86
|
1 KGS
|
KZT 3.14
|
1 UZS
|
KZT 0.09
|
|
|
1 GBP
|
KZT 227.57
|
1 CAD
|
KZT 146.46
|
1 RUB
|
KZT 4.84
|
100 KRW
|
KZT 12.81
|
|
|
Отписаться от рассылки
Жазылу және сіздің пресс-релиздеріңізді жариялау үшін мына адреске хабарласыңыз:
newsline@checkpoint.kz
www.newsline.kz
Copyright © Check Point Central Asia 2006-2010
|