1.«Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы » (Ұлы Абайдың поэзия құдіреті жайлы ой толғамы)



бет1/2
Дата02.09.2022
өлшемі88.77 Kb.
#460153
  1   2
абай


1.«Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы......»
(Ұлы Абайдың поэзия құдіреті жайлы ой толғамы)
Шын хакім, сөзің асыл – баға жетпес,
Бір сөзің мың жыл жүрсе дәмі кетпес.
Қарадан хакім болған сендей жанның,
Әлемнің құлағынан әні кетпес!
.......Ай, жыл өтер, дүние көшін тартар,
Өлтіріп талай жанды, жүгін артар.
Көз ашып, жұрттың ояу болған сайын,
Хакім ата, тыныш бол, қадірің артар.
М.Жұмабаев

Жоспар:


І. Кіріспе
Абай – қазақ поэзиясына жаңалық енгізуші.
ІІ. Негізгі бөлім
1.Ақынның өнер құдіреттілігін көрсетуі.
2.Өлең – сөздің патшасы (сөз өнеріне көзқарасы).
3.Абай өлеңдерінің тәрбиелік мәні.
ІІІ. Қорытынды
Жыр жазамын Абайдың үлгісімен.

Қазақтың бас ақыны – Абай Құнанбаев. Одан асқан бұрын-соңғы заманда қазақ баласында біз білетін ақын болған жоқ...


