ҰЛТТЫҚ ТАҒАМДАР – ҰЛТ ДЕНСАУЛЫҒЫНЫҢ КЕПІЛІ
ЕРСЕЙІТОВА ЖАНАР НҰРМАХАНҚЫЗЫ
АҚЫЛБЕК ҒАНИ МАРАТҰЛЫ
№148 қазак орта мектебі 11, 8 сынып оқушылары
Қызылорда облысы, Шиелі ауданы
Жетекшісі: Агибаева Багила Ертаевна
Бүгінгі таңда Қазақстанда күн тәртібінде тұрған әлеуметтік маңызы зор мәселенің бірі – ұлттың денсаулығы. Елбасымыз Н. Назарбаевтың «Қазақстан 2030» стратениялық бағдарламасында денсаулықты нығайту үшін салауатты өмір салтын насихаттап, дұрыс тамақтануымызға , тазалық пен санитарлық шараларын сақтауымызға бағытталған ақпараттық іс-шаралар жүргізілуі керек,-деп атап көрсеткен. Өркениетті елдерде халық денсаулығы –мемлекеттің басты құндылығы болып саналады. Ал денсаулықты сақтау-дұрыс тамақтанудан басталады.Дүниежүзілік денсаулық ұйымы жүргізген зерттеулер адамзат өлімінің 60 пайызы тағамды дұрыс пайдаланбаудан туындайтынын атап көрсетті.Денсаулыққа қатер төндіретін 10 фактордың жетеуі тамақтануға байланысты./6, 16бет/ Адам жаны мен тәнінің саулығы сауатты тамақтанумен қатар өмір сүріп отырған ортаның экологиясына тікелей байланысты екені анық. Ал экологиялық апат алдында тұрған аймақта орналасқан Қызылорда облысында ауру бала мен ана басқа облыстармен салыстырғанда жоғарғы деңгейден көрінетінін күнделікті баспасөз беттері мен теледидар хабарынан оқып та естіп жүрміз. Өзім өмір сүріп отырған, уран өндірумен айналысатын Шиелі ауданындағы «құбыжық балалар» , сиам егіздері туралы ойлаудың өзі қорқынышты. Екінің бірі - анемия, екінің бірі -зоб, аллергия.Бұрын құрт ауруы туралы қөп айтушы едік, енді ел ішінде сарып, іш қату, қан қысымы тағы басқа кеселдер бой көтере бастады.Аталған мәселелердің, әсіресе, еліміздің жергілікті тұрғындарының арасында кеңінен етек алуы ұлтын сүйетін әрбір саналы азаматтың қай-қайсысында бей-жай қалдырмасы анық. Ауру анадан туылған дімкәс сәби өсе келе түрлі сырқатқа ұшырамасына кім кепіл? Келешегіміз деп үміт артып отырған жастарымыздың денсаулығы сын көтермейді ,олардың бойында ұлтжандылық пен намыстың, имандылық, адамгершілік сияқты қасиеттердің жойылып бара жатқаны жасырын емес. Мұндай халге душар болуымызға не себеп? Бұдан шығатын жол қайсы?
Зерттеу жұмысының мақсаты: Жаңа технологиялармен дәнді дақылдарымызды өңдеу оның құрамындағы минералды заттар мен дәрумендердің азаюына себеп екенін көрсету және ұмытылып бара жатқан ұлттық тағамдарымыздың аурудың алдын алудағы маңызын ашу.
Зерттеу жұмысының міндеті:
- Ұлттық тағамдарымыз туралы әдебиеттермен, ақпараттық құралдармен жұмыс жасау
- Көне көз қариялардан емдік ашытпалардың жасалу технологиясын білу
- Ашытылған тағамдардың тағамдық құнын көтеру жұмысты жазу әдісі
Зерттеу жұмысының ғылыми болжамы: Тамақ өнеркәсәбіндегі азық-түлік дақылдарын өндірістік жолмен өңдеуінің кейбір келеңсіздіктерін көрсету және ұмытылып бара жатқан ұлттық тағамдарымызды қайта жаңғырту.
Зерттеу жұмысының әдістемесі:
-
Ғылыми әдебиеттерге, ақпараттық құралдарға шолу жасау;
-
Аудандық, ауылдық денсаулық орталыктарынан мәлімет алу
Зерттеудің жаңалығы мен дербестік нәтижесі:
-
Азық-түлік дақылдарын өндірістік жолмен өңдеу (ақтау, аршу, ұнтақтау) қажетті пайдалы заттарды жойып жіберіп отырғанына дәлелдер келтірілді;
-
Ұмытылып бара жатқан ұлттық тағамдарымыздың құрамы мен жасалу жолы көрсетілді.
Зерттеудің теориялық және практикалық мәні:
- Ақпараттық құралдарға, ғылыми әдебиеттерге сүйене отырып, азық-түлік дақылдарын өндірістік жолмен өңдеуден ұтылатын тұстарымызды көрсету және ұмытылып бара жатқан ұлттық тағамдарымыздың емдік қасиетін ашу жұмысымыздың теориялық мәні
- Ұлттық тағамдарымызды тұрмыстық жағдайда жасаудың оңтайлылығы жұмысымыздың практикалық мәні болап табылады.
Аурудың бәрі – дұрыс тамақтанбаудан
Елбасымыз Жолдауында халықтың денсаулық жағдайын бақылаудың ұлттық бағдарламалары кешенін енгізу, аурудың алдын алуға шындап кірісуіміз керек. Бірінші кезекте, олар балалар, жас-өспірімдер, бала туу жасындағы әйелдер деп атап көрсетті.Кез–келген елдің болашағы оның ден-саулығына байланысты екендігі даусыз.Денсаулық- қоғамдық байлық..Олай болса әр адам өзінің денсаулығын сақтауды азаматтық парызы деп түсінуі тиіс.
Өзім тұратын Бидайкөл елді мекенінде көп кездесетін әрі халық онша мән бермейтін аурудың бірі қаназдық (анемия). Міне, осы тұрғыдан біз ертеректе өмір сүрген ата-әжелеріміздің қаназдық ауруымен аз ауруының себебін анықтап, аурудың алдын алудың қарапайым жолдарын насихат-тауды мақсат еттік. Халқымыздың тамақтануы мен түрлі ауруларға шалдығуының арасында бай-ланыс бары анық.. Ал қаназдық (анемия) ауруы- алаштың бір қатері. Анемиямен ауыратындардың көбі қазақтар. Көбі -әйелдер. Бізде іс жүзінде әрбір үшінші әйелде, ал кейбір өңірлерде әр екі бо-лашақ ананың біреуінде қан жетіспейді.Содан барып нәресте ана сүтінен ерте айырылады./6,16 бет/ Қаназдықтың не екендігін түсіну үшін қан жөнінде сөз қозғау керек. Ересек адамда 5 литр қан болады. Оның 55% плазмадан, ал 45% қан клеткаларынан эритроцит пен лейкоциттен және қан пластинкасынан тұрады. Қаназдық ауруының пайда болуы бірнеше жағдайларға байланысты. Бірінші жағдай – жілік майында эритроциттердің аз жасалып шығарылуы. Оның себебі эритро-циттер түзілу үшін қоректік заттар, дәрумендер, темір жетіспеуі және жілік майында түрлі улы қосылыстардың әсер етуі. Екінші жағдай – эритроциттер құрамында гемоглобиннің аз болуы. Гемоглобинде темір атомының аз болуы және В12 дәруменінің жетіспеуі, оттегінің гемоглобинге қосылуын нашарлатады. Үшінші жағдай – адам көп қан жоғалтқанда және безгек ауруымен ауырғанда қаназдық ауруы пайда болады. Қаназдық деп эритроциттер санының азайып оның құрамындағы гемоглобиннің төмендеуін айтады.
Бұл сырқаттың алғашқы белгілері:
-
Жалпы әлсіздік, кішкене ақыл-ой және денеге салмақ түсу барысында тез шаршау.
-
Ентігу, жүректің жиі соғысы.
-
Құлақтың шулауы,көздің қарауытуы.
-
Бастың ауруы,ұйқысыздық.
-
Тіл,ерін,шырышты қабақ, тырнақтың бозаруы.
-
Дәмнің, тәбеттің болмауы.
-
Ауыр түрінде аяқ, бет ісініп,жүрек соғысы жиілейді,демігі пайда болады.
. Өткен ғасырдың басында тамақ өнеркәсібінің оқымыстылары адам баласы сан ғасырлар бойы пайдаланып келген азық-түлік құрамындағы талшықтарды, кебектерді зиянды деп, минералдық элеметтерді қажетсіз деп санаған болатын. Сол жылдары құрылған тамақ өнеркәсәбі азық-түлік дақылдарын өндірістік жолмен өңдейміз (ақтаймыз, аршимыз, ұнтақтаймыз) деп бізге қажетті пайдалы заттардың 80% жойып жіберіп отырғанын өздері де білмеді, осындай сорақылықтың кесірі осы күнге дейін жалғасуда. Олар бізге тек белок, май және көмірсутегі болса жеткілікті деп санайтын. Соңғы жылдары оқымыстыларымыздың дәрумен мен минаралсыз өмір сүруге болмайтынына көздері жетті. Тамақтану гигиенасы бойынша алғашқы кезде 20 шақты ғана микроэлемент жеткілікті десе, соңғы уақытта олардың саны 70-тен асып барады. Ағзаның қажет-тілігін тек біз тұтынып жүрген ақ ұнмен, картоппен, күрішпен қанағаттандыруға болмайды. Ағза-мызды қажетті барлық элементтермен қамтамасыз ету үшін 100-ден аса дақыл мен жабайы өсімдікті пайдалануымыз қажет екен.Ғылыми деректерге сүйенсек қара бидайда ,арпада белок 10-12% болса, олардан жасалған нандарда 5-8% ғана. Көмірсулар бидайда 50-60% болса, оның нанында 33-45% қалады.Жаңа технологиямен бидайды ұнға айналдыру кезінде құрамындағы пайдалы заттың 80% шаң болып ұшып немесе кебегінде қалатыны дәлелденген.Қазіргі технология бойынша бидайды суға жуып, оны катоктармен қысып, ортасындағы ұлпасын ұн етіп береді. Барлық дәрумен мен пайдалы минералдар, оның ұрығы мен қабығында мол екені белгілі. Сөйтіп бұл технология бойынша оның барлық нәрін кебегінде қалдырып, малға беріп жүрміз. Бұрын тас диірменге қанша бидай тартсақ, сонша мөлшерде ұн алатынбыз. Қазір 30-35% кебекке кетуде. Зиян шегіп отырғанымыз – міне осы тұс. Өйткені ағзада қан түзілуі үшін оған қажетті пайдалы заттардан өзіміз қолдан айырылып, аурудың сан түріне душар болудамыз. Қан аздыққа шалдығудың басты себебі оның құрамына қажетті дәрумендер мен минералдардың жеткілікті мөлшерде жетпеуінде. Әсіресе пайда-зиянын білмей, бидайдың орта бөлігінен алынған «манная» ботқасын сәбилерге береміз. Мұның бәрі баланы әлсіретіп келешекте оның денсаулығына кері әсер ететінін біле бермейміз. Ірі тартылған ұн тек қуат көзі ғана емес, адам ағзасындағы көптеген аурудың жолын кесетін қасиетке де ие. Әсіресе, иммунитет жүйесін күшейтіп, сырқатпен күресу қабілетін артырып, денсаулықты нығайтады. Қан қысымын реттеуге ықпал етеді. Ал ұн құрамында пайдалы заттар жетпегендіктен,оны басқамен ауыстыруға болмайды. Сондықтан бір қатар елде ірі тартылған ұнға сұраныстың артуы түсінікті. Қан қысымын көтеретін холестерин де бұл жағдайда азаяды. Енді тұрмысымызда көп пайдаланатын дақылдарға келейік (№1 кесте)./5/
Дәнді дақылдардағы микроэлеметтер және витаминдер құрамы
№1 кесте
Оот Р/с
|
Астық және бұршақ дақылдары
|
Микроэлементтер мен витаминдер құрамы мг %
|
Энерге-
тикалық қуаты ккал/100г
|
Са
|
К
|
Mg
|
Р
|
В1
|
В2
|
В3/РР/
|
1
|
Үрмебұршақ
|
150
|
1100
|
103
|
480
|
0,50
|
0,18
|
0,10
|
292
|
2
|
Аршылмаған асбұршақ
|
115
|
873
|
107
|
329
|
0,81
|
0,15
|
2,20
|
298
|
3
|
Аршылған асб-қ
|
99
|
246
|
127
|
298
|
0,46
|
0,16
|
3,30
|
323
|
4
|
Қонақ жүгері
|
93
|
453
|
150
|
353
|
0,33
|
0,13
|
4,88
|
264
|
5
|
Арпа жармасы
|
83
|
672
|
80
|
390
|
0,50
|
0,21
|
1,80
|
284
|
6
|
Жасымақ
|
59
|
424
|
120
|
366
|
0,44
|
0,20
|
1,30
|
287
|
7
|
Қара бидай
|
35
|
245
|
47
|
158
|
0,18
|
0,08
|
0,67
|
181
|
8
|
Кәдімгі нан
|
62
|
325
|
114
|
368
|
0,37
|
0,10
|
4,94
|
300
|
9
|
Ұн наны
|
19
|
97
|
13
|
68
|
0,11
|
0,03
|
0,98
|
284
|
10
|
Макарон
|
19
|
123
|
16
|
87
|
0,17
|
0,04
|
1,21
|
331
|
11
|
Кебек
|
150
|
1260
|
448
|
950
|
0,75
|
0,26
|
10,50
|
191
|
12
|
Жүгері
|
34
|
340
|
104
|
301
|
0,38
|
0,14
|
2,10
|
325
|
13
|
Тары жармасы
|
27
|
211
|
83
|
233
|
0,42
|
0,04
|
1,55
|
348
|
Кестеде көрініп тұрғандай, біздің халықтың күнделікті тұтынатын азық-түлігі ( күріш, тары,макарон , өңделген жарма , ақ ұн) олардан пісірілген нан тағамдарында қажетті заттардың аздығынан, кестенің соңында қалған.
Мысалы, Кәдімгі нанда кальций 62 мг ғана болса, кебекте 150 мг, яғни 3 есе көп. Калий ұнда 325 мг болса, кебекте 1260 мг, демек, 10 есе көп. Сол сияқты магний ұнда 114 мг , кебекте 448 мг, яғни 5 есе көп. Сондай- ақ басқа да биологиялық белсенді элементтердің кебекте көп екені , ал өнеркәсіптік жолмен дайындалған ақ ұнымызда, жармаларымызда адам ағзасының барлық мүшелерін физиологиялық жағынан азда болса қанағаттандыру үшін қажетті дәрумендер мен микроэлементтердің аз екені көрініп тұр.
Біздің кейбір мамандарымыздың кебекте ешнәрсе жоқ екені қашаннан белгілі деуі үлкен қателік. Шетел ғалымдарынң дәлелдеуі бойынша, жүрек- қан тамырлары, қан қысымы кеселдерінің алдын алу үшін күніне 30 грамм кебек жеу керек екен. Ол үшін 2-3 ас қасық кебекті ыдысқа салып, оған қайнаған су құйып 10-15 минут бұқтырып, содан кейін сүзіп, күнделікті пайдаланатын ботқаға қосып жеген дұрыс/5/. Сол сияқты қол ашытқымен 10-20 кебек қосып , нан пісіріп жесең дәмі өзгеріп сала береді. Пайдасынан зияны қөп макарон, вермишель, ақталған күріштен гөрі кебек қосып, кеспе жасаған дұрыс. Бұл әрі арзан, әрі денсаулыққа пайдалы.
Егер күнделікті тұтынатын тағамдарымызда витаминдер мен минералдар жетіспесе, адам ағзасында зат алмасу нашарлайды, нәтижесінде дене мүшелерінің өсіп дамуына кері әсерін тигізеді. Мысалы, микроэлементтер калий, магний, кобальт жүректің жұмысын жақсартып, қан қысымын төмендетеді. Кальций нанда жетіспесе, сүйектің нашар жетілуі, темір жетіспеуі – кемтар баланың дүниеге келуіне, мырыштың аздығы бала бойының қысқалығына, жүйке жүйесінің дамуына кері әсер етеді. №2 кестеге назар аударсақ../5/
Бидай, асбұршақ құрамындағы микроэлементер
№ 2кесте
Р/с
|
Микроэлемент-тер құрамы мг%
|
Қара бидай
|
Бидай
|
Асбұршақ
|
Астық
|
Кәдімгі
нан
|
Астық
|
1 сорт ұн батоны
|
Аршыл- мағаны
|
Аршыл-
ғаны
|
1
|
Темір
|
5,38
|
3,60
|
5,415
|
1,86
|
9,40
|
7,00
|
2
|
Йод
|
0,009
|
0,005
|
0,0078
|
0,0036
|
0,005
|
-
|
3
|
Кобальт
|
0,007
|
-
|
0,0055
|
0,0016
|
0,0131
|
0,0086
|
4
|
Марганец
|
2,77
|
1,76
|
3,76
|
0,86
|
1,75
|
0,70
|
5
|
Мыс
|
0,46
|
0,26
|
0,47
|
0,174
|
0,75
|
0,59
|
6
|
Молибден
|
0,018
|
0,008
|
0,0236
|
0,00136
|
0,0842
|
-
|
7
|
Селен
|
0,0258
|
-
|
0,0291
|
-
|
0,0131
|
-
|
8
|
Фтор
|
0,067
|
0,035
|
0,070
|
0,0023
|
-
|
-
|
9
|
Хром
|
0,007
|
0,005
|
0,0055
|
0,0031
|
0,009
|
-
|
10
|
Цирконий
|
-
|
-
|
0,0245
|
-
|
0,0112
|
-
|
Бидай ұнынан жасалған мақтаулы батонымызда темір 3 есе, йод 2 есе, кобальт 3 есе, марганец 5 есе, мыс 2,5 есе, молибден 23 есе, фтор 3 есе, хром 1,5 есе, цирконий 3,5 есе азайған. Халқымыздың қасіреті болған қаназдықтың болуына басты себеп: бидай дәнінде темір 5,4 мг болса, ұнда – 1,86 мг, йод дәнінде 0,0078 болса, ұнда 0,0038 ғаға қалған, аса қауіпті ісікті болдырмайтын селен ұнда мүлдем жоқ. Ауыл тұрғындарының күнделікті тамағында ақ нанды көп пайдаланатынын ескерсек, болашақ ұрпақтың денсаулығын ойлаудың өзі қорқынышты. Қазіргі таңдағы 18 жасқа толған азаматтарымыздың Отан алдындағы борышын өтеуге жарамай жатқаны яғни біреуінің бойы қысқа, екіншісінің салмағы жетпейді, үшіншісінің денсаулығы жарамайтындығы бізді ойлантуы тиіс.
Ғылыми зерттеулерде дәрумендердің ағзада әрқайсысы өз алдына бөлек қызмет көрсете алмайтындығын тек бір-бірімен тізбекті байланыстағана әсер ететінін дәлелдеген. Ағзада «В» витамині жеткілікті болғанымен «С» витамині жетіспесе оның пайдалы әсерін төмен-детеді, «Р» витамині «С» витаминінің әсерін күшейтеді, магнийсіз -кальций сіңбейді. Олай болса көп пайдаланатын астық дақылдары мен жармаларды сіңіру үшін биокатализаторлар-ферменттер, белсенді элементтер, витаминдер қажет-ақ. Олар жеткіліксіз болса, қант пен крахмалдан алған бос қуаттың пайдасы аз. Дұрыс тамақтана білмеудің салдарынан қазіргі таңда ұлтымыздың негізгі бөлігі биологиялық аштықта өмір сүріп жатыр.
Ұлттық тағамдар – ұлт денсаулығының кепілі
Ол кезде ана мен бала өлімі сирек еді. Қаназдық (анемия) деген мүлдем жоқтын. Тіпті Ұлы Отан соғысы жылдарында да ондай ауру болмаған (әжемнің айтқандарынан).
Өткен ғасырдың 60-шы жылдарына дейін ауыл тұрғындары бидайды қол диірменге тартып ірі ұнын тамаққа пайдаланып келгені белгілі. Тарихи деректерге сүйенсек, қазақ халқының дастархан мәзірінде сөк, талқан, қымыз, қымыран, ашыған көже, шұбат, айран, сүзбе, құрт, боза ата – бабаларымыздың сүйікті асы болатын. Бүгінде бұл тағамдардың бірі сирек көрінсе, көбісі қойылмайды да. Қазақ халқының тағамдары негізінен ашытылып дайындалған. Ал ашытылған көжелерімізде ферменттер көп болады да астық тез қорытылып, оңай сіңірілуін қамтамасыз етеді. Ашытылған тағам құрамында пайдалы заттардың мол екенін ескерсек, түрлі дәннен ашытылып жасалған көже мен ашытпаның, сондай-ақ талқанның қаншалықты пайдалы екенін айтудың өзі артық.. Ферменттері көп ашытылған тағамдар мен ашытпалардың, ана сүтінің көбеюіне де әсері зор екенін қазірде көзі-қарақты қарияларымыздан жиі естиміз. Ашытылған тағамды ішкендердің бүйрегінде тас, тұз болмайды. Ата-бабаларымызда бүйрек, бауыр, өт, несеп жолдары, қатерлі ісік, қаназдық кеселдерінің сирек кездесуі де ұлттық тағамдарымыздың пайдасы болған.
Бүгінгі медицинада әлсіреген бала мен анаға өндірілген бидай өскінін ботқаға қосып береді. Бидай, тары дәндерінен ашытып істеген тағамдардың асқазанның жоғарғы қышқылдығын қалпына келтіретін, ауру туғызатын микроағзаларды жоятын, қаназдықты емдейтін, несеп жолдарын тазартатын қасиеттері көптеген ғылыми әдебиеттерде жазылып жүр.
Төп – тарының шикі, піскен сөгінен, талқанынан, күріштен әзірленетін дәмді тағам. Қазанға су құйылып, тұз салынып пісіріледі де үстіне шыжық, май қосып әкелінеді.
Бөртпе – күріштен, піскен сөктен сүтке қайнатып, дайын болған соң ортасына май салып әкеледі.
Быламық – ұннан, тал-қаннан, бидай жармасынан жасалатын тағам. Ұнды, жарманы қазанға аздап қуырып алып, қойдың шыжғырылған іш майын қосып, үстіне су құйып, үздіксіз араластырып жасайды. Көбінесе қарттарға, сәбиге береді.
Ботқа – дәнді дақылды суға қайнатып жасайды. Олар: күріш, бидай, жүгері, қарақұмық, лобия, тары, ноқат т.б. Бір немесе бірнеше дән түрлерінің қою қайнатпасынан әзірлейді.
Құрткөже – суық суға ұн қосып араластырып, басқа ыдыста қайнаған суға тұз, күріш салып, екі сұйықты араластырып қайнатады, оған езілген құртты құяды. Ыстықтай ыдысқа құйып, үстіне сары май салып ішеді.
Боза- бидай мен тарыны өндіріп, тарыдан ботқа жасап, ескі бозамен ашытып жасайды
Сүт көже – сүтке сөк немесе күріш қосып қайнатып жасайды.
Ашыған көже – құрамында су, ұн, тұз, сүт бар сусын. Жылдың төрт мезгілінде де жасап ішуге болады.Әсіресе,күн ыстықта шөлдеп үйге келгенде, салқын ашыған көже ішсең, шөлің басылады. Көпіршік – сиыр сүтіне қымыз қосып қайнатқанда бетіне шығады.
Ақірім – сүр еттің сорпасына айран не қымыз қосып араластырып жасайды, сусын ретінде ішеді.
Адам жаны мен тәнінің саулығы дұрыс және сауатты тамақтануға, тікелей байланысты екені анық. Ауыл қазағының қалай тамақтанып отырғанын қазіргі әлеуметтік ахуал айғақтап береді. Экологиямыздың да оңып тұрғаны шамалы. Қазіргі таңда жастарды былай қойғанда жасы 40-50 ге келген аналарымыздың өзі ұлттық тағамдардан жеріп, қуаты мен нәрі жоқ еуропалық тәтті-лерге әуес.Ашытылып жасалатын пайдалы көжелеріміздің орнына өздерімен бірге балаларына да пепси-кола, кока-кола т.б химиялық бояулар мен қоспалар қосылған сусындар береді.Ал оның ертеңі не болмақ? Қазіргі ұрпаққа да, келешекке де жақсылық әкелмейтіні анық. Жасы отызға жетпей аузындағы тісінен айырылу, екі адамның бірінің денсаулығының қалыпты болмауы осының дәлелі. Биологиялық тойып тамақ ішу, жағдайымыз қанша жақсарып келеді дегенмен көп қазақтың әлеуметтік жағдайы көтермейді. Сондықтан біз, өзімізде өсірілетін дәнді дақылдардан жасалынатын ұлттық тағамдарымызды қайта қолға алу керек екенін айтқымыз келеді. Бұл әрі оңай, әрі арзан.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1 .Бекбосынов Б. «Қаназдықпен күресу және емдеу шаралары» Алматы, 1998 жыл
2 Попровский А., М. А. Самсонов «Азық –түлік өнімдерінің құрамы» Москва.1987 жыл 3.Скурихин И. М., Шатерников В.А «Дұрыс тамақтана білесіз бе?» «Қайнар» Алматы,1992 ж
4. Ұлттық қасіретке ұнның қаншалықты қатысы бар? Жас алаш . № 40. 3 сәуір . 2003 жыл
5. Біз нені жеп, нені жемеуді білеміз бе? Жас алаш. №130 . 30 ақпан. 2004 жыл
6. Шарманов айтқан шындықтар Денсаулық журналы № 10 Алматы , 2010жыл
Тіркеу формасы
-
Тегі, аты-жөні (толығымен): Ерсейітова Жанар Нұрмаханқызы,
Ақылбек Ғани Маратұлы
2. Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы (бар болса): жоқ
3 Ғылыми жетекшінің аты-жөні: жоқ
4. Ғылыми жетекшінің ғылыми дәрежес жоқ
5. Ұйым (жоғары оқу орнының, кәсіби орта оқу мекемесінің, мектептің аты, мекен-жайы): №148 қазақ орта мектебінің 11, 8 сынып оқушылары, Қызылода облысы, Шиелі ауданы, М. Шоқай көшесі №7 үй
6. Автордың мекен-жайы (индекс көрсету міндетті): Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Бидайкөл ауылы , М. Шоқай көшесі № 7 үй, индекс: 120710
7. Телефон (Халықаралық кодымен): факс: 8(72432)-4-14-16,
үйі: 8(72432)-36-1- 88, жұмыс: 8(72432) 36- 1-42 ұялы: 8702 5591448
8. E-mail (міндетті): bauirjan_raioo@mail.ru
9. Мақала тақырыбы: ҰЛТТЫҚ ТАҒАМДАР – ҰЛТ ДЕНСАУЛЫҒЫНЫҢ КЕПІЛІ
10. Секция: № 2 Биология, химия, география, экология
11. Керекті техникалық құралдар: Мультимедиялық проектор
12. Қонақ үй орындарын брондау қажеттігі: керек
Мен
Секция мәжілісінде баяндамамен сөз сөйлеуді қалаймын.
Достарыңызбен бөлісу: |