«Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындау» мемлекеттік қызметі



Дата04.07.2016
өлшемі26.78 Kb.
#178598
«Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындау»
мемлекеттік қызметі

     


Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындау мемлекеттік қызметі бойынша өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру
      1) «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі – ЗТМО);

      2) мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындауға алғаш рет жүгінген жағдайда – Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – ХҚКО);


      3) мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындау туралы ақпарат алу бөлігінде www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.              

Мемлекеттік қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) жүгінген кезде қажетті құжаттардың тізбесі:

      ЗТМО-ға не ХҚКО-ға: 

1)өтініш; 

      2) көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат (жеке куәлік, азаматтығы жоқ адамның куәлігі, шетелдіктің тұруға ықтиярхаты), сондай-ақ оралмандар үшін – оралман куәлігі;

     3) көрсетілетін қызметті алушының тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат (мекенжай анықтамасы не ауыл әкімдерінің анықтамасы, Байқоңыр қаласының тұрғындары үшін Ресей Федерациясы Байқоңыр қаласының тұрғын үй шаруашылығының азаматтарды есепке алу және тіркеу бөлімінің анықтамасы);
      4) зейнетақылар және жәрдемақылар беру жөніндегі уәкілетті ұйымның банк шотының не түзеу мекемесінің қолма-қол ақшаны бақылау шотының нөмірі туралы мәліметтер;
      5) қорғаншылық (қамқоршылық) белгіленген жағдайда қорғаншылық (қамқоршылық) белгіленгенін растайтын құжат

      6) өтінішті және қажетті құжаттарды үшінші адамдар берген жағдайда – сенімхат.

     порталда: көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу.

      Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

      1) көрсетілетін қызметті алушы ЗТМО-ға не ХҚКО-ға құжаттардың топтамасын тапсырған сәттен бастап – 10 (он) жұмыс күні;

      порталда – ЗТМО-ның ақпараттық жүйесіне электрондық сұрау салу келіп түскен сәттен бастап 30 минуттан аспайды;

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі іс материалдарын жете ресімдеу қажет болған жағдайларда: 

ұсынылған құжаттың (құжаттардың) дәйектілігіне күмән туындаған не қосымша құжат (құжаттар) сұратылған кезде – 30 (отыз) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады, бұл ретте, егер құжаттар жете ресімделсе, мемлекеттік қызмет қосымша құжатты (құжаттарды) ЗТМО-ға немесе ХҚО-ға ұсынған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде көрсетіледі. ЗТМО өтініш берушіні 5 (бес) жұмыс күні ішінде қосымша құжаттарды ұсыну қажеттігі туралы хабардар етеді;

ЗТМО немесе ХҚКО жіберген қателер анықталған кезде – бес жұмыс күніне ұзартылады, бұл ретте, егер құжаттар жете ресімделсе, мемлекеттік қызмет оларды жойған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде көрсетіледі;

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі:



ЗТМО-да не ХҚКО-да – мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындау туралы хабарлама, порталда – мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындау не тағайындаудан бас тарту туралы ақпарат көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» жіберіледі.
      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру нысаны: электрондық және (немесе) қағаз түрінде. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.


ХҚКО Жаңақорған ауда

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет