12. Қоғам және мәдениет
1. Әлеуметтік философияның пәні.
2. Қоғам философиялық ұғым ретінде
3. Антикалық философиядағы әлеуметтік ой: Платонның идеалды мемлекеті, Аристотельдің « Политикасының» негізгі тұжырымдамалары. Адам спяси жануар ретінде.
4. Августин: «Фәни шаһар» және «Бақи» шаһар. Қайта өрлеу дәуіріндегі утопиялық теория: Т.Мор және Т.Кампанелла.
5. Н.Макиавеллидің әлеуметтік-саяси теориясы.
6. Жаңа заман әлеуметтік философиясы (Т.Гоббс, Дж.Локк, Ж.Ж.Руссо( К.Маркс: таптық қоғам. К.Поппер «Ашық қоғам».
7. «Қоғамдық сана» ұғымы. Қоғамдық сананың түрлері
8. Қоғамның типтері. Ақпараттық қоғам.
9. Постиндустриалдық қоғам.
1 сұрақ. «Әлеуметтік философия» терминін айналымға қашан және кім енгізгені туралы дөп басып, дәл жауап беру қиын. Біздің ойымызша оның философияға енуі ХІХ ғасырдың екінші жартысы – соңғы ширегінде іске асуы мүмкін. Бұл мәселенің шешімі әлеуметтік философия немен айналысатынын., пәндік ерекшеліктерін, оның философиядағы орны мен негізгі функцияларын талдауға онша ықпалын тигізе қоймайды. Бұл сала қоғамдық өмірдің мәні және іргелі заңдылықтарымен, социум болмысының логикасымен, қоғам мен тұлғаның өзара байланысы және өзара қатынастарымен, жалпы әлеуметтік таныммен қатар, қоғам мен адам туралы философиялық пайымдар принциптері және логикасы, заңдылықтары, ерекшеліктерімен байланысты болды. Осы сала әлеуметтік философия деп атала бастады.
Әлеуметтік философияға ерекше анықтама берген орыс ойшылы С.Л. Франктың пайымдауына тоқталайық. 1929 жылы ол өзінің негізгі шығармаларының бірі – «Қоғамның рухани негіздері» атты кітабын жариялады. Ол бұл еңбегінде әлеуметтік философияға мынадай анықтама береді: «әлеуметтік философия мәселесі – бұл қоғам деген не, ол адам өмірінде қандай мағынаға ие болады, оның шынайы мәні неде және ол бізге қандай міндет жүктейді деген сұрақтарға жауап береді».
С.Л. Франктың әлеуметтік философияға қатысты негізгі ойлары қоғамдық өмір, адам өмірінде қоғамдық өмір қандай орын алады және оның шынайы мақсаты, адам өзінің қоғамдық болмысы формасын құра отырып оның ұмтылысын, адамның қоғамдық өмірі әлемдік, ғарыштық болмыстағы орнын, қоғамдық өмір болмыстың қай саласына жатады және оның нағыз мәні және қоғамдық өмірдің жалпы өмір негізін құрайтын абсолюттік бастаулар мен құндылықтарға қатынасы туралы. Оның айтуынша әлеуметтік философия – «қоғамдық болмыстың жалпы мәңгі негіздерін» зерттеумен айналысатын философиялық таным. «Әлеуметтік философия қоғамдық шындықты оның нағыз, барлығын қамтитын құрамы мен нақтылығында көруге ұмтылу болып табылады». Мұнан шығатыны: әлеуметтік философия адамның қоғамдық өмірінің барлық «әлемдерінің» – тарих, мәдениет, дін, саясат, құқық, экономика және т.б. әлемдерінің түпкі, онтологиялық негіздерін зерттейтін философиялық ілім саласы.
Достарыңызбен бөлісу: |