Экономикалық мәміле – кез-келген құн айырбасы, бір ел резиденттерінің екінші ел резиденттеріне тауарларға, түрлі активтерге деген меншік құқығын беруі, экономикалық қызмет көрсетуі.
Төлем балансы
Төлем балансы – ел резиденттері (үй шаруашылығы, фирма, үкімет) мен шетел арасындағы белгілі бір уақыт аралығындағы барлық экономикалық мәмілелердің қорытындысын жүйелі түрде жазу.
Төлем балансы
Төлем балансы ақша-несие, валюта, бюджет-салық, сыртқы сауда саясатын таңдау үшін және мемлекеттік қарызды басқару үшін индикатор болып табылады.
Ол елдің шетелдік серіктестермен халықаралық экономикалық қатынастарының жай-күйін көрсетеді.
Төлем балансының нышаны
Төлем балансы бухгалтерлік шоттар нышанына ие және екі жақты жазу принципіне негізделген.
Бұл отандық экономиканың субъектілері мен шетел арасындағы кез-келген мәміленің баланста екі жақты көрініс табатынын білдіреді: бір баптың кредиті бойынша жазба екінші баптың дебеті бойынша жазбаға тең келуі керек.