1989 жылғы 20 қарашада
Біріккен Ұлттар Ұйымының
Бас Ассамблеясы қабылдады
Осы Конвенцияға қатысушы мемлекеттер, Біріккен Ұлттар Жарғысында жария етілген қағида- ларға сәйкес қоғамның барлық мүшелеріне тән қадір-қасиетін, теңдей және ажырамас құқықтарын тану жер бетінде бостандықты, әділдікті және бейбітшілікті қам- тамасыз етудің негізі болып табылады деп есептей оты-
рып,баланың жеке басы толық және үйлесімді дамуы үшін оның отбасы аясында, бақыт, махаббат және түсінушілік ахуылында өсуі қажет екендігін тани
отырып төмендегілер туралы келісті :
1 бөлім. 1-бап. Бала сипаттамасы
Осы Конвенцияның мақсаттары үшін әрбір адам баласы 18 жасқа толғанға дейін, егер осы балаға колда-
нылатын заң бойынша ол кәмелеттік жасқа бұрынырақ толып қоймаса, бала болып саналады.
7-бап. Есім мен азаматтық
Бала туылған бетте тіркеуге алынады және туыл-
ған сәттен бастап оның есімі қойылып, азаматтық
алуға құқығы бар, сондай-ақ мүмкіндігінше өзінің ата-
аналарын білуге және олардың қамқорлығына ие болуға құқылы.
18-бап. Ата-ананың жауапкершілігі
Ата-ана бала тәрбиелеудің негізгі жауапкершілігін
бірге тартады. Ал мемлекет бұл істе оларды барынша қолдап-қуаттауы керек.
24-бап. Денсаулық пен денсаулық сақтау
Бала нақты түрде қамтамасыз етілген, ең жоғары
стандарттарға сай медициналық көмек алуға құқылы.
Әсіресе алғашқы медициналық-санитарлық көмек, санитарлық насихат және балалар өлімін азайту жұмыстарына баса назар аударуы керек.
28-бап. Білім алу
Бала білім алуға құқылы. Ал міндетті түрдегі
алғашқы тегін білім алуды, кез келген бала оқи алатын
орта білімді колдауды, және қабілетіне байланысты жоғарғы білім алуды қамтамасыз ету-мемлекеттің мін-
деті болып табылады.
29-бап. Білім алудың мақсаты
Білім алу тұлғалық, дарындық, саналық және шымырлық қабілеттің барынша дамуына бағытталуы керек. Білім, баланы азат қоғамдағы ересек әрі белсенді өмірге дайындауы керек. Сондай-ақ ол ата-ананы құрметтеуге, халқының мәдени ерекшелігін, тілін, құндылықтарын және басқа ұлттардың мәдени салт-
дәстүрі мен құндылығын құрметтеуге тәрбиелеуі
керек.
Осы жарияланым Қазақстан Республикасының Білім
және ғылым министрлігі мен БҰҰ Балалар Қорының
бірлескен жобасы болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |