1.Қазақстан Республикасының азаматтарына паспорттар, жеке куәліктер беру
Қажеттік құжаттардың тізбесі:
Мемлекеттік қызметті алу үшін тұтынушы тұрғылықты жері бойынша тіркеуде екенін растайтын азаматтарды тіркеу кітабын, құжат үшін мемлекеттік баж төлемі туралы түбіртекті (мемлекеттік баж төлеуден босатылған тұлғалар растайтын құжаттар), фотосуреттер және келесі құжаттардың біреуін ұсынады:
1) туу туралы куәлік;
2) Қазақстан Республикасы азаматының паспорты;
3) Қазақстан республикасы азаматының жеке куәлігі;
4) белгіленген нысандағы Қазақстан Республикасы азаматтығына қабылданғаны туралы анықтама;
5) қайтып оралу куәлігі.
Жеке куәлікке ресімдеген жағдайда көлемі 3,5х4,5 см 2 фотосурет, жеке куәлікті паспортпен бірге немесе тек паспортқа ресімдеу кезінде арызданушы 3 фотосурет ұсынуы қажет.
Фотосурет арызданушының құжат ресімдеу кезіндегі жасына сәйкес, қатаң түрде жарық жерде, нейтралды бет-бейнесімен ауызы жабық және алдынан түсірілген болу керек, бұл ретте адамның беті фотосуреттің жалпы көлемінің 75 % жуығын алуы тиіс.
Фотосуреттер фотобаспа әдісімен бір негативтен қалың фотоқағазда басылуы қажет. Компьютерлік сканерлеу және модельдеу немесе ксерокөшірме әдісімен дайындалған суреттерді пайдалануға жол берілмейді.
Төлем және жеңілдіктер:
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексінде белгіленген Қазақстан Республикасы азаматының паспортын беруге мемлекеттік баж айлық есептік көрсеткіштің 400 % мөлшерінде, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі үшін айлық есептік көрсеткіштің – 20 % мөлшерінде алынады.
Қазақстан Республикасы азаматтарының паспорттары мен жеке куәліктері берілгені үшін: Кеңес Одағының Батырлары, Социалистік Еңбек Ерлері, үш дәрежелі Даңқ және үш дәрежелі Еңбек даңқы, «Алтын қыран», «Халық қаһарманы», «Отан» ордендерімен наградталған адамдар, «Ардақты ана» атағын алған, «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған көп балалы аналар, Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен оның мүгедектері және Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес оларға теңестірілген адамдар, бала кезінен мүгедектер, І және ІІ топтағы мүгедектер, қарттарға арналған интернат-үйлерде тұратын қарттар, мемлекеттiң толық қарамағындағы және балалар үйлерi мен интернат ұйымдарында тұратын жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, Чернобыль апатының салдарынан зардап шеккен азаматтар мемлекеттік баж төлеуден босатылады.
Мерзімдер:
Жеке басын куәландыратын құжаттар (паспорт және жеке куәліктер) алуға 1-н арызды ресімдеген күннен бастап екі ай мерзімнен кешіктірілмей беріледі. Павлодар облысының тұрғындары үшін мерзімі 45 күннен кешіктірілмей.
Мемлекеттік қызмет 5, 10 және 15 жұмыс күніне дейінгі мерзімде жедел көрсетілуі мүмкін.
Жеделдік:
5 ж.к. – 3477 теңге
10 ж.к. – 1173 теңге
15 ж.к. – 796 теңге
Достарыңызбен бөлісу: |