№14 жатақханада өткен кафедра күні
2011 жылдың 20 сәуірінде №14 жатақханада Математикалық және компьютерлік модельдеу кафедрасының күні өтті. Іс-шараны кафедра оқытушылары мен МКМ мамандығының студенттері ұйымдастырды, әсіресе 3 курс қазақ бөлімінің студенттері ерекше белсенділік танытты.
Таңертеңнен бастап жатақхана фойесі жарқын плакаттар мен шарлармен безендірілді. Стендте кафедра тарихы, оның ғылыми қызметі, болашақ мамандардың келешек жұмыс орындары жайлы айтылды.
16.00 оқытушылар мен студенттер фойеде жиналып, мейрам басталып кетті. Алғашқы сөзді кафедра меңгерушісінің қызметін атқарушы, физика-математика ғылыдарының кандидаты Н.Н. Тунгатаров бастады. Ол МКМ мамандығы жайлы, оның даму бағыттары, мамандардың болашақ жұмыс орындары жайлы айтып берді.
Әрі қарай кафедраның ғылыми өмірі жайлы физика-математика ғылымдарының кандидаты А.К. Хикметов презентация көрсетіп, ең қызық ғылыми-зерттеу жобалар жайлы айтып берді.
Әрі қарай студенттер өз өнерлерін көрсетті: өлеңдер оқылып, 3 курс студенті домбырада ойнады.
Ең таң қалдыратыны «Ең жақсы эдвайзер және ең жақсы студент» ойыны болды, оған эдвайзер Муканова Б.Г. және студент Абенов Н., эдвайзер Жакебаев Д.Б. және студент Заурбекова Г., эдвайзер Абдибеков А.У. және студент Пузиков Е қатысты.
Әрі қарай кешті КТК қатысушылары қыздыра түсті, а интеллектуалды конкурс жатақхананыңс ең тапқыр студенттерін анықтауға мүмкіндік берді. 4 команда ұйымдастырылып, қатысушылар қарапайым логикалық сұрақтарға жауап берді. «Механика» мамандығының 2 курс студенттері жеңіске жетті.
Соңғы алғыс сөздердерді айт үшін ортаға физика-математика ғылымдарының кандидаты Ицкова П.Г., физика-математика ғылымдарының кандидаты Абдраманова М.Б. және физика-математика ғылымдарының докторы Муканова Б.Г сөз сөйледі.
Конкурстардың жеңімпаздарына, және де іс-шараға белсенді қатысқандарға дипломдар мен грамоталар берілді. Конкурстар арасында МКМ мамандығы жайлы ең жақсы қабырға газетіне конкурс болды, МКМ-08-1б тобы осы конкурста жеңіске жетті.
Мереке кафедра дайындаған дәмтатумен аяқталды.
Достарыңызбен бөлісу: |