Абай не нәрсені жазса да түбірін, тамырын, ішкі сырын, қасиетін қармай жазды. Әр нәрсенің сырын, қасиетін терең сезініп жазған соң, сөздің бәрі де халыққа тіреліп, оқушылардың біліміне сын болып, емтихан болып табылады ( А. Байтұрсынов).
Жер бетінде тұратын әрбір ұлт өз елінің ұлы ақынымен мақтанады. Мысалға, орыстар Пушкинмен, ағылшындар Шекспирмен мақтанса, ал, біз, қазақтар Ұлы Абаймен мақтанамыз.
Баршамызға белгілі Абай – қазақ әдебиетіндегі ұлы тұлға, маңдай алды ақын екені, таңдаулы туындылары дүние жүзі поэзиясының озық үлгілерімен деңгейлес тұрғаны – білген адамға айқын шындық. Сан ғасырлық бай поэзиясы, ел қамын жоқтаған жүздеген ерен жүйрік жырау, жыршы, ақындары бар қазақ әдебиетінде Абай орнының ерекше болуы тегін емес.
«Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы...» - Абайдың 1887ж. жазған өлеңі. Көлемі әрқайсысы 5 тармақты 15 жолдан тұрады. Ол - қазақ оқушысына ертеден даңқты көркем әдебиетте Абай тудырған биік тұрғы есебіндегі өлең. Бұған шейін ақындықтың әлеумет тірлігіндегі өзгеше қасиеттерін Абайдың өзі де жырлаған жоқ-ты. Ақын мен ақындықтың мұрат-мақсаты туралы қазақ әдебиетінде Абайдан бұрын өзге де жырлаушы, жазушы болмаған.
Біріншіден, бұл өлеңде Абай ақындық өнері, ақын шығармалары әлеуметтік тартыстың үлкен құралы, зор мәнді әрекеті екенін анық түсінгенін көрсетеді. Шығарманың үлкен идеясы анық халықшыл демократ қайраткерлердің салт- санасын танытады. Ең алғашқы сөздерде өлеңге көркемдіктің шартын қойып, эстетикалық жаңа норма жариялайды. Адам баласы айтып келген сөздің асылы - поэзия екенін биік бағалаумен бірге, оны төмендететін олқылықтарды да алдымен айтады. Ал шын жақсы өлеңді ердің ері, данасы туғызатыны сөз болады. Шын жақсы өлең өзі де даналықтың айғағы дейді. Бірақ өзіне шейін қазақ көпшілігіне жайылып жүрген өлең бұны қанағат еткізе алмайды. Айтушы да, тыңдаушы да надан болғандықтан поэзияның зор қасиеті тумай да, танылмай да жүр дейді. Келесі бір-екі шумақта Абай өлең сөздің бағасын дін деректерімен дәлелдейді. Мұсылманшылық ұғымынша ең беделді деген жайларды дәлелдейді. Тәңірінің өзі, пайғамбары, мұсылмандарға ұстаздық етуші әулие ғұламасы - бәрі де өленді қадірлейтін боп аталады.
Осыдан кейінгі көп шумақтарда айтылатын ойларының барлығымен Абай ақындықтың, соның ішінде өз ақындығыныңжаңа платформасын, үлкен декларациясын жариялайды. Бұл жөнінде Абайдың толғаулы ойы, диалектикалық отрицание дәрежесіне, философиялық биікке өрлейді. Өткен тарих қалдырған әдебиетке тарихтық, философиялық қатты сынмен, қатал соқтығады. Бұрынғы қазақтың «жүйрігі, шешені» деген ескі биін мақал көлеміндегі жаттанды шешендіктен аспаған арзан ойдың көзқарасын көрсеткендер деп біледі. Әсіресе бұрынғы ақындардың кейбір топтарына ерекше қатты соқтығады. Сатымсақ ақынды - жағымпаз, жанын жалдаған жексұрын ақын етіп, өнер ұстап жүрудің орнына қайыршылыққа кеткен сорлылықты әшкерелейді... Сонымен қатар өзінің ендігі сөзі қоғамды, халықты түзейтін үлкен күш деп түсінеді. Өсиет өлең халық дертінің, тарих қайшылықтарының бәрін емдеп, тазартатын өзгеше қүрал деп біледі. Ал, Абайдың үгіттейтіні зор адамгершілік пен халықшыл, тазалық жолдар болғандықтан, өз заманындағы барлық мінді, сорақылықты сол тура жолдағы жақсы өлең- өсиетпен түгел жойып, жоғалтуға болады деп иланады... Абай «сөз түзелді, сен де түзел» дегенде, бір-ақ ауыз етілу сөзді айтып отырған жоқ. Осыдан бұрынғы жазылған және кейін жазылатын барлық шығармаларында, жаңағы сияқты өзгеше нанымды көп таратып танытады. Өзінің барлық шыншыл, әділетшіл қажырлы еңбегімен, өлеңұстаздығымен заманын түзеп алады екенмін деп тұсінген. Өз еңбегін сондайлық ұлы жолдағы үлкен адам мүддесі бар, ерекше еңбек деп түсінген. Абай енді өлеңдік шығарманың өзін де жанр мен түр жағынан іріктеп, талдап алады.
«...Батырды айтсам ел шауып алған талап,
Қызды айтсам, қызықты айтсам қыздырмалап.
Әншейін күн өткізбек әңгімеге
Тыңдар едің бір сөзін мыңға балап», -
деген толғауда үлкен мән, терең сыр бар. Халықты тәрбиелейтін анық ұстаздық сөз өзіне бөлек бір алуан болсын. Онда терең оймен, ашық шындықпен аралас үлкен тәрбиелік мән, мағына болсын дейді. Ал осылай талап қойған Абай ақындықтың көпшілігі тудыратын әңгімелі поэзия, уақиғалы, қызық сюжетті поэмаға сынмен қарайды. Оны өзі жазудан тартынады. Себебі, батырлықпен қыз, қызықты жазу, - оқушының көңілін ақын өзі баулып, бастаймын деп отырған тәрбиелік жолдан алаң етіп, аударып әкетеді. Ондай шығарманы оқушы ойланып, тәлім алатын боп оқып тыңдамай, әншейін арзан қызық, болымсыз ермек ретінде тамашалап кетеді деп біледі... Бұрын қазақ тарихында, әлеуметтік санасында болмаған жаңалықты әкелуші ақын ең әуелі өз алдындағы тарихи ескілікпен қатты шайқасады. Ескіріп, тозып, енді өмірге жарамсыз, көне боп қалған дәстүрлерден өзінің негізін аулаққа салады. Іргесін ажыратып алып, тың дүниені тарихтық жаңа жолдан іздейді. Осылайша, ақын мен ақындық туралы, олардың қоғам тірлігіндегі міндет, мүддесі туралы өзінің үлкен өріс арнасын саралап алып, бұдан кейінгі шығармаларында дәл осы бір өлеңге қалыптаған негіз бойынша әрекет етеді...
Абай – қараңғы қазақ көгіне нұрын шашқан дана дария. Ақиық жан өзінің өнегелі өлеңдерінде халқымыздың тұрмыс – тіршілігімен сабақтасып келе жатқан кертартпа мінездеріне тоқтау салып, жастардың жарқын болашағына үлкен үміт артады. Жүрегінің түбіне терең бойлауға шақырған дара тұлға байырғы жұртымыздың көзге көрінерлік кемшіліктерін қара сөздерінің адуынды күшімен жаза білді. Сол сарқылмас мол мұраның толқыны бүгінгі жаңа заманның жағалауына келіп, алыс айға талпынған жас жүректерді бұрыс жолдың бағытына мойын бұрмай, даналардың жолымен жүруге үгіттейд
Менің ойымша, өркениетті Қазақстанды көріктендіретін жас бұлбұлдарымыз осы екі кемшілігін ауыздықтар болса, талап, еңбек, терең ой мен қанағат, рақымды ойлайтын жастар болып қалыптасып,Абай атауына ие бесінші мұхиттың даналығына қанып, шөліркемесі анық. «Атымды адам қойған соң, қайтіп надан болайын?», - деп, Абай атамыз қалдырған өсиетке лайықты болып адамдық борышымыздан айнымайық...
Қазақтың Абайы
«...Жүрегімнің бойына терең бойла,
Мен бір жұмбақ адаммын, оны да ойла.
Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім,
Мыңмен жалғыз алыстым, кінә қойма.»
Ал, осының бәрін жырлаған данагөйіміз халықтың шешендік сөздерінің байлығынан, мол сусындап, шешендік өнерді еркін меңгерген. Ел билеу ісіне жас кезінен араласқан Абайдың бойында текті бабаларымыздың асыл қасиеті бар екенін білдіреді.
Кемеңгер ойшылдың қазақ тілін дамытуға, әдеби тілді, поэзия тілін өрістетіп, жаңа сөз өрнектерімен байытуға сіңірген еңбегі ұлан-асыр. Ұлы ақынның поэзиясының тілі, сөз кестесі мен кіршіктей қоспасы жоқ саф таза халықтығымен, келісті қарапайымдылығымен құнды.
Біз осы арқылы ұрпаққа үлгі болған Абай атамызды ұлықтаймыз. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлының баспасөз беттеріне жарияланған « Абай және ХХI ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласында бүгінгі қазақ қоғамы аса қажетсініп отырған бірқатар маңызды да күрмеулі мәселелерді қозғауымен құнды деп білемін. Биыл қазақтың бас ақынының туғанына 175 жыл толатындығын ойға алсақ, Мемлекет басшысының аталған мақаласы – Ұлы дала тойының беташары іспетті. Президент мақаласында Абай шығармашылығының бағалы жақтарына баса назар аударылып, ондағы қазақ халқына ғана емес, күллі әлем жұртшылығы үшін қымбат жалпыадамзаттық идеяларға арнайы тоқталып, тарихи-әлеуметтік тұрғыдан терең талдау жасалыпты. Президентіміздің аталған мақаласында Абайды «әлемдік мәдениеттің тұлғасы» ретінде танытуға айрықша назар аударылған

