Санитарлық авиация қызметінің жұмысын ұйымдастыру тәртібі Санитарлық авиация қызметі жетуі қиын жерлердегі азаматтарға шұғыл медициналық көмек көрсетеді



Дата21.12.2023
өлшемі46.1 Kb.
#487250
жалпы


Санитарлық авиация қызметінің жұмысын ұйымдастыру тәртібі
Санитарлық авиация қызметі жетуі қиын жерлердегі азаматтарға шұғыл медициналық көмек көрсетеді. Санитарлық авиация қызметі, сондай-ақ медицина ұйымында медициналық жабдық немесе тиісті білікті мамандар болмаған жағдайда тиесілі жерге білікті мамандарды жеткізу немесе сырқаттарды, босанатын әйелдер мен зардап шеккен адамдарды әртүрлі көлік түрлерімен тиісті медицина ұйымына жеткізу жолымен азаматтарға шұғыл медициналық көмек көрсете алады.
Санитарлық авиация қызметі шұғыл медициналық көмекті мемлекеттік медицина ұйымдары өтінімдерінің негізінде жүзеге асырады.
Санитарлық авиация қызметі жұмысының негізгі бағыттары: 1) азаматтарды шұғыл медициналық көмекпен уақтылы қамтамасыз ету; 2) консультативная медицинская помощь врачебному персоналу медицинских организаций по совершенствованию их деятельности в оказании медицинской помощи гражданам.
 Санитарлық авиация қызметі денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша облыстардың жергілікті мемлекеттік денсаулық сақтауды басқару органдары белгілеген мемлекеттік медицина ұйымдарының құрылымына кіретін санитарлық авиацияның бөлімшелерінен тұрады.
Санитарлық авиация бөлімшелері: 1) медицина ұйымдарынан өтінімдер қабылдау әрі азаматтарға шұғыл медициналық көмек көрсету жөнінде штаттық және жұмысқа тартылатын персоналды жедел басқару жөніндегі кезекшілікті; 2) санитарлық авиация қызметінің дәрігерлік бригадаларының шұғыл медициналық көмек көрсетуге тұрақты дайындығын және оларды медицина ұйымдарының өтінімдері бойынша баратын жеріне жеткізуді; 3) сырқаттарды, босанатын әйелдер мен зардап шеккендерді тиісті медицина ұйымына медициналық сүйемелдеп шұғыл тасымалдауды жүзеге асыруды; 4) медицина ұйымдарымен азаматтарға шұғыл медициналық көмек көрсету бойынша жедел өзара іс-қимыл жасауды ұйымдастырады және қамтамасыз етеді.
Санитарлық авиация қызметінің жұмысы: 1) санитарлық авиация қызметінің бөлімшелері үшін мамандандырылған санитарлық автокөлік бөлумен; 2) авиациялық көлікті жалға алумен; 3) санитарлық авиация қызметі жеткізген сырқаттарды шұғыл ауруханаға жатқызумен қамтамасыз етіледі.
Облыстардың денсаулық сақтау саласындағы жергілікті атқарушы органдары санитарлық авиация қызметін материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдайды.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет