Сабақтың тақырыбы: дк сәулетінің заманауи даму бағыттары Сабақтың мақсаты



Дата14.06.2016
өлшемі41.38 Kb.
#135184
түріСабақ
Күні: 15.10.2014 жыл Пәні: Информатика Сыныбы: 6 (алтыншы)

Сабақтың тақырыбы: ДК сәулетінің заманауи даму бағыттары

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға дербес компьютердің заманауи даму бағыттары және Джон фон Нейман принциптері жайлы түсінік беру.

Тәрбиелік: Оқушыларды нақты шешім қабылдай білуге, топпен жұмыс жасауға, өз ойын еркін жеткізе білуге тәрбиелеу.

Дамытушылық: Оқушыларды компьютердің қосымша құрылғылармен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру.

Сабақтың типі: жаңа сабақ

Сабақтың түрі: аралас сабақ («Өзіңді тексер!» тесттік жұмыс, тірек-сызбалар, «Әр сұраққа – бір жауап» ойыны, «Синквейн» әдісі, «Көңіл күй нысанасы»)

Сабақтың әдісі: интерактивті тақта және тірек-сызбалар көмегімен түсіндіру

Сабақта қолданылатын көрнекі құралдар: Компьютер, оқулық, интерактивті тақта

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі: 1. Сәлемдесу, түгелдеу.

2. Оқушылардың құрал-жабдығын тексеру.

3. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

4. «Сәттілік шеңберін құру» оқушылар бір-біріне сәттілік тілейді.

II. Үй тапсырмасын тексеру: 1. «Өзіңді тексер!» тесттік бақылау жұмысы көмегімен үй тапсырмасын тексеру.

1. Қайсысы алғашқы есептеу құрылғысы емес?

А) Шоттар В) Арифмометр С) Калькулятор Д) Серобян

2. Бірінші буын компьютерлерінің элементтік базасы – ол:

А) транзистор В) интегралдық схема

С) электрондық лампа Д) үлкен интегралдық схема

3. Алғашқы бағдарламашы кім?

А) Чарльз Беббидж В) Герман Холлерит

С) Ада Лавлейс Д) Блез Паскаль

4. Бірінші электрондық компьютер болған есептеуіш машина қалай аталады?

А) АВС В) ДВК С) БЭСМ-2 Д) ENIAC

5. Үшінші буын компьютерлерінің элементтік базасы – ол:

А) транзистор В) интегралдық схема

С) электрондық лампа Д) үлкен интегралдық схема

6. Төртінші буын компьютерлерінің элементтік базасы – ол:

А) транзистор В) интегралдық схема

С) электрондық лампа Д) үлкен интегралдық схема

1. «Миға шабуыл» сұрақ-жауап арқылы өткенге шолу жасау.

III. Жаңа сабақты түсіндіру:

Компьютер компоненттерінің құрамы оның конфигурациясы деп аталады.


овал 2
прямая со стрелкой 7прямая со стрелкой 8


овал 4овал 5

Компьютердің сәулеті – компьютердің құрылымы мен жұмыс принциптерінің сипаттамасы.

Егер компьютердің аппараттық бөліктері (компоненттері) арасындағы өзара байланыс принциптері стандарттармен бекітілген болса, онда оның сәулетін стандарттық деп атайды.

Компьютерлердің көпшілігі Джон фон Нейманның сәулетіне негізделген және құрастырудың модульдік (ашық сәулет) принципін пайдаланады.

Джон фон Нейманның принциптері:


  • Екілік принципі – деректер мен бұйрықтарды бейнелеу үшін қолданылады.

  • Программалық басқару принципі – программа бұйрықтар жиынтығынан тұрады, процессор оларды бірінен соң бірін белгілі бір ретпен орындайды.

  • Жадтың біртектілік принципі – бір жадта программалар да, деректер де сақталады. Деректерге қолданылатын амалдарды бұйрықтармен де орындауға болады.

  • Жадтың мекенжай принципі – жады нөмірленген ұяшықтардан тұрады, процессор кез келген сәтте әр ұяшыққа қатыса алады.

  • Тізбектеп программалық басқару принципі – барлық бұйрықтар жадта орналасады және тізбектеліп, біреуі аяқталған соң екіншісі орындалады.

  • Шартты көшу принципі – программаның бұйрықтары әрқашан да бірінен соң бірі орындалмайды. Программада бұйрықтардың тізбектеліп орындалу тәртібін берілгендердің мәндеріне сәйкес өзгертетін шартты көшу бұйрықтары да болуы мүмкін.

Дербес компьютердің (ДК) сәулеті – прцессор, есте сақтау құрылғылары (ЕСҚ), ішкі видеожүйе, шеткері орналасқан құрылғылар мен енгізу-шығару құрылғылары сияқты бөліктерінің құрастырылуы.

ДК-нің электрондық компоненттері өзара шиналар деп аталатын сымдар тобымен біріктірілген. Компьютердің ең басты шинасы жүйелік шина деп аталады. Ол 3 түрлі шинадан тұрады: адрестік шина, басқару шинасы, деректер шинасы. Шинаның сипаттамасы – разрядтылығы.



Аналық тақша – заманауи дербес компьютердің есептеу жүйесінің негізі – екі негізгі үлкен микросызбадан тұрады.

ІҮ. Жаңа түсінікті тексеру: «Әр сұраққа – бір жауап» ойыны.

1. Дербес компьютердің сәулеті деп нені айтады

2. Сәулеттердің қандай сипаттамаларын білесіңдер?

3. Ашық сәулет принципінің мәні не?

4. Шиналар дегеніміз не?

5. Процессордың сыртқы құрылғылармен өзара байланысы қалай жүзеге асады?

6. Жедел жады және видео жады бақылаушыларынан тұратын көпір қалай аталады?

7. Шинаның негізгі сипаттамасы.

8. Жедел жады не үшін керек?

- «Сергіту сәті»

V. Жаңа тақырыпты бекіту: «Синквейн» әдісі алгоритмін қолданып, 5 жол өлең құрау.

1. Зат есім – 1 сөз.

2. Етістік – 2 сөз.

3. Сын есім – 3 сөз.

4. Мақал-мәтел немесе синоним – 4 сөз.

5. Сөйлем – 5 сөзден тұрады.



VІ. Қорытындылау: «Көңіл күй нысанасы» әдісі. Әр түрлі қағаздардың көмегімен оқушылар бүгінгі сабаққа баға береді.

  • Қызыл – менің көңіл күйім болмады, маған сабақ ұнамады.

  • Көк – көңіл күйім орташа, сабақ жартылай ұнады.

  • Жасыл – көңіл күйім жақсы, сабақ өте ұнады.

ҮІІ. Үйге тапсырма: ДК сәулетінің заманауи даму бағыттары.

VІІІ. Оқушылар еңбегін бағалау:

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет