Қостанай облысы
Әулиекөл ауданы
№ 2 Аманқарағай орта мектебі
Пәні: қазақ әдебиеті сынып:11
Сабақтың тақырыбы: М.Әуезовтің өмірі мен шығармашылығы.
Сабақтың мақсаты:
1.М.Әуезовтің шығармалары мен өмірі туралы мәлімет беру. жазушының әлемдік мәдениетке қосқан үлесі туралы оқушылардың білімдерін жүйелеу, ұлы суреткердің алғашқы шығармаларынан көрінетін азаматтық рух, еліне, халықына деген махаббатының мән-мағынасын ашу.
2.Оқушылардың ой еркіндігін,пікірін саралай білуге, тиянақты сөйлей білуге дағдыландыру,өз бетімен ізденуге жетелеу.
3.Жаушының шығармалары арқылы әдебиетке деген сүйіспеншілігін оятып,егеменді еліміздің жас ұрпақтарын жан-жақты азамат болып қалыптасуға тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта,
Мұхтар Әуезов шығармашылығынан слайдтар
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,баяндау.
Сабақтың түрі:Жаңа сабақ.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезені: сәлемдесу, түгелдеу, оқу құралдарын даярлау, жаңа сабаққа назарларын аудару.
Үй тапсырмасын тексеру.
Ой қозғау сұрақтары:
1.Ж.Жабаевтың өмір сүрген жылдары нешінші жылы дүниеге келген?
2Ж.Жабаев қандай жерде дүниеге келген?
3. Жамбыл Жабаев кімді пір тұтқан?
4. Жамбыл Жабаевқа өз батасын берген кім ?
5. Ж.Жабаевтың бізге жеткен қандай еңбектерін білесіңдер?
6.Жыр алыбы- Жамбыл неше жасында дүниеден озады?
Үй тапсырмасын қорыту барысында Ж.Жабаевты слайд бойынша жалпы шолу жасап кету.
Жаңа сабақ:
«Бүкіл әлемді көз алдыңа келтіру үшін, басқалардың көзіне түсіру үшін, адам рухының қадір-қасиетін асқақтата көтеріп, жар салу үшін, (адам) өз биігің – М.Әуезов сияқты асқар шыңың болуы керек»...
М.Әуезов өмірінің ой мен қыры мол, өте күрделі; тарих төрінен алатын орны ерекше, өзіне қызықтырып, тарта береді.
М.О. Әуезов 1897 жылы 28 қыркүйекте Семей облысы, Абай ауданында дүниеге келген. Әкесі Омархан ,атасы Әуез –екеуі де хат танитын сауатты,бала тәрбиесіне салғырт қарамайтын сарабдал,салиқалы адамдар болған.Оның үстіне,Әуез де Омархан да Абаймен ауылдары іргелес, өздері де аралас-құралас тіршілік кешіпті.Мұның өзі Мұхтардың қаламгерлік қызметінде,керек десеңіз,тіпті барлық талантымен шешуші рөл атқарған. Алғашында атасы Әуезден мұсылманша сауат ашып, хат таниды.
Мұхтардың алғашқы сауатын әдеттегі әліппемен емес, Әуез атасы ұсынған Мүрсейіт қолжазбасындағы Абай өлеңдері арқылы ашады.
11 жасында әкесі қайтыс болады да, Мұхтар ауылдан қалаға- немере ағасы Қасымбектің тәрбиесіне көшеді. Семейдегі орыс гемназиясында 5жыл,мұғалімдер даярлайтын семинарияда 4жыл оқиды.Бұл Мұхтардың алаңсыз кітап соңына түскен –орыс әдебиетімен,Батыс Еуропа классикасымен етене кең және терең танысқан жылдары еді.Өзі де сөз өнеріндегі алғашқы адымын осы тұстан бастап,қысқа-қысқа өлең,шағын әңгімелер жазып жүреді.Оқуда ынталы,қабілетті,ізденгіш,еңбекқор,озат шәкірт болады.Қалада оқи жүріп,жас М. Әуезов қала мен дала тұрмыс тіршілігінің ерекшелігін көре білді.Бұл елдегі ауыр тұрмыс,рулық тартыс,бәсеке барымта халықты біраз қажытқан кез еді.Бүкіл болмысы халықпен тығыз байланыста,бірлікте болған М.Әуезов сол өмірді өзгертуді,бақытты салауатты етуді ойлайды,соған ат салысып ,әрекет ету жолында болады.Әр түрлі басылымдарда Семей,Қостанай,Қызылорда,Ташкентте шығып тұратын «Сарыарқа», «Жас Азамат» журналдарда халықтың мұң – мұқтажын ,ой-арманын,мақсатын білдірген,оларды оқу-білімге,бірлікке,елдікке шақырып,ала ауыздықтан аулақ болуға шақырған.Әр алуан саяси,мәдени ағартушылық бағытындағы тақырыбындағы көптеген мақалалар жариялаған.
Төңкеріс қарсаңында Алаш қозғалысының Семейдегі жұмысына қатысады. 20-жылдары Ленинград университетінде, Ташкенттегі Орта Азия университетінің асперантурасында оқиды. Бұл жылдары М.Әуезов әлем әдебиеті үлгісімен терең танысып, жан-жақты, кемел білім алып шығады.
М.Әуезов әдеби шығармашылық еңбекпен ерте айналысқан.Оған, әрине,тума қабілетті,өмірлік тәжірибе және өзі оқып-тоқып,үлгі тұтқан 3 сала Өнеге мектебі(қазақтың төл әдебиеті,орыс және еуразия классикасы) шешуші рөл атқарды.
Гимназист Мұхтар,семинарист М.Әуезов каникул кездерінде қаладан далаға-өзінің туған ауылына келіп жүреді.Жай келіп жүрмейді,ауыл өмірін әр қырынан байқап,байыптап,зерттеп жүреді.
Тұңғыш жарық көрген тырнақ алды туындысы «Адамдық негізі-әйел»1917 жылы жазған көсемсөзінде автор әйел азаттығы туралы келелі мәселені кеңінен қозғайды.
Алғашқы кездегі шығармалары 1921жылы «Қорғансыздың күні» деген әңгіме жазады.Бұл-оның көркем прозасының басы еді.Одан кейінгі шығармалары «Еңлік-Кебек», «Жетім», «Қараш-қараш»
Драматургиясы – «Қаралы сұлу», «Бәйбіше-тоқал», « Қарагөз».
«Абай жолы» – ғасырлық туындысы.
«М.Әуезов өзі «Физкультура менің бұзылмас намазым» деп спорттың сан түрімен шұғылданып,қазақ жерінде құрылған Тұңғыш футбол командасының ойыншысы болғанын баяндайды.
Жазбаша жұмыс: ақынның өмір жолынан дәптерге жаздыру.
Жаңа сабақты бекіту барысында инсерт әдісін қолдану.
Кімді оқыдым
|
Танысқан шығармам
|
Берген тәрбиесі
|
Менің көзқарасым
|
|
|
|
|
Үйге тапсырма: 1.М.Әуезов өмірі мен шығармашылығы.
2.Жазушы жайлы баяндама немесе реферат жазып келу.
«Әулиекөл ауданы әкімдігінің білім бөлімінің
№2 Аманқарағай орта мектебі»ММ
«М.Әуезовтің өмірі мен шығармашылығы»
Өткізген: қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі:
Нұрғожина Гүлзира Әбікенқызы.
Достарыңызбен бөлісу: |