«Бірлігі бар елдің - өрлеуі бар»
Еңбекші ауылдық округ әкімінің ауыл тұрғындарының алдында есеп беру баяндамасы
Құрметті ауыл тұрғындары!
Елбасымыздың Жарлығы бойынша жергілікті әкімдер тұрғындар алдында атқарылған жұмыстары жайында есеп беру керек деп тапсырма берілген. Мемлекет басшысы өсіп-өркендеген, тәуелсіз, азат Қазақстанды құру мақсатына қол жеткізудің сөзсіз жаңа кезеңі болып табылатын, негізгі мәселердің барлығын қамтыған мемлекеттік саясаттың стратегиялық бағытын айқындаған биылғы жылы «Қазақстан – 2050 Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауын жариялады. Округта Жолдауды насихаттап 6 жиын өтті.
Қазақстан – қоғам өмірінің барлық салаларындағы оң жетістіктерге жетіп, экономикасы, білімі мен мәдениеті ілгерленген ынтымағы жарасқан, нық қадам басып келе жатқан еңселі ел болып табылады.
Тәуелсіздік жолына түскеннен бастап елімізде ұлтаралық келісіммен саяси тұрақтылыққа, діни татулыққа негізделген әлем таныған мемлекет құрған Н.Ә.Назарбаевтың салиқалы саясатының арқасында еліміздің тұрмыс деңгейі көтеріліп келеді. Жылдан жылға тұрғындардың еңбек өнімділігімен табыстары ескеріле отырып, зейнетақы, жалақы мөлшері өсуде.
Енбекші ауылдық округі 4 елді мекеннен тұрады. Олар: Амангелді, Бесқайнар,Кенарал және Қаратал ауылы.
Жалпы халық саны- 3273 адам
Округта 4 мектеп, 1 балабақша, 1 ауылдық дәрігерлік амбулатория, 3 фельдшерлік пункт және Мәдениет үйі жұмыс істейді.
«Бірлігі бар елдің - өрлеуі бар» демекші, бірлігі жарасып, ынтымағы жарасқан Еңбекші ауылдық округінің көші ілгерленген.
Биылғы жылдың басты жаңалығы облыс бюджетінен қомақты қаржы бөлініп Бесқайнар ауылының клубы күрделі жөндеуден өтуде, оған 36 млн теңге бөлінді. Биыл ауылды аббатандыру, тазалық жұмыстарына 50 мың теңге болінді.
Ауданымызда былтырғы жылдан бері әкімшілік қызметкерлерінің әдеттегідей өз саласы бойынша нақты атқарған және де болашақта 5 жылдық стратегиялық даму жоспары құрылып, атқаратын істерді айқын жоспарлап, орындалуы көзделіп отыр. Мысалы 2014 жылы Амангелді су құбырының жүйесін күрделі жөндеуден өтеді оған 240 млн572 мың теңге қарастырылды. 2014-2015 жылдары Кеңарал ауылына жаңадан мектеп салынады оған 400 млн теңге қарастырылды.
Округте 18 жасқа дейінгі балалы отбасыларына берілетін жәрдемақы 80 жанұяға яғни 225 балаға 2 млн. 513 мың тенге тағайындалып төленді. Тұрмысы төмен отбасыларына берілетін тұрғын үй көмегі 16 жанұяға 318 мың 043 тенгеге көмек көрсетілді.
Жыл басынан жұмыссыздық есебіне тіркелуге жоспар бойынша 45 адам өтініш білдірген. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек \АСП\ – алғандар жоқ.
Жыл басынан 41 адам жұмысқа орналасады деп жоспарланған, нақты орналастырылған 32 адам, орындалуы 78 пайыз. Қоғамдық жұмысқа жоспар бойынша 16 адам, нақты жұмысқа тартылғаны 14 адам, орындалу 87 пайыз.
Жұмысыздардың қабілеттілігін арттыру, біліктілігін көтеру үшін өзін-өзі жұмыспен қамту мақсатында кәсіби оқуларға 3 жұмыссыз азаматтар жіберілді.
Ауылшаруашылық: Округтің жалпы жер көлемі 6690 га оның ішінде: 3031 га суармалы, 448 шабындық, 2411 га жайылымдық жер. Биыл Май бұршақ 1764 га жерге себілген, бүгінгі күнге жинау жұмыстары қарқын жүріп жатыр. Қант қызылшасы – 60 га жерге егілді. Күзгі бидай 105 га жерге себіліп 32 ц әр гектарына 342 тонна өнім жиналды , күздік арпа 30 га 20 ц әр гектарынан – 60 тонна өнім жиналды , жаздық бидай 80 га егіріп – 184 тонна өнім алынды, жаздық арпа 195 га – 585 тонна өнім алынды. 2013-2014 жылдарға 200 га сүдігер жыртылды.
2 жылыжай салынып жұмысын жүргізіп жатыр.
Ветеринария: Сырттан әкеліп жатқан малдарды уақытылы тексеріп. Профилактикалық іс шаралар уақытылы жүргізілді. Ірі-қара малды қолдан ұрықтау жоспары толығымен орындалды.
Құрылыс: Тұрғын үй салуға кезекте тұрған азаматтарға жер учаскелерін беру жұмысы жалғасады. 2013 ж - 3 үй салынды, жер алған 5 азамат көктемде үй саламыз деп отыр. Қаратал ауылында ИЖС-қа берілетін жер жоқтығынан, ауылға кіреберістен 1 көше түсіріп үй салсақ деген ұсынысымыз бар.
Шағын кәсіпкерлік: Округта 10 дүкен, 2 кафе, 1 наубайхана, 3 диірмен жұмыс істпуде. Сауда орындары мен халыққа қызмет көрсету орталықтарын ашу жөнінде тұрғындармен үгіт насихат жұмыстары жүргізілуде. Окрукте қоғамдық тамақтандыру орталығы, сауда орындары халыққа қызмет көрсету орталықтарын көбейту. 20-20 бағдарламасы бойынша округтан 5 азамат несие алуға ниет білдірді, ауыл тұрғындарына көмек көресту жұмыстары жалғасады.
Салық: Салық түсімінің 2013 жылдың бірінші қаңтарынын 1 қазанға дейінгі жоспары 342 мың тенге. Жер салығының орындалғаны 315 мың тенге, мүлік салығының орындалғаны 27 мың тенге, барлығы 342 мың тенге. Салық түсімі 100 пайызға орындалды.
Әлеуметтік сала: Округтен 1 адам жылыжайға, 20 азамат шаруа қожалқтарына жұмысқа орналасты. 1 адам дүкенге орналасты, 4 адам медицина саласына, 8 адам білім саласына, 1 адам мәдениет саласына, 2 адам мемлекеттік қызметке жұмысқа орналасты.
Білім саласы: Округте 3 орта, 1 бастауыш мектеп және 1 бала бақша бар. Амангелдіде – 32, Бесқайнарда – 25, Кеңаралда – 21 Қараталда - 9 мұғалім қызмет етеді. Амангелдіде – 255, Бесқайнарда -95, Кеңаралда – 69, Қараталда -29 оқушы оқиды. Бала бақшада 25 жұмысшы еңбек етеді- 75 бала қамтылды.
Денсаулық сақтау саласы: Еңбекші ауылдық округінде 1 дәрігерлік амбулатория және 3 фельдшерлік пункт жұмыс жасайды. Онда 1 дәрігер 12 медбике жұмыс істейді. Туу көрсеткіші бойынша 2012 жылы 56 бала дүниеге келсе 2013 жылы – 57 бала дүниеге келген. Қайтыс болған адам 2012 жылы – 29 адам, 2013 ж – 29 адам. Туберкулез, бурцеллез ауруымен күресу үшін профилактикалық жұмыстар жүргізілуде. Сарып ауыруымен ауыратын 4 адам тіркелген, туберкулезбен 2013 жылы – 1 адам жаңадан тіркелді. Жалпы 4 адам ем алуда.
Құқық қорғау: 2013 жылы 2 қылмыс тіркеліп, 2 ашылды. Кешкі кезекшілік мектеп ұжымы, ауылдық әкімшілік, дәрігер, балабақша қызметкерлері мен учаскелік полиция қызметкерімен жүргізіледі.
Мәдениет: Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 22 жылдығына орай Еңбекші ауылдық округінде өткізілген іс шараларға ауыл тұрғындары ұйымшылдықпен қатысып өнерлерін ортаға салды. Атап айтқанда
«Елім менің - патриоттық әндер байқауы»
«Наурыз мерекесі»
1 мамыр «Қазақстан ортақ шаңырағым»
9 мамыр «Жеңіс күні»
«Үлгілі отбасы» мәдени шара
«Әжелер сыны»
«Келіндер сыны»
Аудан күніне белсенді қатыстық
1 маусым «Бақытты балалық шақ» мәдени шара
«Әкем, шешем және мен» мәдени шара
«Келін жанұяның болшағы» атты шара
Социалистік еңбек ері Тамшыбаева З.Ж. туған күніне орай митинг және еске алу кеші өткізілді.
Осы аталған шараларға округтің тұрғындары бір кісідей қатысып жүлделі орындарға ие болды. Сонымен қатар футболдан аудан әкімінің кубогі үшін команда қатысыты. басқада спорттық іс шаралаға белсене қатысудамыз.
Құрметті жиналған қауым
Сіздермен бірлесе отырып, атқарған істерімізді қорытындылап, ауыл өмірінің жақсаруына, мемлекет мүдесі жолында абыройлы істер атқарып, берешегі мол табыстарға жетейік.
Достарыңызбен бөлісу: |