10 билет. Қазақ халқының ұлттық-аумақтық автономиясын құру.
1917 жылы 5-13 желтоқсанда Орынборда жалпықазақ съезі өткізілді. Съезде қазақ халқының автономиясы туралы мәселе қаралды.
М. Құл-Мұхаммедтің пікірі бойынша съезде екі ұстаным басымдылыққа ие болды. Біріншісі А. Байтұрсынов пен М. Дулатовтың «тәуелсіз автономия құру» идеясы. Екіншісі Ә. Бөкейханов пен Ж. Ақбаевтың «аймақтық-ұлттық автономия құру туралы» ұсынысы.33 101 Съездің басталуынан бір ай бұрын-ақ «Қазақ» газетінде осы аталған мәселелер, алғашқы кезекте автономия мәселесі бойынша әр түрлі көзкарастар айтылған мақалалар топтамасы жарияланған болатын. Газеттін 24 маусымындағы санында: «Егер автономия қажет екені жете түсінікті болса, онда қазақтар үшін оның қандай нысаны — мемлекеттік әлде федеративтік автономия, қайсысы қолайлы болады? Егер біз аймақтык автономияға тоқтайтын болсақ, онда оның базисі не болмақ — жер аумағы ма, әлде мәдени немесе ұлтгық ерекшелігі ме? Қазақтар тәуелсіздікті талап ете ала ма немесе оған басқа халықтармен одақтасып барып қол жеткізе ме?» А. Байтұрсынов пен М. Дулатов «тәуелсіз автономиялық мемлекет құру» қажеттігін айтты. Ә. Бөкейханов «Ресей Федеративтік демократиялық, парламенттік республикасында» қазақ ұлттык-аумақтык автономиясын құруды ойластырды. Көпшілік осы көзқарасты қолдады. «Казак өлкесі, — делінді съездің қарарында, — аумақтык-ұлттык автономия алуға тиіс»
1. Аумақтық-ұлттық автономия құру.
2. Қазақ (қырғыз) облыстарының автономиясына Алаш атауын беру.
3. Автономиялы Алаш облыстарының аумағын Алаштың мемлекеттік меншігі деп жариялау.
4. Алаш автономиясының барлық мекемелерінде барлық ұлттардан өкілдер болуы тиіс.
5. Алашорда Уақытша Халық Кеңесін 25 мүшеден құрып, оның 10 мүшесін орыс жəне басқа халық өкілдерінен сайлау.
6. Алашорданың уақытша орталығы етіп Семей қаласын таңдау.
Алашорда Кеңесінің төрағасы болып Ə.Бөкейханов сайланды.
1920 жылдың 26 тамызында Қазақ автономиясын құру және оның жер көлемін белгілеу жөнінде декрет дүниеге келді. Кремльде өткен ұзақ тартыстан соң, қызыл пролетариаттың көсемі – Ленин арнайы қаулыға қол қойды. Бұл – жеке азат ел болуды аңсаған Алаш арыстарының жанқиярлық еңбегінің арқасы еді.
Достарыңызбен бөлісу: |