С. М. Иманқұлова
ШАҚ ТҮРЛЕРІ МЕН ҚЫЗМЕТТЕРІ
Шақ категориясы етістіктің ең басты, негізгі
категорияларының бірі болып саналады. Айна-
ладағы қимыл-әрекеттердің барлығы да белгілі
бір мезгілге қатысты жүзеге асырылады. Етіс-
тікті мезгіл ұғымына қатыстырмай, байланыс-
тырмай жеке сөз табы деп санауға да, анықтауға
да болмайды. Шақ етістікті басқа сөз таптары-
нан ажыратып, ерекшелендіріп тұрады. Ол со-
нымен қатар тұлғалардың молдығымен де, күр-
делігімен де ерекшеленеді.
Іс-әрекет, қимылдың сөйлеп тұрған кезде,
одан бұрын немесе кейін өтуіне байланысты осы
шақ, өткен шақ, келер шақ түрі барлық ғалым-
дарда бірдей анықталғанымен, оның түрін,
көрсеткіштерін тануда зерттеуші ғалымдар ара-
сында пікірталастар туындайды.
Шақтың өзіне тән тұлғалары мен атқаратын
қызметтері адамның сөйлеу кезінде айқын-
далады. Табиғи заңдылық бойынша, қимыл-әре-
кет сөйлеп тұрғанға дейін немесе сөйлеп тұрған
кезде не сөйлеп болғаннан кейін болатыны
анық. Бірақ сол кездегі амалдардың қай шақта
орындалғандығын ажырату біршама қиындық-
тар тудырады. Оның себебі, біріншіден, шақ-
тардың өзара жігі жымдасып жатқанында болса,
екінші жағынан шақ пен рай категориясының
мазмұны мен формасының ажыратылмағанды-
ғында жатса керек. Мысалы, барар еді, бара-
тын еді, бармақ еді, барған еді, барып еді, барар
ма еді, жығылып қала жаздап еді, айтқысы
келіп отыр екен және т.б.құрылымдарды бір
шаққа немесе бірнеше шаққа қатыстыру қиын-
дық тудыратыны рас.
Айтушы немесе сөйлеуші не нәрсені сөз
етсе де, өзінің ойын, көзқарасын мезгілмен бай-
ланыстыра айтады. Сондықтан рай мен шақ
ұғымдары бір-бірімен байланысты болып келеді.
А. Ысқақовша айтқанда, «Шақ категориясы рай
категориясына қарағанда, әлдеқайда кең кате-
гория. Өйткені адам сөйлегенде, қашан да бол-
сын, тек амал-әрекеттің тек жалаң өзін ғана
емес, оның мезгілі мен орнын да дәйім ойда (кө-
ңілде) ұстаумен қатар, өзінің олар жайындағы
көзқарасын, қатынасын да білдіреді. Әрине, бұл
ерекшелік қашан да болсын, шақпен байланыс-
ты, ал шақ тек ашық райда ғана болады; амалды
(әрекетті) тек индикатив қана реальді іс (про-
цесс) етіп, оны белгілі бір мезгіл аясында көрсе-
теді; өзге райларда бұл қабілет болмайды» [1,
314-315 бб.].
Бүгінге дейін қазақ тіл білімі үшін маңызын
жоймаған еңбектердің бірі А. Байтұрсыновтың
“Тіл – құрал” оқулығы. Онда шақ көрсеткіштері
ашық раймен байланысты қарастырылады. Ав-
тор осы шақтың екі түрін көрсетеді де, 4 қалып
етістіктерінің жіктеулі түрін нағыз осы шақ деп
бөліп айтады. Мысалы, жазамын, жазбаймын,
|