Осы өлеңнің бір ғана жолында иірім-иірім ойлар жатыр. Ол қандай ойлар? Біріншіден, біз ақынның «Өлең – сөздің патшасы» дегеніне тоқталуымыз керек. Неге өлең сөздің патшасы? Бұл сұраққа жауап беру үшін қаз қатар тұрған үш ұғымның (өлең, сөз, патша) қайсысынан бастамақпыз? Үшеуін тұтастырып тұрған негізгі ұғымы қайсы?


Негізгі ұғым «сөз» болса керек. Себебі сөздің патшасы – өлең. Мәселе сөзде. Сөз болған соң өлең бар, оның патшалығы бар. Сонда сөз деген не? Оны жалғыз-ақ ұғыммен анықтауға болмайды. Сөздің іспен, қарекетпен байланысын мойындау қажет, қандай іс, қарекет бол- сын, ол сөз арқылы айқындалады. Сондықтан сөз – істің, қарекеттің көрінісі. Екіншіден, сөз идеяға байланысты. Идеяның өзі сөз арқылы анықталмақ. Сөзсіз идея айқындалмайды. Идеяны сөзбен теңестіру Платон философиясынан бастау алған. Үшіншіден, сөз – ойлаудың нәтижесі әрі оның процесі. Тұжыра айтсақ, қандай сөзде болсын қорытынды бар, ойлау жүйесі, яғни ой тұтастығы бар. Сонымен бірге сөзде жаңа ой басталып, алдыңғы ой көмескіленіп тұрады. Сөзді жаңа ой басы дейтініміз сондықтан. Төртіншіден, сөз міндетті түрде сөйлеушіні (субъектіні) қажет етпейді, ол объективті мазмұнда өз алдынша өмір сүре береді. Сөздің мұндай абстракциялық табиғатын қазақтар «жақсыдан қалған сөз», «үлкендер айтқан сөз», т.б. мәнде білдірген. Мұндай жағдайда сөз сөйлеуші – халық. Мәдениетіміздегі фольклор деген ұғымның негізінде осындай жайлар жатыр. Бесіншіден, сөздің айтушысы болады әрі әр сөздің дара түсінігі болады. Ең алдымен сөз болған деген идея баршамызға белгілі.


Бірақ ол сөз кімнің сөзі? Бұл – шешімі табылмаған жұмбақ. Алғашқы сөзді айтушы Алла тағала (мұсылман діні бойынша) десек, діни ойлау шеңберінен асып кете алмаймыз. Ал егер алғашқы сөзді адам айтқан десек, тағы да екі мәселе туады. Біріншісі – адам сөзінің Алла сөзімен байланысы бар ма? Екіншіден, егер адам сөзі өздігінен ешбір құдайсыз, оның құдіретінсіз болса, онда сөздің пайда болуының себебі неде? Осы мәселеде ғылым мен дін, философия мен атеизм бөліне бастайды.


Біз осы мәселелердің мәнін аша алмағандықтан алғашқы сөзді Алла тағала айтқан деген пікірге сүйене отырып (оның өзіне де тереңдемей), адам сөзінің табиғатына сәл үңілсек.


Сөз табиғаты дегенде, оның мистикалық мәнін жоққа шығара алмаймыз. Сөз мистикасы – үлкен мәселе. Неліктен кейбір сөздер адамға, оның санасы емес, сезіміне бойлап, рухын жайлап, еркін меңгеріп кетеді? Оның сыры неде? Сірә, бұл тұста сөздің музыка құдіретіндей адам болмысына оның еркінен тыс әсер ете алатын қуаты болса керек. Сөздің мистикалық табиғатын мойындамай, оған рационализм биігінен ғана қарайтындарды сөз ұлағатын меңгергендер деп айта алмаймын. Сөзді меңгеру, оны қабылдай білу және қолдана, пайдалана білу дегеніміз мәдениеттіліктің ғана емес, даналықтың белгісі. Абай сөзді осы мәнде айтып отыр.


Сөз сана емес, ақыл емес, сезім емес, ой емес, ол – соның бәрі. Сөзде осы айтқандардың қайсысы көп, қайсысы аз, қайсысы бастаушы, қайсысы қостаушы, міне, мәселе сонда.


Сөз философиясы – өзгеріс философиясы. Себебі сөз ағып жатқан су сияқты. Онда тұрақтылық, тоқтау жоқ. Ағынсыз су өз қасиетінен қалайша айырыла бастаса, сөз де сондай күйге түспек. Сөздің мұндай дертке түсуін ғылым тілінде «догма» дейді.


Сөздің догмаға айналуы – ақылдың суалуының көрінісі. Сөзді қағидаға айналдыру үшін әлімсақтан бері жасалып келе жатқан әрекеттер мол. Сөздің өзгеруі адамдарға беймазалық, тынышсыздық әкеледі. Әдетке айналып қалған сөзді жаңа сөзбен ауыстыра беру қо- ғамдағы қалыптасып қалған дәстүр, салт-саналарды өзгертеді. Қандай да болсын өзгерісте қауіптілік бар. Өзгеріс әманда белгісіздікке бастайды. Белгісіздік үрей әкеледі. Адамдар көбінесе бәрі анық, бәрі түсінікті болғанды қалайды, бірақ адамдардың өздері түсініксіз істер бастауға әманда әзір. Белгісіздіктен белгілік іздеу – таным. Сөз болса – танымның сатылары. Сөз туралы біршама түсінікке келгендіктен, енді «патша» деген ұғымға назар аударайық.


«Өлең – сөздің патшасы», – дегенде Абай өлең мен сөздің бір-бірімен байланысын «патша» деген ұғыммен білдіріп отыр. «Патша» деген – даралықты емес, жалпылықты білдіретін ұғым. Патша болу үшін оның қасиеттері жалпы патшалыққа тән болса, сонымен бірге патшалықтың қадір-қасиеті патшада болуы шарт. Міне, «өлең» деген сондай мәнге ие болып, бүкіл сөздің патшасы атанған. Сөз деген патшалық болса, өлең – оның патшасы. Сонда «патша» деген әрі кеңдік, әрі даралық, өлең де сондай, ол да бүкіл сөзге тән әрі жеке-дара.


Сөз өнерінде өлеңсіз әңгіме айту мүмкін емес, оны біз лирика, поэтика деп атаймыз. Өлең патша болса, ол тек сөздің ең лауазымды биігі ғана емес, ол сөз өнерінің өне бойынан табылуы керек. Өлең тек сол кезде ғана сөз патшасы болмақ. Абай осы мәселеге нақтылы тоқталған.


«Өлең – сөздің патшасын» осылайша түсіндік десек, мәселенің ауырлығы осы өлең жолының екінші жартысында, ол – «сөз сарасы» деген ұғым.


Абай неліктен өлеңді «сөзсарасы» деген? Мұнда не мән бар? Тілімізде «сара бағыт», «сара жол» деген түсініктер бар. Демек, «сара» дегеніміз тура, әділ деген ұғыммен мәндес болып шығады. Осы дұрыс па? Тіптен дұрыс болса да, Абай «сара» деген ұғымды осы мәнде қолданып отыр ма? Абай өлеңдеріне түсініктемелер беріп жүріп көңілге түйген қағидамыз – оның өлеңінің бір жолындағы ұғымдар бір-бірінен ешқашан да алшақтамай, өзімен-өзі бол- май, тың ұғым туғызуға қызмет етіп тұрады. Мысалы, өлең, сөз, патша, сара – осы төрт ұғым өлеңнің бір-ақ жолында тұр. Былайша қарағанда, әрқайсысы жеке-жеке дүниелер. Олардың бас-басына қатысты қаншама мәселелер қозғауға әбден болады. Бірақ мәселе олардың даралықтарында, әрқайсысының жеке мәнінде емес, солардың бәрі бірігіп тың ұғым құрауында немесе жаңа ойдың темірқазықтары сияқты болып тұруында. Сонда осы төрт ұғым топтасып, бірігіп, нендей мәселені көтерген? Ол – өлең туралы идея. Бұл идеяның екі жағы ашылған: бірі – «өлең – сөздің патшасы», екіншісі – «өлең – сөздің сарасы». Абай бірінші, яғни өлең – сөздің патшасы деп неге қоя салмаған? Егер осылай ғана айтсақ, өлең табиғаты ашыла ма? Әрине, ашылады, біз соған да разы болар едік, алайда оны Абай місе тұтып, ойын те- жемей, әңгімені әрі қарай өрбіткен, ол өлең сөздің тек патшасы ғана емес, өлең – сөздің сарасы деген.


Қазақта сөзді саралау деген түсінік бар. Ол деген – сөзді сөз еместен ажырата білу деген мәселе. Тіл мен жақтан сылдырап шыққандардың бәрі сөз емес. Табиғаттағы барлық нәрселер сияқты сөз де дертті болады, оның дертін Абай: «Бөтен сөзбен былғанса сөз сарасы», – деп ашып айтқан. Сөз былғанса сөз болудан қалады. Ал енді осы нағыз сөзді қауызынан аршып алу үшін оны саралау қажет. Сараланған сөз – нағыз сөз, ол – өлең. Сонда өлең әншейін сөз емес, ол – сөздің сарасы, сондықтан Абай қиыннан қиыстырған қазақтың баласын «ер дана» деп атаған.


Абай мәдениет деген ұғымды қолданбаған, оны жаттап алып, күнде айтып жүрген біздерміз. Ал мәдениет деген не дегенге келсек, сөз сарасын түсінген адамды ғана мәдениетті адам қатарына қоюға әбден болады. Сөзді түсініп, меңгермеген адамның бойында мәдениеттіліктің өзі түгіл нышаны болуы мүмкін емес. Осы пікіріміздің дәлелі ретінде Абай өлеңінің шумағын толық келтірейін:






Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет