Нан
Мынау – Дана. Мынау – Арман. Дана мен Арман - дос. Олар тату.
Мынау – Алмас. Алмас нан алды. Ол нанды анасына алды. Арман,
Дана, Алмас - дос. Ас атасы - нан.
Орманшы
Таңат – Рауанның атасы. Таңат ата – орманшы. Орманда аңдар мол.
Олар орманды аралады. Дулаттың атасы – аңшы. Ол аң аулады.
Жарас
Ол – Жарас.Оның атасы - Жомарт. Жомарт ата Жамалға жаңа
орамал алды. Жарас Жанарға жалау алды.
Орманда
Орманда ағаш мол. Ғалымжан, Жарас аға ағаш аралады. Оны
шанаға салды. Олар отынды ауылға тасыды. Атам ағашты жарды.
Қыс
Дініш – Асылдың інісі. Жандос, Дініш ағасының тілін алды.
Олар шананы алды. Оны жотаға шығарды. Жота орманның жанында.
Олар жотадан сырғанады.
Әнші
Әлім, Әмір – әнші. Әлім, Әмір ән салды. Олардың әні тамаша.
Сәлім, Сәруәр әнін тыңдады. Достар да ән салды. Олардың
даусы да тамаша.
Малшы
Атам – ауылда малшы. Атамның аты – Әлімжан. Ағамның
аты – Әділ. Әжемнің аты – Сәруар. Олар атама көмектеседі.
Шырын
Әлімнің інісі – Өміржан. Ол төрт жаста. Әлім алма алды.
Ол алманың шырынын шығарды. Әлім, Өміржан шырын ішті. Шырын дәмді.
Астана
Отанымның жас қаласы – Астана. Ол – елімнің жас қаласы.
Қанаттың атасы Астанада. Ол Астананы тамашалады. Астана – жас,
әдемі, көрікті қала.
Көл жағасында
Кәрім, Кәкімжан - жолдас. Олар көл жағасында отыр. Көлдің
суы көкшіл әрі салқын. Көл маңы қалың ағаш. Олар көл жағасын аралады.
Көрші
Кәрім далаға шықты. Оны Қадіржан көрді. Ол да далаға шықты.
Қадіржан, мына шанаға отыр. Таудан сырғана.
Ол таудан сырғанады. Қадіржан, Кәрім – тату жолдас әрі көрші.
Лақ
Ерланның атасы мен әжесі ауылда. Атасы Ерланды демалыста
ауылға шақырды. Олардың ешкісі лақтады. Ерлан лақты далаға шығарды. Лақ секіруді жақсы көреді. Ерлан қашса, лақ қуа жөнеледі.
Асқар
Асқар – Саматтың інісі. Ол әжесін жақсы көреді.
Әжесі:
Асқар, неше жастасың ? – деді. Ол төрт саусағын көрсетті. Самат інісін жақсы көреді. Олар тату.
Достарыңызбен бөлісу: |