1953 жыл. Апрель Сынау орнына мадақтағандық бүгінгі күнге дейін зор маңызы бар», «Мұқанов өзінің творчествосымен қазақ оқушыларының рухани дүниесіне тереңнен енді»



Дата25.02.2016
өлшемі71.45 Kb.
#20819
1953 жыл. Апрель

Сынау орнына мадақтағандық
бүгінгі күнге дейін зор маңызы бар», «Мұқанов өзінің творчествосымен қазақ оқушыларының рухани дүниесіне тереңнен енді», «Қазақстандағы ең, көп жазатын жазушы, ол сонымен қатар, ең әйгілі, қазақ оқушыларының ең сүйікті авторы», «С. Мұқановтың ондаған жылдар бойы талдап шешкен программалық ой-пікірлері», – міне бүкіл кітап осындай шектен асқан мадақтауларға лық толған.

Жағымпаздық әуеніне түсіп алған сыншы С. Мұқановты қазақ әдебиетшілерінің патриархы, тіпті айта берсең бірден-бір тәрбиешісі деп көрсетумен ғана тынбайды, оның үстіне мүлде таңданарлық жағдайға дейін барады: С. Мұқановтың көрдіңіздер ме, «өзінің творчествосында баса көңіл бөлген мәселелері сондай, бүкіл Қазақстанның тағдыры (!) осы мәселелердің дұрыс шешілуіне байланысты болды». Кейде кітаптың авторы түкке тұрмайтын мүлде мағнасыз қайдағы бірдеңелерді айтуға дейін барады. Мысалы, ол мынадай жаңалық ашады: «қазақ совет әдебиеті советтік өмір шындығын көркемдік жағынан бейнелеу болып табылады деген қағиданы Мұқанов теория жүзінде дәлелдеп берді». Және, сонымен қатар, жазушы «отыра қалып еңбек жаза салады» деп мәз-мәйрам болады.

Т. Нұртазинның Мұқанов жайындағы пікірлері, әдетте, әлсіз, дәрменсіз және көп реттерде қате. Жазушының «Балуаншолақ» деген повестіне баға бере келіп, Т. Нұртазин бұл повестің елеулі идеялық қателіктері (повестің казақ тілінде «жарияланған вариантында қазақ халқын тұншықтырған Кенесары Қасымов дәріпталген болатын, сыншы бұл туралы жұмған аузын ашпайды) «жазушының социалистік реализм әдісінен шеттеуінің тікелей салдарынан болды» дейді. Әдіс туралы мәселе, сөз жоқ, маңызды мәселе, бірақ шығарманың мазмұнына айқын саяси баға бермей, тек осыны айтумен ғана тыну өрескел қате болған болар еді.
С. Мұқановтың Жұмалиевпен бірігіп жазған революция алдындағы қазақ әдебиетінің тарихы туралы орта мектепке арналған оқулығын Т. Нұртазин мақтайды. Бірақ ғылымға жат «бірыңғай тасқын» теориясын насихаттап, оқулықта нағыз реакцияшыл қараниеттілердің ұлтшылдық шығармаларын мадақтап келген ұлтшыл Жұмалиевті Қазақстанның совет жұртшылығы әшкерледі. С. Мұқановтың саяси жағынан шалағайлығын пайдаланып бұл жалған ғалым казақ мектептеріне арналған оқулықтарға ұлтшылдық бықсықты тықпалап келген болатын. Сыншы Т. Нұртазин осындай «достық ынтымақты» С. Мұқановтың сіңірген еңбектерінің бірі деп есептейді.

Т. Нұртазинның зыянды кітабының жарыққа шығуы қазақ жазушылары арасында әлі де жойылмай отырған жікшілдік пен семьяшылдық жағдайында ғана мүмкін болды, міне сондықтан да мұндай кітаптың зыяндылығы ерекше сезіледі. Москвадағы әдебиет зерттеуші М. Ритман-Фетисовтың осы кітапты редакторлығына алып, оның осыншалық айқын кемшіліктерін жоймағаны тіпті таңқаларлық іс.

М. Әуезовтың творчествосы туралы москвалық сыншы 3. Кедринаның кітабынан да оқушы жеке бастың немесе жеке топтардың жақтайтын көзқарасына байланыссыз принципті, объективті пікірлер мен бағаларды таба алмайды. Бұл кітап та көкке көтеріп мадақтаған сөздерге толы. Бет-жүзіне қарамайтын сын керек болған жерлерде жазушы Әуезов не мадақталады, немесе оның қателіктерін жеңілдетуге әрекет жасалады.

Мәселен, Ғ. Мүсреповтың «Қыз жібек» пьесасына баға бергенде, 3. Кедрина пьесадағы кейіпкер қыздың өлімін жаза отырып, әменгерлік масқара заңға, феодализмнің ауыртпалық сарқыншағына қыздың берілгендігін дәріптеген авторды айыптайтын қатал сөздер тапқан. Әменгерлік заңы бойынша, қалың малға сатып алынған әйел күйеуінің

Семьясының меншігі деп есептеледі, ал егер ері өлсе, мирас бойынша бұл әйел өлген кісінің ең жақын туысқанына мүлкімен бірге ауысады.

Ал 3. Кедринаның енді М. Әуезовтың «Түнгі сарын» пьесасына берген бағасына келейік. Бұл пьесада жазушы Ғ. Мүсреповтың қателіктеріне ұқсас қателіктер жіберген, бірақ сыншы бұл қателіктер туралы басқаша, мақпалдай майда, жұмсақ үнмен айтады. Әуезовтың пьесасындағы «сүйген жары өлгеннен кейін, Қыз жібек сыяқты және халық эпосындағы басқа да көптеген кейіпкер қыздар сыяқты, жартастан құлап өлетін» кейіпкердің өлімін дәріптегендікті 3. Кедрина «ескірген дәстүр тұтқандық» деп түсіндіреді. Баяндалып отырған жәйлар іс жүзінде бір-бірне ұқсас, ал шығарылған қорытындылар мен берілген баға, көріп отырсыздар, – әртүрлі. Жазушыларға осындай бөле-жарып қараушылық мысалдары кітапта аз емес.

Кітап сыншының жазушыларды бір-бірімен қағыстырғысы келген, М. Әуезовты барлық қазақ жазушыларынан жоғары көрсететін әлдеқандай бір тұғырға отырғызғысы келген зыянды пыйғылын байқатады. Мысалы, М. Әуезов пен Л. Соболевтің «Абай» пьесасын барынша мақтап З. Кедрина бұдан кейін осы пьесамен бір кезде С. Мұқановтың «Балуаншолақ» дейтін зыянды повесті жарыққа шыққанын атап көрсетеді. Ал осыдан кейін біз мынадай қорытынды жасалғанын көреміз: «С. Мұқановтың, методологиялық қателіктері басқа жазушылардың да прозасына азды-көпті мөлшерде тән нәрсе». Осыдан кейін іле-шала Ғ. Мұстафинның, Ғ. Слановтың, тағы да сол С. Мұқановтың шығармалары сыналады, ал М. Әуезов тек мадақталады.

З. Кедрина М. Әуезовтын, творчетвосындағы идеялық қателіктер туралы талай рет айтқан, бірақ оның айтқандарының бір-біріне қайшылығы, бір-біріне жанаспайтындығы соншалық, мұның өзі оқушыны тек шатастыруы ғана мүмкін. Мысалы, біз кітаптың бас кезінде М. Әуезов әдеби қызметінің алғашқы жылдарында (ал бұл қызметі 1917 жылдың өзінде-ақ басталған) «революция ісіне пайдалы адам болуға шын ниетімен ұмтылғанын» көреміз. Бірақ, көп ұзамай, бұған қарама-қарсы келетін сөз оқыймыз: Әуезов ескі құрылысты қорғаушыларға қарсы күресте «тыянағы жоқ позиция» ұстаған. Ал осыдан кейін тағы мынаны көреміз: контрреволюцияшыл алашордашылар белгілі уақытқа дейін «Әуезовтың қаламын өз, ықпалына бағындырып алды». Мұндай қайшылық бүкіл кітапта көп кездеседі.

Әуезовтың творчествосында болған бірсыпыра идеялық қателіктер туралысөз қылып өткеннен кейін, З. Кедрина принциптік қорытынды жасаудан бой тартып, оның орнына лирикалықпен, кешірім сұрап, кейін шегіншектейді, ал содан кейін масаттана былай дейді: «...М. Әуезов бұрын оның идеялық-көркемдік жағынан өсуіне кедергі болып келген буржуазияшыл-ұлтшылдық тенденцияны жеңе білді...», «М. Әуезов революциядан бұрынғы қазақ даласының тұрмысын тарихи жағынан дұрыс маркстік-лениндік тұрғыдан, Лениннің – Сталиннің революциялық іліміне сәйкес баяндайды», «...М. Әуезов өзінің қате көзқарастарын батыл қайта қарап, өз творчествосын дамытуда өзгеріс жасай білді», тағысын тағылар.

Ұлтшылдық бұрмалаушылықтарға қарсы күрес енді өткен кезең деп ойлауға болмайды. 1952 жылғы сентябрьде Қазақстан Коммунистік партиясының VI съезінде былай деп атап көрсетілді: әдебиетшілер мен искусство зерттеушілер – Жұмалиев, Әуезов, Мұқанов, Жармағамбетов – өз шығармаларында буржуазиялық-ұлшылдық сыйпатты қателіктер жіберді, «марксизм-ленинизм позициясынан және социалистік реализм әдісінен алыстады, кейбір реакцияшыл хандарды және олардың сарай ақындарын дәріптеді. Қазақстанның Россияға қосылуының ұлы прогрестік маңызын дұрыс көрсетпей, бүркемеледі, орыс халқы мен қазақ халқынын қасиетті достығының мүдделеріне зыянын тигізді».

3. Кедринаның кітабында партия баспасөзінің сын мақалаларында жазушының кемшіліктері, ол кемшіліктерді жазушының жоюға тиіс екендігі қалай атап көрсетілгендігі айтылмаған. Таңданарлық іс: кітаптың соңында бірсыпыра газеттер мен журналдардың жазушы туралы мақалаларын тізіп көрсете келіп,. 3. Кедрина ол жайында Қазақстан баспасөзінен бірде-бір мақала келтірмеген.

М. Әуезовтың жұртшылыққа кеңінен мәлім болып, совет оқушылары мақұлдап қарсы алған және Сталиндік сыйлық берілген «Абай» романының бірінші және екінші кітаптары жазушының творчестволық өмірінде өзінің бұрынғы идеологиялық позицияларын қайта қарауға, « буржуазиялық-ұлтшылдық адасулардан арылуға елеулі әрекет жасағандық болды.

Осы романның үшінші кітабы – 1951 жылы «Знамя» журналында жарияланған «Абай жолы» әлі де жете талдап шығуды керек етеді, (очеркте ол туралы жанамалап қана айтылған). Кәзір жазушы біртұтас циклдің төртінші кітабын жазуда М. Әуезовтың ірі шығармасы әлі аяқталмаса да, сыншы ол шығармадағы кемшіліктерді, автордың жете айтпағанын немесе оның теріс айтқанын көрсетуге міндетті еді. Мұндай көмекті, объективті бағаны М Әуезов сыншыдан алған жоқ. Мұның орнына 3. Кедрина шығарманы «көшпелі қазақ даласыныа тарихы, этнографиясы, экономикасы және правосы жөніндегі күрделі ғылми еңбек» деп жариялауға асықкан. Мұндай сөздердің тек таңдандыруы ғана мүмкін, ал роман авторының өзін қолайсыз жағдайда қалдыруы ықтыймал. Мысалы, қазақ және орыс халықтарының қас жауы Кенесары ханның он жыл бойы қан төгіп ойран салғаны сыяқты Қазақстан тарихындағы қасіретті кезең М.Әуезовтың романында бейнеленбегендігі жұртқа мәлім. Ал шынында мұның өзі романдағы басты кейіпкерлердің бірі, Абайдын. әкесі – Құнанбайдың тірі кезінде болған уақыйғалар болатын.

3. Кедрина М. Әуезовтың творчествосындағы феодалдық-рулық ескілікті дәріптеу және революциядан бұрынғы қазақ ауылында болған таптық қайшылықтарды жуып-шаю сыяқты кемшіліктерді бүркемелейді.

Материалдарды атүсті зерттеу және олардың мағнасын нашар түсіну сыншыны қате немесе күмәнді қорытынды жасауға әкеліп соқтырады. Мысалы, 3. Кедрина феодалдық дәуірдегі қазақ ауылындағы ру таластарының бір белгісі болып табылатын «барымта» мен орыс шаруаларының помещиктерге қарсы көтерілістері арасында ұқсастық бар деген қыйсынсыз теңеу жасауға тырысады; Абайдың «Ғақлиялар» жыйнағы қырғыз халқының орыс мәдениетін үйрену қажеттігі туралы идеяны тұңғыш рет ашты деудің ешқандай жөні жоқ сыяқты.

3. Кедрина М. Әуезовтың Абай шығармаларының орыс тілінде басылғандарына жазған кіріспе мақалаларын оның зор еңбегі деп көрсетеді. Алайда, сыншы бұл мақалалардағы ете өрескел қателіктер жайында бірауыз сөз айтпайды, ал бұл мақалаларда, атап айтқанда, Мағауия мен Көкбайдың, халықты тұншықтырған жауыздар – Шамиль мен Кенесары туралы нағыз ұлтшылдық поэмалары дәріптеліп, уағаздалған.

3. Кедринаның бұлтақ және сонымен бірге жүзге жағымды сыны жазушыға көмектеспейді. Барлық совет жазушылары сыяқты. М. Әуезов те мадақтауды, мақтау өлеңдерін емес, қайта оның табыстарын да кемшіліктерін де атап көрсететін принципті, әділ сынды күтіп отыр.

Т. Нұртазин мен 3. Кедринаның кітаптары бізде совет жұртшылығының жаршысы болмай, топтардың, санаулы адамдардың жаршысына айналып отырған, әдебиетке прициптік, мемлекеттік көзбен қарамайтын сыншылардың әлі де бар екендігін көрсетеді.



Совет Одағының туысқан республикалары жазушыларының творчествосы туралы кітаптар өте қажет. Бірақ мұндай кітаптар тым аз, ал ұлт әдебиеттері тақырыбында жұмыс істейтін адамдар сирек. Осы маңызды істе артта қалған участоклер, әлі де бар. Мұндай участоктерде көп реттерде барлығын білем дейтін монополистер, шатыстырушылар, күмәнді «білгіштер» мен «консультанттар» және жауапсыз редакторлар орналасып жүр. Совет жазушылары одағының аса маңызды міндеті Совет Одағының туысқан халықтарының әдебиеттерін терең зерттеуге, осы әдебиеттер жәнә олардың аса көрнекті өкілдері туралы құнды, жоғары идеялы кітаптар жазуға көрнекті совет жазушыларын, сыншылары, әдебиет зерттеушілерді кеңінен және батыл қатыстыру болып табылады.

Павел КУЗНЕЦОВ.

(«Правда», 30 январь). |

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет