1.Қазақ мемлекеттілігінің эволюциясының тарихи бастаулары, кезеңдері мен сабақтастығы. ХХ ғ. аяғындағы Қазақстандағы қоныстандыру саясаты. Экспедициялық зерттеу жұмыстары



бет41/61
Дата03.01.2022
өлшемі395.67 Kb.
#450828
түріСабақ
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   61
Қазіргі заман тарихы АБ 1

Ғылым мен мәдениетмайданға

Соғыс жағдайы ғылым мен мәдениеттің одан әрі өркендеуіне белгілі бір дәрежеде кедергі жасады. Алайда соғыс кезінің жағдайлары алға қойғанміндеттерді орындауға байланысты ғылымның кейбір ибағыттары шапшаң қарқынмен дами бастады. 1942 жылы КСРО ҒА Қазақ филиалы жанынан аспирантура ұйымдастырылды, соғыс жылдары онда 237 адам оқыды, 63 докторлық және кандидаттық диссертация қорғалды. Ғылыми және ғылыми-техникалық қызметкерлердің саны 1940 жылғы 152-ден 1945 жылдың аяғында 864-ке жетті. Олардың ішінде КСРО ҒА-сының академигі мен корреспондент мүшесі, 57 ғылым докторы, 184 ғылым кандидаты. ВАСХНИЛ-дің Қазақ филиалы жүйесінде 600-ден астам ғылым қызметкер еңбек етті, олардың ішінде 34 ғылым докторы мен кандидиты болды. 1944 жылдың аяғында КСРО ҒА Қазақ филиалының құрамына 16 институт және 7 сектор жұмыс істеді, ғылым проблемаларының өрісі кеңіді. Зерттеу жұмыстарына бөлінген қаржы 11 есе көбейді. 1945 жылдың аяғына қарай Қазақстанда барлығы 75 ғылыми мекеме, лоборатория, тәжірбие станцилары бар еді. Соғыс жылдары халықшаруашылық және әскери маңызыбар 160-тан аса практикалық ұсыныс жасалынды. 
 1945 жылы қазанда құрылған Ұлттық Ғылым академиясы республиканың мәдени өміріндегі маңызы зор құбылыс болды. Мұнда ғылыми кадрлардың қалыптасуы мен ғылымның дамуында эвакуацияланған ғылыми күштердің көрсеткен көмегі айтарлықтай болды, ал бұл күштер аз емес еді: 20-дан астам ірі-ірі ғылыми-зерттеу институттары, солармен бірге акдемиктер И.И. Мещанинов, Л. И. Прасолов, А.С. Оролов, М.М.Завадский және басқа көрнекті ғалымдар бұл кезеде республикамызда тұрып жатқан. КСРО ҒА президент В. Л. Комаров бастаған аса көрнекті ғалымдар тобы осындай жұмыс істеді. 

Ұлы Отан соғысындағы  жеңіске Қазақстанның мәдени қызметкерлері  де үлкен үлес қосты. Ғылым және өнер адамдарының шығармашылық еңбегі майдандағы кеңестік әскерлердің ерлігімен, жұмысшылар мен колхозшылардың тылдағы даңқты істерімен қатар Ұлы Отан соғысының ерлік тарихына өзіндік жарқын із қалдырды. Бұл кезеңдегі әдебиеттің негізгі тақырыбы - патриотизм және Отанды қорғау. Жамбыл Жабаевтың «Ленинградтық өрендерім», Ә.Тәжібаевтың «Ленинград» өлеңдері, 3.Шашкин, Қ.Аманжолов, Ә.Сәрсенбаевтың шығармалары көпке белгілі болды. Бірқатар жазушылар мен ақындар қолына қару алып, Отан қорғауға соғысқа аттанды. А.Жұмағалиев, Б. Бұлқышев, В.Чугунов соғыста ерлікпен қаза тапты. Соғыстың алғашқы күндерінен бастап-ақ 90-ға жуық ақындар мен жазушылар майданға кетті. Олар майдандас жауынгерлерге батырлықтың үлгісін көрсетіп, оларды өздерінің шығармашылығымен жауға қарсы соғысқа рухтандырды. Олардың қатарында Д. Снегин, Д.Әбілев, Ж.Саин, Қ.Әбдіқадыровтар болды. Соғыс жылдары дарынды жастар Ж.Молдағалиев, Ә.Нүрпейісов, С.Мәуленов, Б.Момышұлы әдебиетке жауынгерлік рух, шығармашылық серпін берді. Кеңес халқының моральдық-саяси бірлігін күшейту ісіне Ғ.Мүсірепов, F.Мұстафин, С.Мұканов, М.Әуезов сынды қазақ көркем проза шеберлері аянбай еңбек етті. Қазақстан өнер шеберлерінің бригадалары майданға аттанды, осындай 11 бригада майданда болып 870 концерт  қойды. Госпитальдарда, шақыру пункттерінде, әскери бөлімшелерде, шекаралық заставаларда 15 мыңнан астам концерт берді. Жалпы концерттік ұйымдар 36,5 мың концерт қойып, оларды 9 миллионнан астам көрермендер тамашалады. Алматыда Орталық біріккен киностудия «Екі жауынгер», «Майдан», «Ол Отанын қорғайды», «Күт мені» және басқа да миллиондаған адамдардың азаматтық қалыптасуына, оларды патриотизмге тәрбиелеуге үлкен ықпал жасаған, адамдарды жеңіске үміттендірген ғажайып кинолар түсірді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   61




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет