1.Құқықтың түсінігі, сипаты Құқықтың жалпы әлеуметтік мәні



Дата13.06.2016
өлшемі387.12 Kb.
#133728
Жоспар
Кіріспе
1.Құқықтың түсінігі , сипаты
2.Құқықтың жалпы әлеуметтік мәні
3.Құқық салалары:
Конституциялық құқық

әкімшілік құқық

Қаржы құқығы

Еңбек құқығы

Отбасы құқығы

Қылмыстық құқық

Экологиялық құқық

Азаматтық құқық

Азаматтық ісжүргізу құқығы

Халықаралық құқық


4.Қортынды

Кіріспе


Құқық (ағылш. 1. law (наука); 2. right) – мемлекет орнатқан және оның күшімен қорғалатын, жалпыға бірдей қоғамдық қатынастарды реттейтін тәртіп ережелерінің ( нормалардың ) жиынтығы. Құқықтың түсініктері бірнеше, бірақ мазмұндары біреу-ақ. Құқық мазмұнының негізгі элементтері: - қоғамның және адамдардың мүдде-мақсатын қорғау, орындау; - қарым-қатынастарды реттеп, басқару; - қоғамды дағдарысқа ұшыратпай, экономикалық, саяси, әлеуметтік, мәдениеттік т.б. бағытын дамытып, нығайту; - мемлекеттік органдардың, ұйымдардың құзіретін, ара-қатынасын реттеп басқару.

«Құқық» терминінің көптеген мәні бар.Ол заң ғылымында , күнделікті өмірде , қызмет бабында қолданылады.

Заң ғылымында «құқық» термині бірнеше мағынада қолданылады. «Құқық»-ресми түрде танылған жеке және заңды тұлғалардың ,заңға сүйене отырып әрекет етуі.Мысалы,азаматтардың еңбек ету бостандығы,білім алу , меншік иесі болу,кәсіпкерлікпен шұғылдану құқығы.Заңды тұлғалардың да құқықтық мүмкіндіктері болады.

Субъективтік құқық –тұлғалардың мүддесін қанағаттандыру мақсатымен құқықтық нормалардың құқық тұлғаларына берген құқықтық мүмкіндіктері.

Тұлғаның құқығы құқықтық қатынасқа қатысушы басқа тұлғаның құқығымен байланысты болғандықтан , екі жақта да құқықтық міндеттер пайда болады. Мысалы, әр азаматтың оқып , білім алуға құқы бар.Сол құқықты пайдаланып,азаматоқу орнының ішкі тәртібіне бағынып,оқу бағдарламасын орындауға міндетті.

Азаматтық құқық нормаларымен реттелетін қоғамдық қатынастар азаматтар арасында, ұйымда, мемлекет пен әкімшілік - аумақтық бөліністер арасында қалыптасады. Заңды тұлға терминімен қатар, жеке тұлға термині қолданылады. Азаматтық кодекстің 12 - бабына сәйкес жеке тұлғаға

Қазақстан Республикасының азаматтары, шетел азаматтары және азаматтығы жоқ адамдар жатады.

Құқық теориясында жеке тұлға азаматтық құқықтық қатынастың субъектісі болып танылуы үшін онда құқық қабілеттілік пен әрекет қабілеттілік болуы міндетті. Құқықтық субъектілік дегеніміз – құқықтар мен міндеттерге ие болып, оны жүзеге асыру мүмкіндігі. Құқық қабілеттілік азамат туған кезден басталып, қайтыс болғанда тоқтылады.

Құқық қабілеттіліктің негізгі мазмұнына мыналар жатады: меншік құқығында мүлікті иеленуге, Қазақстан Республикасы аумағында және шекарасынан тыс жерлерде шетел валютасын иеленуге, мүлікті мұраға алуға, мүлікті мұраға қалдыруға, тұрғылықты жерін таңдауға, республика аумағынан тыс жерге кетуге, заң актілерімен тыйым салынбаған кез – келген қызмет түрімен айналысуға, кез – келген мәмілелер жасауға, интелектуалдық меншік құқығында өнертабыстарға, ғылым, әдебиет, өнер туындыларына құқығы бар.

Сонымен қатар, материалдық, моральдық зиянның орнын толтыруды талап етуге және басқа мүліктік және жеке құқықтарға ие бола алады.

1.Құқықтың түсінігі , сипаты
Құқықтың реттеу функциясы – нормативтік актілер арқылы қоғамдық қатынастардың байланысын, орындалу жолдарын, бағыттарын анықтап отыру. Құқықтың қорғау функциясы – нормативтік актілердің қоғамдағы қарым-қатынасқа ықпалын, әсерін күшейту, жаман қатынастарға тыйым салу. Жоғарыда айтылғандай, құқық – жалпыға бірдей міндетті, мемлекет қамтамасыз ететін, қоғамдық қатынастарды реттейтін нормалардың жиынтығы. Құқықтық норма – құқықтың бір клеткасы, қоғамдық қатынастардың жақсы дамуының үлгісі деуге болады. Ол адам істерінің, жұмысының, тәртібінің шеңберін анықтап, олардың бостандығын және қарым-қатынасын реттеп, басқарып отырады

Құқықтың түсініктері бірнеше, бірақ мазмұндары біреу-ақ.

Құқық мазмұнының негізгі элементтері:

- қоғамның және адамдардың мүдде-мақсатын қорғау, орындау;

- қарым-қатынастарды реттеп, басқару;

- қоғамды дағдарысқа ұшыратпай, экономикалық, саяси, әлеуметтік, мәдениеттік т.б. бағытын дамытып, нығайту;

- мемлекеттік органдардың, ұйымдардың құзіретін, ара-қатынасын реттеп басқару.

Құқықтың екі түрлі түсінігі болады: біріншісі – құқықтың обьективтік түсінігі, қоғамның обьективтік дамуына сәйкес жаңа қатынастардың қалыптасуы; екіншісі – құқықтың субьективтік түсінігі обьективтік қалыптасқан қатынастарды реттейтін, басқаратын нормативтік актілерді уақытында қабылдап бекіту.

Құқықтың қорғау функциясы – нормативтік актілердің қоғамдағы қарым-қатынасқа ықпалын, әсерін күшейту, жаман қатынастарға тыйым салу.

Жоғарыда айтылғандай, құқық – жалпыға бірдей міндетті, мемлекет қамтамасыз ететін, қоғамдық қатынастарды реттейтін нормалардың

жиынтығы. Құқықтық норма – құқықтың бір клеткасы, қоғамдық қатынастардың жақсы дамуының үлгісі деуге болады. Ол адам істерінің, жұмысының, тәртібінің шеңберін анықтап, олардың бостандығын және қарым-қатынасын реттеп, басқарып отырады.

Құқықтық нормалардың белгілері:

1.Норма мемлекеттік органның қабылдаған, бекіткен актісі, оның заңды күші бар. Мұндай нормалардың қоғамдағы тәртіптің үлгісіне айналады, өйткені ол нормаларды халықтың басым көпшілігі дұрыс орындайды.

2.Нормада субьектілердің құқығы мен міндеттері, орындалу жолдары толық әрі нақты көрсетіледі. Егер көрсетілмесе, субьектілер өз еркімен іс-әрекет етуге, тек заңға нұсқан келтірмеуі керек.

3.Норма ерікті түрде орындалмаса, мемлекет орындатуға мәжбүр етеді.

4.Құқықтық нормалардың жүзеге асырылуын, орындалуын мемлекет қамтамасыз етеді.

5.Құқықтық норма адамдардың, қоғам тәртібінің кепілдігі ретінде жұмыс істейді.

Сонымен, құқықтық норма – қоғамдағы қатынас субьектілердің құқықтары мен міндеттерін реттеп, басқарып отыратын жалпыға бірдей мемлекетпен қамтамасыз етілетін ереже-қағида.

Құқықтық нормалардың элементтері бірігіп, оның құрылымын қалыптастырады. Құрылымы жөнінде құқықтық нормалар екіге бөлінеді: негізгі заңды нормалар және тәртіп ережелерінің нормалары.

Негізгі заңды нормаларда элементтердің мазмұны норманың кіріспесінде немесе бірінші бабында толық көрсетіледі. Мысалы, ҚР салық кодексінде номалардың элементтері 1-ші бабында толық көрсетілген.


Тәртіп ережелерінің нормаларында элементтер нормативтік кесімдердің баптарында, бөлімдерінде толық көрсетіледі.

Құқықтық норманың элементтері: диспозиция(мінез-құлық ережесі), гипотеза(жорамал), санкция(жаза,шара).

Диспозиция – қатынастың мазмұны мен субьектілердің құқығы мен міндеттерін көрсетеді. Мысалы, екі немесе көп жақты мәмілелер мен шарттардағы тұлғалардың міндеттері мен құқықтары айқын көрсетілуі. Гипотеза-Құқықтық норманы қолдану,қолданбау ұшін қажеттіөмірдегі мән-жайлардың бар екенін көрсететін құқықтық норманың бөлшегі.

Санкция-құқықтық норманың диспозициясы бұзылған жағдайда қолданылатын жағымсыз шараны көрсететін құқықтық норманың бөлшегі. Құқықтың реттеу функциясы – нормативтік актілер арқылы қоғамдық қатынастардың байланысын, орындалу жолдарын, бағыттарын анықтап отыру.

Құқықтың қорғау функциясы – нормативтік актілердің қоғамдағы қарым-қатынасқа ықпалын, әсерін күшейту, жаман қатынастарға тыйым салу.


2.Құқықтың жалпы әлеуметтік мәні.

Құқықтың жалпы әлеуметтік мәнін мойындай отырып,оған мынадай анықтама беруге болады: Құқық бұл-жалпыға бірдей міндетті,мемлекет күшімен қамтамасыз етілетін,қоғамдық қатынастарды реттейтін , заңда және басқа да ресми құжаттарда анықталған құқықтық норма,ережелердің жиынтығы. Құқық бірнеше бөліктен тұратын жүйелі құрылыс.Оның бір бөлігі –табиғи құқықтың мазмұны адам мен қоғамның табаиғатына байланысты әлеуметтік талаптармен анықталады.

Құқықтық әлеуметтану теориясы өте күрделі. Сондықтан ол осы уақытқа дейін өз деңгейінде қалыптаса алмай келеді, өйткені, ғалымдардың арасында бұл мәселе бойынша қалыптасқан ортақ ой-пікір әлі жоқтың қасы. Ой салыстыру, таластар әлі күнге дейін қызу жүріп жатыр.

Әлеуметтанушылардың пікірінше, құқық әлеуметтануы жалпы әлеуметтанудың белгілі бір саласы болып табылады. Құқық әлеуметтануы, әлеуметтік юриспруденция ұғымдары әр түрлі мағынада болып, олар әлеуметтану мен құқық ғылымдарына қолданылады. әлеуметтік құқықтың юриспруденция ұғымы құқық ғылымдары дамуының әлеуметтік бағытымен белгілеп анықтаса, құқық әлеуметтануы (юридикалық әлеуметтану) ұғымы жалпы әлеуметтану ғылымынң жеке саласындағы әлеуметтік-құқықтық зерттеулерді белгілеп анықтайды. Сонымен, бұл екі ұғымның мазмұны мен көлемі жағынан бірдей, екеуі де жалпы әлеуметтанудың қоғамдағы құқықтың саласымен айналысатын өз алдына жеке бөлімдеріне қолданылады. Біздің пікірімізше, қазіргі құқық әлеуметтануы құқықыты негізінде үш мағынада қарайды.

Біріншіден, құқық –бұл міндетті түрде орындалатын әлеуметтік ережелердің жиынтығы. Екіншіден, құқық белгібір қызметті атқаруда


адамның, қоғамның мүмкіншілігі, бостандығы, егемендігі болуын қамтамасыз етеді. Мысалы, еңбек етуге, демалуға рұқсат беруді айтады.

Үшіншіден, құқық куәлік ретінде де қолданылады. Мысалы, машина жүргізу құқықығы, т.б.

Құқық ғылымының да жоғарыда көрсетілгендей әлеуметтану бөлімі бөлімі бар. Осыған орай жалпы құқықтық ғылым мемлекет пен құқықты қондырманың бір түрі ретінде қарап, оларды қоғамның барлық салаларымен, әсітесе, экономикалық құрылымыммен тығыз байланыстылығын, оған беленді түрде әсер етіп отырыатынын көрсетеді. әлеуметтану ғылымы жеке қоғамдақ және гуманитарлық (оның ішінде құқықтық) ғылымдармен тығыз байланыс, қатынастарда болып, олардағы құбылыстарды, үдерістерді, көкейтесті мәселеллерді, ой-пікірлерді, істің мәні мен мазмұнын әлеуметтану тұрғысынан жан-жақты, терең зерделеуге, тұжырымдауға тырысады.

Ал, жалпы құқық ғылымы осындай әлеуметтік теориялық негіздеуді, яғни оның теориялық заңдылықтарын, әдістемелік нұсқау, бағдарламаларын, құқықтық құбылыстар мен процестерді зерттеудің ғылыми әлеуметтік әдістерін әр уақытта қажыт етіп отырады, оларды кеңінен қолдануға тырысады.

Жоғарыда көрсетілгендей,осындай жалпы әлеуметтану мен жалпы құқық ғылымының тығыз байланыстары, әсіресе, әлеуметтану құқық ғылымына кең енуіне (кіруіне) байланысты әлеуметтанудың арнаулы салалық теориясы- құқық әлеуметтануы пайда болды.

Құқық әлеуметтануы құқықты біртұтас, бірыңғай жүйе, ерекше бір әлеуметтік құрылым ретінде қарайды. Ал, мұндай құрылым әр уақытта әлеуметтік шеңберде қаралуы тиіс. Осыған орай құқық әлеуметтануы құқықтың қоғамдық қатынастар жүйесінде алатын орны мен атқаоатын қызметін (функциясын), оның шығуы мендамуын, өзгеру тетігін, құқықтық (юридикалық), ережелердің құрылымын, олардың қоғамдағы адамдарға,

топтарға, жіктерге, т.б. пайдалылығын, тиімділігін, басқа да қоғам салаларамен, құбылыстармен байланыстарын, ықпалын зерттейді.

Құқық әлеуметтануы әр түрлі қоғамдық қатынатар жүйесінде,яғни құқық пен құқықтық сананың әр уақытта таптық сипатта болатынын, ақыр аяғында құқықтық экономикалық қатынастармен шарттас, тікелей байланыста, дұрысы, оларға біршама тәуелді екенін көрсетеді, сонымен қатар қоғамда құқықтық реттеудің көмегімен әлеуметтк қорғауды, бақылауды қамтамасыз етуді және қоғамдық өмірді ұйымдастыруды зерттейді.

Қоғамдық қатынастар жүйесінде құқықтық әлеуметтік ережелердің дамуы, қоғамдық тәртіпті қолдау, тілек-талаптарды реттеуші сала, ретінде талданады.

Ол құқықты, құқықтық сананы және құықтық шығармашылықты қалыптастыру үдерісі ретіндежәне құқықтық, юридикалық ережелерді қоғамның барлық деңгейінде әлеуметтік тәртіпке айналдыру үдерісі ретінде қарастырылады. Осыларға орай жалпы құқық деген не, оны әлеуметтік тұрғыдан қалай түсіну керек, деген заңды сұрақтар туады. Жоғарыда көрсетілгендей, құқық – алуан түрлі нормалардың (ережелердің), бұйрық-жарлықтардың, талап-тілектердің жиынтығы.

«Норма» деген термин латын тілінен алынған ұғым, ол ереже (яғни, мөлшер, шама деген мағынаны білдіреді. Жай тілмен айтқанда «ереже» сөзі басқарушы деген жалпылама мағынада қолданылады.

Әлеументтік ереже дегеніміз, белгілі бір адамдар ұжымының мүддесін көздей отырып жасалған және бекітілген әрі адамдардың бір-біріне өзара қатынасының тиісті тәртібі .Бұл тиісті ,міндетті тәртіп қоғам тарапынан жасалған алуан түрлі іс-шаралармен қорғалып ,сақталынып отырады.

Құқықтық ереже әлеументтік ереженің бір түрі. Құқықтық нормаға әлеументтік норманың барлық белгілері ,қасиеттері кірген.Сондықтан

құқықтық ереже әлеументтік ережені қайталап отырады .Бұл екеуінің арақатынасы бүтін мен жартыға тең Сонымен ,жоғарыда көрсетілгендей ,құқық ережесі дегеніміз ,мемлекет шығарған және бекіткен, орындалуы мемлекеттік аппараттың күшімен қамтамасыз етіліп отырылатын жалпыға бірдей мінез-құлық тәртібінің ережелер жиынтығы.

Құқықтық ереженің сапалы болуы, оны жасайтын адамның өрісімен танымына,мақсатына байланысты. Оның шығатын көзі – мемлекет. Сондықтан құқықтық ережелер жалпыға бірдей міндетті, тиісті тәртіп бола отырып, қоғамдағы адамдардан, олардың алуан түрлітаптары мен топтарына, жіктерінен оны бұзбауды, сақтауды, орындауды, қорғауды,талап етеді. Жалпыға міндетті ережелерге айнала отырып, құқық ережесі әлденеше құбылыс, үдерістермен ықпалдасып, қайталанып отыратын қоғамдық қатынастармен байланыста болады. осықайталанатын қатынастар, бір жағынан құқық ережесімен реттеліп отырса, екінші жағынан қайталанатын қатынастар құқық ережелерін жалпыға міндетті ережеге айналдырады.

Құқықтық ережелерді орындамаушылық, тәртіп бұзушылыққа қарсы мемлект тарпынан еріксіз, мәжбүр ету, т.б. шаралары қолданылады.

Сонымен, өзінің түрі жағынан құқық – бұл ережелер жүйесі, ол мемлекеттің белгілеп орнатуы, көндіруі немесе санкциясыарқылыжүзеге асыралып отырады.

Құқықтық және нақтылы қоғамдық қатынастардың ерекшеліктерін айыра білу қажет, өйткені, қоғамдағы ережелер (нормалардың) ондағы индивидтердің (адамдардың), әлеуметтік топтардың, жіктердің мұң-мұқтажы, талап-тілектерінің жанама түрде байланысты болады, ал ресми қабылданған құқықтық ереже (норма) қоғамда құқық жүйесінің жалпы өмір сүруін қамтамасыз ететін бірден бір шарт болып есептеледі.

Алуан түрлі мекемелердің, ұйымдардың әлеуметтік топтардың, индивидтердің, т.б. әр қайсысының өзіне тән, ерекше талап-тілегі, мұң-


мұқтажы, мүддесі болғандықтан қоғам әр қилы “Әлеуметтік кеңістіктегі” күштердің жиынтығынан тұрады десек, қателеспеген болар едік. Сондықтан бұлардың әр қайсысы әлеуметтік өмірде әр түрлі орында, ортада, жағдайда болып, әлеуметтік ресурстарда (мысалы, экономикада, саясатта, өнерде, т.б.) теңсіздікте болады. Әлеуметтік ресурстардың негізгі бір түрі “құқықтық ресурс” деп аталады. Осыған байланысты әлеуметтанушы мынындай мәселеге ерекше назар аударуы мүмкін. Қандай кезеңдерде немесе жағдайларда болмасын, кейбір әлеуметтік жағдайы біршамиа жоғары және көптеген әлеуметтік ресурстармен қамтамасыз етілген жеке адамдар мен топтар әрекет, қызмет етіп отырған құқықтық ережелерді (нормаларды) шектеуге мүмкіншіліктері бар ма, қолданыстағы, яғни, олардың жұмысын біршама тоқтата ала ма немесе кейбір құқық ережесі (нормасы) басқа бір адамдардың, топтардың мұң-мұқтажына, талап-тілегіне қарсы тұрып, кедергі келтіре ала ма немесе қоғамда жоғары тұрған адам немесе топ бола ма, т.б.

Құқықта бекітілген құқықтық актілер ережелердің (нормалардың) жиынтығы десек, онда құқық таза (яғни, юриспруденция) ғылымына жатады да әлеуметтік сипаты болмайды

3.Құқық салалары


Құқық саласы-өздерінің реттейтін біртектес қоғамдық қатынастардың ортақ болуы арқылы біріккен құқықтық нормалар мен институттардың бөлектенген тобы.Сондықтан оларды жіктеп,дербес топтарға бөлу қажет.

Мемлекеттік немесе конституциялық құқық –құқықтың жетекші саласы болып табылады.Конституциялық құқық-Қазақстан Республикасының қоғамдық құрылысы мен саясатының ,Қазақстан азаматарының құқықтық жағдайын,бостандықтары мен міндеттерін,Қазақстанның мемлекеттік органдарының жүйесін бекітетін мемлекеттік –құқықтық нормалардың жиынтығын құрайды.

ХХI-ғасырдың бірінші он жылдығы Қазақстанда конституциялық құрылыстың жаңа кезеңімен атап өтілді. 2007 жылғы 21 мамырда “Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” Заң қабылданып, онда ел үшін қағидаттық маңызды жаңалықтар жарияланды. Бұл ретте уақыт тезінен өткен мемлекеттік құрылыстың Қазақстандық үлгісінің өлшемдері негізінен сақталды.

Конституциялық реформа барысында осы үлгі аясында Парламент палаталарының рөлі мен ықпалын арттырған билік қатынастарының жүйесі жаңғыртылды, олар бүгінде мемлекеттегі істің жай-күйіне бұрынғыдан да үлкен жауапкершілік алады.

Азаматтық қоғам институттарының жан-жақты дамуы, мемлекет пен қоғам қатынастарының үйлесімділігі бағдарының нәтижесінде мемлекеттік және қоғамдық институттардың неғұрлым белсенді өзара іс-қимылына конституциялық тыйымдар мен шектеулер алып тасталды, бүгінде біздің елдің ішкі жағдайы мен қажеттіліктеріне толықтай сай келетін жергілікті өзін-өзі басқару жүйесі жаңартылды.

Сот төрелігін іске асыру кезінде соттардың тәуелсіздігін нығайтуға бағытталған сот-құқықтық реформаның жаңа кезеңіне конституциялық деңгейде қарқын берілді. Өлім жазасын қолдану аясы қысқартылып, адамдардың өлімімен ұштасатын террористік қылмыстармен және соғыс уақытында жасалған аса ауыр қылмыстармен ғана шектелді, бұл Қазақстан жағдайында өлім жазасының іс жүзінде жойылғанын білдіреді. Соттың қамауға алуға санкция беруі енгізілді, прокуратура мен соттың тергеу жүргізу мүмкіндігіне конституциялық тыйым алып тасталды.

Жүргізілген реформа осылайша мемлекет пен қоғам институттарын одан әрі демократияландыруға бағытталған. Конституцияда танылған осы жүйелі шешімдердің барлығы Қазақстан Республикасының ағымдағы заңнамасында одан әрі іске асуға тиіс.

Норма түзушілік қызметтің тиімділігін арттыру мақсатында қолданыстағы заңнаманы жүйелеу, заңнама салалары бөлігінде одан әрі топтастыру; оны ескірген және қайталама нормалардан арылту, құқықтық реттеудегі олқылықтардың орнын толықтыру, қолданыстағы құқықтағы ішкі қайшылықтарды жою; заңдардағы сілтеме нормаларда анық баяндалуы керек. Конституцияға сәйкес заңнамалық актілер қабылдана алатын мәселелер тобы шеңберінде тікелей қолданылатын заңдарды қабылдау практикасын кеңейту жөніндегі жұмысты жалғастыру қажет.

Нормативтік құқықтық актілерді бағалаудың халықаралық стандарттары енгізілетін болады, бұл азаматтардың, қоғам мен мемлекеттің мүдделерін неғұрлым толық ескеруге, құқық нормаларының тиімділігін, үнемділігін және ұтымдылығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Мемлекеттік және қоғамдық институттардың күш-жігері елдің Негізгі заңының барлық конституциялық айқындамаларда қамтылған жасампаз әлеуетінің жүзеге асырылуы төңірегінде шоғырлануы тиіс.

Заңнаманы жетілдіру процесінде және құқық қолдану қызметі барысында Конституцияның үстемдік принциптерін және төменгі деңгейдегі актілердің жоғары деңгейдегі актілердің нормаларына сәйкестігін бұлжытпай сақтау қажет.

Елдегі заңдылық режимін және құқықтық жүйенің тұрақтылығын да, сонымен қоса қолданыстағы Конституция шеңберінде ұлттық құқықтың қарышты дамуын да қамтамасыз ететін жүйелі шаралар қажет. Құқықтық саясатқа кешенді көзқарас барлық нормативтік-құқықтық базаны мемлекет дамуының жалпы стратегиясы тұрғысында, оның ішінде нәтижелілік, ашықтық және есептілік принциптерінде, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, қоғам мен мемлекеттің мүдделерін қамтамасыз ететін мемлекеттік басқарудың сапалы жаңа моделін жасау жөнінен жаңғыртуға мүмкіндік береді.

Конституциялық құқық — Қазақстан Республикасы құқық жүйесі салаларының бірі. Ол өзінің ішкі тұтастығымен сипатталатын құқықтық нормалар жүйесін білдіреді және басқа құқық жүйесінін нормаларынан ерекшеленеді. Ішкі тұтастық конституциялық нормалардағы қоғамдық қатынастардың ерекшеліктерімен белгіленетін, солар арқылы реттелетін жал-пы белгілердің болатындығын білдіреді. Конституциялық құқық нормаларымен реттелетін қоғамдық қатынастар оның пәнін құрайды.

Конституциялық құқық пәнінің өзіндік ерекшеліктері бар. Конституциялық құқық нормаларымен реттелетін қоғамдық қатынастар мемлекет және қоғам құрылымының негізін құрайды және мемлекеттік биліктің жүзеге асуымен тікелей байланысты жүргізіледі.

. Конституциялық құқық пәнін білмейінше оның нормаларын қолдану саласында анықтау мүмкін емес. Өйткені, нақты құқықтық әрекеттерді


талдау кезінде, ең алдымен қай саланың нормасын қолдану қажеттігін анықтап алу керек. Ал ол үшін, реттеудін, нысаны болып табылатын қоғамдық қатынастар сипатын белгілеу қажет.

Конституциялық құқық нормаларымен реттелетін қатынастар аясы мейлінше кең. Ол мемлекет пен қоғам өмірінің барлық салаларын: саяси, экономикалық, әлеуметтік, мәдени және басқа салаларды қамтиды. Әрине, конституциялық құқық нормалары аталған салаларды барлық көріністері бойынша және жан-жақты реттемейді. Ол аталған салаларда тек ең негізгі, базалық қабаттарды ғана реттейді. Бұл қабаттар мемлекет пен қоғамдағы кейін кең дамитын саяси, экономикалық, әлеуметтік, діни байланыстардың негізін қалайды.

Конституциялық құқық, тұтас алғанда, құқықтын реттеу әдістері деп аталатын белгілі бір тәсілдер мен әдістердің көмегімен мемлекеттік және қоғамдық қатынастарды реттейді. Конституциялық-құқықтық қатынастарды реттеу үшін төмендегідей: 1) міндеттеу әдісі; 2) тыйым салу әдісі; 3) рұқсат ету әдісі; 4) тану әдісі қолданылады. Міндеттеу әдісі мемлекеттік органға сияқты, жеке тұлғаларға да қатысты, олардың барлық қызмет саласында қолданылады. Қазақстан Республикасы Конституциясының 18-бабында: "Мемлекеттік органдар, қоғамдық бірлестіктер, лауазымды адамдар және бұқаралық ақпарат құралдары әрбір азаматқа өзінің құқықтары мен мүдделеріне қатысты құжаттармен, шешімдермен және ақпарат көздерімен танысу мүмкіндігін қамтамасыз етуге міндетті" деп жазылған. Қазақстан Республикасы Конституциясынын, 6-бабы бұл әдісті қолданудың тағы бір мысалы болып табылады. Яғни: "Меншік міндет жүктейді, оны пайдалану сонымен қатар қоғам игілігіне де қызмет етуге тиіс». Аталған қағида мемлекеттік меншікке сияқты, жеке меншікке де қатысты. Тиісінше, конституциялық норма мемлекеттік органдарды да, жеке меншік иелерін де меншікті тек өз мүддесіне ғана емес, сондай-ақ қоғам мүддесіне де пайдалануға міндеттейді.

Конституциялық құкықта тыйым салу әдісі де кең қолданылады. Бұл әдіс, көбіне мемлекеттік органдарға, қоғамдық құрылымдарға қатысты қолданылады. Тыйым салу әдісі азаматтарға қатысты шектеулі жағдайларда ғана қолданылады.

Әкімшілік құқық-мемлекттің басқару аясында мемлекет органдарын ұйымдастыру және олардың атқарушы-өкім ету қызметінің барысында пайда болатын қоғамдық қатынастарды реттейді,жергілікті басқару органдарының құрылымы мен күзіретін белгілейді.

Осылайша, прокурорлық қадағалаумен қатар атқарушы биліктің уәкілетті лауазымды тұлғаларының заңда көзделген әкімшілік мәжбүрлеу шаралары жағдайларын қолдана отырып, бағынысты емес субъектілерге – азаматтар мен ұйымдарға қатысты жүзеге асыратын, әкімшілік заңнамамен реттелетін қызмет салаларындағы заңдылықты сақтауды қамтамасыз ету мақсатындағы әкімшілік қадағалаудың болуы заңдылық.

Яғни азаматтар мен ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін қатаң сақтау кезіндегі әкімшілік қадағалаудың міндеті әкімшілік құқықтық режимді сақтауды қамтамасыз ету.

Мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жетілдірудің перспективалы бағыттары:

- бақылау-қадағалау органдарының жүйесін оңтайландырумен;

- кәсіпкерлерге ғана емес, сонымен қатар құқықтың басқа да субъектілеріне қатысты бақылау-қадағалау өкілеттіктерінің ауқымын реттеумен және қысқартумен;

- әкімшілік-қадағалау қызметін құқықтық реттеу деңгейін арттырумен байланысты.

Мемлекеттік қызмет саласындағы қатынастар да әкімшілік құқықты реттеудің нысаны болып табылады. Оның дамуының басым бағыттар ретінде:


- мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметтің аражігін неғұрлым нақты ажырату;
- мемлекеттік қызметте адам ресурстарын басқарудың жаңа институттарын қалыптастыру және жұмыс істеп тұрғандарын жаңғырту;
- мемлекеттік қызметке кәсіби және жеке сипаттары негізінде іріктеудің жаңа әдістерін енгізу;
- еңбекке ақы төлеудің және ынталандырудың жаңа принциптерін енгізу;
- мемлекеттік қызметшілердің түпкілікті нәтижеге бағдарланған қызметін бағалаудың қазіргі заманғы жүйесін енгізу күтіледі.

Әкімшілік құқықтың маңызды құрамдас бөліктерінің бірі даму перспективасы әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнаманы жаңартумен байланысты, негізінде адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтары туралы тікелей қолданыстағы мәнін, мазмұнын анықтайтын және заңдарды қолданумен конституциялық нормаларды тану жатуға тиіс – әкімшілікделиктілік құқық болып табылады.

Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы заңнама бұзылған құқықтарды қалпына келтіруге, әкімшілік-құқықтық шаралармен қоғамдағы құқықтық жанжалдардың алдын алуға барынша бағытталуы тиіс. Бұл ретте әкімшілік-құқықтық санкцияларды қалыптастыру кезінде олардың қоғамдық қауіптілік деңгейі мен құқық бұзушылық сипатына сәйкестік принципі мүлтіксіз сақталуы тиіс.

Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарау жөнінде сот және соттан тыс инстанциялар арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажыратудың, яғни әкімшілік істерді сотта және соттан тыс қарау тәртібі арақатынасының нақты тұжырымдамасын айқандаған жөн. Бұл ретте соттың әкімшілік жаза


қолдану жөніндегі өкілеттігін кеңейту мүмкіндігі, сондай-ақ әкімшілік сот өндірісіндегі жарыспалылық қағидатын дамыту туралы тезис өзекті күйінде қала береді.

Әкімшілік-деликтілік құқық үшін әкімшілік-деликтілік заңнамамен қорғалатын құқықтық қатынастар ауқымын неғұрлым нақты анықтау және тиісінше әкімшілік-құқықтық және қылмыстық-құқықтық санкциялардың аражігін нақты ажырату мәселелері өткір болып табылады.

Тағы бір маңызды бағыт әкімшілік-іс жүргізу құқығын дамыту болып табылады, оның нәтижесі Әкімшілік-іс жүргізу кодексін қабылдау болар еді. Бұл ретте әкімшілік-іс жүргізу заңнамасының реттеудің нысанын нақты анықтау қажет. Бұл тұрғыда әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы нақты істерді шешу тәртібін заңнамалық регламенттеу мәселелері өзектілігін сақтайды.

Сондай-ақ әкімшілік-іс жүргізу құқығын дамытумен байланысты мемлекет пен азамат (ұйым) арасында жариялы-құқықтық қатынастардан туындаған құқық туралы дауды шешетін әкімшілік әділет мәселесін қараған жөн. Яғни, іс жүргізу оқшаулау мен жариялы-құқықтық сипаттағы жанжалдарды шешу тәртібінің заңдылығы мәселелері қаралуға жатады.

Осылайша, әкімшілік сот ісін жүргізу қылмыстық және азаматтық іс жүргізумен қатар сот төрелігін жүзеге асырудың толыққанды нысаны болуы тиіс.



Қылмыстық құқық дегеніміз – құқық саласының негізгі түрлерінің бірі ретінде қылмыстың түсінігі мен белгілерін, қылмыс үшін қылмыстық жауаптылықтың негізі мен шектерін, сондай-ақ қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босатудың шарттарын айқындайтын құқықтың нормалардың жиынтығы. Жалпы қылмыстық құқықтың негізгі міндеттері - әлеуметтік құндылықтарды қорғау және қылмыстардың алдын алу (қылмыстарды болдырмау; қылмыстардың профилактикасы) болып табылады.

Заң әдебиеттерінде қылмыстық құқықтың тәрбиелік міндеттерді жүзеге асыратындығы туралы пікірлер айтылған. Біздің мұнымен келісуміз керек. Себебі: азаматтардың бойына заң құрметтешілік дағдысын, мораль талаптарына жауап беретін тәртіп қалыптастыру барлық құқық салаларының алдында тұрған міндет. Сондықтан, қылмысты құқық – азаматтық, әкімшілік тағы басқа да құқық салаларындай тәрбиелік мәні бар әсер ету шаралары қолдануы қажет.

Тұлғаның қылмыстық жауапқа тартылуының ескіру мерзімі өтпеген немесе соттылығы жойылмаған не алынып тасталмаған немесе қылмыстық жауапқа тартылу заңға сәйкес тоқтатылмаған екі не одан да көп қылмыс жасауы қылмыстық құқыққа қылмыстардың көптігі деп танылады.

Бір ғана тұлғаның бірнеше рет қылмысқа баруы – қоғам үшін аса қауіпті болып табылады. Біріншіден, қылмыстық құқықтық қорғауындағы қоғамдық қатынастарға тиетін зиян объективті түрде анағұрлым арта түседі. Екіншіден, бір тұлғаның жасаған қылмыстары әртүрлі объектілерге қиянат келтіретін болса, зиян келетін қоғамдық қатынастардың қатарының өзі де кеңейе түсуі мүмкін. Және де, бір тұлғаның бір ғана емес, бірнеше қылмыс жасауының өзі әдетте, бұл қылмыскердің бойында тұрақты түрде қоғамға қарсы бағыт қалыптасқандығын дәлелдейді. Мұның өзі жағдайдың тең қарастырылуы барысында бұл тұлғаға неғұрлым қатал қылмыстық – құқықтық ықпалдың қолданылуын талап етеді. Сонымен қатар, бір


тұлғаның бірнеше қылмыс жасауы, оның істегендерінің дұрыс саралануы мәселесін де туындатады.

Қылмыстардың көптігі 3 түрге ажыратылады:

1қылмыстың бірнеше мәрте жасалуы;

2Қылмыстардың жиынтығы;

3 қылмыстың қайталануы


Экологиялық құқық

Қоршаған табиғи ортаны қорғау және табиғи ресурстарды тиімді пайдалану қоғамның экономикалық даму барысын жетілдірудің міндетті шарты. Біздің елімізде табиғатты қорғау және оның байлықтарын тиімді пайдалану қоғамның дамуының конституциялық қағидаларына енгізілген. Ол әрбір адамның парызы ретінде жалпы мемлекеттік, жалпыхалықтық міндет болып табылады. Экологиялық құқық бұл осы кезеңмен болашақтың адамдарының мүдделері үшін қоғам мен табиғат аясындағы қарым-қатынасқа байланысты қоғамдық қатынастарды реттейтін жаңа құқық салаларының бірі болып табылады.

Табиғатты қорғау – қазіргі кезең және болашақ ұрпақтар үшін қошаған табиғи ортаның сапасымен байланысты қоғамның экологиялық даму мүддесі болып табылады. Құқықтық экология бұл қоғам мен табиғаттың өзара байланысынан туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейтін нормалардың жиынтығы. Құқықтық экологияның анықталуының бірі болып – экология құқығы болып табылады. Экология құқығы бұл қазіргі және болашақ ұрпақ үшін қошаған табиғи ортаны тиімді пайдаланумен қорғауға байланысты қоғам мен табиғаттың қарым-қатынасын анықтайтын қоғамдық қатынастарды реттейтін нормалардың жиынтығы. Экология құқығы құқық саласы ретінде адамдардың мүдделері үшін қоғам мен табиғат арасындағы

үйлесімді байланыстарға жету мақсатында экологиялық қоғамдық қатынастарды жүзеге асыратын арнайы тәсілдерді реттейтін құқықтық номалардың жүйесін құрайды.

Экология құқықтың әдістері қоғам мен табиғат арасындағы үйлесімді байланысқа жетуге бағытталған, олар табиғатқа да, қоғамға да қатысты заңдылықтардың құқықтық реттелуінің сақталуына негізделеді.

Қазақстан Республикасы экология құқықтарының қайнар көздеріне – айналадағы табиғи ортаны қорғау, оны пайдалану, сапасын арттыру және табиғи ресурстар жөніндегі қоғамдық қатынастарды реттейтін нормативтік актілер жатады. Кейбір нормативтік актілер экологиялық заңдардың құрамына кірмеуі де мүмкін. Мысалы: Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексі – экологиялық заңдарды бұзғаны үшін жауаптылықтарды реттейтін нормалардан тұрады, сондықтан ол экологиялық құқықтың қайнар көзіне жатады, бірақ экологиялық заңдылықтардың құрамына кірмейді, өйткені қылмыстық заңдардың құрамына кіреді, сол сияқты Азаматтық кодекс, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстері де экология құқығының қайнар көздеріне жатады, бірақ экологиялық заңдардың құрамына кірмейді. Сондықтан «Экологиялық құқықтың қайнар көздері» деген ұғым «Экологиялық заңдар» деген ұғымнан кең.

Экология құқықтарының қайнар көздері белгілері бойынша үшке бөлінеді:

кешенді;


ресурстық;

әлеуметтік - экологиялық.

Экология құқықтарының ресурстық қайнар көздеріне нормативтік актілер, егер құқықтық реттеудің объектісіне жеке табиғи ресурстар жататын болса, мұнда Жер кодексі, Су кодексі, Орман кодексі және т.б. жатады.

Экология құқықтарының әлеуметтік –экологиялық қайнар көздеріне адамдардың өмір сүруіне қолайлы ортаны қамтамасыз етуге бағытталған факторлар жатады. Оған «Қазақстан Республикасында халық денсаулығын сақтау туралы», «Семей облысындағы ядролық полигон туралы» заңдарды жатқызуға болады.


1) Экология құқықтарының ең негізгі қайнар көзіне Қазақстан Республикасының Конституциясы жатады. 2) Экология құқықтарының қайнар көзіне «Айналадағы табиғи ортаны қорғау туралы» Қазақстан Республикасының заңы жатады. Бұл заң қазіргі және болашақ ұрпақтың мүдделерін көздеп, айналадағы табиғи ортаны қорғаудың құқықтық, экономикалық және әлеуметтік негіздерін белгілеуге және адам қызметінің осы табиғи ортаға зиянды ықпал жасауына жол бермеу шараларына бағытталған. 3) Экология құқықтарының қайнар көздеріне министрліктер мен ведомстволардың нормативтік – құқықтық актілері жатады. Министрліктер мен ведомстволардың актілері салалық басқаруды жүзеге асырады.

Отбасы құқығы

Отбасылық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы отбасылық құқық деп аталады. Отбасы-неке қатынасын реттейтін негізгі нормативтік құқықтық акт Қазакстан Республикасының "Неке және отбасы туралы" Заңы болып табылады.

Неке — отбасын құрудың негізгі болып табылады. Ерлі-зайыптылар арасындағы мүліктік және мүліктік емес жеке қатынастарды туындататын отбасын кұру мақсатымен, заңда белгіленген тәртіппен тараптардың ерікті және толык келісімі жағдайында жасалған еркек пен әйелдің арасындағы тең құқықтық одақты — неке деп түсінуіміз кажет.Адамдар арасында некеден, туыстықтан, бала асырап алудан, отбасына тәрбиелеу үшін бала алудан

туындайтын қатынастар отбасылық қатынастар деп аталады. Бірақ отбасындағы қатынастардың бәрі бірдей құқық жөнімен реттеле бермейді. Отбасындағы қатынастар, негізінен, адамгершілік, игілік-өнегелік нормалары негізінде реттеледі. Бұл өзара кұрмет, сүйіспеншілік, қамқорлық және имандылық қолдаудың көрінісі. Отбасылык өмір қалыбы, көбінесе ұлттық дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарға сүйенеді (үлкендерді қадірлеу, отбасын қамтамасыз ету оның басшысы ретінде толықтай ер адамға жүктеледі, туысқандарды қадірлеп, құрметтеу).


Отбасының ішкі мәселелері отбасы мүшелерінің өзара келісімі бойынша шешіледі. Егер ол мәселелер кәмелетке толмағандардың мүдделеріне қатысты болса, оны шешуге балалар да қатыстырылады. Құқықтық нормаларга араласу отбасылық қатынастар бұзылганда қажет. Жеке басындық қатынастармен салыстырғанда отбасылық мүліктік қатынастар құқық арқылы егжей-тегжейлі реттеледі, өйткені бұл қатынастардың объектісі материалдық игілік болып табылады. Отбасылық құқық азаматтық құқықпен тығыз байланысты. Мәселен, отбасылык құқықпен реттелмеген отбасы мүшелерінің арасындағы мүліктік және жеке мүліктік емес қатынастарды реттеуге азаматтық заңнама қолданылады, өйткені ол отбасылык-некелік қатынастардың мәніне қайшы келмейді.

Туыстық және туысқандардың түрлері

Отбасылық құқық тек шартты түрде ғана отбасылық деп атауға болатын өзге де қатынастарды реттейді. Мәселен, немерелері мен әжелерінің арасындығы қатынастар; өздерінің отбасын құрып, бөлек тұратын кемелетке толған ағалары мен қарындастарының арасындағы қатынастар. Бұл көрсетілген қатынастардың негізіне көбінесе туыстық жатады, сондыктан да мұндай қатынастарды туыстық қатынастар деп атау керек. Туыстық дегенде бір

негізден немесе ортақ бір атадан тарайтын қандас адамдардың байланысы түсініледі. Туыстықтың екі тармағы болады: тікелей және жанама туыстық. Тікелей туыстық адамдардың бір негізден тарайтындығына негізделеді. Туыстық жоғары және төменгі тармаққа ажыратылады. Туыстықтың жоғары тармағы ұрпақтан арғы атаға қарай тарайды (әкеге, шешеге, атаға, атаның атасына және т.б.), төменгі тармак — арғы атадан ұрпақтарына карай тарайды (балаға, немереге, шөбереге және т.б.).

Азаматтық құқықта заң бойынша мүлікке мұрагерлік етуде жақын, сондай-ақ алыс туыстық та есепке алынады. Бүгінгі күні мұрагерлердің алты кезектілігі аныкталған. Оларға: балалары, ерлі-зайыптылар мен ата-аналарынан баска (бірінші кезектілік) мұра қалдырушының туыстары, толык туыстары, толық емес туыс (жақын) ағалары мен қарындастары, сондай-ақ оның әкесі жағынан және шешесі жағынан келетін атасы мен әжесі (екінші кезектілік), мұра қалдырушының туған көкесі мен тәтелері (үшінші кезектілік), мұра қалдырушының алтыншы атасына дейінгі өзге де туыстары (төртінші кезектілік), егер олар мұра қалдырушымен бір ортада кем дегенде он жыл бірге тұрса туыс ағалары мен қарындастары өгей әкесі мен өгей шешесі (бесінші кезектілік), мұра қалдырушының еңбекке жарамсыз асырауында болғандар (алтыншы кезектілік) жатады. Заң бойынша мұрагерлер кезегі бойынша мұрагерлікке ие болады.

Сондай-ақ өсиет бойынша мұрагерлер де болады.

Туған ағалары мен қарындастары толык туыс және толык емес туыс болып бөлінеді. Толық туыстар - бір ортақ ата-анадан тарайтын аға-іні, апа-қарындастар. Егер әкесі мен шешесінің біреуі ғана ортақ болса, онда ағасына іні-қарындастар толық емес туыс деп есептеледі.

Толык емес туыс аға-қарындастарды ерлі-зайыптылардың бұрынғы некелерінен немесе некеден тыс туған туыс аға-қарындастармен шатастыруға

болмайды. Олардың ортақ әкелері де шешелері де жок, демек, олар туыс емес, сүйек жақындар деп танылады. Ері мен оның туыстары бір жағынан, әйелі мен оның туыстары — екінші жағынан, бұлар да сүйек жақындар. Өгей әке-шешесі және өгей ер бала мен кызы да сүйек жақындар деп есептеледі.

Отбасының толық және толық емес түрлері болады. Толык отбасында ата-анасы, балалары және әдетте, әкесі жағынан да және шешесі жағынан да аға ұрпақ өкілдері — атасы мен әжесі болады. Толық емес отбасы балалардың ата-анасының біреуінің ғана болуымен сипатталады. Соның өзінде балалардың ата-аналары ажырасқан болса, балалары соның қарамағында қалған ата-анаға екінші жағы балаларды және еңбекке жарымсыз ерлі-зайыптыны бағып-қағу үшін алимент төлейді. Егер ерлі-зайыптылардың біреуі қайтыс болып, екіншісінің қарамағында кәмелетке толмаған балалары қалса, онда оған мемлекет жәрдемақы ретінде материалдық көмек көрсетеді. Сөйтіп, толык және толық емес отбасы да тең жағдайда заң және мемлекет арқылы қорғалады.

Неке мен отбасын қорғау екі түрде жүзеге асырылады: юрисдикциялық және бейюрисдикциялық. Біріншісінде — отбасының құқығы бұзылған немесе дауланатын құқықты қорғау жөніндегі өкілетті мемлекеттік органдарды қатыстыру арқылы жүзеге асырылады. Бұлар сот, прокурор, азаматтық хал актілерін тіркеу (АХАТ) органдары, қамкоршылык органдары, ішкі істер органы.

Екінші түрі — отбасының құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі азаматтар мен ұйымдардың іс-әрекеттері. Азаматтар бұл әрекеттерді мемлекеттік органдардан көмектесуді өтінбей-ақ өздері іске асырады. Мұндай іс-әрекеттерді — кұқығын өзі қорғау деп атайды. Мысалы, құқығы

бұзылған баланың ата-анасы тәртіп бұзушы баланың ата-анасымен кеңесіп, оған кешірім сұрауға ұсыныс жасайды және т.б.

Сот арқылы қорғау — отбасы құқығын қорғаудың бір түрі болып табылады. Бұл істе прокуратура, ішкі істер органдары, АХАТ органдары, тәрбиелік мекемелер, атқарушы органдар — әкімдіктер үлкен рөл атқарады. Мысалы, әкімдіктер ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау шараларын қолға алуға, ондай балаларды есепке алуды ұйымдастырып, оларды отбасыларға орналастыруға көмек көрсетуге міндетті. Ішкі істер органдары баланы күштеп тартып алуға, сондай-ақ алимент төлеуден жалтарып жүрген адамдарды іздестіруге байланысты шешімдерді күштеп орындауға қатысулары мүмкін.



Еңбек құқығы (ағыл. labour law) - Жалдамалы жұмысшылардың еңбегін реттейтін құқық саласы.

Еңбек құқығы:

жұмыскермен қызметкердің тікелей еңбек ету жағдайы бойынша жұмыс беруші атынан әрекет ететін әкімшілікпен қатынасын реттейді;

өндірісті басқаруға жұмыскердің қатысу, еңбек жағдайын тағайындау мен қолдану жағдайы бойынша әкімшіліктің еңбек ұжымымен қатынасы;

еңбек дауларын қарастыру бойынша қатынастар;

еңбекті қорғау және бірқатар басқалары бойынша қатынастар.



Қаржы құқығы мемлекеттің дамуының әрбір нақты кезеңінде оның міндеттері мен қызметтерінің үздіксіз атқарылуын қамтамасыз ету үшін мемлекеттің қаржылық қызметінің барысында пайда болатын қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы.

Мемлекеттің қаржылық қызметі түрлі әдістердің көмегімен іске асырылады. Осындай әдістердің бірі ақшалай қаржы жинау, яғни жеке және заңды тұлғалардың табысының, пайдасының бір бөлігі заңда көрсетілген мерзім


мен мөлшерде мемлекеттің бюджетіне түседі. Бюджетке аталған түсімдердің уақытында төленуін мемлекетҚаржылық бақылау. Қаржылық бақылау мемлекеттің қаржылық іс-әрекетінің ақша-қаржы ағымын, бюджеттің қазынасын қатаң сақтау мен бақылауға бағытталған маңызды бір бөлігі. Қаржылық бақылау барынша күрделі жүйе және ол төмендегідей бірнеше бөліктерден тұрады: 1) бақлыау субъектісі; 2) бақылау объектісі; 3) бақылау заты (тақырыбы); 4) бақылаудың максаты; 5) бақылауды іске асырудың әдістері.

Қаржылық бақылаудың субъектісі болып қаржылық бақылауды іске асыруға құзіреті бар арнайы мемлекеттік не мемлекеттік емес органдар, лауазымды адамдар табылады. Сондықтан, тікелей тексеруші қаржылық бақылаудың субъектісі, ал тексерілуші объектісі болады.

Мемлекеттік қаржылық бақылаудың объектісіне осы бақылаудың шеңберіне ілінген тұлғалар, нақты айтсақ: 1) мемлекеттік органдар; 2) мемлекеттік заңды тұлғалар; 3) мемлелкеттік емес заңды тұлғалар; 4)азаматтар жатады.

Бюджеттік құқық негіздері

Материалды мағынасында бюджет мемлекеттің ақша қоры. Осы тұрғыдан қарағанда бюджет дегеніміз мемлелкеттің міндеттері мен функцияларын іске асыруды қаржымен қамтамасыз етуге арналған орталықтандырылған ақша қоры.

Бюджет үрдісінде туындайтын қатынастар бюджеттік қатынастар деп аталады. Бюджетті жоспарлау, қарау, бекіту, атқару, нақтылау, түзету жөніндегі, бюджеттің атқарылуы бойынша бюджет есебі мен есептілігін жүргізу мемлекеттік қаржы бақылауы, сондай-ақ байланыстырылған гранттарды жоспарлау мен пайдалану жөніндегі Қазақстан Республикасының бюджет заңдарымен реттелген қызмет бюджет үрдісі деп аталады.

Бюджеттер және Қазақстан Республикасы Ұлттық қоры, сондай-ақ бюджеттік үрдістер мен қатынастар жиынтығы бюджет жүйесін құрайды.

Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі төмендегідей түрлер мен деңгейлерге бөлінеді. Бюджеттердің түрлеріне: 1) түзетілген бюджет; 2)бекітілген бюджет; 3) нақтыланған бюджет; 4) мемлекеттік бюджет; 5)жергілікті бюджеттер жатады. Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі шотында шоғырландырылатын, мемлелкеттің қаржылық актив түріндегі, сондай-ақ, материалдық емес активтерді қоспағанда, өзге де мүлік түріндегі аквтитері Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры болып табылады. Ұлттық қор жинақтау және тұрақтандыру қызметтерін жүзеге асырады.

Азаматтық құқық

Құқықта — аталмыш елдің азаматтығын алған, конституцияда көрсетілген құқықтар мен міндеттердін барлық жиынтықына ие адам. Бұл - өз кадірін сезінетін, саяси және құқықтық мәдениетті меңгерген, «отанының лайықты ұлы» атағына сай және аталмыш мемлекеттің заңдарына бағынатын әнегелі адам. Қазақстан Республикасы өзінің мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдары тұлғасында республика азаматтары алдында жауапты, ал Қазақстан Республикасының азаматы Қазақстан Республикасы алдында жауапты. Ол Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын сақтауға, Қазақстан Республикасының мүдделерін, оның аумақтық тұтастығын қорғауға, мемлекеттік тіл мен оның аумағында тұратын барлық ұлттардын тілдеріне, әдет-ғұрпына, дәстүрлеріне құрметпен қарауға, Қазақстан Республикасының күшкүдіретін, егемендігін және тәуелсіздігін нығайтуға жәрдемдесуге міндетті.

Азаматтың қоғамның саяси, әлеуметтік және мәдени өміріне қатысу мүмкіндігін анықтайтын, мемлекет азаматының конституциялық-құқықтық

мәртебесінің негізі. Сонымен бір дерлікте, негізгі азаматтық құқықтар мен бостандыкқтар, қоғамдастық пен халықаралық ұйымдардың, бәрінен бұрын БҰҰ-ның қалт етпейтін назарында болады.



Азаматтық іс жүргізу құқығы

Азаматтық іс жүргізу құқығы – азаматтық істерді сотта қараудың шешудің тәртібін, сондай – ақ соттардың және басқа да кейбір органдардың қаулыларын орындау тәртібін реттейтін құқық саласы. Оның нормалары соттың, сот атқарушының және процестің барлық қатысушысының қызметін реттейді; сондай – ақ олардың құқылары мен міндеттерін анықтай отырып, сот мәжілісін жүргізудің тәртібін белгілейді. Азаматтық іс жүргізу заңдарымен бірге, бұл ұғым өзімен аттас ғылымды, әрі оқу пәнін де қамтиды.

Республикада жүргізіліп жатқан құқықтық реформа сот қызметін жетілдіруге, сот билігін күшейтуге, оған мемлекеттік заң шығарушы және атқарушы бөлікпен қатар үшінші билік рөлін беруге бағытталған.

Сот билігі Қазақстан Республикасының атынан жүзеге асырылады және өзіне азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауды, Республика Конституциясының, заңдарының, өзге де нормативтік құқықтық актілерінің, халықаралық шарттарының орындалуын қамтамасыз етуді мақсат етіп қояды (Қазақстан Республикасы Конституциясының 76 бабы).

Сот билігі сотта іс жүргізудің азаматтық, қылмыстық және заңмен белгіленген өзге де нысандары арқылы жүзеге асырылады (Конституцияның 75 бабы).

Қазақстан Республикасында сот әділдігін тек сот қана жүзеге асырады. Соттарда қаралатын істердің көпшілігі азаматтық істер болып табылады. Бұлар-азаматтық, отбасылық, еңбек, тұрғын үй, экологиялық, қаржы, салық


және ведомстволық бағыныстағы соттардың қарастылығына жатқызылған басқа да құқық қатынастарынан туындайтын даулар.

Азаматтық істерді қарау мен шешу тәртібі азаматтық сот ісін жүргізу туралы заңдармен белгіленеді. Республиканың барлық соттарында азаматтық істерді жүргізу тәртібі азаматтық іс жүргізу құқығының нормаларымен белгіленеді.

Азаматтық іс жүргізу құқық қатынастарының субъектілері арасында іске қатысушы тұлғалар ерекше бөліп көрсетілген. Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексінің 44 бабына сәйкес оларға мыналар: тараптар, үшінші тұлғалар, прокурор, мемлекеттік басқару органдары, кәсіподақтар және заңда көзделген жағдайда басқа адамдардың құқықтары мен міндеттерін қорғайтын басқа да қоғамдық ұйымдар жатқызылған. Олар іске өз атынан қатысады, өздерінің субъективті құқықтары мен мүдделерін, не басқа тұлғалардың құқықтары мен мүдделерін қорғайды. Бұлар-өздерінің іс жүргізу әрекеттерімен істің қозғалуына, істің бір сатыдан екінші сатыға өтуіне және істі жүргізудің қысқартылуына ықпал ететін тұлғалар.

Азаматтық іс жүргізу құқығын реттеу әдісі императивтік-диспозитивтік сипатта болады. Соттың іс жүргізу әрекеттері билік сипатында жасалады, олар өздері арнап шығарылған тұлғалар үшін міндетті, өйткені оларды мемлекеттік билік органы шығарады және мәжбүрлеу күші бар құқық нормасына негізделген. Іске қатысушы тұлғалар жасайтын іс жүргізу әрекеттері диспозитивтік сипатта болады. Азаматтық іс талап қоюшының талап-арыздан бас тарту туралы арызы бойынша немесе тараптардың бітісу келісімін жасауы себепті қысқартылуы мүмкін. Азаматтық істің өзіндік ерекшелігі осында.

Азаматтық іс жүргізу құқығы жалпы және ерекше бөлімдерден тұрады. Жалпы бөлімге сот әділдігі принциптерін, азаматтық істердің сотқа

қарастылығы, сот құрамын, қарсылық білдіруді, іске қатысушы тұлғалардың құрамын, олардың іс жүргізу құқығы мен міндеттерін дәлелдеу, талап қою және басқаларын баянды ететін нормалар енеді.

Азаматтық іс жүргізу құқығының ерекше бөлігі-құқықтың осы саласының жекелеген институттарын, сатыларын реттейтін құқық нормаларының жиынтығы.

Азаматтық іс жүргізу соттың, іске қатысушы тұлғалардың және процеске басқа да қатысушылардың, сондай-ақ сот қаулыларын орындайтын органдардың азаматтық іс жүргізу құқығының нормаларымен реттелген қызметі. Азаматтық іс жүргізу дегеніміз, іс жүргізу құқық қатынастары пайда болуының, дамуының және тоқтатылуының жүйелі тәртібі болып табылады, өйткені бұл қатынастар іске мүдделі барлық тұлғалардың белсене қатысуымен азаматтық істер бойынша сот әділдігін жүзеге асыру жөніндегі сот қызметі процесінде пайда болады, дамиды және тоқтатылады не олар соттың істің шын мән-жайын анықтауына жәрдемдеседі.

Азаматтық сот ісін жүргізудің міндеттері Азаматтық іс жүргізу кодексінің 5 бабында белгіленген. Сот азаматтардың және ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мақсатында азаматтық істерді дұрыс және мерзімінде шешуі тиіс. Осы негізгі міндетті орындау арқылы азаматтық сот ісін жүргізу құқықтық мемлекетті, заңдылық пен құқық тәртібін нығайтуға, әлеуметтік әділеттілікті орнықтыруға, құқық бұзушылықтардың алдын алуға, азаматтарды заңдарды дәл және мүлтіксіз орындау, азаматтардың құқығы, ар-ожданы мен қадір-қасиетін, ортақ тұрмыс ережелерін құрметтеу рухында тәрбиелеуге жәрдемдесуге тиіс. Азаматтық процесс жеке сатылардан тұратын үдемелі қозғалыс болып табылады. Процесс мынадай сатыларға бөлінеді:

1)сотта азаматтық істің қозғалуы;

2)істі сотта қарауға әзірлеу;

3)істі бірінші сатыдағы сотта мәні бойынша қарау;

4)істі апелляциялық тәртіппен қарау;

5)заңды күшіне енген сот шешімдерін, ұйғарымдарын, қаулыларын қадағалау тәртібін қайта қарау;

6)заңды күшіне енген шешімдерді, ұйғарымдарды, қаулыларды жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта қарау;

7)атқару ісін жүргізу;

Азаматтық іс жүргізу құқығы құқықтың басқа салаларымен, әсіресе материалдық салаларымен тығыз байланысты. Онда анықтау нысанасын, істің сотқа қарастылығын анықтайтын азаматтық іс жүргізу сипатындағы нормалар болады. Сот іс бойынша шешім шығаратын кезде даулы құқық қатынастарын реттейтін материалдық құқық нормаларын қолданады.

Халықаралық құқық

Халықаралық құқық – бұл халықаралық құқықтың субъектілері туындататын және халықаралық құқықтың субъектілері (мемлекеттер, өз тәуелсіздігі үшін күресуші халықтар, халықаралық ұйымдар арасындағы, сонымен қатар кейбір жағдайларда, жеке және заңды тұлғалар қатысатын) арасындағы қатынастарды реттейтін халықаралық- құқықтық қағидалар мен нормалардың жиынтығы.


Халықаралық құқықтың да өз реттеу пәні бар. Халықаралық – құқықтық реттеудің пәні болып табылатын қатынастарды екіге бөлуге болады:

а) мемлекеттер арасындағы қатынастар;


б) мемлекеттер мен өз тәуелсіздігі үшін күресуші ұлттар арасындағы қатынастар. Халықаралық құқықтың нормалары , ең бастысы, халықаралық қатынастардың негізгі субъектілері – мемлекеттер арасындағы қатынастарды белгілеуге бағытталған. Бастапқыда халықаралық құқық мемлекететр арасындағы құқық ретінде қалыптасқан болатын.

Бірақта, халықаралық құқық мемлекеттер арасындағы емес сипаттағы қатынастарды да, яғни қатысушыларының біреуі мемлекет болып немесе мемлекет мүлде қатыспайтын қатынастарды да реттеді. Қазіргі уақытта, халықаралық келісімге қатысушылардың ауқымы кеңейіп келеді және мемлекеттің ішкі құзырлығына кіретін көптеген қатынастар мемлекеттердің ортақ мүдделерінің сферасына көшті.

Мемлекеттер арасындағы емес халықаралық қатынастар:

а) мемлекет пен халықаралық ұйымдар арасындағы;

б) халықаралық ұйымдар арасындағы;

в) бір жағынан мемлекететр, халықаралық ұйымдар, екінші жағынан жеке және заңды тұлғалар арасындағы;

г) жеке және заңды тұлғалар арасындағы.

Халықаралық құқық – бұл ерекше құқық жүйесі болып табылады. Ғылым және оқу пәні болып табылады.

Халықаралық құқық құқық жүйесі ретінде барлық мемлекететрдің, барлық адамзаттың иглігі болып табылады, ол барлығына біреу. Бірақ та халықаралық құқық ғылымы барлық мемлекеттерге бірдей бола алмайды. Әрбір мемлекеттте өзінің халықаралық құқық ғылымы болады,мысалы, халықаралық құқықтың қазақстандық ғылымы.

Халықаралық құқық, кез келген мемлекеттің ұлттық құқығы сияқты салаларға бөлінеді. Халықаралық құқықтың салалары халықаралық қатынастардың белгілі бір тобын реттейді және халықаралық –құқықтық институттар мен нормалардың жиынтығы болып табылады. Мысалы,

Халықаралық қауіпсіздік құқық саласы халықаралық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі қатынастарды реттейді; Халықаралық ұйымдар құқығы халықаралық ұйымдарды құру мен қызмет ету тәртібін реттейді.


Халықаралық құқықта мынадай салалар қалыптасқан:
1) Халықаралық құқық субъектілік құқық;
2) Халықаралық ұйымдар құқығы;
3) Халықаралық гуманитарлық құқық;
4) Халықаралық теңіз құқығы;
5) Халықаралық әуе құқығы;
6) Халықаралық ғарыш құқығы;
7) Халықаралық атом құқығы;
8) Халықаралық экономикалық құқық;
9) Халықаралық қылмыспен күрес құқығы;
10) Халықаралық келісімшарт құқығы;
11) Халықаралық қоршаған ортаны қорғау құқығы;
12) Халықаралық қауіпсіздік құқығы.

Халықаралық құқық – мемлекеттер арасындағы қатынастарда өзін қалай ұстау керек екендігі жөніндегі келісімшарт нормаларының жиынтығы болса, дипломатия – сыртқы саясатты жүргізу амал-тәсілдердің жиынтығы, ал сыртқы саясат – бұл өзінің мүдделерін қанағаттандыру үшін халықаралық аренада оның жүргізетін негізгі бағыттары.



Қортынды

Барлық заңдық нормалар бір-бірімен тығыз байланысты, өзара тәуелді, өзара негізделген және бірыңғай жүйе құрайды. Құқық жүйесі — нақтылы түрде қалыптасқан құқықтың ішкі құрылымы. Құқық институты — бірыңғай қоғамдық қатынастардың жеке, шартты түрде дербес түрлерін реттейтін құқық нормаларының жиынтығы.

Қазақстан зайырлы мемлекет болып табылады, онда конфессияаралық татулық пен келісім салтанат құруда, дінге сенушілермен қатар атеистік көзқарасты ұстанатын азаматтардың да құқығы құрметтеледі. Мемлекет діни қызмет саласына араласпайды, алайда конфессиялармен өзара іс-қимылды қамтамасыз етуі және азаматтардың діни сенім бостандығы құқығын қорғауы тиіс, ол үшін осы салада тиімді мемлекеттік саясат қалыптасып келеді. Діни сенім бостандығы туралы заңнаманы миссионерлік қызметті реттеу, діни өнімдерді тарату, діни бірлестіктерді тіркеу бөлігінде одан әрі жетілдіру, сақтау және біркелкі қолдану қажет.

Қазіргі жағдайларда мемлекеттік және қоғамдық өмірде гендерлік теңдік, әйелдер мен ерлердің тең құқықтары мен тең мүмкіндіктерін қамтамасыз ету факторы айтарлықтай рөлге ие болуда.


Қазақстанның өмір сүру сапасының стандарттары жоғары, серпінді, қазіргі заманғы мемлекет ретінде қарышты да орнықты дамуы адами әлеуетті,

азаматтардың іскерлігін жандандыру, азаматтық қоғам институттарын нығайту негізінде ғана мүмкін болады.Осыған байланысты азаматтық қоғам институттарының дамуына және азаматтық бастамаларды іске асыру мүмкіндігіне қосымша қарқын беретін құқықтық құралдар қажет.

Үкіметтік емес ұйымдардың мәртебесін жетілдіру керек, құқықтық реттеу тетіктері үкіметтік емес ұйымдар қызметінің ерекшеліктерін, сондай-ақ қоғамдық бірлестіктерді мемлекеттік қолдауды қамтамасыз етуді ескеруі тиіс.Ақпарат мәселелерін реттейтін нормативтік-құқықтық реттеуді де жетілдіру қажет. Осы қызмет және оның құқықтық реттелуі тұтас алғанда кепілді сөз бостандығына, адамның жеке өміріне, жеке және отбасылық құпияларына, хат жазысу, телефон арқылы сөйлесу және өзге де алысқан хабарларының құпиясына қол сұғылмауына конституциялық құқықтарының сақталуын, сондай-ақ мемлекеттік құпиялар туралы заңнама талаптарының сақталуын ескере отырып, заңда тыйым салынбаған тәсілдермен кез келген ақпаратты еркін алуға және таратуға бағытталуы тиіс.

Азаматтық бастамаларды дамыту жергілікті өзін-өзі басқару мәселелерімен тығыз байланысты. Мемлекет пен азаматтық қоғам тоғысындағы бұл институт өзін нығайту мен дамытуды талап етеді. Атап айтқанда, жинақталған тәжірибені ескере отырып, мемлекеттік басқару мен жергілікті өзін-өзі басқару функцияларының аражігін ажыратып қана қоймай, сонымен қатар жергілікті өзін-өзі басқару органдарын жергілікті маңызы бар мемлекеттік функцияларды іске асыруға кең ауқымда тарту қажет.

Дәстүрлі түрде жеке өзіндік құқыққа жеке тұлғалардың мүдделерін қамтамасыз етуге жұмылдырылған салалар жатқызылады (азаматтық, банктік, сақтандыру, патенттік құқық және басқалары).

Көпшілік құқыққа мемлекттік, әкімшілік және қылмыстық құқықтар жатқызылады.

Қазіргі қоғамның құқықтық жүйесі мынадай негізгі салаларды біріктіреді:

1. Мемлекеттік (конститутциялық) құқық- бұл елдің қоғамдық және мемлекеттік негізін белгілейтін құқық саласы, азаматтардың, мемлекет органдары жүйесінің құқықтық жағдайының негізгі және олардың негізгі өкілеттіктері.


2. Әкімшілік құқық мемлекеттік оргаандардың атқарушылық- басқарушылық қызметін жүзеге асыру барысында жинақталатын қоғамдық қатынастарды реттейді.

3. Қаржы құқығы қаржылық қызмет саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейтін нормалардың жиынтығын білдіреді.

4. Жер құқығы адамзат қоғамының өмір сүруінің материалдық негізі болып табылатын жерді, оның қойнауын, суды, ормандарды пайдалану мен қорғау саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді.

5. Азаматтық құқық-әр түрлі мүліктік және сонымен сабақтас жеке мүліктік емес қатынастарды реттейді. Азаматтық құқық нормалары

Еліміздің Негізгі заңында көрініс тапқан идеялар мен принциптер ұлттық құқықтық жүйенің негізгі бағыттары мен даму тетіктерін, оның ішінде конституциялық құқықты ұзақ мерзімді перспективада айқындайды. Яғни Конституцияның принциптері мен нормаларын, ең алдымен, мемлекеттік билік органдары мен оның лауазымды адамдарының қызметінде толыққанды іске асыру, бұл ретте Конституцияны тікелей қолданумен қатар ағымдағы заңнама және құқық қолдану арқылы оның әлеуетін қамтамасыз ету маңызды міндет болып табылады.

Біздің мемлекетіміздің Конституциясында бекітілген Республика қызметінің түбегейлі принциптерін (бұл: қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылық, барша халықтың игілігі үшін экономикалық даму, қазақстандық патриотизм, мемлекеттік өмірдің неғұрлым маңызды мәселелерін демократиялық әдістермен шешу) сақтау мен іске асыру елдің орнықты әлеуметтік-экономикалық және саяси-құқықтық дамуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. , дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне немесе кез келген өзге жағдаяттарға қатыссыз құқықтары мен бостандықтарының теңдігіне кепілдік беретін жағдай жасау болып табылады.

Осы орайда ұлттық келісімді сақтау мен нығайтуда, Қазақстанның көпұлтты халқының бірлігін қамтамасыз етуде құқықтық тетіктердің рөлі арта түсетін болады.

Пайдаланылған әдебиеттер:


1.Қазақстан Республикасының мемлекеті мен құқығының негіздері Алматы,2003.

2.Құқықтану- Алматы: Мектеп -2006


3. ҚР Конституциясы, 30 тамыз 1995 ж. – Алматы: Жеті жарғы,1996.

4 Мемлекет және құқық негіздері. Оқулық. Алматы., 2001.

5. Н. Дулатбеков., С. Амандыкова., А. Турлаев . Мемлекет және құқық негіздері. Алматы., 1999.

6. Н.А. Ағыбаев. Қылмыстық құқық. Жалпы бөлім. Алматы., 2001



7. ҚР Азаматтық құқығы . А. Төлеуғалиев. Алматы: «Жеті Жарғы»., 2001., I-II том

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет