1-тапсырма. Жазылуында қиындық туғызатын 20 сөзге қазақ тілі қосымшаларын жалғаңыз



Pdf көрінісі
Дата28.04.2023
өлшемі112.02 Kb.
#472953
Латын негізді қазақ жазуы(30.03.23)^



1-тапсырма. Жазылуында қиындық туғызатын 20 сөзге қазақ тілі қосымшаларын 
жалғаңыз. 
Кінә-лау
(кінәлеу 
емес)

күнә-сыз
(күнәсіз 
емес)

күнә-ға
(күнәге 
емес)

күмәндану
(күмәндену емес)
, Күлән-ға
(Күләнге емес)
, педагог-ке, педагог-і, округ-ке, 
округ-і, киоскі-ге, руль-ге, балдераль-ға, вальс-ы, рельс-і, тюл-і, ткан-і, дуэль-і, аванс-
ы(авансысы емес), грам-ы, грип-і, ведомос-қа. 
2-тапсырма. БАҚ материалдарынан қате жазылған қосымшаға мысал келтіріп, өз 
ойыңызды дәлелдеңіз. 
Баспасөзде жарияланған материалдарда, электронды ақпарат құралдарында 
қосымшалардың дұрыс қолданылмауы жиі ұшырасып жатады. Ондай қосымшалардың 
қатарына сөз бен сөзді байланыстыратын жалғаулар да, сөз тудырушы, сөз түрлендіруші 
жұрнақтар да бар. 
Мысалы, «Еліміздің дарқан аясында 490 өткінші немесе ұя салатын, 
қыстап қалатын құс түрлері, 116 балықтар, 12 қосмекенділер, 49 бауырмен 
жорғалаушылардың түрлері бар»(Бір топ биолог ғалымдардың проблемалық 
мақаласы. «Айқын», 4 қыркүйек 2012 жыл)
 деген сөйлемде көптік жалғауы орынсыз 
жалғанған.
«Күтіп отырық», «келіп тұрық», «бара жатырық», «көріп жүрік» деп сөйлеу мен 
жазудың орынсыздығы қанша айтылып-жазылса да, одан қорытынды шығарғандар 
көбейгені байқалмайды. Сол сияқты 2014 жылы Бразилияда футболдан өткен әлем 
чемпионатынан тікелей репортаж жүргізген Е.Көшкінбаевтың 
«біле алмадық», «біле 
алмай отырмыз» деудің орнына «Жарақат алған ойыншының кім екенін біле 
алмаудамыз» және «Біз уақытты мүлде қарамаудамыз» 
деп сөз сабақтауы жіктік 
жалғауына 
жасалған 
қиянат. 
Тегін жазуда парсының –и жұрнағын жалғап, Түркістани, Орали сынды фамилия-
ларымен ерекшеленгісі келгендер болып еді. Енді тіліміздегі «саяси», «ғылыми» 
сөздерінің үлгісімен сөз түрлендіргісі келетіндер қатары арта бастаған сыңайлы. 
Мәселен, Серіккүл Сұлтанқажы «Әуелгі әңгімеміз – әйели әлеует. («Астана ақшамы», 
28 ақпан 2012 жыл)
деп жазыпты. Осыны 
«әйел әлеуеті»
десе болмас па еді. «Әйелдік» 
орнына «әйели» деген екенбіз, сонда енді «еркектік» дегенді «еркеки» деуіміз қажет пе? 
Түбіртек теориясын терең зерделеген белгілі тілші-ғалым, профессор Берікбай 
Сағындықұлы 
«Түркі тілдерінде р, л, н, ң үнділері (сонорлары) ешқашан өзінен кейінгі 
дауысты дыбыстармен мағына беріп тіркеспейді. Яғни ра, ру, ри, ла, лу, ли, на, ну, ни, 
ңа, ңу, ңитүбіртектеріжасалмайды» деп жазады. Көріп отырғанымыздай, -ды/-ді, -дық/-
дік орнына -и, -ді қосу арқылы сөз түрлендірудің бәрі сәтті қолданыс деуге келе 
бермейді. 
Баспасөзде орфографиялық норманың бұзылуына да жиі жол беріледі.Бірге 
жазылатын сөздердің бөлек, ал бөлек жазылатын сөздердің бірге жазылуы, кейде бір 
сөздің бірде бөлек, бірде біріктіріліп жазылуы көп көрініс беретін болып жүр. Мәселен, 
«әртүрлі» 
орнына 
«әр түрлі»,
«біртүрлі» 
орнына 
«бір түрлі», «ісқағаз»
орнына 
«іс қағаз», 
«іссапар» орнына «іс-сапар», «мекенжай» орнына «мекен-жай», аражігі» орнына «ара-
жігі» жиі ұшырасады. «Аяқкиім», «баскиім», «ішкиім» сөздері де көп жағдайда 
бұрынғысынша бөлек жазылып жатады. 
Бұлардың қатарында 
«көптілді», «көптомды», 
«көпбалалы», «қазақтілді», «орыстілді», «қысқамерзімді»
сөздері де бар. Төмендегі 
мысалдарда 
«алааяқ», «мәшине»
сөздері де орфографиялық сөздік бойынша 
жазылмаған. Алаяқ. (мақала тақырыбы. Е.Байтілес. «Егемен Қазақстан», 28 наурыз 2013 
жыл); «Алаяқтық азаяр емес». (мақала тақырыбы. Б.Байәділов. «Жас қазақ», 9 қазан 2015 
жыл); «Қос кәсіпкер тігін машинасын алды» (А.Сағындықова. «Айқын», 17.01.2012). 
2013 жылы ҚР Үкіметі жанындағы Республикалық терминология комиссиясының 
мақұлдауымен жарық көрген орфографиялық сөздік бойынша 
«көгөніс», «көгөнісші», 


«қыргүйек» 
түрінде жазылуы тиіс бұл сөздер жаппай бұрынғысынша 
«көкөніс», 
«көкөнісші», «қыркүйек» 
түрінде жазылып жүр деуге болады. Кейінгі басылымнан бес-
ақ жыл бұрын 2007 жылы жүз мың таралыммен жарық көрген орфографиялық сөздікте 
бұл сөздер 
«к»
арқылы жазылса, енді 
«г»
арқылы жазылатын болды. Орфографиядағы 
өзгерістерді жіті қадағалап отыратын жекелеген мамандар болмаса, көпшіліктің осы 
өзгерістерден бейхабар екендігін сан рет байқадық. Сондықтан мұндай өзгерістер 
жасалғанда ол жайында жұртшылыққа кеңінен хабарлануы керек екендігін ескермесе 
болмайды. Жалпы орфографиялық сөздікке жиі өзгеріс енгізе беру жазудағы 
тұрақтылыққа жеткізеді, көпшіліктің сауаттылық деңгейін көтереді дей алмасақ керек. 
Оған 
осы 
соңғы 
өзгерістер-ақ 
дәлел 
бола 
алады. 
Орыс тіліндегі сөйлем үлгісімен құрылған «
Ең көп кәсіпкерлер – сауда мен көлік 
жөндеуде». 

Алматы ақшамы», 22 қыркүйек 2011 жыл); 
«Шындығында, бұл бізге 
сырттан тартылған қарыз ақша емес пе, артының сұрауы бар?» 
(«Жас Алаш», 18 қаңтар 
2011 жыл) сияқты сөйлемдерді барлық газет-журнал беттерінен кездестіруге болады. 
«На самом деле», 
деп басталатын орыс тілі сөйлемінің үлгісімен құрылған бұл 
сөйлемдегі «артының сұрауы бар» дегені де келісіп тұрған жоқ. Біздегі орыс-қазақ 
қостілділігі жағдайында әсіресе, аударма қазақ сөйлем құрылысына шектен тыс әсер 
етіп отыр. Сонымен бірге айтпақ ойды анық жеткізе алмайтын, олпы-солпы құрылған, 
логикалық қайшылықтарға толы сөйлемдерді жиі кездестіруге болады. Біз мәселені атап 
қана өтіп отырмыз. Жалпы бұл қазіргі таңдағы өз алдына сөз етуді қажет ететін өте 
өзекті 
мәселе. 
Бұл аталған кемшіліктердің қатарына 
кірме сөздер мен жаргон, арго, сленгтерді
(крыша, крутой, шестерка, т.б.) орынсыз қолдану («Жезөкшелердің «крышасы» кім? 
Қ.Төрежан. «Айқын», 26 мамыр 2012 жыл), тыныс белгілердің дұрыс қойылмауы сияқты 
кемшіліктерді де қосуға болады. Сондай-ақ, орыс тіліндегі женский родтағы сөздерге 
балама ұсынып, оларды қазақ тілінде де родқа бөліп қолдану жағдайлары баспасөзде 
көрініс беріп жатады. Мәселен, 
азаматша, медбике, мұғалима, төрайым 
сияқты сөздер 
солардың қатарына жатады. 
«Сол облыста соңғы он жылда жаңылыспасақ әйел 
мұғалималар үлесі 80 пайыздан түспей отыр»
(Ө.Ақжігіт. «Жас қазақ үні», 10-17 шілде 
2012 жыл) деген сөйлем ұшырасты. 
«Мұғалиманың» 
өзі орыстың женский родтағы 
«учительница»
сөзінің үлгісімен ертеректе жасалғаны белгілі. Бұл сөзді қолданғанның 
өзінде, оның алдынан «әйел» сөзін қосудың еш реті жоқ. «Мұғалималар» онсыз да 
әйелдер. «Ер мұғалімдер», «әйел мұғалімдер» десе, әңгіме бір басқа. 
Біз негізінен баспасөз тіліне тоқталып отырмыз. Теле-радио тілі өз алдына жеке сөз 
етуді қажет етеді. Салыстырмалы түрде алғанда, баспасөз тілі электронды БАҚ тіліне, 
оның ішінде телеарна тіліне қарағанда көш ілгері деуге болады. Дегенмен, жоғарыдағы 
мысалдар баспасөз тілі де мінсіз емес екендігін көрсетеді. Баспасөз – қалың көпшіліктің 
тіл мәдениетін көтеруге тікелей ықпал ететін айрықша қуатты құрал. Сол себепті 
баспасөз тілінің даму үдерісін үнемі қадағалап, кемшіліктерді түзетіп, жазу 
мәдениетімізді жетілдіріп отыру маңызды міндет.


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет