«18 жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақы тағайындау» мемлекеттік қызметі Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 28 маусымдағы №63 «Балалары бар отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы»



Дата30.06.2016
өлшемі43 Kb.
#167995
«18 жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақы тағайындау» мемлекеттік қызметі
Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 28 маусымдағы № 63 «Балалары бар отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» Заңына сәйкес ба-лаларға арналған жәрдемақы Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын Қазақс-тан Республикасының азаматтарына тағайындалады.

Облыстарда, Астана және Алматы қалаларында белгіленген отбасының орта есеппен жан басына шаққандағы табысы азық-түлік себетінің құнынан төмен бол-ған жағдайда отбасының асырауындағы 18 жасқа дейінгі әр баласына балаларға ар-налған жәрдемақы тағайындалады.

Отбасының жиынтық табысы өтініш жасаған тоқсан алдындағы тоқсан үшін есептеледі.

Отбасы құрамында туған, асырап алған, сондай-ақ қамқорлыққа (қорғаншы-лыққа) алынған балалар ескеріледі, ата-анасы ата-ана құқығынан айырылған неме-се ата-ана құқығы шектелген балаларды қоспағанда, сондай-ақ отбасы құрамында егер басқа ата-ананың отбасында ескерілмесе, өгей балалар да ескеріледі.

Балаларға арналған жәрдемақы өтiнiш берiлген айдан бастап жәрдемақы алу құқығы туындағаннан кейiн ағымдағы тоқсанға тағайындалады. Өтiнiш берген ай өтiнiш жасалған ай деп есептеледi.

Отбасында баланың жұмысқа жарамды ата-анасы (асырап алушысы) жұмыс істемесе, күндізгі бөлімінде оқымаса, әскер қатарында болмаса және жұмыспен қамту органдарында жұмыссыз ретінде тіркелмесе, әкесі немесе анасы (асырап алушысы) бірінші, екінші топтағы мүгедекті, мүгедек баланы, сексен жастан асқан азаматты, үш жасқа дейінгі баланы күтумен шұғылданған жағдайдан басқа жағдай-ларда балаларға жәрдемақы тағайындалмайды. Жәрдемақы толық мемлекеттік қамсыздандырудағы балаларға тағайындалмайды.

Балаларға арналған жәрдемақы әр балаға 1 айлық есептік көрсеткіш мөлше-рінде төленеді.

Балаларға арналған жәрдемақы тағайындау үшін өтініш беруші «Шығыс Қазақстан облысының № 1 халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнына және «Өскемен қаласының жұмыспен қамту және әлеу-меттік бағдарламалар бөлімі» ММ-не өтінішпен бірге өзінің және отбасы мүшеле-рінің ЖСН болған жағдайда және келесі құжаттармен:



- өтiнiш берушінің жеке басын куәландыратын құжат (Қазақстан Республи-касы азаматының жеке куәлігі, шетелдiктiң Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхат, оралман куәлігі); 

- баланың (балалардың) тууы туралы куәлiгi (куәлiктерi) не туу туралы акті жазбасынан үзінді;

- өтініш беруші ұсынған мәліметтер баланың туу туралы куәлігіндегі мәлі-меттерге сәйкес келмеген жағдайда неке қию (бұзу) туралы куәлік;

- құжаттардың түпнұсқаларының негізінде толтырылған отбасының құрамы туралы мәліметтер;

- отбасы мүшелерінің табысы туралы мәліметтер;

- тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат;

- балаға қорғаншылық (қамқоршылық) белгілеуді немесе бала асырап алуды растайтын құжат;

- жәрдемақылар беру жөніндегі уәкілетті ұйымның банктік шот нөмірі тура-лы мәліметтерді растайтын құжат.

- балаларға арналған жәрдемақы алу құқығы отбасы мүшелерінің табысы туралы мәліметтер ұсыныла отырып тоқсан сайын расталады.

Үшінші тұлғалар жәрдемақы тағайындау үшін өтінішті және қажетті құжат-тарды беруді жәрдемақы алуға құқығы бар адамның нотариат куәландырған сенім-хаты бойынша жүзеге асырады. 

Балаларға арналған жәрдемақыны алушылар балаларға арналған жәрдемақы мөлшерiнiң өзгеруi үшiн негiз болатын немесе оны алу құқығына әсер ететiн мән-жайлар туралы он жұмыс күні iшiнде балаларға арналған жәрдемақыны таға-йындау және төлеу жөнiндегi уәкiлеттi органды хабардар етуге мiндеттi.

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі – 7 жұмыс күн.

Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

Толық ақпарат алу үшін тел. 55-16-43, Тургенев к., 30 мекенжайы бойынша «Өскемен қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-не өтініш жасау қажет.




Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет