2-9 Тарау–I. 1926-1928 жылдардағы қазақ ауылындағы салық саясаты


Астық пен ет дайындау — әкімшіл-әміршіл әкономиканың алғы шарты 1929-1933 жылдардағы астық дайындау



бет5/7
Дата30.06.2016
өлшемі0.71 Mb.
#168054
1   2   3   4   5   6   7

2.2. Астық пен ет дайындау — әкімшіл-әміршіл әкономиканың алғы шарты 1929-1933 жылдардағы астық дайындау
20-жылдары егін шаруашылығы Қазақстан экономикасында елеулі орын алған жоқ. 1927жылы елдегі егіс көлемі РКФСР-да 4,9%, КСРО-да 3,3% құрады. Егін шаруашылығымен патша заманында қоныс аударған орыс және украин шаруалары айналысты. Сонымен қатар, 1921-1922 жылдардағы аштық кезінде жартылай отырықшылыққа көшкен қазақтар да болды, олардың саны өте аз, әрі орыс шаруашылықтарымен салыстырғанда куаты әлдеқайда төмен болды.Егін егетін аймақтарда (Павлодар, Петропавл, Қостанай, Ақтөбе, Ақмола, Семей, Орал) 1927 жылы бір орыс шаруашылығына тиесілі егіс көлемі: 6,9-9,8 десятина, 14-18 бас мал болса, жартылай көпшелі қазақ шаруашылығында егіс көлемі: 1-3 десятина, 17-42 бас малдан келеді /56/.

Қазақстандағы егіншілікпен айналысатын орыс қожалықтардың -ресейліктерден әлдірек болғанын техникалық мүмкіндіктерінің жоғарылығымен көрсетейік: соғысқа дейін қазақстандық бір шаруашылық - 115 сомның кұрал-сайманын иемденсе, ресейліктерде 150сом деңгейінде болған.

Егін шаруашылығының республика экономикасындағы ролін арттыру, егіс көлемін көбейту жұмыстары калай жүргізілді?
Кесте №12. Егіс көлемі мен өнім өндіру (1926-1931 жж.)

Жылдар

Егіс көлемі

(мың га)


%

Өнім өндіру

(мың тонна)



%

1926

3.515,0

100,0

1.817,0

100,0

1927

3.705,0

105,4

3.027,0

166,5

1928

3.865,0

104,3

1.745,0

96,1

1929

4.300,0










1930

4.227,9

120,3

2.407,8

132,5

1931

5.732,0

163,1

2.087,2

114,9

Кесте №13. Астық дайындау (1925-1933 жж.)



Жылдар

Шығым-дылығы

Көлемі

(мың пұт)



Астық дайындаудың жылпы өнімге % қатынасы

1924/25

жақсы

19.300

24,0

1925/26

төмен

27.280

29,1

1926/27

жақсы

54.960

23,0

1927/28

төмен

25.086

25,8

1928/29

төмен

64.619

36,2

1929/30

төмен

38.805

32,6

1930/31

төмен

47.210

25,8

1932

төмен

40.759

28,7

1933 1/ХІІ

төмен

34.416

33,8

Жоғарыдағы келтірілтен кестелерге назар аударайық. 1924/25 -1926/27 жылдарда астық дайындау көлемі үнемі өсіп, 1926/27 жылы бұл деңгей 2 есеге артқан, мұны жаңа экономикалық саясат кезіндегі рыноктық қатынастардың игі нәтижесі деп қарастыруға болады. №12 кестедегі егіс көлемі мен өнім өндіру арақатынасына талдау жасасақ, егіс көлемі үдемелі түрде (105-163%) өскенін, астық өндіру динамикасының бірқалыпты болмағанын (біресе күрт өсіп, біресе күрт төмендегенін) байқаймыз./57/

Мысалы, 1927/28 жылы егіс көлемі 104,3% болғанына қарамастан, өнім өндіру- 96,1%, ал 1928/1929 жылы егіс көлемінің деңгейі -120,3%, өнім өндіру -132,5%. 1931жылы бұл көрсеткіштің 163,1 : 114,9 пропорциясы түрінде болуы есептеудегі қателіктердің болғанын көрсетеді. Қаржы Комиссариатының "1932 жылғы бюджеттің бақылау цифрлары туралы" баяндамасында 1931жылы егіс көлемі 41% өскені айтылған. Бұл ақпарларға күмән келтіре отырып, Тұрар Рысқұлов бұл цифрдың одан да көп болуы мүмкіндігін тілге тиек етеді. Оның айтуынша, 1930жылы 20 маусымда Бүкілодақтық Орталық Атқару Комитетінің қаулысы бойынша бөлініп шыққан Қарақалпақ автономиялы облысының 114 мың гектар егістік жері шығарылып тасталмаған, оны шығарсақ егіс көлемі 1931 жылы 45% өскен боп шығар еді /58/. Бұл әрине, ақылға сыймайтын цифр. Қазақ аудандарындағы егіс көлемін асырып көрсету Голощекин сияқты солақай белсенділердің "жетістіктерін" дәлелдеу үшін қажет болды.

"Қазақтардың егіс көлемі 1929 жылғы 1.265.7 мың гектардан 1931жылы 2.562,1 мың гектарға жеткен, яғни 3 жыл ішінде 100% артқан, ал өлкені тұтас алғанда егіс көлемі 1913 жылдан 1932 жылға дейінгі аралықта, яғни 19 жыл ішінде 26%-ке өскен. Орыс және басқа да отырықшы халықтардың егіс көлемінен қазақтардың егіс көлемі 3 жыл ішінде 4 есе асып түсетіндей негіз болды ма?" деген сұрақты қоя отырып, Тұрар Рысқүлов Сталинге жазған хатында мұны егіс көлемін есептеудегі сорақы қателіктермен байланыстыра отырып, егіншілік мәдениеті жоқ казақтардың 2-3 жылда осындай жоғары көрсеткішке жетуінің қисынсыздығын ашық айтқан.

Бұл көзбояушылық зардаптары экономиканы күйзелтуге әсер етсе, "қосып көрсетілген" егіс алқаптарына қарай өнім жоспарланып, оған салық салудың, егін егудің, астық дайындаудың жоғары тапсырмалары берілді. Назар аударатын бір жай - астық дайындау көлемі Казақстанда төтенше шаралар енгізілмес бұрын да өте жоғары болған. Егер 1926/27жылы, яғни жаңа экономикалық саясат кезінде Ресейде астық дайындаудың үлесі барлық өнімнің 15%-ін құраса, ол Қазақстанда - 29,1%-ке жетті. Кейінгі жылдарда астық дайындаудың үлес салмағы республикада 23%-тен (ең төменті деңгей) - 36,2%-ке дейін өскен. Еркін сауда шектеліп, астық, ет және басқа да ауылшаруашылық өнімдеріне өте төмен мемлекеттік сатып алу бағасы енгізілген жағдайда астықтың көп мөлшерде дайындалуы зорлықсыз жүзеге асуы мүмкін емес еді. Астық тапсыруды ынталандыру үшін шаруаларға аса қажетті өнеркәсіп товарлары: керосин, май шам, шана, ыдыс, мата, т.б. жабдықталмады.

Семей, Павлодар, Ақмола, Орал, Петропавловск сияқты астықты аудандарға товарды көптеп жіберу орындалмай қалды. Мемлекеттік дайындау бағалары өте төмен болып, ол астықтың өзіндік құнын жабуға жетпеді. 1 центнер бидай - 7сом 4тиын, сұлы - 4сом 45тиын болды. Мемлекеттік астық сатып алу бағасы еркін саудадағы бағадан 3-5есе кем болғанына қарамастан астық тапсырушылармен есеп айырысуға ақша жетіспеді. Мұндай жағдай 1928жылы күз айларында Костанай округінің Денисов, Қайынды бұлақ, Викторовский аудандарында, Петропавл округінің Пресногор ауданында кең өріс алды. Соған қарамастан, 1928/29 жылы астық дайындауда ең жоғарғы деңгейге (1926жылғымен салыстырғанда 236,5%) жетіп, 54.619 мың пұт астық мемлекетке өткізілді. Бұған егіннің бітік шығуъшың титізген әсерін жоққа шығармаймыз, алайда былтырғы жылмен салыстырғанда 2 еседен артық астық дайындау осы жылы кең көлемде өрістетен әміршіл-әкімшіл шаралар арқылы жүзеге асты. Мұның өзі кейін Сталинге әміршіл-әкімшіл әдістердің тиімділігін дәлелдегендей болды.

Ал,шын мәнінде, оның заңсыз әрекеттерде ұштасып, шаруалардың соңғы астығын зорлап тапсырту арқылы жүзеге асканын тек жергілікті органдар ғана емес, Өлкелік өкімет те білді. Солай бола тұрса да республика басшылары егін шықпай қалу мүмкіндігін біле тұра, 1929/30 жылғы 32 млн. пұт астық дайындау жоспарын қабылдап, кейін оны орталықтың талап етуімен 42 млн-ға дейін жеткізді. Соның алдында ғана 32млн. пұттың Казақстан үшін өте ауырлығын көрсетіп, ұсыныс берген Өлкелік комитет 42млн. пұт астықты мерзімнен бұрын, 1930 жылдың 1 қаңтарына орындауға нұскау берді.

Бұған ССРО Сауда халық Комиссары А.Микоянның астық дайындауды тездету туралы жеделхаты әсер етті. Құпия жеделхат жоспарды толық орындауды міндеттеп қана қоймай оны жүзеге асырудың жолдарын да көрсетіп берді: "...жергілікті бастамаға сүйене отырып, астық дайындау тапсырмаларын әрбір селоға жеткізу; оны селоның жалпы жиналысында талқылап, кулактарға астықтың көп мөлшерін тапсырту;... бұл шараларды жүзеге асыратын төтенше комиссия кұру" және т.б.

Қостанайда қазақ аудандарына өзін-өзі міндеттеу әдістері 1928/29 жылдан бастап-ақ қолданынған. Астық өсірумен айналыспайтын шаруаларға астық тапсыру міндеттеліп, олар базардан сатып тапсыруға мәжбүр болған. Обаған, Мендіғара аудандарында қамбалар тексеріліп, "әскери коммунизм" әдістеріне жергілікті коммунистер наразылық білдіріп, халықта астықтың жоқтығын ашынып айтқан. Астық дайындау барысы үнемі кадағаланып, оның қиындығын обьективті жағдайлармен (астықтың жоқтығымен) түсіндіргісі келген қызметкерлерге сенбестік білдірілді. Барлық кінә "кулактарға жабылып, олардың Кеңес өкіметіне қарсылығы" деген пікір таратылды. Осыған байланысты репрессия өрістеп 1928/29 жылдың астық дайындау науқанында 8936 адам сотқа тартылып, 4.721474 сомның айып-пұлы төленді, 1.230013 сомның дүние-мүлкі, 540035пұт астық, 4.563 бас мал тәркіленді. Әкімшіл жаза 3128 шаруашылыққа қолданылын, 1.225583 сом (1 шаруашылыққа - 386 сомнан келеді) айып салынды. Нәтижесінде, егіс көлемі 193290 десятинаға азайып, шаруалар өз қажетінен артық өнім өндіруге ынталы болмады.

1929-1930жылы жаппай колхоздастыру мен "кулакқа қарсы шабуыл" науқандары кезінде заңсыздықтар ерекше күшейіп, халықтың берекесін кетірді. Архив қойнауында жатқан мына бір хат мазмұны осыны айғақтайды: "Жеделхат жіберуге ақша жоқ. Жергілікті өкімет орындары село тұрғындарының тең жартысын түрмеге қамап, үрей туғызуда. Мен де сондайдың бірімін. Егер менің арыз жазғанымды Ткачев пен Ивановтар білсе, аман қоймайды. Ақмола округі Ленин ауданы Ореховка селосы шаруаларының атынан Луценко". Кейін бұл факт расталып, 1929-1930 жылғы астық дайындау нәтижесінде аталмыш село халқы тұқымсыз қалғандығын Өлкелік партия комитетіне хабарланды. 1929-1930 жылы егін шықпай калуына байланысты астық дайындау былтырғы жылғыдан 94,2%-ке төмендегенімен, 1926 жылғы көрсеткіштің 142,3% деңгейінде дайындалды.

Бұл жаппай коллективтендіру және отырықшыландыруды асыра сілтеулер мен салықтың қысымынан қажыған, аштыққа ұрына бастаған шаруашылыктар үшін жоғары деңгей, дайындалған астық көлемі барлық жиналған өнімнің 25,8%-і болды, осының салдарынан 1930 жылы көктемде кохоздар себуге тұқым таба алмай қалды. Тұқым қорына бидай табу тентіреген халыққа зобалаң туғызды. Қызылорла, Орал округінда кедейлерге 4 пұт тұқым дән жинау міндеттіліп, тінту барысында ештеңе табылмаған жағдайда Тереңөзек ауданында 13 кедейді подвалға қамаған, Орал округында оларға суық су құю, балқыған темір басамыз деп қорқыту фактілері тіркелген.

Осы жылы респрессиялық шаралар одан әрі күшейіп, сотталғандар саны 2 есеге жуық өсті. Жауапқа тартылған 14056 адамның 6485 кулак болса, қалғандары: 4109 - ауқатты, 1941 - орташа, 575 - кедейлер. Айып-пұл 3 есе өсіп, 13209699 санға жетті. Мұның себебін Голощекиннің мына бір сөзімен түсіндіруге болады: Қазақстанда біз сот органдарының қызметін жандандырдық, оларды тез және ревоюцияшыл жұмыс жасауға үйреттік". Біз бұдан 1928 жылғы Семей губерниясындағы заңсыздықтардың одан әрі жалғасқанын көреміз. Мүндай әрекеттер халықты ішіп-жеу, тұқымға қалдыру мүмкіндігінен айырды. Өйткені 1929-1930 жылы астық жемшөп балансы бойынша Қазақстан ауыл-селоларының ішкі мұқтаждығына бөлінген астық пен дөнді-дақыл мейлінше қысқартылды. Көшпелі аудандарда 7-9 пұт, астықты аймақтарда 10-15пұт астық жоспарланды. Сонымен қатар, өкімет диқандарда 26,6 пұт астық қоры бар деген мәліметтің көтеріңкі екенін біле тұра заңсыз шараларға барды. Дайындалған астық Ресейге жөнелтіліп, жергілікті жабдықтау жоспарларындағы 335 мың пұт та орындалмады.

Қалыптасқан жағдай өкімет басшыларын састырып, 1930 жылы сәуірде Қазақстанның 38 ауданын аштық қамти бастағанын айтуға мәжбүр етті.

Қазақстан басшылығы Голощекин КСРО сауда комиссары Микоянға төмендегі жағдайды баяндады: "Казақстанда Союзхлебтың астық жібермеуі өте қиындық келтіруде. Егін шықпай қалуына қарамастан Сіздің астық дайындаудағы жоғары жоспарларыңызды орындау барысында, халықтың барлық астығын алып, ішіп-жеуге және тұқымға қалдыра алмадық. Тұқым қоры жоспарларын орындау қоғамдастырылған сектордың жағдайын қиындатты. Сөйтіп ауыл тұрғындарын азық-түлікпен жабдыктау қиынға түсті. Орал округінің Тепловский, Зауральский, Шапошниковский аудандарында оба ауруы, аш колхозшылардың саршұнақ егін жеу себебінен шығып отыр.

Малды аймақтарда нанның жоқтығынан мал көп сойылды. Оралда аштықтан ісіп-кеуіп кеткендер көп. Ақтөбенің Ақбұлақ пен Темір аудандарында аштықтан колхоздар тарап кетуде. Осындай хабарлар Семей, Павлодар, Қостанай мен Ақмоладан келіп түсуде"/59/.

Өкінішке орай, Москваны Қазақстандағы аштық алаңдата коймады. Керісінше, бұрынғыдан анағұрлым көтеріңкі жоспар белгіленіп, оны 1930 жылдың 1 тамызындағы Өлкелік комитеттің бюро мәжілісінде бекітіп, 59.075 мың пұт астық дайындау туралы міндеттеме берілді.

Мұндай жоспарды орындау ақылға сыймайтын іс еді, бірақ куаншылыққа қарамастан 47210 мың пұт астық дайындалды. Зорлықпен колхоздастыру мен жаппай отырықшыландыру аласапыранында аштық жайлаған елде астық дайындау былтырғыдан 30,8%-ке өсіп, барлық өндірілген астықтың 36,2%-н мемлекетке тапсырту - қазақ халқына қолдан жасалған қырғын болды.

Біздің ойымызша, дайындалған астық 36,2%-тен де көп болуы мүмкін, өйткені өндірілген астық көлемі нақты болуы егіс көлемін есептеудегі көзбояушылыққа байланысты күмәнді.

Қазақ ауылдарына жалған ақпар негізінде салынған астық дайындау жоспарларын орындау үшін малшылар малды астыкқа айырбастады. Мысалы, 1931 жылы көшпелі Торғай ауданында астық дайындау жоспары 1.300%-ке орындалғаны осыған дәлел. Яғни қазақ шаруасы салықтық қысым, әрі ет дайындау міндеттемелерімен қатар астық дайындау ауыртпалығын да мойнымен көтерген боп шығады Сонымен қатар, бұл тұжырым малдың мүлде азаюының себебін анықтауға жол ашады.

Астық дайындаудағы зорлықшыл әдістер еркін сауданы тежеп, қазақ малшыларының орыс поселкелерінен ішіп-жеуге астық сатып алуына тосқауыл қойды. Өйткені, 1928жылғы астық дағдарысы кезінде Голощекин қазақ байын күйзелтудің бір амалы – деревнядан қымбат бағаға (еркін саудадағы баға) астық алуына кедергі қою керектігін атап көрсеткенін жақсы білеміз. Еркін сауда арқылы астық дайындаудан бас тартқан өкімет базарларды жауып, орыс диқаны мен қазақ малшысы арасындағы дәстүрлі алыс-берісті тоқтатып, қазақтарды астықсыз қалдырды.

Нансыз қалған қазақтарға аштық үрейі қосылып, мал сойысын жиілетті.Бұл мал басының азаюына әсер еткен маңызды факторларының бірі болып табылады. Еттің көп қолданылғанын тапсырылған тері санымен көрсетуге болады. Мысалы, 1930жылдың 1 сәуіріне дейін дайындалған ірі тері былтырғы жылдың осы кезеңіндегі мөлшердің 263,4%-ін, ұсақ тері - 232,7%-ін құраған.



1929-1932 жылдардағы мал және ет дайындау

Жаңа экономикалық саясат жағдайындағы 3жылда (1925/26 -1927/28 жж.) еркін саудаға қарамастан сауда мен кооперациямен қамту деңгейінің төмендігіне байланысты мал өнімдерінің товарлылығы 23,2-27,3%-тен аспады. Мысалы, тұтыну кооперациясымен қамту егін шаруашылығы басым солтүстік аймақтарда 18-43%-ке жетсе, оңтүстік аймақтарда - 13% болған. Тұтыну кооперациясының солтүстіктегі 1 шаруашылыққа жұмсайтын капиталы 66 сом, ауыл шаруашылық өнімдерін дайындауға 30 сом, 1 адамға шыққандағы қаржысы 3 сом екендігін ескерсек, қазақтар көп тұратын оңтүстікте бұл көрсеткіштер 24 сом: 5сом: 75 тиын түрінде қалыптасқан. Ал көшпелі қазақ аудандарында кооперация жетпеді десе де болады. Осыған қарамастан 1925/26 - 1927/28 жылдардағы ауыл шаруашылығы өнімдерін сату көлемі 159,3%-ке артса, оның ішінде: ег ін шаруашылығында - 110,6%, мал шаруашылығында 204,8%-ке өскен. Сонымен қатар, 1926/27 жылы мемлекеттік сауда мен кооперацияның үлес салмағы астық дайындауда 12-14%, мал өнімдерін дайындауда - 5% екендігі осы жылғы ауыл шаруашылық қарыз банкісінің астық дайындауға 777 мың сом, мал дайындауға берген 319 мың сомына сәйкес келеді. Бұдан шығар қорытынды, қазақ шаруасының малын сатуда алыпсатардың үлес салмағының көптігі шаруашылықтың рентабелсіз болуына әсер етіп, тиімділігін кеміткен. Солай болса да, мал дайындау көлемі үнемі өсіп отырған. қаражат бөлмесек, мал санын азайтып, товарлы мал өнімдері деңгейін кемітіп алу мүмкіндігін жазған. Алайда, іс жүзінде бұл ұсыныстар есепке алынбай, Қазақстанға ет және мал дайындаудың жоғары жоспарлары берілді.1928/29 жылдардағы мемлекеттік өнеркәсіп пен жеке меншіктегі ауыл шаруашылығы арасындағы товар алмасу қайшылығы репрессиялық шаралармен де шешілмей, Ресейде 1929жылдың ақпан айынан бастап, азық-түлік карточкасы енгізілді. Осыған байланысты Қазақстанның мал басы жөнінен үлес салмағы РКФСР-да 12-15% болғанына қарамастан, ет дайындаудағы үлесі 20%-ке жетті. Бұл көтеріңкі міндеттерді орындау қиындығы ешқандай материалдық дайындықсыз басталған көшпелі елді отырықшыландыру зобаланымен ұштасып, жығылғанға жұдырық болды.1930 жылдың көктемінде бүкіл республика көлемінде аштық каупі туғаны ОГПУ-дің хабарламаларында айтылды. 1930 жылы сәуірдің басында Қазақстан басшылығы мал шаруашылығында қалыптасқан қиын жағдайды Сталинге хабарлап, жаппай коллективтендірудегі әкімшіл әдістер мен шамадан тыс етдайындау жоспарлары мал санын күрт кеміткенін көрсетіп, жоспарларды қайта қарауды сұраған. Голощекин мынадай бір мөліметтерді келтірді: "...ет және мал дайындау жоспарлары кейбір аудандарда мал басының 40%-ін қамтып отыр. Мал саны 40,5 млн. бастан 28,5 млн-ға азайды, ірі қара 30%-ке, ат көлік 25%-ке, қой - 40%-ке қысқарды. Осылай бола тұрса Одақтық сауда комиссариаты 192мың бас ірі қара, ұсақ мал бойынша 900 мыңға жеткізу ұсынысын беріп отыр. Бүған қоса, ат-көлік бойынша Қазақстан Орта Азияға 12 мың түйе, Тәжікстанға 1 мың ат, Ресейге 4 мың ат, Орал-Орта Волга аймағына 2,5 мың ат дайындау жоспарланған. Сондықтан ірі қарадан 350 мың, қойды - 400 мың басқа азайту сұралады"/60/.Осы мазмұндағы жеделхаттар бірнеше дүркін Москваға жіберілгеніне қарамастан дайындау көлемі қысқартылмай, 1929/30 жылы 879.702 бас ірі қара, 186.041 ұсақ мал мемлекетке тапсырылды,ет дайындау 90639 тоннаға жетті (кестені қараңыз). Қазақстандағы қалыптасқан жағдайға жоғарғы жақ сенбестік білдіріп, оны оппортунистік элементтердің әрекеті деген нұсқау беріліп, олармен аямай күрес жүргізу тапсырылды. 1930 жылдың қазан айы мен 1931 жылдың қазан айын қамтыған жылдық жоспарда ірі қара саны 907 мың, ұсақ мал дайындау 2 млн. 703 мыңға басқа жоспарланған.

1931жылдың 7 қаңтарында Өлкелік партия комитетінің бюро мәжілісінде Қазақстанның ет дайындаудағы үлес салмағының 18% егендігі аталып, малды азайтып көрсетуге бағытталған "касақана әрекеттер" сыналған. Мал дайындаудың жоғары жоспарларын бай--кулактарға қысым жасау арқылы жүргізу тапсырылып, егіншілік аймақтағылар үшін олардың жоспардың 15-25%, көшпелілер үшін 25-35% алуға нұсқау берілген.

1931 жылдың қаңтарындағы бюро мәжілістерінеде мал дайындау барысы 11 рет, 1-13 ақпан аралығында 8 рет қаралып, әкімшілік қысым өрістеген. Жоспарды орындау мүмкіндігі жоқтығы туралы 15ауданнан келген жеделхаттарға құлақ аспай, оны "социализмге қарсылық" деп қабылдаған. Ақыры осы жылдың 8 қазанында мал және ет дайындау жоспарларының 109%-ке орындалғаны "үлкен табыс" деп бағаланып, колхоздарға 1.496.398 бас мал берілтендігі, сонымен қатар "Скотовод" совхоздарының басы 633 мыңға, "Овцевод" совхоздары мал басы 1.183775 басқа жеткені атап көрсетілді. Сөйтіп, дайындалған малдың бір бөлігі колхоз, совхоздарға берілген, тек 1931 ж. сәуір-маусым айларында совхоздар мен сүт товарды фермаларға 326 мың ірі қара, 353 мың бас қой берілді. Көп жағдайда дайындалған малдың 80%-і етке жіберілді.

Мал дайындаудағы сорақылықтар бүкіл қазақ малшыларын кеңестік индустрияландыру құрбанына айналдырды. 1932 жылы бүкіл Қазақстанды қамтып 2 млн. аса қазақты құрбан еткен аштық — оның куәсі. Бұл жағдайдың бір күнде қалыптаспағаны белгілі. Ол жөнінде республика басшылығы білді.

Ораз Исаев басқарған мемлекеттік комиссия 1930ж. көктемінде-ақ республика мал басының 30% қысқарғанын анықтады /61/, тек оның себептерін байдың қарсы әрекеті есебінен түсіндіріп, "қазақтар үгітіне еріп, малын жаппай сойып жатыр" деген пікірді қалыптастырды.

1930жылдың қысында барлық аудандарға ауылдық кеңестердің рұхсатынсыз малды сату және союға тиым салынған нұсқаулар жіберілді. Оны орындамағандарға әкімшілік тәртіппен 100 сом айып салынып, қылмыстық кодекстің 61 бабы бойынша сотталатын болды. Шындығында "сойылып азайды" деген малдың өмірде болмауы да ықтимал. Өйткені, салық салу заңсыздықтары кезінде салықты көбейту мақсатында мал санын көбейтіп көрсету фактілерін көрсеткен болатынбыз, сондықтан мал басы жөніндегі өкімет ақпарларына да сенуге болмайды.

Экономикалық көрсеткіштерде орын алған көзбояушылық туралы Ораз Исаевтың, Тұрар Рысқұловтың 1932ж. Сталинге жазған хаттарында кең көлемде айтылды ғой. Оны 1930-31жылдары Голощекиннің мал басы азаюы туралы Москваға жазған хаттарынан кездестіреміз. Голощекин 1930 ж. 3 түрлі мал санын келтіреді: 36218 мың, 20339 мың және 23618 мың бас, қайсысы дұрыс екенін өзі де білмейді. Біздің ойымызша, үшеуі де дұрыс емес. Қазақстан қаржы коссариатының 1932жылдың бюджетінің бақылау цифрларында 1931 жылдың көктеміне қарай республикада 8.123,6 мың мал қалғандығы, толық емес мәліметтер бойынша 1930 жылы 18.955,2мың бас мал болғандығы көрсетіледі. Сонда 1930/31 жылдарда мал 56,6%-ке азайған. Тұрар Рысқұловтың Қазақстанда 1932жылы жүргізілген Бүкілодақтық мал санағының деректері бойынша 5.397 мың бас мал қалды деген мәліметіне 1931 жылғы 3 млн-ға жуық етке тапсырылған санын қоссақ, 1931ж. мал басы 8 млн. бас болғандығы шындыққа сай келеді. Ал 1930/31 жылдарда мал басының 56,6%-ке азаюы тіпті барлық шығындарды есептегеннің өзінде шындыққа сәйкес келмейді.

Олай болса, мал санын артық көрсету 1930 жылдан ертерек болған. мәліметтерге назар аударайық:



Жылдар

1926 ж.

1927 ж.

1928 ж.

1929 ж.

жалпы мал басы (мың бас)

30337,5

38141,2

38635,9

40521,4

1927 жылдың аяғында Қазақстанда мал шаруашылығы революцияға дейінгі деңгейіне жетіп, 38141,2 мың бас болды деген ақпарды негізге алайық, 1926/27 жылдарда 1 жылдың ішінде мал басының 8млн-ға жуық өсуі бір жағынан күмәнді. Тіпті солай болғанның өзінде де1 жылдан кейін, 1928 жылы мал басы сол деңгейде қалған, ал 1928/29 жылдары салықтық қысымдардың күшеюі, бай феодалдарды тәркілеу, жаппай коллективтендіру, астық және ет дайындаудың жоғары жоспарлауына қарамастан мал басының 2 млн-ға жуық өсіміне сенбестік білдіруге әбден болады. Яғни Казақстанда 40 млн. мал болған емес, мал басының жоғары 38,5 млн. деп карастырып, 1928-1931жылдарда мал басы үнемі кеміп отырған деген қорытынды жасауға болады. Мұны дәлелдеу үшін О.Исаевтың мал басының 1930 жылы 30%-ке қысқарды деген мәліметін басшылыққа ала отырып, талдау жасайық. Ресми мәліметтегі 40 млн. басты негізге алсақ, 30% қысқарудан кейін мал басы 28 млн. болуы керек. Алайда 1930 жылы Голощекин де, қаржы министрлігі де мал санының 18-20 млн. бас төңіретінде болғанын көрсетеді. Оның үстіне О.Исаевтың "1930 жылғы мал есебінің деректеріне шындықты жасыру үшін 50% үстеме қосылды" деген пікірін басшылыққа алсақ, мал саны 1930 жылы 14 млн. бас шамасында болғаны. Осылай есептетенде ғана 2 жылдан кейінгі мал саны барлық шығындарды шығарып тастағанда (салық, жаппай көшу, бай-кулактарда тәркілеу, коллективтендіру, ет дайындау) 5.397 мың бас мал қалды дегенге сенуге болады. 1930 жылдың сәуір айында Өлкелік партия комитеті мал өнімдері бойынша Қазақстанның КСРО-дағы товарлы өнім өндірудегі үлесі 15,6%-ке жеткенін атап көрсеткен. 1929жылы көктемде мал басы 37. 528 мың, ал 1929/30 жылға мал шығынын 11 млн. бас деп көрсете келіп, оны тапсырылған тері мен ет үшін дайындалған мал есебімен байланыстырады. Бұл мал басының ешуақытта 40 млн. басқа жетпегенін дәлелдейді. Қазақстандағы мал басының кемуін түсіндіруге мына мәліметтер де өз септітін тигізеді деп есептейміз.
Кесте №15. Барлық мал шығыны


Жылдар

Ірі тері

Ұсақ тері

Дайындалған мал саны

Барлық мал шығыны

1926/27

713500

3574600

318267

4606367

1927/28

1316800

5090000

766179

7172979

1928/29

1951000

4638000

387500

6976500

1929/30

2830000

5384260

1065743

9279943

1930/31

2100000

5260000

3610000

10910000

1932

1391250

1888700

-

3279900

барлығы (шығарылуы)

10302500

25775500

6147689

42225689

Сонда, 6 жылдағы мал шығыны 42 млн. 225689 бас болып тұр, бұл сан одан да көп болуы мүкін, өйткені жоғарыда көрсеткеніміздей, 1929/30 жылғы мал шығыны бір мәліметте 11 млн болса, мына кестеде 9 млн 279943 болып тұр. Сонымен қатар, терінің саны жөнінен кейбір алшақтықтар кездеседі. Кестедегі 1927/28 жылдардағы сандар да азайтылып алынған, басқа деректерде оның саны 1926/27 жылы 1216000 ірі, 5594000 ұсақ тері; 1927/28 жылы - 1347000 ірі, 7478000 ұсақ тері жиналған. Оған қоса шаруашылық кәдесіне жарап, тапсырылмаған терілерді де есептесек, бұл цифр 42 млн-нан көп болуы мүмкін. Сонда ғана мал басының күрт кеміп, 5397 мың қалай жеткенін түсінуге болады, мұның көпшіліті - орыс шаруашылықтарында қалып отыр. Ораз Исаевтың мәліметінше «-колхоздық сектор мен жеке меншіктегі 4 млн бас малдың көп бөлігі қазақтың бұрынғы негізгі мал шаруашылық аудандарында емес, орыс аудандарында /62/.Жоғарыдағы талдау өкіметтің талдау мал санын әдейі көбейту сияқты көзбояушылық әрекеттері негізінде көтеріңкі міндеттер мен жоспарлар жасалып, оны зорлықпен жинап алуы қазақтың дәстүрлі шаруашылығын жабайылықпен жойып қана қоймай, өндіргіш күштер — мал мен халықты қырғынға ұшыратқанын көрсетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет