Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті
СЕМИНАР ТАПСЫРМАЛАРЫ
Орындаған:Серикбаева Назгуль Еркинбековна
Тексерген:Отарбекова Жамила Керимбаевна
Алматы 2022
1- тапсырма: етістіктің аналитикалык форманты: сәлем беріп, түсіріп алып , жол жүрді
Күрделі етістіктер: жақындасып келгенде, алып келе жатыр
2- тапсырма.Суреттер және көрдім жүзі жарқын,
Ойладым: “Оңдырған-ау баққан халқын!”
Соншама құны толық, пұлды түйме,
Артында қалдырмас па “жақсы даңқын!” (С.Торайғыров).
Күш кеміді, айбынды ту құлады,
Кеше батыр - бүгін қорқақ бұғады.
Ерікке ұмтылған ұшқыр жаны кісенде,
Қан суынған, жүрек солғын соғады. (М.Жұмабаев).
Салт етістіктер: азайды, құлады, бұғады, ұмтылған, суынған, соғады
Сабақты етістік: көрдім (суреттерді), ойладым ( халқын оңдырған-ау),
қалдырмас ( даңқын)
3 Етіс түрлерін ажыратып, 4 бағанға бөліп жазыңыз.
1. Биылғы қыстың ұйытқыған бораны мен ақырған аязы, би аға, елді қатты жұтатып кетті. Жұтқа ұшыраған мал қатты қырылды, - деп шаруа жайын қынжыла әңгімеледі жас бала. Сөйтіп, Шорман жеті жасында балалықпен қоштасып, қайнаған өмірге араласып кетті. (Ел аузынан)
2. Тұрар он жасқа келгенде патша өкіметіне қарсы шыққаны үшін әкесі Рысқұл Верный түрмесіне қамалды. Ол әкесімен бірге түрмеде отырады. Әкесі Сахалинге он жылға жер аударылғаннан кейін, он екі жасынан бастап, Тұрар байдың жалшылығында болады. (Ш.Мұртаза).
3- тапсырма.
1. Ырықсыз етіс: қырылды аударылғаннан( кейін)
2. Өзгелік етіс: жұтатып
3. Ортақ етіс:қоштасып
4. Өздік етіс: қамалды
4- тапсырма.
Оқыған - есімше - ған жұрнағы - бұрынғы өткен шақ
Оқ(ы)итын - есімше итын - ауыспалы өткен шақ
Оқыр - есімше - р жұрнағы - болжалды келер шақ
Көсемшемен жіктеу
Оқып - көсемше - п жұрнағы - "отыр,тұр, жүр, жатыр" көмекші етістіктерімен тіркескенде нақ осы шақты білдіреді
- оқыпты - жеке тұрғанда өткен шакты білдіреді
Оқ(ы)и - көсемшенің и жұрнағы және көмекшілік мағынадағы "бастады" сөзімен тіркесіп осы шакты білдіреді.
Оқығалы - көсемшенің -ғалы жұрнағымен "отыр, тұр, жүр, жатыр" көмекші етістігі тіркескенде, келер шақты білдіреді.
5 Сөйлем мүшелеріне талдай отырып, үстеулердің сөйлемдегі қызметін анықтаңыз
1.Бүгінді ертең жеңеді (Ғ.Сланов). 2.Ескі бише отырман бос мақалдап (Абай).
3.Еріншектің ертеңі таусылмас (мақал).
5- тапсырма.
1- сөйлем: не істейді? жеңеді - баяндауыш,
жеңетін не? - ертең - бастауыш ( мезгіл үстеуден жасалған)
Ертең нені жеңеді? - бүгінді - табыс септікте тура толықтауыш ( түбірі мезгіл үстеу)
2- сөйлем: не істемеймін? - отырман - баяндауыш, ( отырмай
мын), кім отырмайды? - мен - бастауыш ( жасырын тұр, жіктеу есімдігі), қалай отырмаймын? - ескі бише - пысықтауыш ( сын- қимыл үстеу, - ше жұрнағымен жасалған), қалай? - бос мақалдап - пысықтауыш ( туынды үстеу)
3- сөйлем. Не істемес? - таусылмас - баяндауыш, несі таусылмас? - ертеңі - бастауыш ( мезгіл үстеуден жасалған), кімнің ертеңі? - еріншектің ( заттанған сын есім ілік септігінде тұр)
Сөйлемдерден шылауларды тауып, грамматикалық мағынасын анықтаңыз.
Дүние де - өзі,
Мал да - өзі
Ғылымға көңіл бөлсеңіз (Абай).
Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек –
Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті (Абай).
Айтылмай жүрген кеудемде наз бар.
Шаршаған күтіп шақтарым да көп.
Қараймын, өтсе төбемнен қаздар,
Өзгеге арналған хаттарың ба деп (Т.Нарманов).
6- тапсырма.
Дүние де, мал да - шылау - да, де- ( жалғаулық шылауға жатканымен) күшейткіш мәнді демулік шылау кызметін аткарып тұр.
Үш- ақ - мұнда - ақ- күшейткіш демеулік шылау.
Шақтарым да - мұнда - - да -сөздер арасындағы жалғаулық шылау қызметінде
Хаттарың ба- мұнда - да - сұраулық демеулік шылау.
Сөйлемдерден жалғаулық шылауларды тауып, оларды мағынасына қарай топтастырыңыз.
Жоңғар шапқыншылығынан ел босып қаша көшкенде, Төле үйін жықпай жұртта қалыпты-мыс. Қалмақтың әскер басы бұған таңданып, көшпеген себебін сұрағанда, Төле би: “Биыл шаңырағыма бір қарлығаш ұя салып еді; бұл – бүкіл дүние жүзін топан суы басқанда, Нұқ пайғамбардың кемесін суға батудан сақтап қалған, жыланға адам баласының жем болу қаупі туғанда, сонда қорғаған жәндік еді. Мен өз бала-шағамды қорғап қалған құстың ұясын бұзып, балапандарын қырып кете алмадым”- дейді
7- тапсырма
Қалыпты-мыс сөзінде - мыс - болжалдық демеулік шылау
8- тапсырма: Еңбекші
Түбірі - еңбек - не? зат есім, негізгі түбір, - ші - зат есімнен зат есім тудырушы жұрнақ, туынды түбір, дерексіз
9- тапсырма: Басшы
Түбірі: бас- не? зат есім, негізгі түбір, - шы - зат есімнен зат есім тудырушы жұрнак, деректі
10- тапсырма.
1. Сөйлемдерден тәуелдік жалғауындағы сөздерді тауып, қай жақта тұрғанын ажыратыңыз, нөлдік тұлғадағы сөздерді көрсетіңіз:
1. Ал, балам, әжеңмен екеумізді қажай беруші едің, әңгіме-жырдың дүкені, міне, жаңа келді (М.Әуезов).
2. Мынау балам оқудан қайтқалы сүле науқас болып, арыла алмай қойып еді (М.Әуезов).
3. Абай шешесіне дән риза боп қуанып кеп, бұрынғы бір кішкентай күніндегі еркелігіне басты (М.Әуезов).
1- сөйлем. Балам - м- 1- жақ т.ж, әжеңмен - ң- 2- жақ т.ж., дүкен-і- 3- жақ т.ж.
2- сөйлем. Бала - м - т.ж. 1- жағы
3- сөйлем.шеше- сі- не
-.сі - 3- жақ т.ж., күн- і- ндегі сөзінде - і - 3- жақ т.ж, еркеліг--і - не сөзінде - і - 3- жак т.ж.
Нольдік тұлғадағы сөздер: әңгіме, жаңа, науқас, Абай, риза, бір.
Достарыңызбен бөлісу: |