Мәселе
|
Әсерді азайту жөніндегі іс-шаралар
|
Әсерді
(егер елеулі болса) азайтуға арналған шығындар
|
Жауапты адам
|
Басталу датасы
|
Аяқталу датасы
|
Құрылыс кезіндегі
|
Қосалқы станциялардың аумағындағы жерлерді пайдалану
|
Құнарлы қабатын алу және оны ағын сулардан/эрозиядан қорғау үшін пластиктің астынадағы бейтарап орында сақтау. Құрылыс аяқталған бетте құнарлы қабат бұрынғы орнына табиғи өсімдіктерін қалпына келтіре қайтарылады
|
Барынша төмен
|
Мердігер/ ЖЭТ филиалының бас инженері – KEGOC АҚ-ның аймақтық филиалы
|
Құрылыстың басында
|
Құрылыс аяқталған соң
|
ПХД
(Полихлорирланған дифенил)
|
Тендерлік құжаттар ПХД бар жабдықтарды сатып алуға тыйым салуды мазмұндауы тиіс
|
Айтарлықтай емес
|
Мердігер/ ЖЭТ филиалының бас инженері
|
Жабдықтар қойылған кезде
|
Жабдықтардың жеткерілуі аяқталған соң
|
Шаң
|
Құрылыс алаңы әсіресе ыстық, құрғақ және желкем жағдайларда сумен суарылады
|
Айтарлықтай емес
|
Мердігер/ ЖЭТ филиалының бас инженері
|
Құрылыстың басында
|
Құрылыс аяқталған соң
|
Шуыл
|
Құрылыс жұмыстары әдеттегі жұмыс уақытында (таңертеңгі 8-ден кешкі 18 сағатқа дейін) атқарылады. Егер құрылыс жұмыстары осы уақытқа дейін не сонан соң атқарылуы тиіс болса, онда жергілікті жұртшылық кемінде бір апта бұрын хабарлануы керек.
|
Айтарлықтай емес
|
Мердігер/ ЖЭТ филиалының бас инженері
|
Құрылыстың басында
|
Құрылыс аяқталған соң
|
Мәдени құндылықтардың табылуы
|
Қазақстан Республикасының 1992ж. №1488 «Тарихи-мәдени мұраны сақтау туралы» заңына сәйкес табылған жәдігерді ҚР Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігіндегі тарихи-мәдени мұра Департаменті зерттемей және құрылысты жалғастыруға жазбаша рұхсат берілмей жұмыстар тоқтатылсын
|
Айтарлықтай емес
|
Мердігер/ ЖЭТ филиалының бас инженері
|
Құрылыстың басында
|
Құрылыс аяқталған соң
|
Қатты қалдықтар (шағылған оқшаулатқыштар, металл, пайдаланылған жабдықтар және т.б.)
|
Санитарлық қадағалау жергілікті органдары бекіткен үйінділерге арналған арнайы орындарға лицензия алған мердігерлер шығарып тастауы не қалдықтарды жаратуға лицензисы бар мердігер тасымалдауы тиіс
|
Айтарлықтай емес
|
Мердігер/ ЖЭТ филиалының бас инженері
|
Құрылыстың басында
|
Құрылыс аяқталған соң
|
Жегімдеу кезінде
|
Шуыл
|
Елді мекендер қосалқы станциядан 800 м жерден жақын болмауы тиіс (Санитарлық нормалар № 1.02.007-94)
Қызметтеуші жұмыскерлер қорғаныштық құлаққаптарға ие болуы тиіс
|
Айтарлықтай емес
|
ЖЭТ филиалының бас инженері
| Жегімдеу кезінде | Жалғасқан |
Электромагниттік өріс
|
Барлық жоғары вольттық жабдықтар сымдық шарбақ/қаптамалармен қоршалады. Қорғаныш аймағының шегінен тыс барынша жоғары өріс кернеулігі - 5 кВ/м (Үлгілі жоба 13300 TM)
Қауіпсіздік мақсаттары үшін келесі тұрақты қорғаныш құрылғылары пайдаланылады:
айырғыштар жетектерінің, ажыратқыштарды басқару шкафтарының қысқыштар жәшіктерінің үстінен экран-шатырлар; ұдайы тексеріп көру жолындағы жаяу жүретін соқпақтардың үстінен экран-шатырлар.
|
Айтарлықтай емес
| ЖЭТ филиалының бас инженері |
Жегімдеу кезінде
|
Жалғасқан
|
Майдың ағып кетуі нәтижесінде топырақ пен жер асты суларының былғануын болдырмау
|
ҚПЕ-не сай (4.2.70.) жиынтық бетон және темірбетон конструкцияларынан жасалған қосымша май жинағыштарды орнату, түбі – монолитті темірбетонды, сульфатқа төзімді цементтерден құйылған тақтатас. Түбінің асты және қабырға бойы күшейтілген гидрооқшаулатқышпен сыланады.
|
Айтарлықтай емес
| ЖЭТ филиалының бас инженері |
Жегімдеу кезінде
|
Жалғасқан
|