17 мектеп-лицейінің педагог-психологы, Атырау қ



бет1/2
Дата14.06.2016
өлшемі409.56 Kb.
#135119
  1   2

Р. И. Муханова,



17 мектеп-лицейінің педагог-психологы, Атырау қ.
ЖАС МАМАНДАРДЫ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ҚОЛДАУ

Жас маманды психологиялық қолдау үшін баулушы тәлімгердің онымен жиі кездесіп, әңгіме, тренингтер өткізуі, педагог этикасы, оқушылармен қарым- қатынас жасау ережелері, ата-аналар жиналыстарын ұйымдастыру жайы туралы ұсынымдар беруі пайдалы болмақ (1-қосымша). Тренингтік сабақтарды біз тоқсанына бір рет психодиагностикалық әдістемелерді (темперамент типін анықтау, өзіне өзінің сенімділігін бағалауға арналған тест (Рейдаст тесті), оқытып-үйрету процесіндегі педагогикалық ынтымақтастық дең- гейінің диагностикалық әдістемесі, «Мүғалімнің психологиялық портреті» әдістемесі) қолдана отырып өткіземіз. Тренинг соңынан жас мұғалімге жаднама, өткізілген тест (2-қосымша) бойынша анализдік талдау нәтижелері беріледі. Оқу жылының соңында қорытынды шығарып, оларды талқылаймыз. Пікірлерді түйіндейміз. Бұл кезде жас мұғалімдердің өзіне сенімі, дербестігі, бастамашылдығы айтарлықтай көтеріліп қалады. Тәлімгерліктің арқасында олар сабақ жүргізу, сынып сағаттарын, ата-ана жиналыстарын өткізу техникасын игеріп үйренеді. Біз төменде «Өзін өзі ашу тренингін» назарларыңызға ұсынып отырмыз (3-қосымша). Бұл біздің жұмыс жоспарымызда бірінші тұрған тақырып.
1-қосымша

Жұмысты жаңа бастаған жас мұғалімдерді


қате қадамнан сақтандыратын бірнеше тыйым


  1. Балаларды көңіліне тиетін атаулармен және теңеулермен атап кемсітпеңіз.

  2. Шектен шыққан жағдай орын алса да дауыс көтермеңіз. Егер сондай бір жәйт үстінде
    дауыс к
    өтеріп қалған болсаңыз, артынша неге бұлай еткеніңізді түсіндіріп, бұған мәжбүр
    болғаныңызға
    өкінетініңізді білдіріңіз.




  1. Баланы жазалай отырып, дер кезінде кешіре де біліңіз, шын көңілден кешірім сұрауға дайын болатындай жағдай да жасаңыз.

  2. Баланы жазалай отырып, сол жаза арқылы өзге балалардың қуанышын ынталандырмаңыз.

  3. Балалардың бір-бірін жамандап әңгіме айтуына жол бермеңіз, шағым айтқыштарды сөзі шын болса да ынталандырмаңыз. Кінәлі балаға өз қателігін мойындатуға тырысыңыз. Бірақ ол өзін «жаман», «тәрбиесіз» немесе бәрін «әдейі» істейтін бала секілді сезінбейтін болсын.

  4. Баланың отбасы мен ата-анасы туралы оның көзінше ешқашан жағымсыз сөз айтпаңыз және өзгенің де олай етуіне жол бермеңіз.

  5. Егер сіз ойынды немесе сабақ тақырыбын өзіңіз жақсы білмейтін болсаңыз немесе әзірлігіңіз нашар болса, оларды өткізбеңіз.

  6. Баланың бастамасын «Өзіңнен сұраған кезде ғана айт» немесе «Өзіңе рұқсат берген «кез­де ғана жаса» деп үзіп тастамаңыз, әйтпесе олар сіздің басшылығыңызсыз бірдеме істеуден мүлдем қалады.

9. Ашуланбаңыз және ез ашуыңызды керсетпеңіз. Егер солай бола қалған жағдайда, бұл жәйттің сізді қатты қынжылтқанын білдіруге тырысыңыз.

10. Сәтсіздік кезіндегі өз көңіл-күйіңізді, реніштеріңізді балалардан жасырмаңыз, олардың бірге қынжылып, сіздің қиналысыңызды өз сезімдері арқылы бірге белісуге жол беріңіз, бірақ шамадан асырмай, бұл үшін оларға ризалығыңызды білдіріңіз.

Жас мамандарға



  1. Жас баланы ересек адамша құрметтей де, жақсы көре де біліңіз.

  2. Балалармен жұмыс жүргізуден туындайтын сүйсіну сезімдерін бойға сіңіруге тырысыңыз, өйткені ол бірден емес, біртіндеп қана қалыптасатын сезім.

  3. Өзіңіздің білім «багажыңызды» қызықты тарихи оқиғалармен, ертегілермен, жануарлар әлемінен, табиғаттан және т.б. алынған қызықты фактілермен толықтырыңыз.

  4. Жұмысты әрқашан жақсы көңіл-күймен атқарыңыз. Бұл мұғалім ешқашан қабақ шытпасын деген сез емес. Бұл жерде әңгіме адамның жұмысқа өзін өзі даярлауы туралы болып отыр.

  5. Әрқашан «запас» сабағыңыз, артық ойын түрі болсын. Олар бастаған сабақтың барысын өзгертуге немесе оны жоспардан тыс өткізуге тура келген жағдайда қолдану үшін қажет. Сабаққа «запасымен» әзірленіңіз. Материалдың жетпей қалғанынан гөрі, артық болып пайда- ланылмай қалғаны жақсы.

  6. Адал көңілмен қарым-қатынас жасаңыз, балалар оны сезеді және бағалайды.

  7. Әділеттілік «кодексін» сақтауға тырысыңыз. Жасөспірімдер әділетсіздік көріністеріне тым шамшыл келеді.


Ата-аналар жиналысына әзірлік және оны өткізу жөніндегі жаднама

  1. Жиналыс басталар алдында нашар көңіл-күйдің «есік сыртында» қалғаны жөн.

  2. Жиналысқа бөлінетін уақыт 1, 5 сағаттан артық болмасын.

  3. Адамға ең жағымды дыбыс - оның өз аты. Алдыңызда ата-аналардың аты-жөндері жазылған тізім болсын.

  4. Ата-аналар жиналысын бастар алдында талқыланатын мәселелерді жариялаңыз.

  5. Педагогикалық талдаудың «алтын ережесін» ұмытпаңыз: сөзді оңды нәтижелерден бастап, негативті жәйттерге сонан кейін көшу керек, сөйтіп әңгімені алдағы болашаққа жасалатын ұсыныстармен аяқтау қажет.

  6. Ата-аналарды ақпараттардың бәрі бірдей балалар игілігі үшін қызмет өте бермейтіндігі туралы ескертіңіз.

  7. Жиналысқа қатысқандардың барлығына уақыт тауып келгендері үшін ризашылығыңызды білдіріңіз (әсіресе әкелерге).

  8. Ата-ана баласының оқу үлгірімі үшін мұғалімі де өздерімен бірдей күйзелетінін түсінетін болсын.

  9. Жеке әңгімелесу кезінде бала үлгірімі туралы оның әлеуеттік мүмкіндіктеріне сәйкес баға беріңіз.

  10. Ата-аналарға «нашар оқушы» «нашар адам» деген сөз емес екенін ұқтырыңыз. Жиналыста мына нәрселердің орын алуы дұрыс болмайды:

  • жиналысқа қатысып отырған ата-аналарды өткен жиналыстарға келмегені үшін жазғыру;

  • жекелеген оқушылар мен әр түрлі сыныптардың жетістіктерін өзара салыстыру;

  • күллі сыныпқа негативті баға беру;

  • жекелеген пәндердің мәнін артықша бағалау;

  • қарым-қатынас жасау кезінде бұйрықты тонмен сөйлеу;

  • әрқашан мейлінше сыпайы, әдепті болыңыз.

2-қосымша

Жас мамандарға арналған үлгі жаднама


Қарым-қатынаста қыңырлық, ақаулықтары бар балаларға одан арылу үшін қалай көмектесуге болады?
Агрессивті бала. Агрессивті мінез-құлықтың ар жағында не тұрғанын білуге тырысыңыз. Агрессивтілік пен өзін - өзі танытудың арасында айырмашылық көп. Осыны балаларға жеткізе білудің маңызы зор. Балаларды қажетті нәрсесін сыпайы түрде сұрай білуге үйретіңіз, олардың пікіріне құлақ асыңыз. Көздеген нәрсені өзгелерді ренжітпей, қалай алуға болатынын көрсетіңіз. Оларды өз сезімдерін игеруге және өз күйініш-сүйініштерін баламалы түрде білдіруге үйретіңіз.

Өтірікші бала. Kөп балалар пікір талқысынан және сыннан қашып өтірік айтады. Балаларға артын бағып қорғалақтамай, шындықты айта білуге үйретіңіз. Олар ата-аналарының өз қателіктерін, түсінбестіктерін кешіріп, оның бәрін ретке келтіруге көмек беретініне сенімді болуы керек.

Баланың қиқар мінезі. Апдымен өз мінез-құлқыңызға қараңыз. Оған айтқан әңгімелеріңіздің ішінде тікелей іске қатыстысы бар ма? Бәлкім, сіз ашумен босқа сөйлеп, қазымырланып, әмір бере айқайлап жатқан шығарсыз. Балаңызға өздігінше әрекет етуге ерік беріңіз. Балалар адам бір-біріне құрметпен қарап, ынтымақтастықта болса, ол бір-біріне қарсы тұрғаннан әлдеқайда жақсы екенін үғуы тиіс.

Сотқар бала. Балаларға проблемаларды шешудің әр түрлі жолдары болатынын түсіндіріңіз. Қайшылықтарды шешудің бейбіт тәсілдерін көрсетіңіз.

Ұялшақ балалар. Балаларыңызбен сөйлесіңіз, олардың ішкі әлеміне еніп, ұялшақтықтың проблемаға айналып кетпеуін қадағалаңыз. Өзге адамдар ортасында өзін неғұрлым қолайлы сезіну үшін ұялшақтықты жеңудің алғашқы қадамдарын жасауына көмектесіңіз. Баланың ұялып қажетті істен бас тартуына жол бермеңіз.

Ашулану көріністері. Кенеттен бой көтерген ашу көріністеріне қарсы еңжақсы реакция тәсілі - оған тіпті мән бермей қою, назар да аудармау. Сабырлы қалпыңызда ашу қашан басылғанша күтіп тұрыңыз. Баланы өз сезімдерін игерудің өзгеше бір жолы - бәрін сөзбен жеткізе білуге үйретіңіз. Олар бұрқылдаған ашумен ештеңе де жасау мүмкін еместігін түсінуі, көздеген нәрсеге қол жеткізудің оған қарағанда әлдеқайда оңтайлы, әлдеқайда тиімді жолдары бар екенін ұғынуы тиіс.

Беймаза балалар. Өзіне үнемі көңіл аударып отыруды қалайтын бала көбіне өз-өзіне сенімсіз келеді. Сіз оны жақсы көретіндігіңізді және жұмысты өздігінен, өзгенің көмегінсіз-ақ атқара алатынына сенетініңізді айтыңыз. Уақытыңызды онан басқа да нәрселерге бөлу қажет екенін түсіндіріңіз. Баланы өзгенің сезімдері мен талап-тілегін құрметтеуге баулыңыз.

Тілазар балалар. Баланы өзін өзі тәртіпке келтіре білуге, жауапкершілікке, ынтымақтастыққа, проблемаларды шеше білуге, өзін де, өзгені де құрметтей білуге үйретіңіз.

Үлгірмеушіліктің психотерапиясы



Бірінші ереже: жатқанды ұрма. «Екілік» - жеткілікті жаза. Бір қателік үшін екі рет жазалауға болмайды. Бала өз білімі үшін алар бағасын алды, ал үйде оны өз ата-аналары тағы да жазамен қарсы алмай, сабарлылықпен көмектесуі қажет.

Екінші ереже: минутына бір ескертпеден артығы - артық. Баланы кемшіліктерінен арылту үшін минутына бір ескертпеден артық ескертпе жасамаңыз. Әр нәрсенің мөлшерін біліңіз. Әйтпесе, балаңыз бәрін «бітті» деп есептейді де, сіздің сөзіңізге де, берген бағаңызға да мән беруден қалады. Әрине, бұл өте ауыр нәрсе, бірақ мүмкіндігінше оның көптеген кемшіліктері арасынан әсіресе қайсысын алдымен түзету керек болса, соны ғана назарға алып, басқасын әзірге қоя тұрыңыз. Қалғандары кейінірек түзеледі немесе ұсақ-түйек нәрсеге айналып, кезге көрінбейтіндей болып кетеді.

Үшінші ереже: екінің бірін ғана таңдаңыз... Баламен ақылдасып, оқудағы қиындықтардың алдымен қайсысын игерген езіне маңызды екенін анықтап алыңыз. Мұнда өзара түсіністікке ие боларыңыз анық. Егер екеуіңізді де мәтін оқудағы жылдамдық мәселесі мазалайтын болса, баладан сонымен қатар көркемдеп оқу мен қайталап айтып беруді де талап етпеңіз. Әзірге олардың біреуімен ғана шектеле тұрыңыз.

Төртінші ереже: орындаушыны мақтап, орындалған нәрсені ғана сынау керек. Бағаның нақты адресі болуы тиіс. Бала әдетте бағаны тұлға ретінде өзінің жеке басына берілді деп ойлайды. Оның тұлғаға берілетін баға мен орындалған жұмысқа берілетін бағаның екеуі екі түрлі нәрсе екенін ұғуына көмектесу шарт. Тұлға ретінде мақтау айтылуы керек. Бұрынғысынан сәл де болса ілгерілегендік белгісі болса бала оң баға алуға лайық деген сөз. Егер ол осындай мақтаудың арқасында өзін өзі құрметтей бастаса, сіз оған аса маңызды бір негіздеме сыйлайсыз. Ол - оқуға деген ынта-ықылас. Дербес мақтау айта тұрып, оған адрессіз сын-ескертпелер де жасауға болады. Мәселен, «Мұндай есептер бір амалмен емес, екі амалмен шығарылуы керек». Нашар бағалаудың мұндай формасы баланы өз қатесін түзетуге ынталандырады. Бірақ оның білімге, жақсы оқуға деген ықыласына ақау түсірмейді.

Бесінші ереже: баға баланың бүгінгі жетістіктерін оның кешегі сәтсіздіктерімен салыстыра отырып қойылуы керек. Кішкентай оқушының бұл жетістігін бағалаудағы мемлекеттік нормалармен немесе оның парталас көршісі жеткен табыстармен салыстыруға болмайды. Баланың құйттай жетістігі болса да - әйтеуір жетістік қой, қиындықты игерудегі кішкентай ғана жеңіс қой, ол ескерілуі тиіс және лайықты бағалануы қажет.

Балаларды қалай сөйлетуге болады?



(сынып жетекшілеріне арналған)

Мұғалімдерді көбінесе балалардың үнсіз қалатындығы қынжылтады. Бұл әсіресе жасеспірімдерге тән нәрсе. Кейде тіпті оларға не болғанын түсінудің өзі қиын. Бірақ әйтеуір бала бір нәрседен қатты ренжулі екені білініп тұрады.

Балалардың сөйлеп, ашылуына қалай көмектесуге болады?



  1. Қалай дегенде де оларды күшпен сөйлетіп, күштеп ішіндегі сырын біле алмайсыз. Сіз неғұрлым мәжбүрлеген сайын, ол солғұрлым тұйықтала түседі. Сіз сабырға келіп, оларды өз еркіне қойсаңыз, қауіпсіздікті сезініп, өздері-ақ сөйпей бастайды.

  2. Тым асығыстамаңыз! Бір нәрседен құр қалатындай жағдайда жүрген адамға жақындаудың өзі де қиын ғой. Бәлкім, балалар сіздің осындай шұғыл сәттеріңізді көріп, артық-ауыс мазалағысы да келмейтін болар.

  3. Балаларды мүмкіндігінше азырақ сынауға тырысыңыз. Бәлкім, олардың тым-тырыс, үнсіздіктен қорған жасап алып отыруы да сіздің кезекті сыни ескертпе-жазаларыңыздан қорқатындықтан болар. Олар айтқан сөздердің бәріне де қуаныңыз, таңданыңыз.

  4. Сұрақ қоя біліңіз. Егер сіз әңгімені «солай ма» дегеннен бастайтын болсаңыз, ол ұзаққа баруы және қызықты болуы екіталай. Мұғалімдер көбінесе оқушыларға «ия» немесе «жоқ» деген сөзден басқа жауабы жоқ сұрақтар қояды да, оларды сөйлемейді деп жазғырады.

  5. Тек сынып жетекшісі ғана емес, сонымен бірге сынып досы да бола біліңіз. Бәлкім дос маңыздырақ, қажеттірек болар!

3-қосымша

Өзін өзі ашу тренингі



(жас мамандарға арналған)

Тренинг мақсаты:



  • тренингтік топтың жұмыс жүргізуіне қолайлы жағдай жасау;

  • тілектестік атмосферасын қалыптастыру;

  • тренингке қатысушыларды жас мамандармен таныстыру;

  • қарым-қатынас дағдысын қалыптастыру, өзара тиімді әрекеттестікке кедергі келтіретін ішкі барьерлерді, ширығуларды жою;

  • жас мамандардың ашылуына, өз әріптестеріне өздерін көрсете білуіне көмектесу;

  • жас мамандар өздерін педагогикалық ұжымның бір бөлшегі ретінде сезінуіне, бейімделуіне ықпал жасау;

  • қатысушыларды тренингтік топтардың негізгі жұмыс принциптерімен таныстыру.

Тренинг бағдарламасы

  1. Жүргізушінің тренингке қатысушылар мен топтарды бір-бірімен таныстыруы.

2. Сабақ бағдарламасы тақыланады, іс-әрекет ережелері белгіленеді.

  1. Іс-әрекет ережелерін қатысушылар өздері белгілеуіне немесе жүргізуші ұсынған нұсқаны пайдалануына болады.

  2. Практикалық бөлім.

  3. Соңғы бөлім, Тренингтің қорытындысын шығару.

Тренинг барысы

  • Саламатсыздар ма, құрметті тренингке қатысушылар! Бұл біздің осы тоқсанда өтіп отырған өзін өзі ашу жөніндегі бірінші тренингіміз. Біздің кездесулеріміз ендігі жерде тұрақты болады деп сенемін! Біздің топ мектептегі жас мамандарды лицей әкімшілігімен, өздерінің баулушы тәлімгерлерімен, алдағы кезде бірге қызмет ететін мұғалімдермен таныстыру мақсатында құрылып отыр. Бүгін біз бір-бірімізбен жақынырақ танысатын боламыз. Ішкі барьерлерді алып тастауға, толқуларды сабырға түсіруге, оң зарядтар алуға тырысамыз.

Біздің сіздерге ұсынатын бірінші жаттығуымыз - бой сергіту. Ол бізге аздап денені ширатып, күш қосып алуға, сөйтіп жұмысқа жаңа жігермен кірісуге көмектеседі. Бір-бірімізді жақсырақ білу үшін оған жағдай жасау керек.

Бой сергіту: «Орын алмасамыз»

Қатысушылар шеңбер жасай орындықта отырады. Жүргізуші ортаға шығып былай дейді: «Кәнеки, кімде-кімнің... (шашы ұзын болса, көзілдірігі болса) немесе кім... (ұнамағандарды қуып шыға алатын болса, тігін тіге алатын болса деген секілді жұрттың сыртқы белгілері немесе қабілеттері аталады) бір-біріңмен орын ауыстырыңдар». Мақсат аталған белгілері немесе қабілеттері бірдей кісілердің орындарын ауыстыру. Жүргізушінің мақсаты - кез келген босаған орынға жылдам отыра қою. Кім отырып үлгіре алмаса, енді сол жүргізуші болады.

  • Бәріңізге де үлкен рахмет! Бәріңіз де бой сергіту жаттығуын ойдағыдай орындадыңыздар! Енді түгел орындарыңызға қайта отырыңыздар. Сабақты одан ары жалғастыру үшін топта жұмыс жүргізу ережесін келісіп алуымыз керек (ережені алдынала тақтаға жазып қоюға немесе оны топпен ақылдаса отырып жасап, ватман қағазға түсіргеннен кейін, көрнекті орынга іліп қоюға болады).

Ереженің үлгі тізімі (жүргізуші ереже тармақтарының әрқайсысын жеке-жеке түсіндіреді).

  1. Қарым-қатынастағы бір-біріне деген сенім (қарым-қатынас жасау стилінің бірыңғай формасы, бұл орайда дүрысы «сен» деп сөйлесу.)

  2. «Осы жердегі» және «қазіргі» принципі бойынша қарым-қатынасжасау (қатысушыларды man қазір толғандырып отырғанжайлар туралы айтамыз, олардың топтағы іс-әрекеттерін талқылаймыз).

  3. Қарым-қатынастағы адалдық (не сезгенімізді және тек шындықты ғана айтамыз).

  4. Топтағы жәйттердің құпиялылығы (сабақ уақыты кезінде өткен жәйттердің бәрі топтың өз арасынан сыртқа шықпайды)

  5. Тұлғалардың күшті тұстарын, мықты қабілеттерін анықтау (жаттығулар мен тапсыр- маларды талқылау кезінде қатысушылар міндетті түрде сөйлеушінің оңды қасиеттеріне ерекше көңіл аударып отырулары тиіс).


6. Жаттығуларға өз еркіне қарай қатысу (ТОҚТА ережесі, осы сөзді айтып кез келген сәтте жаттығудан шығуға болады).

Барлық ереже келісілді, енді танысуға кезек келді!

Таныстық

Қатысушылар екі-екіден бөлінеді. Сонан соң бұл жұптар жан-жаққа тарасады. Оларға 3-5 минут уақыт беріледі. Осы уақыт ішінде жуптар бір-біріне өзі туралы, соның ішінде ең маңызды дегендерін айтады. Әркім өз тұлғалық қасиеттерін, соның ішінде оңды тұстарын алдыңғы орынға шығарғаны дұрыс. Жуптардың міндеті бір-бірін тыңцап, кейін әркім өз жубын топқа таныстыру. Қатысушылар оларға нақтылайтын сұрақтар беруі мүмкін.

Рахмет, (бір-бірін арқадан қағып қоюға болады), міне біз таныс болдық, бір-бірімізге қарай алғашқы қадамдарымызды жасадық.

«Кәсіптік герб» жаттығуы



  • Біз бәріміз де педагогтармыз. Мен сіздерге өз жеке кәсіби гербтеріңізді жасауды ұсынамын. Оның сипатын, формасын, қандай болуы керек екендігін әркім әр түрлі пайымдайды. Мен бәріңізге бір-бір ватман парағын, түрлі түсті қарындаштар үлестіремін. Сіздер соған кәсіптік герб контурын бейнелеп алып, сосын оның ішін мазмұнды бейнелермен толықтырасыздар. Бұл үшін кәсіби қызметтің бірқатар маңызды тұстарына көңіл аудару керек:

  • қатысушы өзінің кәсіби қызметінде неғұрлым маңызды деп есептейтін жетістік немесе оқиға;

  • сізді бақытты етуге оқушыларыңыз пайдалана аларлықтай нәрселер немесе білім аясы;

  • сіздің педагогикалық қызметте көмектесетін немесе көмектесе алатын жеке тұлғалық қасиеттеріңіз.

Бұл жаттығуды орындаудың басты шарты: қатысушылар сөзбен емес, сурет салу арқылы көрінеді. Гербтер салынып болғаннан кейін, олар тақтаға ілінеді. Нәтижесінде қатысушылардың өмірлік кәсіби позициялары туралы езіндік бір ерекше галерея пайда болады.

Талқылау

Қатысушылар барлық гербтерді қарай отырып, мынадай сұрақтарға жауап береді:

  • Гербтегі бейнелер оның иесі туралы не айта алады?

  • Суреттер неге осыншама әр келкі болып шыққан?

  • Қай гербтегі қандай бейнелерді өзгертіп, тузетер едіңіз, неге?

  • Ең жақсысы қайсысы және ол несімен жақсы?

Қорытынды жасау кезінде жаттығуды орындауға ненің қиындық тудырғанын және ненің көмектескенін бірлесіп айқындаган жөн.

  • Бәріңізге де атқарылған жұмыстар үшін алғыс айтамын!

  • Сіздер, шамасы, ептеп шаршаған шығарсыздар. Олай болса, бой сергіту жаттығуын жасайық.

Бой сергіту: «Молекулалар»

Топ бөлме ішінде бей-берекет хаосты түрде қозғалады. Жүргізуші «Қанеки, 3-5 адамнан бірнеше топқа бөлінейік» деп хабарлайды. Жұрт тез арада айтылған мөлшермен жинақталып, бірнеше топ құрайды.

  • Сонымен, одан әрі жалғастырамыз ба?

«Бәрібір де сен жақсысың, өйткені...» жаттығуы

  • Енді жұп-жұпқа бөлініңіздер. Алғашқы жұптың біреуі «Мені жақсы көрмейді, себебі...» деп әңгіме бастайды. Екіншісі тыңдап болып: «Бәрібір де сен жақсысың, өйткені...» деп жалғастырады. Сонан соң бір-бірімен рөл алмасады.

Қатысушылар әрекетке орай жауап әрекет етудің қандай жағдайда да серіктес беделін түсірмейтіндей тәсілін қолдануға мүмкіндік жасау керек.

Талқылау



  • Сіз серіктесіңіздің әңгімесіне түгелдей лайықты жауап әрекет жасай алдыңыз ба?

  • Жауап әрекет жасау қиын болған жоқ па, болса не нәрсеге байланысты еді?

  • Қолдау тапқан кезіңізде қандай сезімде болдыңыз?

Жаттығу «Аталған мөлшерде кісі қатарының алға шығуы»

  • Мұғалімдер ұжымы - үлкен бір команда. Бәрінің қызметі бір-біріне тәуелді. Сондықтан ұжымның бірін-бірі сезіне қимылдауы маңызды нәрсе. Қазір біз өткізетін жаттығу командада бірлесіп әрекет ете білу қажеттігін көрсетеді. Бәріңіз сап түзеп тұрыңыздар. Мен жүргізуші ретінде командадағы адам санынан аспайтын мөлшерде бір санды айтамын. Сонда саптан бірден сонша адам ырғып шығуы керек. Кеңесуге тыйым салынады! Жаттығу нәтижеге қол жеткізгенше қайталана береді. Әр ретте әрқандай сан аталады (бір-бірін тіл қатпай-ақ түсіну сезімі пайда болады).

Талқылау

  • Сізге қиын болған жоқ па?

  • Бұл жаттығудан қандай әсер алдыңыз, қандай сезімдер пайда болды?

  • Қанеки,бір-бірімізді арқадан қағып қояйық! Жарайсыңдар!

  • Біздің тренингіміз аяқталуға жақындап келеді. Енді сіздерге қорытынды жаттығу - психодраманы ұсынамыз! Бұл жаттығу творчестволық қабілетіміз қаншалықты деңгейде дамығандығын керсететін болады. Мен мәтінді (кез келген мәтін болуы мүмкін, мәселен, мысал, өлең, қандай да бір шығармадан үзінді) оқимын, ал сіздер жай ғана сол оқыған нәрсені ойнап көрсетесіздер. Қазіргі оқылатын шығарманың аты «Айна мен Маймыл». Крыловтың мысалынан алынған. Ахмет Байтұрсынов аудармасы. Үзінді. Алдымен басты кейіпкерлерді белгілеп алу керек. Бұлар: Мәтін оқушы, Маймыл, Маймылдың айнадағы бейнесі және т. б.

Тілек білдірушілер аудитория ортасына шығып, белгіленген рөлдерге сәйкес өз образдарын жасасын (кейілкерлердің мәтінге сәйкес әрекеттеріне байланысты костюм элементтерін алдынала даярлап қою қажет; олар әр түрлі орамалдар, гүлдер және т. б. болуы мүмкін). Сонымен, рөлдер бөлініп берілді, актерлер ойынға әзір, ал онда бастаймыз!

Айнаның қарсы алдына Маймыл барып

Айнада өз суретін көре салып,

Аюға жанындағы күліл айтты,

Ақырын аяғымен түртіп қалып:

«Бері қара!

Бұ кім өзі мынау перің?

Білмеймін қайдан шыққан мұндай көрім?

Он екі мүшесінің бірі оңды емес,

Көз салып қарап тұрсам әрбір жерін.

Мен бұған титтей ғана ұқсас болсам,

Ішіме пышақ салып өлер едім.

Ол рас бесеу-алтау бар екені

Кейіпсіз нақ осындай бөлелерім».

«Маймылжан, біраз гана етсең төзім,

Менің бар жалғыз ауыз айтар сөзім:

Әуре бол бөлелерің санағанша,

Абайлап қарашы әуел өзіңе өзің!»

Аюдың бір ақылы айтқан досқа,

Бір журіп, бірге түрған көңіл қосқа,

«Алды жөн адасқанның» деген сөз ғой,

Тыңдаусыз, құр дал ада қалды босқа.

Талқылау

  • Өздеріңізді қалай сезіндіңіздер?

  • Не нәрсені ойнау жеңіл, не нәрсе ауыр болды?

  • Біздің актерлеріміз тапсырманы орындап шыға алды ма?

(Қажет болған жағдайда жаттығуды қайталауға болады, бірақ мүмкін болса, өзге мәтінмен өзге қатысушылар ойнағаны дұрыс).

Қанеки, актерлерімізге қол соғып қояйық! Рахмет!

Қорытынды.

Жаттығу «Кездескенше» (Барлық қатысушылар шеңбер жасап түрегеп тұрады).

  • Менің қолымда кішкентай ғана сиқырлы күн бар. Ол сіздерге жылу, қуаныш, табыс, бақыт, сүйіспеншілік сыйлайды. Сіздер оны бір-біріңізге бере отырып, тренинг туралы өз әсерлеріңізді, қалай болғандығы жайлы айтып, пікірлеріңізді білдіресіздер, әрине, осымен бірге әріптестеріңіздің атына өз тілектеріңізді жолдайсыздар.

  • Тренинг аяқталды. Бәріңізге көп-көп рахмет айтамыз. Өздеріңізбен бірге жұмыс жүргізу үлкен ғанибет. Біз бүгінгі сабақта алға қойған міндеттерімізді орындадық деп ойлаймын. Сіздерге кәсіби қызметтеріңізде табыс тілеймін! Кездескенше!




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет