«18 жасқа дейiнгi балалары бар отбасыларға мемлекеттiк жәрдемақылар тағайындау»



бет1/4
Дата12.07.2016
өлшемі497.92 Kb.
#194729
  1   2   3   4



2013 жылғы « 6 »маусым №105

Батыс Қазақстан облысы

әкімдігінің қаулысымен бекітілген


«18 жасқа дейiнгi балалары бар отбасыларға мемлекеттiк жәрдемақылар тағайындау»

мемлекеттік қызмет регламенті
1.Жалпы ережелер
1. Осы «18 жасқа дейiнгi балалары бар отбасыларға мемлекеттiк жәрдемақылар тағайындау» мемлекеттік қызмет регламенті (бұдан әрі - Регламент) Қазақстан Республикасының  2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңына сәйкес жасалған.

2. «18 жасқа дейiнгi балалары бар отбасыларға мемлекеттiк жәрдемақылар тағайындау» мемлекеттік қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) мекенжайлар тізбесі осы Регламентке 1-қосымшада көрсетілген аудандардың, облыстық маңызы бар қаланың жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерімен (бұдан әрі – уәкілетті орган) көрсетіледі. Тұрғылықты жері бойынша уәкілетті орган болмаған жағдайда тұтынушы мемлекеттік қызмет алу үшін ауылдық (селолық) округтің әкіміне (бұдан әрі – селолық округтің әкімі) жүгінеді, мекенжайлар тізбесі осы Регламентке 2-қосымшада көрсетілген.

Сондай-ақ мемлекеттік қызмет баламалы негізде халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі – орталық) арқылы көрсетіледі. Орталықтардың мекенжайлары осы регламентке 3-қосымшада көрсетілген.

3. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.

4. Мемлекеттік қызмет «Балалы отбасыларға берiлетiн мемлекеттiк жәрдемақылар туралы» 2005 жылғы 28 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 394 «Жергiлiктi атқарушы органдар көрсететiн әлеуметтiк қорғау саласындағы мемлекеттiк қызметтердiң стандарттарын бекiту туралы» қаулысы негізінде ұсынылады (бұдан әрі - Стандарт).

5. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі және қажетті құжаттар туралы толық ақпарат Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында http://www.enbek.gov.kz, уәкілетті органның, селолық округ әкімінің, орталықтың стенділерінде, ресми ақпарат көздерінде орналастырылады.

6. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға: 18 жасқа дейінгі балалары бар, отбасының жан басына шаққандағы табысы азық-түлік себеті құнынан төмен Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарына және оралмандарға (бұдан әрі – тұтынушылар) көрсетіледі.

7. Тұтынушы алатын көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі 18 жасқа дейінгі балаларға жәрдемақы тағайындау (бұдан әрі – хабарлама) не себебін көрсете отырып, тағайындаудан бас тарту туралы қағаз жеткізгіштегі хабарлама болып табылады
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
8. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:

1) тұтынушының өтінішін және Стандарттың 11-тармағында айқындалған қажетті құжаттарды тіркеген күннен бастап:

уәкілетті органда – жеті жұмыс күні ішінде;

тұрғылықты жері бойынша селолық округ әкіміне – жиырма екі жұмыс күнінен асырмай;

орталықта – жеті жұмыс күні ішінде (құжатты (мемлекеттік қызметтің нәтижесін) қабылдау және беру күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді);

2) тұтынушы өтініш берген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алуға дейін күтудің жол берілетін ең көп уақыты бір тұтынушыға қызмет көрсетуге уәкілетті органда, селолық округтің әкімі 15 минуттан, орталықта 30 минуттан есептегенде кезектегі адамдардың санына байланысты болады;

3) тұтынушы өтініш берген күні сол жерде көрсетілетін тұтынушыға қызмет көрсетудің жол берілетін ең көп уақыты уәкілетті органда, селолық округтің әкімі 15 минуттан аспайды, орталықта – 30 минут.

9. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

10. Уәкілетті органның немесе селолық округ әкімінің жұмыс кестесі: демалыс (сенбі, жексенбі) және мереке күндерін қоспағанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен күн сайын 9.00-ден бастап 18.30-ға дейін.

Қабылдау алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз кезек тәртібінде жүзеге асырылады.

Орталықтың жұмыс кестесі: жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, күн сайын дүйсенбіден сенбіні қоса алғанда, сағат 9.00-ден 19.00-ге дейін, түскі үзіліссіз.

Қабылдау алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз «электронды» кезек тәртібінде жүзеге асырылады.

11. Мемлекеттік қызмет:

тұтынушының тұрғылықты жері бойынша орындықтар, үстелдер, толтырылған бланкілердің үлгілерімен ақпараттық стенділер бар, мүмкіндіктері шектеулі тұтынушыларға қызмет көрсету үшін жағдайлар көзделген уәкілетті органның немесе селолық округ әкімінің үй-жайында;

залда анықтама бюросы, кресло, толтырылған бланкілердің үлгілерімен ақпараттық стенділер орналастырылған, мүмкіндіктері шектеулі тұтынушыларға қызмет көрсету үшін жағдайлар көзделген орталықтың үй-жайында көрсетіледі.

Уәкілетті органның, селолық округ әкімінің және орталықтың үй-жайлары санитарлық-эпидемиологиялық нормаларға, ғимараттардың қауіпсіздік, оның ішінде өртке қарсы қауіпсіздік талаптарына сәйкес келеді, үй-жай режимі – еркін.

3. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде іс-қимылдар (өзара іс-қимыл) тәртібін сипаттау

12. Мемлекеттік қызметті алу үшін тұтынушы Стандарттың 11-тармағында айқындалған құжаттарды тапсырады.

13. Барлық қажетті құжаттар тапсырылғаннан кейін тұтынушыға:

1) уәкілетті органда немесе селолық округтің әкімінде – мемлекеттік қызметті тіркеу және алу күні, құжаттарды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні көрсетілген, құжаттардың тапсырылғанын растайтын талон беріледі;

2) орталықта:

өтініштің нөмірі және қабылданған күні;

сұралатын мемлекеттік қызметтің түрі;

қоса берілген құжаттардың саны мен атаулары;

құжаттарды беру күні, уақыты және орны;

құжаттарды ресімдеуге өтінішті қабылдаған орталық инспекторының тегі, аты, әкесінің аты көрсетілген тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхат беріледі.

14. Стандарттың 16-тармағында көзделген жағдайларда мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартылады.

15. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде келесі құрылымдық-функционалдық бірліктер (бұдан әрі - ҚФБ) қатысады:

1) селолық округ әкімі;

2) орталық инспекторы;

3) уәкілетті органның қызметкері;

4) уәкілетті органның басшысы.

16Әр әкімшілік әрекеттің (рәсімнің) орындау мерзімін көрсете отырып, әр ҚФБ әкімшілік әрекеттерінің (рәсімдерінің) өзара әрекеттестігі мен кезектілігін мәтіндік кестелік сипаттау осы регламентке 4-қосымшада келтірілген

17. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде әкімшілік әрекеттердің логикалық реттілігі мен ҚФБ арасындағы өзара байланысты көрсететін сызба осы регламентке 5-қосымшада келтірілген.


4. Мемлекеттік қызмет көрсететін лауазымды

тұлғалардың жауапкершілігі


18.Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін бұзғаны үшін лауазымды тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамаларында қарастырылған жауапкершілікке тартылады.     


«18 жасқа дейiнгi балалары бар отбасыларға

мемлекеттiк жәрдемақылар тағайындау»

мемлекеттiк қызмет Регламентiне



1-қосымша

Уәкілетті органдардың мекенжайлары




Р/с №

Атауы

Мекенжай

Телефон

1

«Ақжайық аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Ақжайық ауданы, Чапаев ауылы, Қонаев көшесi, 35

8 (71136) 91-2-06

2

«Бөкейордасы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Бөкей ордасы ауданы, Сайқын ауылы, Бөкейханов көшесi, 1

8 (71140) 21-2-61


3

«Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Бөрлi ауданы, Ақсай қаласы,

4 ықшам ауданы, 2

8 (71133) 31-0-13,


4

«Жаңақала аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Жаңақала ауданы, Жаңақала ауылы, Халықтар Достығы көшесi, 69


8 (71141) 21-9-30

5

«Батыс Қазақстан облысының Жәнібек аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Жәнiбек ауданы, Жәнiбек ауылы, Ғұмар Қараш көшесi, 8

8 (71135) 21-4-66


6

«Зеленов аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Зеленов ауданы, Переметный селосы, Гагарин көшесi, 82

8 (71130) 22-0-72

7

«Батыс Қазақстан облысы Казталов аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Казталов ауданы, Казталов ауылы, Ықсанов көшесi, 4

8 (71144) 3-16-64

8

«Қаратөбе аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Қаратөбе ауданы, Қаратөбе ауылы, Құрманғалиев көшесi, 18

8 (71145) 3-12-25

9

«Сырым аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Сырым ауданы, Жымпиты ауылы, Казахстан көшесi, 15

8 (71134) 31-347

10

Тасқала аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Тасқала ауданы, Тасқала селосы, Жақсығұлова көшесi, 5

8 (71139) 21-5-52

11

«Теректі ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Теректi ауданы, Федоровка ауылы, Юбилейная көшесі, 16


8 (71132) 23-2-56

12

«Шыңғырлау ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Шыңғырлау ауданы, Шыңғырлау ауылы, Клышев көшесi, 91

8 (71137) 33-1-19

13

«Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Орал қаласы, Привокзальная көшесi, 85

8 (7112) 54-64-57


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет