13. Глоссарий үйрену – зерттеу немесе нұсқаушының білім, дағды және тәжірибе жинау үрдісі. Дамыту



бет4/5
Дата21.02.2024
өлшемі18.92 Kb.
#492614
1   2   3   4   5
Глоссарий (2)

Психоәлеуметтік дағдарыс – индивидуум өміріндегі физиологиялық даму және әлеуметтік талаптармен негізделетін дағдарыс кезеңі; позитивті де, негативті де аяқталуы ықтимал. \Психоәлеуметтік мораторий *– кеш жеткіншек жастағы индивидуумның ересектердің рөлдері мен жауапкершілігін қабылдауында біраз уақыт кейін шегеруге мүмкіндік беру кезеңі.
Рецептивті бағдар — бір топтың екіншісін эксплуатациялауы қатал заңмен бекітілген қоғамдарда жиі кездеседі. Эксплуатацияға ұшырағандар өз жағдайларын өзгертулеріне не ешқандай күштері жоқ, не тіпті ойлары да жоқ, өйткені оларда біртіндеп өмірлік қажетті нәрселердің барлығын иелерінен алуға болады деген көзқарас қалыптасады. Бейімделу және ұнау қажеттілігі дәрменсіздік сезімін туындатады, ол қазіргі адамның әрең байқалатын рецептивтілік көзіне айналады. Рецептивтіктің жасырын, алайда кең таралған бұл формасы қазіргі «фольклорда», әсіресе жарнамалық орындалуда тіпті қисынсыз форма қабылдайды. Репродуктивті қатынас – бұл әрқашанда шындықты таспаға түсірілген материалдардың әр бөліктерін үздіксіз қайта жаңғырта отыратын фильм тәрізді қайталанбалы бір образда қабылдау. \Регрессия* – психикалық дамудың төменгі сатысына, бұрынғы жетілмеген түріне оралуын білдіретін ұғым. Регрессияның түрі түйсіктік құмарлықтың тәсіліне, «Меннің» қызметіне, индивидке тән мұрат пен ардың көрінісіне орай қалыптасады және бөлінеді.
Ым-ишара – психикалық құбылыстың, көбінесе эмоцияның сыртқы бейнесі.
Ұнамдылықжақсылық ойлауда, сәлемдесуінде, қарым-қатынас кезінде туындайтын таңқалушылығында, көңіл аудару, көмектесу және тағы басқа әлеуметтік көріністері немесе топтары, адамның басқа адамдарға тұрақты қолдаулы эмоциялық қатынасы.
Сәйкестік диффузиясы– бозбала не бойжеткен мамандықты не идеологиялық сенімдерді таңдауға байланысты сәйкестік дағдарысынан өтуі не өтпеуі мүмкін, сөйте тұра ол нақты таңдау әлі жасамаған немесе таңдау жасаудан тым алшақ тұратын эго-сәйкестік статусы. Сәйкестікке жету– мамандық не идеологиялық сенім таңдауға байланысты дағдарыстан өтіп, нәтижесінде нақты таңдау жасалынатын эго-сәйкестік статусы. \Сәйкестікке қажеттілік* – Э.Фромм бойынша адамның өзін басқалардан өзгеше қабылдауға ерекше қажеттілігі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет